Сакен Жунисов. Жапандагы жалгыз уй


Күргерей қарттың екінші жыры



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата17.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#102284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
(pdf) Cәкен Жүнісов — Жапандағы жалғыз үй.apk

Күргерей қарттың екінші жыры 
Шіркін  Сұлтан  жігіттің  сұлтаны  еді  ғой.  Сырт  келбетіне  көркі  де  сай,  маңдайы  кере 
қарыс,  қаршыға  кез,  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей,  әулиемін  деген  адамды  пысы  басып 
тұратын  деген  жігіттің  сырттаны  еді.  Үнемі  ұстарамен  бастырып  жүретін  қап-қара 
көмірдей  сұлу  мұрты  аққұба  өңіне  жарасып,  маржандай  аппақ  ірі  тістері  ақсиып 
домбырамен ән шырқап отырған кездері әлі көз алдымда. 
Мен  оны  Омбыда  қойып  алған  атпен  Сұлу  мұрт  деп  кеттім.  Келе-келе  ел  ішіндегі 
құрдастары  да  солай  атап  кетті.  Жауына  қатал,  досына  кексіз  еді.  Екеуміз  танысып, 
достасып  кеткенше,  жолдағы  оқиғаны  аузына  бір  алған  жоқ.  Тек  кейін  келе  бір-ақ  рет 
«адам  сөйлескенше,  жылқы  кісінескенше»  деген,  анада  ғой  бір-бірімізді  білмей,  боқ 
басында мерт бола жаздадық. Өмірімде сендей алмауытты бірінші көргенім шығар, қатты 
қорқыттың» деп, қарқ-қарқ күлгені бар. Сосын қайтып оны әңгіме еткен жоқ. 
Бірақ осындай сырбаз жігіт тағдырға ренішті еді. Кедейлігі өз алдына, атадан жалғыз, 
ағайын-туысқансыз жалқы жігіт, оның үстіне өмірде оған бала құтаймады. Ер бала көрсе, 
бір  жас,  екі  жасқа  келіп  өле  береді.  Тек  маңдайына  басқан  жалғыз  қызы  ғана  тұрып,  ер 
жетті. Ол осы біздің Райхан... 
Жамағаты  Алтыния  да  жасынан  екі  көзінен  бірдей  дімкәстанып,  бертін  келе  су 
қараңғы  соқыр  болды.  Бірақ  осының  бәріне  де  Сұлтан  қажымайтын,  ауыртпалыққа 
мойымайтын қажырлы, қайратты. Қолындағы барын  жетім-жесірге бөліп беретін қамқор 
әрі жомарт, жиырма шақты үйі бар Балта аулының бас көтерер азаматы осы. 
Кеөтем  шығып,  мал  төлдеп,  елге  қауқар  кіре  бастаған  кез.  Бірақ  жылан  жылы  деп 
аталатын  сол  жылы  кедей  ауыл  көктемге  тұрмыстан  тұралап,  соқтығып  әрең  жетті. 
Қайсыбірі  қолдағы  бір  таянышы,  қарап  отырған  жалғыз  қарасын  қыста  сойып  алып, 
состиып құр қара басы шықты. 
Бұл  ауылдың  ер-азаматының  көбі  Малжан  байдың  малын  бағады.  Әйелдері  соның 
отымен кіріп, күлімен шығып, жаз бойы малайлықта жүреді. 


Бір  күні  Сұлтан  менімен  ақыл  қосып,  шаруашылық  жайын  ұзақ  әңгіме  етті.  Ел 
ақсақалдарын, жастарды жиып алып алқа-қотан отырып өзімізше мәжіліс құрдық. 
– Ағайын, сендерге бір пайдалы кеңес айтпақпын,  – деп Сұлтан ұзақ әңгіменің ұзын-
ырғасын қысқаша жеткізді.  – Міне, көктем болса келді. Тірі адам бұған да жеттік. Бірақ 
қалай  жеттік.  Өздеріңе  аян,  қолдарындағы  арық-тұрақ  бір-екі  малың  қыстың  соңғы 
күндері  қораның  шымын  кеміріп,  балаларың  қап  түбіндегі  ірімшік,  құрттың  соңғы 
үгіндісін  талғажау  ғып  өлмешінің  күнімен,  жуаның  созылып,  жіңішкең  үзіліп  жеттің. 
Санап  отырсам,  биылғы  жылдың  өзінде  осы  жиырма  шақты  үйден  кәрілік  жеңіп,  ажалы 
жетіп  қайтыс  болған  кәрі-құртаңды  есептемегенде,  оннан  аса  жас  нәресте  өлген  екен. 
Оның бәрі аурудан өлген жоқ. Бәріне келген жаппай апат бар. Одан ғұмыр бойы құтылмай 
келеміз. Ол апат – аштық апаты. Ол апаттан құтылмай үрім-бұтақ өспейді. Қыс өтісімен 
осыны ұмытып кетесіңдер. Міне, тағы да бай аулына жалданып кетіп барасыңдар. 
–  Енді  кетпегенде  кәйтейік.  Айдағаның  екі  ешкі,  ысқырығың  жер  жарады  дегендей, 
құр  күпсінгенмен  бола  ма,  екі  қолға  бір  жұмыс,  неміз  күйе  кетіп  барады,  –  деп  тесігі 
тебеннің  жасуындай  мұрны  үнемі  шуылдап  отыратын,  танауы  қусырылған  Боташ  деген 
созуарлау  мылжың  шал  басындағы  жалбыр  тымағын  шешіп,  құлағын  жымқырып  қайта 
киді.  –  Жұтқан  жұтамайды.  Малжанның  көп малының  ағынан  күзге  дейін  ауыз  тисек  те 
қайда жатыр. Ішін ұрайынды, жаудың малын жауша шап деген, дұшпаннан түк тартсаң да 
олжа емес пе. 
– Иә, қарап отырып өлеміз бе, – деп орта тұстан тағы бір шал қисық таяғымен жерді 
түртіп, қозғала түсті. 
–  Сонда  қарап  отырып  өлеміз  бе  деп  бар  тапқандарың  бай  малының  сүмесі  ме?  Ол 
қаншаға  жетеді.  Ертең  қылышын  сүйретіп  қыс  келгенде  жылқы  бағуға  жарайтындарың 
қаласыңдар да, қалғаның ауылға келіп, таз кепеңді қайта киесің, – деп Сұлтан әлгі екеуіне 
қарап сөйледі. 
– Енді кәйт дейсің? – Мұрнының астынан мыңқылдап былжыраған тағы әлгі Боташ. 
–  Кәйт-мәйт  деп,  онда  бар  ендеше,  Малжанның  астына  кір.  О  несі-ей.  Еркек 
емессіңдер.  Битін  сығып,  қанын  жалағаннан  басқа  сендерден  не  күтуге  болады.  Өңшең 
өңез, – деп Сұлтан ашудан қуарып шүймиген арық көксау жігітке қарады. Бағанадан бері 
күн  шуаққа  жаны  кіріп,  тері  шалбарының  белін  шешіп  жіберіп  қышынып  отырған  жігіт 
көзі  жыпылықтап,  ышқырын  етегімен  жаба  салды.  –  Суыр  екеш  суыр  да  жаз  бойы  шөп 
тамырын жиып, қыс бойы қоңын бермей шығады. Сендер болсаңдар бай отының басына, 
жер ошағының бұтына телміріп қарайсыңдар да отырасыңдар. Омбыдан әкелген бір қап, 
жарты қап ұн қайсыңның артынды жабады. Биыл ұнға айырбастар малдарың да қалмады. 
Қашанғы  мөлиіп  кісі  қолына  қараймыз.  Ал  ерсеңдер,  ана  жылы  Митрийдің  барында 
жыртқан жерді қайта тырмалап егін егейік. Ерінбей еңбек етсек, бала аш, қатын жалаңаш 
болмас. Бірігейік. 
– Е, қарағым-ай, айтқаныңның бәрі жөн-ау, – деп Жүсіп деген шал жерге тесіле қарап 
отырып, күрсіне түсіп сөзге араласты. 


–  Митрий  жыртқан  жерге  бидай  жарықтық  қаулапақ  өсіп  еді.  Бірақ  не  керек, 
Малжанның  жұт  тигір  малы  бір-ақ  түнде  тапап  кеткен  жоқ  па.  Құмырсқаша  құжынаған 
малдың қайсысының аяғын аңдырсың. Тағы да соққыға жығылғаннан басқа опа табар ма 
екеміз. Қайдам... 
– Ештеме қорқатыны жоқ. Жаз бойы күзет қойып аңдып шықсақ та, амалын табармыз. 
Қаскөйлік жасаса, ел емеспіз бе?.. 
–  Солайы  солай-ау.  Ал  енді,  соқа-сайман,  көлік  жағы  қалай  болады?  –  деп  Жүсіп 
икемге көне бастады. 
Осы тұста Сұлтан маған қарады. Мен о л кезде қазақ сөзінің бәрін ұқсам да, сөйлеуге 
орашолақтау едім, бірдеме деуге батылым бармай, Сұлтанға өзің айтсаңшы деген ишарат 
білдірдім. Ол да түсініп, мен үшін жауап берді. 
– Міне, мына отырған өздеріңе белгілі Митрийдің баласы Күргерей. Орыс баласының 
қолы ісмер. Оның үстіне әкесінің қасында біраз уақыт болған, көзі қанық. Соқа-сайманды 
өзі соғамын деп отыр. Мен де көмектесемін. Тірі жан емеспіз бе. 
– Әй, қайдам. Бір қарты келмеген күні тағы да қиқайып қалаңа «айт-шу!» деп тартып 
отырмаса. 
–  Жоқ,  –  деп  мен  де  шыдай  алмай  шала  қазақшалап  сөйлеп  бердім.  –  Сен  ақсақал 
дұрыс сөйлемейді. Сен уледі, мен уледі. Қол бар, жұмыс бар. Беспокоится керек жоқ. 
Отырғандар ду күліп, бір серпіліп қалды. 
– Әй, өзі, дегенмен пәле. Тіпті қазақша әжептәуір үйреніп қалыпты. 
– Конечно. Кулак бар. Тил бар. Уйренеді, – деп тағы да бір күлдіріп қойдым. 
–  Ал  енді  сайман  жағын  Күргерей  екеуміз  жатпай-тұрмай  қолға  аламыз,  көз  қорқақ, 
қол  батыр.  Көліктен  де  қорғаншақтайтын  ештеме  жоқ.  Ат  жетпесе,  сиыр  бар.  Жегеміз. 
Ештемесі жоқ, – деп еді Сұлтан, Боташтың көзі бақшаң етіп, тағы да міңгірлей жөнелді. 
–  Ойбой,  оны  атама.  Бар  баламыз  қарап  отырған  жалғыз  сиырымызды  желінін 
салақтатып соқаға салғанша, өзіміз жегілгеніміз артық емес пе? 


–  Жегілсе,  несі  бар,  жегілеміз,  –  деп  Жүсіп:  «ал  енді  әңгіме  тамамдалды»  дегендей 
орнынан тұра бастады. 
Сол  жылғы  көктемдегі  жұмыста  қисап  жоқ.  Түн  ұйқыны  төрт  бөліп,  барымызды 
салдық.  Бірақ  Балта  аулы  түгел  еруге  жүрексінді.  Боташ  бастаған  бес-алты  үй  байға 
жалданып, жайлауға кетті. 
Көлік  аз.  Қыстан  зорға  шыққан  арық-тұрақ  жылқы  үш-төрт  күн  қатарымен  соқаға 
жегілсе,  көтерем  боп  тұралап  қалады.  Оның  үстіне  шайнамасы  жоқ,  құр  аққа  қарап 
отырған  егіншілер  үшін  Сұлтан  екі-үш  адамды  атпен  «Жаман  тұздың»  тұзына  жіберіп, 
қалаға  кіре  тартқызды.  Одан  бір-екі  қап  қара  бидайдың  ұнын  айырбастап  әкелген,  ол  да 
болса сеп. 
Аз күнде Сұлтанның қос жирені де титықтап қалды. Ара-тұра сиыр да жеге бастадық. 
Бас  білмейтін  жаңа  бұзаулаған  сиырлардың  көндігуі  қиын  екен.  Екі-үш  күнде-ақ  желіні 
тартылып, қайсыбірі суалып кетті. 
Сонда  да  егіншілер  сыр  берер  емес.  Әйтеуір  мойындаған  соң,  аш  болса  да  ши 
шығармай  көніп  жүр.  Бірақ  көнбегенде  қайда  барсын.  Малжанның  итаршылары  келіп, 
«бәлем  ендігәрі  бай  ағамның  босағасын  аттап  көріңдерші.  Жаман  немелер,  жал  бітейін 
деген  екен.  Ертең-ақ  беттерің  ісіп  отырғанда  көрерміз  к...»  деп  кетіп  еді,  ертеңінде 
Малжанның баласы Қарабет бір топ жігітімен келіп лаңды салды. 
– Тұра тұрыңыз, ол қай Қарабет, ана жалғыз үйде тұратын бекетші емес пе? 
–  Тап  соның  өзі.  Шын  аты  Қарасай.  Ана  бетіндегі  қара  қалына  қарап  ел  іші  Қарабет 
дейді. Осы күнге дейін солай атайды. Қарасай деген аты мүлдем ұмытылған. 
– Ол Малжан байдың баласы ма? Фамилиясы басқа секілді еді ғой. 
–  Ол  шындығында  Малжанның  баласы  емес.  Малжанның  өзімен  бірге  туған  тетелес 
інісі  Талжанның  баласы.  Өзінің  үйелмелі-сүйелмелі  қызыл  қарын  жас  баласы  көп 
болатын. Өле-өлгенше ағасына малай боп өтті. Ақыры жылқы соңында жүріп ұшып өлген. 
Ол кезде Қарабеттің он алты, он жетілердегі кезі. Суырдың айғырындай шақылдап: 
– Түсіріңдер көліктеріңді. Бұл ара біздің жер. Өңшең қайыршы немелер. Қара өздерін, 
шабындықты  бүлдіруін,  –  деп  соқадағы  көлік  біткенді  басқа-көзге  төпелеп,  қамшының 
астына алмасы бар ма. Соқа соңында жүрген Сұлтан Қарабетті аттың үстінен жұлып алып, 
бауырынан  жараған  айғырға  қарғып  мінді  де,  дырау  қамшысын  көтеріп,  жолдастарын 
тым-тырақай қуды. Қарусыз келген бозбалалар шілдің қиындай быт-шыт болып бет-бетіне 
қашты.  Сұлтан  қайтып  оралып  Қарабеттің  қасына  келіп  түскенде,  бұла  боп  өскен  адуын 
бала  қол  қамшымен  Сұлтанның  бетінен  осып  жібермесі  бар  ма.  Султан  екінші  ұруға 
келтірмей  Қарабетті  допша  атты.  Мен  арашаға  түспегенде  жазым  болатын  еді.  Жан 
ұшырып жеттім. Сұлтан баланы құнт қамшының білектей өрімімен буындырып «сен иттің 
күшігін ат құйрығына салып өлтірейін» деп дырылдатып барады. Қарабеттің тілі салақтап, 
боп-боз болып кетіпті. Сұлтанды әрең тоқтаттым. Атын бір салып қоя беріп, баланы жаяу 


жібердік.  «Қырамын,  жоямын»  деп  ботадай  боздап  еліне  беттеген  Қарабетті  бай  аулы 
жағынан шауып шыққан бір топ атты адам алып кетті. Бізге келмеді. Бата алмады білем. 
Әбден кәріне мінген Сұлтан тап сол жерде қолына түскенін мерт қылуы айдан анық еді. 
Менің де делебем қозып тұрған. 
Содан қайтып мазамызды ешкім алмады. 
Әкейдің  барында  егін  еккен  жер  қанша  айтқанмен  жаңа  жердей  емес,  әжептәуір 
жұмсақ  екен.  Біз  көресіні  тың  жерді  айырғанда  көрдік.  Ағаш  соқаның  тілі  қыртысқа 
батпай,  әлегімізді  шығарды.  Оның  үстіне  сиыр  малы  қандай  қырсық,  бұлтыңдап  жөнге 
көнбейді. Екі соқаның басында жүрген Сұлтан екеуміз. Анда-санда басқаға берсек, соқаны 
терең батыра алмай, қаншама жердің берекесін алады. 
Не  керек,  жер  жыртып,  бидай  сепкенше  бел  шешіп,  дұрыс  ұйықтай  алған  жоқпыз. 
Ойылған  алақан  сыздап,  түн  баласына  бар  сүйек  қақсап  шығады.  Қыстағыдай  емес, 
кәдімгідей жүдеп, ысылдық. Дегенмен, істі тындырып, дегенімізге жеткендей болдық-ау. 
Майдың  ортасынан  ауа,  қыс  бойы  алтындай  сақтап  келген  тұқым  бидайды  жерге 
сіңіріп,  қалған  жарты  қабын  он  шақты  үйге  қылдай  етіп  бөлдік.  Сол  күнгі  ауыл 
балаларының  қуанышын  көрсең.  Үлкен  сырлы  аяқпен  бірдіні  бидай  алған  әр  үй  бар 
баласына қуырып беріпті. Қалтасына маржандай басып, екі-үш күн үнемдеп жеген өңкей 
қара табандар қаужаң-қаужаң етіп бір жасап қалды. Үлкендер жағы тісімізге бір дәнін де 
баспай,  солардың  жегеніне  масайрап,  шіркін  ертең  астық  жинап  алғанда  бұлар  қайтеді 
екен деп өзімізше мәз боп жүреміз. Сиыры суалып, ешкі сүтіне қамалған үйлердің қабағы 
ашылып, қара жыртындыға қарап: «О, жасаған, бізді де жылата бермей, бір жарылқайтын 
күнің болсайшы, бар нұрыңды төге көр, тәңірім» деп аспанға қарап жалбарынады. 
Егін егіп болғаннан кейін екі-үш күннен соң-ақ жауын басталды. Аспанға әлсін-әлсін 
қара  бұлт  үйіріліп,  әдейілеп  тартқандай  егін  үстіне  төніп  келеді  де  көктемнің  өткінші 
жауыны құя-құя салады. Жалғыз-жарым биесінің, сиырының бауырында отырған әйелдер 
шелектерін қоя салып со лай қарай емірене қарап, «ой, айналайын құдайдан, бұл алланың 
нұры  ғой  жауып  тұрған,  көп  тілеуі  көл  деген,  кішкентай  күшіктеріміздің  ризығы  бар 
шығар, ризығы, жарылқай гөр, жасаған!» деп көздеріне жас алады. 
Сол  жылғы  нөсер  қисапсыз  болды.  Жер  жыртып  жүргенде  бір  де  тамбап  еді,  жұмыс 
біткеннен кейін басталған қалың жауын қатарымен бір айға дейін тынбады. Ара-арасында 
шағырмақ ыстық күн болады да, қайтадан жел тұрып бұлт жиналып, төпеп құя жөнеледі. 
Бір  күні  Сұлтан  екеуміз  қыстай  әлектеніп  жасаған  радуанның  доңғалағын  тартып 
жатқанбыз, қасымызда Жүсіп қарт пен екі-үш ауыл шалы да бар. Егін жақта ойнап жүрген 
балалар  топырлаған  бойы  жүгіріп,  айғайлап  үйді-үйіне  қойып  кетті.  Әлгіндей  болмай  әр 
жаппадан  шыққан  қатын-қалаш  етектерін  түрініп  алып,  егістікке  қарай  далбақтап  «егін-
егін»  деп  жапа-тармағай  шуласып  ұшып  барады.  «Батыр-ау,  не  боп  қалды»  деп  біз  де 
елеңдеп, лезде байлаулы атқа қона-қона салып, соңдарынан жеттік. Ауыл сыртындағы екі 
шақырым егістікке өкпелері ұшқанша жүгірген әйелдерде ес жоқ. Мәз-мейрам. 


Сүйтсек,  біркелкі  көгеріп,  егін  қылтиыпты.  Бір-ақ  күнде  бұрқ  етіп  тебіндеген  егістік 
беті  барқыт  кілем  түгіндей  көкпеңбек.  Әр  сабағы  қылдырықтай  нәзік  болғанмен  қыр 
қазағы күнде көріп жүретін дала шөбіндей емес, өзгеше қадірлі, қасиетті. Өз қолымен егіп 
шығарған еңбек – әр адамға өз баласындай аяулы ыстық. Жиналған жұрт егістікті бойлай 
жүгіріп,  ұзақ  уақыт  балғын  қылтанаққа  тоймай  қарасады.  Әңгіме,  күлкі  жарасып  кешке 
қарай үйлеріне бір-ақ оралды. 
Сол күннен былай ауыл адамдары егістік басына күнде барып тамашалайды. Пәледен 
сақтай гөр, көз тимесе екен деп түкірініп, көптің бар тілеуі соның үстінде. Жас егін өлең 
шөптей қаулап өсіп, күннен-күнге көтеріле берді. 
Мен сол жылы қыстың басында осы күнгі Лиза кемпіріме үйленгенмін. Шешей қайтыс 
болғаннан кейін, бір жылдай балаларға бас-көз боп, қазан-ошақпен араласып күн көрдік. 
Бірақ әйелі жоқ үйде не күй болушы еді. Көрші-қолаң кір-қоңыңды, аяқ-табағыңды жуып 
дегендей, көмек еткен болады. Бірақ үй ішінен жұлынып шығар әйел жынысы жоқ жерде, 
береке де болмайды екен. Амалсыз үйленуге тура келді. Ел ішінен қыз алу қиын. Қанша 
іш  тартып,  Күргерей,  Күргерей  деп  ауыл  адамдары  өз  баласындай  жақсы  көргенмен, 
ешқайсысы қызын беріп, дін жолынан аттап өте алмады. Балта аулының жоқшысы, өзі де, 
сөзі  де  өтімді  елдің  қадірлі  адамы  Сұлтан  да  бұл  жағынан  мысы  құрып,  біреуге  билік 
айтуға шамасы келмеді. Оны мен де кінәлай алмадым.  «Қайтейік, бала жақсы. Қазақтың 
ортан  қолдай  жігіттерінің  бірінен  кем  емес.  Өнерлі  десең  өнерлі,  сымбатты  десең 
сымбатты,  әттең  орыс  баласы»  дегенді  өз  құлағыммен  талай  естідім.  Әрине  ол  уақытта 
ондай  буынсыз  жерге  ешкім  де  пышақ  ұра  алмас  еді.  Ақыры  Сұлтан  екеуміз  ақылдаса 
келіп, Шарбақ көлде тұратын ертеде әкейлермен Орталық Ресейден осы жаққа бірге көшіп 
келген бір  шалдың қызына үйлендім. Көп жүріп, көк табан да болғам жоқ. Лиза екеуміз 
бір-бірімізге  лезде  үйлесе  кеттік.  Антұрған  ол  да  жігіт  қайдасың  деп,  жұтынып,  пісіп 
тұрған шағы екен. Шалғы тиген балауса көк құрақтай құлай кетті. 
Иә, балам, қалжың айтам. Есік көргенді алма, бесік көргенді ал дейді. Жасынан ауыр 
тұрмысты кәріп өскен Лиза үйімізге құт  болды. Балалар да бір күнде киіктің асығындай 
жұтынып, жыртық-тесігі бүтінделіп, құлыншақтай ойнап шыға келді. 
Міне,  сол  жылы  ауылға  біздің  атай  Иван  Максимович  келді.  Ертеңінде-ақ  Сұлтан 
екеуміз  шалды  егістікке  апардық.  Атым  орыс  болғанмен  мен  де  егін  егудің  бабын  онша 
біле бермейді екем ғой. Иван Максимович қалың көк бидайды аралап жүріп қайта-қайта 
таңдайын  қаға  берді.  Султан  екеуміз  кінәлі  адамдай  бір-бірімізге  жалтақтап  қараймыз, 
Ештеме түсінгеміз жоқ. Ақыры шал ескі егістік жер мен тың жердің түйіскен жеріне келіп 
тоқтады да: 
–  Қараңдаршы,  мына  екі  беткей,  сөлкебайдың  екі  жақ  бетіндей,  –  деді.  Сосын 
таңдайын тағы қақты. – Ай-айяй! Әлі егін жайын білмейсіңдер. Шіркін қазақ жері  ұлан-
асыр кең байтақ қой. Түгін тартсаң майы шығады. Әттең бағалай білсе. Мына жаңа жердің 
егіні  ғой  тап-таза.  Бірақ  сирек,  ала-құла.  Оның  мәні  –  сендер  дұрыстап  жырта 
алмағансыңдар.  Жыртқан  жердің  топырағын  да  малалай  алмағансыңдар.  Ал  мына 
беткейді қарашы. Қалың шыққан, бірақ бір тұтас емес. Кей жері биік, кей жері аласа. Ана 


бір  тұстағы  жаппай  шыққан  сары  гүлді  көремісіңдер.  Міне,  сол  гүлдер  егінді 
шығармайды.  Оны  сондықтан  да  гүл  емес,  арам  шоп  дейді.  Сендер  гүл  жейсіңдер  ме, 
бидай жейсіңдер ме? Өңірлеріңе тағуға өсірдіңдер ме бұл гүлдерді. 
Атай біздің қаққанда қанымызды, сыққанда сөлімізді алды. 
– Әттең, жер жомарт қой, жер жомарт. Әйтпесе сендердей көзсіз бедняктарды тағы да 
қысып-қысып  алса.  Жұрттың  сиырына  дейін  суалтып,  еккен  егіндеріңе  қарамайсыңдар, 
сонда  немене,  жұлдыз  санап  жүрдіңдер  ме,  әлде  үйде  шалқадан  түсіп  төбеге  түкіріп 
жаттыңдар ма? Ай-айяй! Есіл жер, құйқалы жер, – деп басын шайқап біраз тұрды да, ауыр 
күрсінді. – Эх, осындай жерді халық қолына алып, осынау байтақ даланы, көл-көсір жерді 
емін-еркін  билейтін  де  күн  туар  ма  екен!..  Ал  балалар,  мен  сендерге  ақыл  айтайын.  «На 
бога  надейся,  а  сам  не  плошай»  дейді.  Аздап  күнін  өткізіп  алыпсыңдар.  Но,  оқасы  жоқ. 
Ертеңнен бастап, ауылдың бала-шағасын түгел әкеп, жабыңдар. Мына жердің арам шөбін 
жұлсын.  Егін-тамырына  зақым  келтірмей,  байқап  жүріп,  алып  тастауға  болады.  Сонда 
бидайларың,  дай  бог,  шаш  етектен  келеді.  Ана  сары  гүлдерді  жұлып  алып,  шаштарыңа, 
маңдайларыңа тағыңдар. 
Ертеңінде-ақ  ауылдағыларға  айтуымыз  мұң  екен,  он  бес  қоралы  үй  тайлы-тұяғына 
дейін  келіп  жабылып,  егіннің  шетінен  түсе-түсе  кетті.  Аппақ  сақалы  желкілдеп  Жүсіп 
қартқа  дейін  еңкейіп  жүріп,  барын  салды.  Бәрі  де  балақтарын  түріп,  жалаң  аяқтанып 
алған. Әйелдер жағы балаларына зекіп: 
– Әй, көгала, бір орында тұрма деймін. Жылжи бер. Егінді таптап тастайсың... 
– Ой, ойының осылғыр, алаңғасарланбай көзіңе қара. Мына аяғыңның астындағы нан, 
білемісің? Қара сиырдың шөбі деп тұрмысың, – деп жаны шығып шыжалақтап жүр. 
Енді бір әйел егіннің шетіне түспей жатып-ақ баласын ұрып, еңіретіп қойды. 
–  Жеңеше,  баланы  несіне  ұрасыз.  Кішкентай  емес  пе,  не  біледі,  оның  келгенінің  өзі 
неге тұрады, – деп тостағанын жуып алған баланың басынан сипап, Сұлтан кейіп еді. 
–  Ойбай-ау,  бұл  жүгірмекте  сана  жоқ,  сана.  Түсіндіргенім  жаңа  ғана.  Бұл  ақпа 
құлақтың  құлағында  сөз  тұра  ма.  Мына  қарашы,  мынаны.  Обал-ай,  –  деп  екі-үш  түп 
бидайдың сабағын көтерді. Тегі, баласы байқамай арам шөппен қоса бидайды жұлып алса 
керек. 
Қайтсін,  ғұмыры  егін  егіп,  нанға  жарымаған  кедей-кепшік  аядай  жерін  қызғышша 
қориды, бар тілеуі соның үстінде. 
Соған  қарай  күзге  таман  егін  де  адам  айтқысыз  биік,  бітік  болып  қаулап  шықты. 
Теңіздей толқыған қалың егін аттың омырауынан келеді. Әр бидай баданадай болып, сүті 
шығып  жарылардай  торсиып  піскен  кезде  дамылсыз  құйған  жауын  да  басылып,  күн 
шыжып  кетті.  Мизамда  аспан  шайдай  ашылып,  ми  қайнаған  ыстыққа  сап-сары  болып 


піскен  бидай  сабағы  басын  көтере  алмай  бір-біріне  жығылып,  шүлен  қойдың 
жабағысындай ұйысып қалды. Сырт қарағанда суы тартылған қоғалы қалың қопа секілді. 
Балта  аулында  ес  жоқ.  Ішерге  тамағы  болмай,  дастарқанының  жемі  таусылып  жұтап 
отырса  да,  ертеңгі  күнге  үміттене  қарап,  аштығын  сездірмейді.  Көңіл  тоқ.  Таңның  атуы, 
күннің батуы бала біткен егін басында. Бейсауат жүрген малды түсірмек түгіл бір торғай 
келіп  қонса,  жаны  шығып,  балшықпен  атып  үркітіп  тыным  көрмейді.  Сол  жылы 
сарышұнақ  та  бықырлап  көбейіп  кетті.  Қарақұртша  қайнайды.  Балалар  да  індеріне 
шелектеп  су  құйып,  қақпан  құрып,  қырудай-ақ  қырды.  Не  керек,  қашан  жинап,  теріп 
алғанша, аядай кедей аулында ұйқы жоқ. 
Егін  орарда  елге  бас-көз  боп,  бұрын  айналыспаған  шаруашылықты  үйретіп  жүретін 
адам керек болған соң, мизамның орта кезінде Иван Максимовичті шақыртып алдым. Ол 
келген күннің ертеңінде оңтүстік беттен бір ыстық жел шығып, аңызақ соқты. Ұдайымен 
үш-төрт күн тұрған аптап егінді қуырып, қуарта бастады. Енді бөгелуге болмайды. Бидай 
қауызынан жарылып, түсейін деп тұр. 
Ертең ораққа шығамыз деген күні  Балта аулының жасы бар, кәрісі бар, Сұлтан үйіне 
жиналып бас қостық. Жүсіп шал қоярда-қоймай отырып, үлкен бір ту қойды құрбандыққа 
шалдырып  өзімізше  серне  жасадық.  Сұлтан  екеуміз  соққан  орақтарды  алып,  біздің  атай 
түні  бойы  егін  орудың  әдісін  түсіндірумен  болды.  Қызықты  әңгіме  шертіліп,  ән  де 
айтылды.  Бәрі  көңілді.  Қашан  таң  атып,  білек  сыбанып  егін  орағына  кіріскенше  жүрек 
лүп-лүп алып ұшады. Сол түні Иван Максимович те жата-жатқанша: 
–  Мына  ыстық  жел  күндегідей  емес,  бүгін  төтенше.  Тіпті  түні  бойы  соғып  тұр.  Пеш 
аузынан  үрлеген  ыстық  жалын  секілді.  Бидай  бүгін  түннен  аман  қалса,  жарар  еді.  Тым 
төтенше екен, тым төтенше! – деп тықыршып, бұрын-соңды болмаған мына аңызақты сөз 
қылды. 
–  Ештеме  етпейді,  Иван  Максимович,  –  деп  шалды  жұбатып,  мен  де  жатып  қалдым. 
Бірақ  көп  уақытқа  дейін,  неге  екенін  білмеймін,  жүрегім  өз-өзінен  дүрсілдеп,  көзім 
ілінбеді. 
Ақыры  талып  ұйықтап  кетсем  керек.  О,  жасаған,  сол  бір  түнгідей  өмірімде  ел 
қайғысына  еңіреп,  егіліп  көрген  жоқ  шығармын.  Адам  баласының  бір-біріне  мұндай 
қаскөйлігін де көрген жоқ шығармын. Ұры болып жүріп те мұндай жайды білмейді екем. 
Елмен,  жұртпен  отырып  көптің  ауыр  халін,  көрген  тауқыметін  бірге  тартсаң  ғана 
тебіренудің не екенін біледі екенсің. 
Мен шошып ояндым. Есім шығып, не болғанымды білмеймін. Аңызақ соққалы түнде 
есік  біткен  алық-тұлық  ашық  жататын.  Далаға  ата  шықтым.  Көшеде  ұлардай  шулаған 
бала-шаға, азан-қазан. Аспан қып-қызыл жалын. Жұрт жалаң аяқ, жалаң бас, егінге қарай 
ботадай боздап жүгіріп барады. Аза бойың қаза болып, төбе шашың тік тұратын аянышты 
үн. 


Қалың  егін  жанып  жатыр.  Сендей  соғылып  жеткен  Балта  аулының  кәрі-жасы 
көздерінен жас парлап, отқа қойып кетті. Жалақтаған қызыл жалынның үйдей-үйдей тілі 
сумаңдап,  әп-сәтте  тажал  өрт  келгендерді  орап  алды.  Шырт  ұйқыдан  тұрған  қарусыз 
адамдар айтпай келген апатқа не айла жасасын, бірі көйлегін, бірі шапанын сермеп тілсіз 
жаумен айқасып мидай араласып кетті. Аузынан от шашқан дәу айдаһарлар мың бұралып, 
ысылдап,  гүрілдеп,  жолындағыны  жайпап,  таптап  жылжып  келеді.  Жоқ,  жылжып  емес, 
құйындай  ұшып  атой  сап  келеді.  Шытыр-шытыр  жанып  лапылдаған  егін  арасымен  су 
жыланша жүгірген от, жалын алдынан озып, лақ етіп төгілген су тармағындай жан-жағына 
бытырай тарап, айналасын асыға жалмап барады. Өрт арасынан әлдекімдердің: 
– Су әкеліңдер. 
– Қарғаша салыңдар. 
– Кигіз әкеп соғыңдар, – деген далбаса дауыстары шығады. Бірақ оның бәрі жай есірік. 
Қурап тұрған қалың егінге тиген от бір көлдің суы болмаса тыңдасын ба, гүрілдеп жанып, 
егістіктің орта тұсынан асып кетіпті. Тынымсыз соққан ыстық жел де оттың артынан түсіп 
алып, өкшелей қуып жалынды жалынға қосады. Бірді бір ажыратып болар емес. Бір үйлі 
жанның өзі бет-бетімен бытырай түсіп, кімнің қайда қалғанын айыру қиын. Жанып жатқан 
егін бе, адам ба, оны аңғарып болмайды. 
Бір  сәт  қолымдағы  шалбармен  отты  өршелене  соғып  жүріп  байқап  қалдым,  бір 
кішкентай бала оқыс бақырған бойы, үсті-басы лаулап жанып, егін арасымен кейін қашты. 
Бала емес, шырылдап жылап бара жатқан бір құшақ қызыл жалын секілді. Жүгірген жолы 
ирелеңдеп жанып барады. Отты шегіне ұрған адамдармен қосыла баланың соңынан мен де 
жеттім. Бала лапылдап жанған киімін шеше алмай жанталасып жерде домалап жатыр... 
Алас-күлесте  естері  шығып  құр  қол, қарусыз  келген  жұрт  алапатқа  қарсы  төтеп  бере 
алмады. Қарғаша салып та үлгермеді, қалың егін ортасында қарғаша салу да оңай емес-ау. 
Бар  болғаны,  бәрі  жабылып,  айналдыра  соғып  жүріп,  екі-үш  үйдің орнындай  жерді  ғана 
аман алып қалды. Айналасы бір сүт пісірім уақытта етегін ыстық өткір жел көтерген өрт 
егінді  тып-типыл  етіп,  бозға  түскен  соң  бойы  кішірейіп,  алысқа  ұзап  кете  барды.  Жұрт 
оған  енді  бөгет  болмады.  Қап-қара  күлі  шыққан  егін  орнына  қарап  мұңайып,  қайсыбірі 
егіліп жылап тұрды. 
Қас,  кірпігін  от  шалмаған  пенде  жоқ.  Сұлтанның  бір  жақ  мұрты  түгел  күйіп  кетіпті. 
Жалын жалап, түтігіп кеткен адамдар, әлдебір аяулы адамды арулап қойып қайтқан азалы 
жандардай  екі  иіні  түсіп  үн-түнсіз  бет-бетімен  аяңдап  елге  оралды.  Тілсіз  жаудың  адам 
қолынан  келген  қаскөйлік  екенін  жұрт  іштей  сезді.  Бірақ  ол  түні  ешкім  ол  туралы  тіс 
жарып ештеме демеді. 
Бәрінен  де  отқа  күйген  баланың  халін  айтсаңшы.  Сұлтан  екеуміз  сол  үйге  келдік. 
Күйеуі  бұдан  екі-үш  жыл  бұрын  өлген  Қалима  деген  жесір  әйел  екен  сорлап  қалған. 
Маңдайына  басып,  үміт  еткен  алты  жасар  жалғыз  ұлы  ұзақ  уақыт  безектеп  тыпырлап 
жатты.  Өн  бойында  от  шалмаған  жер  жоқ.  Қып-қызыл  қызыл  шақа  болып,  үлдіреп  тұр. 
Құлындағы даусы құраққа шығып шырылдап, таң ата әлсіреп даусы семді. Сорлы бала әлі 


құрып,  талып  ұйықтап  кетті.  Анда-санда  шошып  оянып,  аузын  қисаңдатып  қиналады. 
Жылағаны ол. Бірақ даусы шықпайды. Тек бірақ рет тілге келді. Сыбырлап жатып, үзіп-
үзіп «н-н-ан» деді. Соны айтып көзін аша алмастан жүріп кетті. 
Шешесі  зарлап  отырып:  «Құлыным-ай,  тым  құрыса  соңғы  тілегіңді  де  орындай 
алмадым-ау. Күнде жатарда нан сұраушы едің. Күнде ертең жейсің, егін пісті, енді ертең 
жейсің.  Шыдашы,  құлыным  деп  жұбатушы  ем,  тым  құрымаса  соңғы  тілегіңді  орындай 
алмадым-ау,  о,  көзсіз  құдай,  ал  енді,  мені  ал!»  –  деп  шашын  жұлып  баласының  аяғын 
құшып есі ауып құлап түсті. 
(Сол  бір  түнгі  оқиға  қайта  көз  алдына  келгендей  тұнжырап,  Күргерей  қарт  біраз 
отырып қалды да, қайта жалғады әңгімесін.) 
Осы  жалпақ  жонның  ұлтарақтай  бір  бұрышын  тырмалап  егін  еккен  елдің  есіл  еңбегі 
осылайша  далаға  кетіп  еді.  Жер  емшегін  емгісі  келген  алғашқы  арманды  осылайша  өрт 
алған...  Бірақ  өрт  салған  жылан  осы  күнге  дейін  аяғын  көрсеткен  жоқ.  Тек  бай  аулы 
жағынан келген қаскөйлік екенінде ешкімнің күмәны болмады. 
* * * 
«Иә,  ешкім  күмәнданған  жоқ.  Бірақ  бас  салып  тірі  пендені  жазғыра  да  алмады. 
Жазғыратындай кедей аулында шама да бар ма еді ол кезде». 
Қарасай осыны ойлап келеді. Со жылғы егінді өртеп жіберген жазықты жанды Қарасай 
ғана  біледі.  Ол  –  өзі.  «Мына  сіңірі  шыққан  жамандар  құтырайын  деген  екен.  Ана  бір 
жылғы  прселен  орыс  үйретіп  бергелі  егін  салуды  түсініп  алып,  жерге  тас  кенеше 
жабысатын  болыпты.  Бидайы  тістің  суындай  екен.  Соны  көрген  собалақ  малайлар  да 
құтырып,  қашанғы  Малжанның  малын  баға  береміз,  ендігі  жылы  біз  де  қосылып  егін 
егеміз  дейтінді  шығарыпты»  деп  бай  аулы  ытырынып  жүрген.  Бірақ  өткендегідей  көп 
жылқыны  топырлатып  айдауға  болмады...  Бәрінің  есебін  тапқан  Қарасай.  Сұлу  мұртқа 
кектеніп  алған  он  бестегі  бала  жігіт  бірнеше  түн  теңбілкөк  жорғаны  тайпалтып,  аңдып 
жүрді  де,  ақыры  қапысын  тауып  өрт  қойды.  Өрт  қойған  –  жалғыз  өзі,  өртеген  –  жалғыз 
шақпақ  тасқа  тұтанған  білте.  Міне,  күні  бүгінге  дейін  оны  ешкім  білмейді.  Қарасай  оны 
Малжанға  да  айтқан  жоқ.  Сол  күннен  былай  не  қылмыс  істесе  де  Қарасай  оны  тісінен 
шығармақ түгіл сездірген де емес. 
«Шіркін-ай, он үште отау иесі деген рас-ау. Сол он бесімізде жапанды жалғыз жортып, 
бір  ауылдың  егінін  қорықпай-үрікпей  өртеп  жібердік.  Жүректің  түгі  бар  ма,  немене. 
Ендігінің балалары да жүнжіп барады. Сойталдай Халел әлі күнге дейін ештеменің қыбын 
білмейді». 
Қарасай  бала  кезіндегі  қаныпезерлігіне  масаттанып,  Халелдің  дымды  түсінбейтін 
мәлпектігіне  ыза  боп  келе  жатқанда,  оны  осы  жыртындының  үстіңде,  баяғы  өзі  өртеп 
жіберетін  егін  үстінде  кездестіріп,  одан  сайын  зығыры  қайнады.  Жерді  солқылдатқан 
трактор жақындай бере кілт тоқтаған. Ішінен арсалаңдап Халел түсті. Ойында дәнеме жоқ. 


«Халел,  келіп  тұр,  әңгімелесейік,  бәрібір  боссың  ғой,  не  бітіресің»  деген  сары  шашты 
қызға «жарайды, келемін, сау бол!» деп қоштасып, әкесіне таянды. 
Қара күреңденіп түтігіп кеткен Қарасай: 
–  Не  бітіріп  жүрсің  мұнда,  адам  бола  ма  десем,  күннен-күнге  кері  шегініп,  не  боп 
барасың! Жылқылар қайда? Сенсіз совхоз жері жыртылмай қалатын ба еді! – деп баласына 
зекіп, біраз жерге дейін төмен тұқырайып, түнеріп келді де, аттан түсті. – Бар, үйге бар да, 
үш аяғыңа мініп кел. Сен түні бойы шаң арасында, сайтан-сабалақпен жүргенде жылқылар 
да ендігі үйіріне жеткен шығар... Аман болса жарар әлі. Бар, тез орал! 
* * * 
Қыземшектің құбыла жағы қалың қопа. Айналасы ат шаптырымдай. Қопаның оң жақ 
бүйіріндегі  қалың  тобылғы  арасында  ескі  апан  бар.  Бұл  апанды  таншадай  көкжал  арлан 
қаншығымен талай жылдан бері мекендеп келеді. Қысқа салым қасқырлар түлеген сайын 
маңайындағы  тобылғының  басына  уыс-уыс  байланған  жүн  қар  суымен  соқталанып, 
жабағы  тартып  ұйысып  қалған.  Ат  тұяғы  баспаған  бұл  маңды  қос  бөрі  қаннен-қаперсіз 
жайбарақат мекендеп, алаңсыз тұра берді. 
Көзге түртсе көргісіз тастай қараңғы желді түнде көк арлан алыс жолға шығып олжалы 
қайтты.  Қалың  шіліктің  бауырында  лағымен  жатқан  еліктің  ық  жағынан  келіп,  жер 
соқтырды  да,  көздері  жасаурап  қайда  қашарын  білмей,  құлақтары  жыбырлап,  елеңдеген 
қызыл  шақа  лақтарының  жаңа  шеміршектенген  омыртқаларын  бытырлата  үзіп  жіберіп, 
қомағай бөрі жас етке кенелген. Еліктің өзін арқалап әкеп, жақында күшіктеген қаншығы 
екеуі санын сан, бұтын бұт етіп боршалап, апан ішін қан сасытты. Мелдегінен шыға тоя 
жеген етке кекіріп жатып, көзі кілбиіп ұйқыға кеткен. 
Күн  арқан  бойы көтеріле,  қасқырлар  әлдебір  дүбірден  шошып  оянды.  Кәрі  тарлан  ар 
етіп,  құлағын  қайшылай  атып  тұрғанда,  жамбасына  басын  сүйеп  сілекейі  шұбырып 
елжіреп  жатқан  қаншығы  да  азуы  сақ  етіп  өре  түрегелді.  Салақтаған  қаз-қатар  жылы 
болбыр  емшекке  тұмсығын  тығып  бұйығып  жатқан  күшіктері  аяқ  астында  шашылып 
қалды. 
Алыстан  гүрілдеген  жойқын  үн  қара  жерді  солқылдата  жақындай  түсті.  Шақырлаған 
темір  азулар  ірі  малта  тастармен  шайнасып,  топырақша  үгіп  келе  жатқан  секілденді. 
Таянған сайын кең апанның бүйірі қалтырап, дір-дір етеді. Бауырын жаңа көтере бастаған 
кілегей көз күшіктер қыңсылап бір бұрышқа ұйлықты. Қаншық қасқыр тілерсегі дірілдеп, 
құйрығын  шабына  тығып  қабырғаға  жабыса  түсті.  Тек  арлан  ғана  көрдей  қараңғы  ін 
түбінде өткір көзі қанталап, аңға секірердегі әдетінше шиыршық атып бүгіліп барады. Бір-
бірімен шайнасқан болат темір апан тұсынан баяу жылжып, шақырлап өтіп кетті. Ұзаған 
сайын  әр  түгі  тікірейіп,  селдірей  қалған  арланның  күдірейген  желке  тұсындағы  қара 
қылдар да баяу жығыла берді. 
Бірақ  бұл  хал  көпке  бармады.  Ұзап  кеткен  жойқын  үн  бәсеңси  бере  қайта  бұрылып, 
тағы  да  бері  жылжыды.  Бұл  жолы  әлгіден  де  таяу  жерден  солқылдата  өтті.  Тағы  да 


бұрылды...  Енді  біраздан  соң  осы  төңіректі  түгел  шимайлап,  апаңды  тіміскілеп  іздеп 
жүргендей  қайта-қайта  шарлады  да,  әлден  уақытта  көзі  шалып  қалғандай  тобылғылы 
төмпешікке тұп-тура төніп келді. Ескі апанның төбесінен әуелі гу етіп топырақ түсіп еді, 
шүпірлеп  жатқан  күшіктер  ін  аузына  қарай  қыңсылай  ұмтылды.  Алып  темір  шақыр-
шұқыр  етіп  төмпешіктің  тап  үстінен  зілдей  боп  басқанда,  бағанадан  бері  екі  көзінен  от 
шашып қайрат қылып жатқан көкжал арлан, түнде ғана шеміршек бұғанасы бытыр-бытыр 
сынған дәрменсіз жас лақтың мүшкіл халіне келіп, белі қайысып, мықшия берді де, ар етіп 
барып ін аузында тырбаңдап жатқан күшіктердің біреуін жұмсақ желкесінен қауып алып 
тысқа ата шықты. Қаншық та бір күшігін салақтата тістеп, арлан соңынан зыта жөнелді. 
Екеуі  өкпе тұстағы қопаға жете бергенде барып, артынан айғай шықты. Адам даусы. 
Жан  дәрменде  қопаның  қорысына  қойып кеткен  екі  қасқыр  күшіктерін  борпылдақ  шірік 
қоғаның  үстіне  тастай  бере  артына  бұрылды.  Емшегі  салақтаған  қаншық  ін  аузында 
қалған  төрт  күшігіне  қайта  ұмтылғанша  болған  жоқ,  көкжал  қасқыр  тымақша  ұшырды. 
Желкесіне ащы тіс кірш ете қалған қаншық мүләйімсіп, күшіктерін бауырына ала қиралаң 
етті. 
Қамыс  арасында  жатқан  ызалы  сырттан  тыстағы  адамдардан  зәрлі  көзін  айырмады. 
Соңына  жалтыраған  азулары  бар  тарбиған  бірдемелерді  тіркеген  болат  үй  тоқтап  тұр. 
Табанынан омырауына дейін істік-істік салпыншақ темірлерді тізіп байлап алған. Жүрегі 
тарс-тарс соғып, танауынан қою түтін бұрқ-бұрқ етеді. Көкжал екі көзі тасырайған мұндай 
үйлерді даланы кезіп жүріп бұрын да талай көрген-ді. Бірақ алыстан көретін. Және бірен-
саран  ғана  кездесетін  еді.  Енді  қараса,  жалпақ  түзде  бұл  сияқты  үйлер  тырнадай  тізіліп 
қаптап  жүр.  Кеше  ғана  кей  тұсында  изені  мен  жусаны  аралас  қалың  қау  басқан  жалпақ 
жон, бүгін асты-үстіне келіп аударылып қалыпты. Жер беті қап-қара. 
Үй жанында екі адам тұр. Күшіктердің төртеуін де ұстап алған. Құлағынан, желкесінен 
көтерген  күшіктер  қыңқ  етпейді.  Аяқтарын  тырбаңдатып  апарып,  үйдің  есігінен  ішке 
лақтырып жіберді де, екі адамның бірі ішке енді. Екіншісі артқы темірлерге отырды. Алып 
үй  танауы  қатты  тарсылдап,  салдыр-гүлдір  алға  жылжи  берді.  Артындағы  күнмен 
шағылысқан  аппақ  азулар  қара  жерді  терең  қауып  алып,  тағы  да  апан  іздеп,  қара 
қыртысты аударып барады. 
Енді  бұл  жерді  мекендеуге  болмайды.  Ертең  қопаның  да  тас-талқанын  шығару  қаупі 
бар.  Қас  қарайғанша  мидай  даланы  шарлап,  таспаша  тіліп  жүрген  темір  үйлерге 
қаскөйлікпен қарап жатқан қасқырлар сәл сиреген уақытта ғана амалын тауып, күшіктерін 
тістелеген бойы қара түнді жамылып қашып кетті. 
Қос  бөрі  түні  бойы  тынымсыз  шоқырақтап,  Сілеті  теңізінің  бергі  қолтығындағы 
«Жаман тұзға» асты. Сасыры, изені мол ащылы жерге келіп, бір төмпешіктің бауырынан 
таң атқанша тырналап апан қазды. 
Бұл маңда кезқұйрықтан бөтен қыбыр еткен тіршілік жоқ. Құлазыған ен дала иесіз. Тек 
бүрі  мол  кәрі  қурайлар  ғана  самалға  жалқау  ырғалып,  тіршілік  нышанын  сездіргендей. 
Күшігін  алдырған  ызалы  қасқырлар  мөлдір  аспанда  шолғыншылап  қанат  қақпай  баяу 


қалықтап  жүрген  жалғыз  кезқұйрыққа  қарап  жатып  сілекейі  шұбырды.  Кешегі  тоқтық 
тарқап, аш өзек өртеніп барады. 
Қаншығын күшіктерімен қалдырып, күн еңкейе арлан қасқыр жортуылға шықты. Бірақ 
түні  бойы  жел  өтіне  мұрнын  төсеп  жапанды  кезіп  шарқ  ұрғанмен  аузына  ілігер  ештеме 
кездеспеді.  Тек  таң  ата  бере  бір  шоқ  шидің  түбінде  көзі  бақырайып  отырған  жапалақты 
бұқпантайлап келіп бас салған. Жүні бұрқ еткен соқыр құстың бір жақ бұтын жалпақ тай 
табанымен  басып  тұрып  дар  айырған  да,  жүн-жүнімен  арық  етті  екі-ақ  асап  қылғытқан. 
Жұдырықтай сасық ет жұмырына жұқ болмады. Қайта, тойымсыз аранды одан сайын аша 
түсті. 
Көкжал құла түзді екі күн шарлады. Кейбір ауыл тұсына да таяп барды. Бірақ бейсауат 
жүрген ештеме жоқ. Қайда барса да қараңғы түнде екі көзі өңменнен өтердей жалтырап от 
шашып кешегі темір үйлер алдынан шыға берді. Тіпті күндізгіден түндегі түсі суық. 
Екі  күн  аласұрып  сай-саланы  тіміскіп  сүзіп  шыққан  арлан  қарны  қабысып,  бұралып, 
апанға  ашулы  оралды.  Күшіктерінен  айрылып  запыс  болған  қаншық  іннен  алыс  ұзамай 
төңіректеп,  тышқаншылап  жүрген.  Анадайдан  арланын  көріп,  алдынан  шоқырақтай 
шығып  еді,  арқасына  бөктерген  олжасы  болмаған  соң  тауы  шағылып  тұрып  қалды.  Тоқ 
жүргенде  қаншығын  иіскелеп,  кейде  тістеп,  асыр  салып  ойнайтын  көкжал  да  қанталаған 
кәрлі көзімен бір қарады да, қайырылмастан іннің аузында, шабына басын  салып иіріліп 
жата кетті. 
Жаңа қазған іннен шыққан сары ала топырақтың күнгей жағында шуақтап жатқан екі 
күшік  орындарынан  домалай  тұрып,  анасының  аяғына  оралды.  Бұрын  алты  күшік 
жапырлай  жабысып  созғылайтын  қаз-қатар  уыз  емшек  екі  күннен  бері  емін-еркін  тиген 
соң,  екеуі  де  бұрынғыдан  лезде  ширап,  қоңданып  қалған.  Жарғақ  құлақтарының  түбі 
қатайып,  елең-елең  етіп  қимылдап  қояды.  Анасының  алды-артын  орап,  бірін-бірі  қуып, 
сүрініп-қабынып  домалаңдап  жүрген  қос  күшік,  енді  бір  кезде  соры  қайнап  ашулы 
сырттанның үстіне жабысты. Тырбаңдап арқасына шыға алмай, сырғып  түсе берген соң, 
бірі құйрығымен, екіншісі құлағымен ойнады. Көкжал бір рет ар етіп жактырмай қалса да, 
оны  елеген  олар  жоқ.  Қайта-қайта  мазасын  алып,  тартқылай  берді.  Бір  кезде  қызыл  көз 
арлан жүні тікірейіп орнынан атып тұрды да, мойнынан домалап түскен күшіктің біреуін 
аузы  ақсиып  кеп  бас  салып,  бел  омыртқасын  бытыр-бытыр  еткізді.  Жайбарақат  жатқан 
қаншық жан ұшырып үстіне құлай түсіп еді, арлан тұмсығынан қауып алып сылқ еткізді. 
Әлсіз  қаншық  анадай  жерге  барып  белі  күдірейіп  айбат  шегіп  аз  тұрды  да,  енді 
жақындауға  бата  алмай,  тірі  қалған  соңғы  күшігін  желкесінен  тістелеп  алып,  ін  түбіне 
қойып кетті. Кешке дейін жалғыз күшікті бауырына алып, тысқа шықпай жатып алды. 
Тек үшінші аштық түні таңға қарай ауып, аспандағы ай бозамық тартқан бейуақта екі 
қасқыр қатар түзеп жортуылға шықты. 
Бұрын  түн  қараңғылығында  жем  іздеп  тауып,  күні  бойы  салқын  апанда  тілі  салақтап 
жатып алатын бөрілерден ұйқы қашқан. 


Бұл өңірде не көп – көл көп. Қаптаған көл, жайылма сулар бір-біріне жалғасқан алқа 
тәрізді.  Күн  көтеріле  бере  өңірдегі  алқаның  әр  теңгесі  жалтырап  көз  ұялтып,  анадайдан 
мен мұндалап тұрады. 
Қазір  көл  атаулы  ұйқысынан  оянып,  таңғы  салқын  жел  күн  жылына  жазғы  самалға 
ауысқан.  Әр  құрақ,  әр  қамыс  желге  сыбдырлап  жатқан  секілді.  Қаңқылдаған  қаз, 
қиқулаған  аққу,  барылдаған  үйрек  үні.  Әріректе  тынымсыз  тырылдаған  темір  үйлердің 
даусы – бәрі көктем базарын тойлап жатыр. 
Қос бөрі  «Түйекеткен» көлінің ығын өрлеп, құрт тескен қаңылшақ ескі мал тезегінен 
басқа  түк  кездестіре  алмай  келе  жатқанда  алыстан  бір  жылы  иіс  білінді.  Арлан  мен 
қаншық  қайта-қайта  тұмсықтарын  желге  төсеп  бастарын  көтерісіп  тұрды  да,  сілекейі 
шұбырып тұра шапты. Жерді дүңк-дүңк еткізіп алға түскен арлан келесі қырды аса бере, 
кең  шалғында  жүре  оттап  бара  жатқан  бес-алты  қараны  көзі  шалып  қалды.  Маңайында 
адам көрінбейді. Бірақ ашынған қасқырлар болса да елер емес. Шалғынға қарай иіле түсіп 
жатқан  кең  өзектің  ішімен  тасырлата  шауып,  шошаң  етіп  жылқылардың  тап  жанынан 
шыға  келді.  Алғашқыда  бұларды  көзі  шалып  қалған  екі-үш  қарлығаш  шиқ-шиқ  етіп, 
құлақтарының түбінен сыпылдай ұшып, қала бергенше болмады, ық жағынан келіп қалған 
бөрілерді  жаңа  көрген  қаннен-қаперсіз  жылқылар  ішін  тартып  осқырынып  бастарын 
көтеріп,  құлақтарын  қайшылай  қойды.  Бұл  кезде  шетте  ойнақшып  жүрген  жирен  қасқа 
құлынды  арлан  жарып  та  үлгерген  еді.  Қаншық  та  аузын  арандай  ашып,  келесі  біріне 
ұмтылды.  Аш  қасқыр  құлынды  жайратып  тастап,  бір  жерге  үйіріле  қалған  жылқыларды 
тым-тырақай  қуды.  Күрең  бие  жан  ұшырып  көкке  қарғығанда  тұсамысы  шарт  үзіліп 
айдаламен  дүрсілдете  шауып  кете  барған.  Арлан  былқ-былқ  еткен  кебеже  қарын  семіз 
қара  биеге  екі-үш  рет  ұмтылып,  сыртын  бере  қырындап  шыр  айнала  берген  саба  биенің 
ақыры  алдынан  келді.  Бие  тұсаулы  аяғымен  шоқандап  секіре  бергенде,  айлалы  қасқыр 
тұмсыққа қарғып, қос еріннен бірдей ала түсті де, табандап тұра қалды. Бұл ежелгі әдісі. 
Жұқа ерін удай ашыған қара бие шалқая тартқан кезде, табандап тұрған қасқыр да оқыс 
жіберіп  қалып  еді.  Бие  мұрттай  ұшты.  Ар  етіп  барып  мысықша  жабыса  кеткен  арлан 
алмастай өткір тісімен ішін жарып жіберді. Жып-жылы қанға тұмсығын тығып қорқ-қорқ 
еткен  көкжал  қара  биенің  үлпершек  майынан  кесек-кесек  жұлып  алып,  қылғыта  берді. 
Қаншық қасқыр да бұлтыңдаған семіз ала тайды алып ұрып жәукемдеп жатқан. 
«Малжан  ағашы»  жағынан  қылт  етіп  үш  аяқты  мотоцикл  көрінді.  Үстіндегі  екі  адам 
сонау  қырдан  түсе  бере  жан-жаққа  бытырай  қашқан  жылқыларды  көзі  шалысымен  бір 
сұмдықтың болғанын іштері сезіп, жолсыз кәдемен құйындай ұшты. 
Аш  қасқырлар  мотоцикл  есік  пен  төрдей  қалғанша  бастарын  көтермей  жылы  етке 
құнығып, табандарын тірей өлермендене жұлқып шоңқаң-шоңқаң етеді. 
Қос бөрі жылғаға түсіп, артына қарайлай қашып бара жатқан кезде: 
– Оһ, атаңа нәлет!  – деп тісін қайрап қалған Қарасай қан жоса боп жатқан малдарын 
көріп, көзінен жасы ыршып кетті. – Құдай-ай, енді келіп, дала бөрісіне жем қылғаның ба. 
Менен аяған нең қалды! 


Шап  еті  жалбырап  тұрған  жирен  құлын  адамды  көргенде  мұңын  шаққандай  көзі 
мөлтілдеп  ілби  басып  келді  де,  екеуінің  алдына  құлай  кетті.  Халелдің  де  іші  аяп,  тура 
қарай алмай сырт айналды. 
Қарасай  аһ  ұрып,  ағаш  сапты,  жез  мойын  бәкісімен  қара  биенің  тамағынан  қинала 
тұрып орып жіберді. Қоп-қою күрең қызыл қан сыр етіп шыға беріп, тыйыла қалды. Қара 
бие одан бұрын жан тәсілім қылған еді. 
* * * 
Қарасай ұйқыдан оянғандай сергіп, ойына жаңа бір ақыл түсті. Іле ізін суытпай совхоз 
асханасына барып, Агафия Япишкинаны үйіне ертіп әкелді. 
Түнеугүні бұл әйел Қарасайдың үйіне келіп: 
– Хозяин, өзім ежелден нәзік жаралған жан едім, мына нөсердің астында шатырда тұру 
мен  үшін  тамұқпен  тең.  Тымау  ма,  жөтел  ме,  әйтеуір  осы  жердің  бүкіл  заразасы 
айналдырып алды. Бір-екі айға бір бөлмеңізді рахым етіңіз, ақысын төлер ем,  – деп есігі 
бөлек қонақ үйді сұраған. 
Семіз  байталдай  жұп-жұмыр  келіншектің  нәзік  жан  едім  дегеніне  кекесінмен  мырс 
етіп,  бұрын-сонды  қазақ  аулында  пәтер  жалдауды  көрмеген  Қарасай  оның  ақысын 
төлеймін деп құнға тұрмайтын пайданың шетін көрсеткеніне шамданып қалды. Және тың 
көтеруге  жер-жерден  жиналған  адамдарды  онша  суханы  сүйе  қоймайтын.  Үйге  еркінси 
кіріп, сыпсылдай қалған мына әйелді де жақтырмады. 
– Бұл үйді біреу үшін салған жоқпыз, маржа. Және атам қазақ пәтер жалдап күн көрген 
жоқ. Бұл үй үшін шығынданбай-ақ қойыңыз, – деп тоқ етерін бір-ақ айтып, үйден аластап 
салған. 
Бүгін Қарасай сол райынан қайтып, күрт өзгерді. 
–  Жолдас  Япишкина,  түнеугүні  өзім  ренжіңкіреп  жүр  едім.  Тегі  сізге  ауыр  тиетін 
сөздер айттым білем. Оны кешіріңіз! – деп жылы сөйлеп, дөңгелете жөнелді. Өзі де шыр 
көбелек дөңгелеп, судағы балықтай уысында сусып тұрған Агафия Япишкина: 
– О, о не дегеніңіз. Уақасы жоқ, ондай-ондай бола береді, мен жаратылысымда кексіз 
адаммын, – деп көзін төңкеріп, сықылықтай күлді. 
–  Оныңыз  жақсы  қасиет  екен.  Менің  және  бір  мінезім  –  бетің  бар,  жүзің  бар  демей 
бірдемені қойып қалам да, артынан, апырмай, ренжітіп алдым ба деп, үнемі өкініп жүрем. 
Бүгін  сол  өкінішімді  жуайын  деп  сізге  әдейі  бардым.  Және  шаң-тозаң  астында 
жатқаныңды  ойлағанда,  шынымен  жаным  ашып  кетті.  Енді  мына  бөлмені  алыңыз,  ақы 
сұрамаймын.  Бір-бірімізбен  сыйласып  тұрсақ,  арамыздағы  ауыс-түйісті  есептеспеспіз,  – 
деп Қарасай сөздің аяғын сылқ еткізді. Сөздің сыңайын аңғарып қалған Агафия Япишкина 
да аппақ бұғағын көрсете бұртиып: 


– О, хозяин, бұл заманның өзі ауыс-түйістің заманы емес пе, есеп-қисаптың бар жайын 
сауда қызметкерлері жақсы түсінеміз, ол жағынан мен коллега бола аламын, – деп наздана 
қылымсыды. 
Сол  күні  асхана  меңгерушісі  Япишкина  екі-үш  аспазшы  әйелді  әкеп,  Қарасайдың 
қонақ үйін ақпен сылатып, еденін жуғызып, ол-пұл дүниесімен көшіп алды. 
Сол күні қасқыр тартып өлтірген шабдар аттың көкежасық еті базар нарқымен колхоз 
асханасының албарына кірді. 
Сол  бір  күннің  ішінде-ақ  Япишкина  мен  Қарасай  бір-біріне  қажет  адам  екендерін 
жақсы түсінді. Бірақ тап осы сәтте екеуінің арасында болар келешек үлкен оқиғаны олар 
білмеді. Ондай ойдан осы қораның астындағы басқа адамдар да мақрұм еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет