Санжарга, Айманға


Ү. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК



бет10/19
Дата29.01.2018
өлшемі5,37 Mb.
#35724
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

112

Ү. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК



5.1. Денсаулық психологиясы

Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бірі-бірімен ете тығыз байланыста болады (14-таблица).

"Салауатты өмір сүру салты" деген түсінік тек үстіртін көз-қарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.

Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұғылғаны дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан еткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады.

Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дермектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күнзелістің тетік-тегершігін анықтау, онын, мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс функциясында атқарған Г. Сельменің айтуына қарағанда, "күйзеліссіз өмір өлі". Ол эксперимент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды алып, оларды үш топқа белген. 1-топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз жерде, тыныштықта ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерізімді күйзеліс тудырып отырған.14-т а б л и ц а Денсаулық және психикалык тепе-тецдік



113

14-таблица Денсаулық және психикалық тепе-теңдік



114


Үшінші топтағы егеуқұйрықтарға үздіксіз күйзеліс тудырған. Осының нәтижесінде: екінші топтағы жануарлар ұзақ жылдар бойы елместен тіршілік ете берген. Осындан келіп үлкен қорытынды жасаған. Қандайда болмасын күйзеліс қажет екендігін дәлелдеген. Күйзеліс кезінде ағза көптеген гормондарды адреналин мен норадреналинды бөліп шығарады екен. Адамның қобалжуы денедегі адреналиннің көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты.

Г. Селье күйзелісті үш кезеңге бөледі.

1) абыржу кезеңі; 2) төзімділік (резистенттік); 3) әлсірету кезеңі.

Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін (резистенттігін) жоғары деңгейге жеткізу керек. Күйзелістік (стрестік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғы-затын гормондар бар. Олар адреналин мен норадреналин. Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады да өте үлкен физиоло-гиялық-биохимиялық үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты гормондарының белінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс) тудырады. Оның әсері созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс созьшса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамының көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.

1950—1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс

жануарлар физиологаясында психиологиялық стресс деген

биологиялық терминдер пайда бола бастады. Өмірге, тұрмыс

игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы орнына, адамгершілігіне,

өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім тудыратын

оқиғалар психологиялық стрестің себепкері болып саналады

(Х. Қ. Сәтбаева және т. б. 1999, 115 бет). Ддамзат баласы өзін-өзі

тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің нәтижесінде таным-

лдық қызығушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды

болдырмай, ал ол бола қалған жағдайларда олардан тез арада

шығып кетіп отырады.

115


5.2. Денсаулық және эмоция

Эмоция — латын сөзі — еmоvега қозу, толқу — деген мағына береді. Қуаныш сезімі. И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Эмоция ағзаның ішкі эндокринді бездеріне байланысты болады. Адреналин эмоцияны реттеуші фактордың бірі болып есетелінеді. Ол бауырдағы гликогеннің ыдырауына әсерін тигізеді. Адам эмоциялық жағдайда болған да, қандағы қанттардың мөлшері азайып кететінін медиктер анықтаған болатын.

Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды.

1) Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қатал-дылығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны адамның өз өліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында. Бағасына қарай ағзада физиологиялық-биохимиялық үрдістер өтіп, бірнеше пайдалы және пайдасыз өзгерістер туады.

2) Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физио-логиялық-биохимиялық, биологиялық жауабы. Адреналогиялық-биохимиялық әсер етеді.

3) Алдағы уақыттарда күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі себептерін жоюға арналған іс-әрекет (мінез-құлық). Жұмсалатын биологиялық күш өлшемі оқиғаның салдары әр қашанда есепкс алынуы тиіс. Осының нәтижесіне ағзада тізбекті күйзеліс пайда болады.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет