Сценарий медицинской симуляции


Сіз – перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, құсуға, 3 күн бойы ауыр дәретінің болмауына шағымданып түсті



бет7/50
Дата08.02.2022
өлшемі406,37 Kb.
#123502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
Ситуациялық-есептер (1)

Сіз – перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, құсуға, 3 күн бойы ауыр дәретінің болмауына шағымданып түсті.


Тапсырма:

  1. Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.

  2. Диагноз қойыңыз.

  3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

  4. Жүргізу тактикасын анықтаңыз.



Емтихан тапсырушыға арналған кезеңдер





Қадамдарды бағалау критерийлері

Уақыт (сек)

Балл бойынша бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындаған жоқ

1.

Амандасқаннан кейін науқасты устелге шақырыңыз, анамнез жинауды бастаңыз.

15

5

2,5

0

2.

Шағымдарын анықтаңыз, шағымдардың пайда болу себептерін, олардың даму жағдайларын нақтылауға бағытталған қосымша сұрақтар қою арқылы аурудың негізгі симптомдарын бөліңіз.

180

10

5

0

3.

Анамнез жинап болғаннан кейін қағазда жазылған объективті зерттеу мәліметтерін қарап, алдын ала диагноз қойып, оны науқасқа дәлелдеп беріңіз.

60

20

10

0

4.

Науқасқа қандай анализдер тапсыру керектігін және олардың не үшін керектігін түсіндіріп беріңіз.

15

10

5

0

5.

Сұрастыру және қарап тексеру кезінде науқастың физикалық және эмоционалды қолайлы жағдайда отыруына қол жеткізіңіз.

40

10

5

0

6.

Сізге қағазда көрсетілген лабораторлық анализдердің нәтижелерін интерпретациялап, науқасқа түсіндіріңіз.

40

10

5

0

7.

Қорытынды диагнозды науқасқа мазмұндап және дәлелдеп беріңіз.

30

10

5

0

8.

Ұқсас аурулармен қысқаша дифференциалды диагностика жүргізіп, оларды негізді жойып, науқасқа түсіндіріңіз.

120

10

5

0

9.

Науқасты жүргізудің ары қарайғы тактикасын негізді әрі дұрыс анықтап, науқасты ауру, оның асқынулары және емдеу варианттары жөнінде дұрыс ақпараттандырыңыз.

100

20

10

0




БАРЛЫҒЫ:

600

100

50

0



Емтихан тапсырушыға қосымша ақпарат:
Объективті:
Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары, көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, бозғылт. Дене қызуы 37,3С. Жүрек тондары анық, ырғақты. АҚ 100/60-110/60 мм с.б.б. Пульсі 84 рет минутына, ырғақты. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Тілі ақ түсті жабындымен жабылған. Ішінің алдыңғы қабырғасында іштің ақ сызығы бойымен қасағадан кіндікке дейін отадан кейінгі тыртық бар, жазылуы біріншілік тартылумен. Іші жүктілік есебінен ұлғайған, үрленген, пальпация кезінде барлық іш аумағы бойымен, әсіресе, кіндік аймағында ауру сезімді. Қол астында ішектің жоғары перистальтикасы анықталады, ішектің құрылдауы естіледі. Алдыңғы құрсақ қабырғасы аздап қатайған. Щеткина-Блюмберг симптомы әлсіз оң. Жатыр қозбаған, түбінің биіктігі 27 см, жатырдағы мүмкін болатын тыртық аймағында локалды ауру сезімі жоқ. Ұрықтың қалпы ұзынынан орналасқан, алдағы бөлігі ұрықтың басы, кіші жамбас кіреберісінің үстінде. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Өт қуығының нүктесі ауру сезімінсіз. Соғу белгісі екі жақтан да теріс. Зәр шығаруы бұзылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет