Пәннің пререквизиттері: Студенттердің жалпы орта мектеп негізінде алған жалпы білім көлемі;
Пәннің постреквизиттері: Үзіліссіз педагогикалық практика, психология, Философия, Мәдениеттану. «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі», таңдау бағыты бойынша әртүрлі элективті педагогикалық курстар.
Пәннің мақсаты: орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби–педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.
Қысқаша сипаттамасы: Болашақ бакалавлардың адам қызметінің ерекше маңызды саласы ретінде педагогикалық мамандықтар туралы біліммен қамтамасыз ету, болашақ мұғалімдерді кәсіби педагогикалық қызметтің ғылыми негіздерімен таныстыру, үнемі жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру болып табылады. Студенттердің болашақ кәсіби қызметінің шығармашылық сипатын түсінуіне ықпал ету, сол арқылы жалпы білім беретін мектепте оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау.