«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының


ЖБҚБ - жобалық басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше; Қор



бет4/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring

ЖБҚБ - жобалық басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше;
Қор - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
3. Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндірілуге жатады.
4. Осы Ереже ашық ақпарат болып табылады және Корпоративтік қордың ресми веб-сайтында орналастыруға жатады.
5. Қайырымдылықты Корпоративтік қор тек ерікті негізде, сондай-ақ Корпоративтік қордың ішкі ережелерін ескере отырып жүзеге асырады.
6. Қайырымдылық көмек төмендегі мақсаттарға көрсетілмейді:
- діни ұйымдарға, саяси партияларға, кәсіптік одақтарға, сайлау қорларына, коммерциялық ұйымдарға және тұтыну кооперативтеріне қатысты,
- салтанатты және мерейтойлық іс-шараларды, концерттер мен дөңгелек үстелдерді өткізу мақсатында;
- кредиторлық берешекті өтеу мақсатында;
- «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубын» КҚ қаржыландыру мақсатында.
7. Корпоративтік қор себебін көрсетпей қайырымдылық көрсетуден бас тартуға құқылы.
8. Пайдаланушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Корпоративтік қормен жасалған шарттарға және/немесе келісімдерге сәйкес құқылы және жауапты болады.



  1. Қайырымдылықты жүзеге асыру тәртібі.



2.1. Әлеуетті пайдаланушылардың өтінімдері бойынша
қайырымдылық жобаларды қарау және бекіту тәртібі

9. Корпоративтік қордың қайырымдылық көмек көрсетуі Корпоративтік қордың Қамқоршылық кеңесінің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.


10. Қайырымдылық көмек алу үшін әлеуетті пайдаланушы Корпоративтік қордың мекенжайына осы Ереженің № 1 қосымшасында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінім жібереді:
- мөр және қол қойылған қағазға шығарылған нұсқада немесе;
- Корпоративтік қордың www.sk-trust.kz ресми сайтында өтінімді толтыру арқылы құжаттарды қоса бере отырып, электрондық түрде (pdf форматында, мөрмен және қолтаңбамен бекітілген).
11. ЖБҚБ:
- әлеуетті пайдаланушылардан өтінімдерді қабылдау мен қарауды,
- қабылданған құжаттар пакетінің толықтығын тексеруді,
- Қамқоршылық кеңестің қарауына шығаруды қамтамасыз етеді.
12. Пайдаланушыға өтінімге қатысты жауапты ЖБҚБ жауапты қызметкері оны қарағаннан және Қамқоршылық кеңестің тиісті шешімі шығарылғаннан кейін жібереді.
13. Корпоративтік қор өтінімді қараудан бас тарту себебін көрсетпей-ақ:
- құжаттар пакеті толық болмаған және/немесе осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген өтінімді ұсынған;
- құжаттарда дәйексіз деректер анықталған;
- Қор тобы үшін бедел тәуекелдеріне әкеп соғатын мәліметтерді анықтаған;
- өтінім беруге оған уәкілетті емес тұлға болған жағдайда бас тартуға құқылы.
14. Өтінімді қарауға қабылдау құжаттар тізбесін қалыптастырудың дұрыстығы мен толықтығын (соның ішінде құжаттардың нақты болуы, ресімдеудің дұрыстығы) тексергеннен кейін жүзеге асырылады.
15. Құжаттардың толық пакетімен өтінімдер жіберіледі:
1) осы Ереженің №8 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайтын және бас директордың орынбасарына келісуге, содан кейін бас директорға бекітуге жіберетін ЖБҚБ мен КҚҚБ, қызметкерге, құқықтық сипаттағы қызметіне жауапты тұлғаға;
2) комплаенс-офицерге, ол №9 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды және оны бас директорға мәлімет үшін, сондай-ақ Қамқоршылық кеңестің хатшысына кейіннен Қамқоршылық кеңеске танысуға беру үшін жібереді.
Сыбайлас жемқорлық және беделдік тәуекелдер анықталған жағдайда, ішкі құжаттардың ережелеріне сәйкес комплаенс-офицер өзінің қорытындысына комплаенс тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсыныстарын енгізеді.
16. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген қорытындыларды дайындау мерзімі жеке айқындалады, алайда Корпоративтік қорға құжаттардың толық топтамасы келіп түскен сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
17. Қорытындылар бекітілгеннен кейін ЖБҚБ жауапты қызметкер Корпоративтік қордың Қамқоршылық кеңесі туралы ережеге сәйкес Қамқоршылық кеңестің отырысына материалдар дайындайды.
17-1. Әлеуетті пайдаланушы Корпоративтік қордың Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілетін күн туралы жұмыс тәртібінде хабардар етілуге тиіс және келісім бойынша отырыстың өзінде (бейнеконференцбайланыс арқылы) қатыса алады. Сонымен қатар, өтінімді қорғаудың жалпы регламенті 5 (бес) минуттан аспауы тиіс.
18. Өтінімді электрондық түрде берген пайдаланушы Қамқоршылық кеңестің осы пайдаланушыға қайырымдылық көмек көрсету туралы оң шешімі болған кезде Корпоративтік қорға құжаттардың толық топтамасы бар өтінімді түпнұсқада ұсынуға міндетті.
19. Қамқоршылық кеңестің қайырымдылық көмек көрсету туралы шешімі шығарылғаннан кейін ЖБҚБ жауапты қызметкері пайдаланушыдан өтінім алынған тілде барлық қажетті құжаттарды жасайды және Корпоративтік қордың қайырымдылық жобалары бойынша дерекнамасын жүргізуі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жоба дерекнамасын қалыптастырады.
20. ЖБҚБ жауапты қызметкері Қамқоршылық кеңестің қайырымдылық көмек көрсету туралы шешімінің негізінде шешім қабылданған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде №10 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шарт дайындайды.
Қайырымдылық жобасын іске асыру мерзімдері мен тетігін және/немесе шығындар сметасын өзектендіру қажет болған жағдайда Шартты дайындау мерзімі ұзартылуы мүмкін, алайда пайдаланушымен Шарт жасаудың жалпы мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет