Сборник международной научно-практической


Зерттеу нысандары және әдістері



Pdf көрінісі
бет209/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019
8 РУССКИЙ ЯЗЫК (обновленка КСП)
Зерттеу нысандары және әдістері 
Қант қызылшасы егістігінде фитофагтардың таралуын Қазақстанның оңтүстік-
шығыс аймағында мерзімдік маршруттық зерттеулер негізінде анықталды. Ерте көктемде 
2018 жылы өндемеген жерлерде тексеру жұмыстар жүргізілді, жердің көлеміне байланысты 
көлемі 50х50см, ал терендігі 50см дейін топырақ үлгілері 8 жерден алынды. Қант қызылша 
өскіндері пайда болғанда 3 жұп негізгі жапырақ кезінде көлемі 50х50 см, шахмат ретімен 
орналасқан бір метрлік қатарда 8 жерден тұрақты үлгілерде есептеу жұмыстары жүргізілді. 
Зерттеу жұмыстарында зақымдау ерекшеліктеріне байланысты, барлық өсімдіктер 
тексерілді. Тамыр жүйесін тексергенде қазба жұмыстары жүргізілді. Зақымдау дәрежесі 5 
баллмен есептелінді: 1-ші балл – 5% дейін өсімдіктер зақымданған – аз зақымданған; 2-ші 
балл – 6-дан 25% дейін өсімдіктер зақымданған – аз зақымданған; 3-ші балл – 26-дан 50% 
дейін өсімдіктер зақымданған – орташа зақымданған; 4-ші балл – 51-ден 75 % дейін 
зақымданған – қатты зақымданған; 5-ші балл–76-дан 100% дейін өсімдіктер зақымданған - 
өте қатты зақымданған [4]. 
Бізтұмсықтарға болжау құруда қоңыздардың топырақ бетіне шығу мерзімі және 
олардың қант қызылша егісіне ауысуы; егістердің тексерілген мерзімдегі жағдайы
мөлтектердегі зиянкестердің таралуы және зияндылығы, тексерілген және зиянкеспен 
қоңысқан егіс көлемі; ондағы 1м

зақымдалған өсімдіктер саны; зиянкестердің қыстауға 
кетуі; ауру өсімдіктердің пайызы; және де жүргізілген күресу шаралардың көлемі және 
олардың тиімділігі есептелді.
 
Қант қызылша бүргесі өсімдіктердің қалдықтарында және топырақтың беткі 
жағында қыстайды. Өскіндер шыққаннан екі – үш негізгі жапырақтар пайда болғанша
зақым келтіреді сондықтан біздер тәжірибе мөлтегінде (10 тұрақты мөлтектегі үлгілерден 
10 өсімдік) егістің әр жерінде орналасқан үлгілерде бүргелер саны есептелінді.
Күзде және көктемде қызылша бүргесі қыстап шыққан жерінде 10 см терендікке 
дейін 8 үлгі алынды, көлемі 25х25см; өсімдіктер мен топырақтар мұқият тексерілді. 1м

келетін бүргелердің тығыздығы анықталды [5]. 
Аурудың таралуын қант қызылша егістерін маршруттық тексеру жүргізіп, өсімдіктің 
әртүрлі даму сатылары бойынша вегетациялық кезеңде бірнеше рет зерттелді. Егістіктің 
диаганальі бойымен әр жерден 10 өсімдікке есеп жүргізілді. Өсімдік ауруларының негізгі 
белгілері бойынша әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып олардың залалдануы 
анықталды. Аурудың таралуы ауру өсімдіктің пайызы бойынша жалпы есептегі өсімдіктің 
санымен анықталды және мына теңдеу бойынша есептелді. 
P = n 10 / N,мұндағы 
Р – аурудың таралуы (%); n - есеп бойынша ауру өсімдік саны; N – есептегі өсімдік 
саны [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   483




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет