Семинар XVI-XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Африка мемлекеттері



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі32,65 Kb.
#84190
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
Азия африка семинар

1. Тақырып бойынша конспект жазу
2. Терминологиялық сөздік
3. Хронологиялық кесте құру
Ə д е б и е т т е р:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2 ч.— М.: МГУ, 1987.— 249—277 бб.
2. История тропической Африки [с древнейших времен до 1800]Пер. с фр.— М., 1984.
3. Хэир П. Встреча с Африкой: европейские контакты и свидетельства 1450—1700 гг.— М., 1997.

лекция


Тақырып. ІІІ-VІІІ ғасырлардағы Африка халықтары
Жоспар.
1. Орта ғасырлардың басындағы Африкалық қоғамдар
2. Ерте орта ғасырлардағы Солтүстік-Шығыс Африка. Аксум
3. V-ІХ ғасырлардағы Нубия
4. Аксум мен Нубия мәдениеті
Сахараның оңтүстігінде орналасқан Африка халықтар ұзақ та, өзіндік тума тарихи даму жолынан өтті. Бірақ Африка тарихының жеткіліксіз зерттелуі ол жолды толық ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен қазірге дейін жинақталған ғылыми мәліметтер Африка халықтарының көпғасырлық трихына азды-көпті талдау жасауға жол ашады.
Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка аудандарының даму қарқыны бірдей болмады. Орта ғасырлардың бас кезінде бір халықтарды таптық қатынастар қалыптасып, мемлекеттік бірлестіктер құрылса, енді бір халықтары алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп жатты. Сондықтан Сахараның оңтүстігіндегі Африка территориясында қоғамдық қатынастары мен экономикалық өмірінің дамуы жағынан ұқсас ірі аудандарды бөліп қарастыруға болады. Ол аудандарға Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропикалық Африка мен Оңтүстік Африка жатады.
Тропикалық Африка халықтарының көпшілігі ежелден егіншілікпен айналысты. Тек берберлер мен Оңтүстік Сахараның туарегтері, фульбе (Батыс Африка) сияқты біраз көшпелі халықтар мал шаруашылығымен айналысты. Табиғи жағдайдың ерекшеліктері, әсіресе жердің құнарлылығы, тек өсірілетін дақылдар түріне ғана емес, егіншілік құрал-жабдықтарының түріне де әсер етті. Тропикалық Африканың топырағында құнар өте аз, оның жоғарғы беті ғана құнарлы. Оны терең жырту пайдасыз. Терең жыртқанда құнарлы топырақ желге ұшады. Сондықтан бұл жердегі халық ұшына темірден жасалған тіс орнатылған кетпенді (мотыга) пайдаланып келді. Оның бірнеше түрі болады. Африкаға тән дақылдар негізінен сорго, тары және күріш болды. Сондай-ақ бұршақтан бірнеше түрлері: сиыр бұршағы, жер бұршағы (земляные бабы) - өсірілді. Май алынатын өсімдіктерден – кунжут (сезам), кокос пальмасы өсірілді. Кең тараған техникалық дақылдар: мақта, индиго, қант тростнигі болды. Огородтық дақылдар да, әсіресе тамыржемістілер көптеп өсірілді.
Қолөнері қоғамдық өндірістің маңызды бөлігін құрады. Әр қауымда ерекше әлеуметтік жағдайдағы қолөнершілер топтары болды. Олардың қатарына темір ұсталары, гончарлар, тері өндеушілер мен тоқымашыларды жатқызуға болады.
Қолөнердің маңызды салалары металл өндеу, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын және қару-жарақ жасау, тоқыма және гончарлық іс болды. Африкалықтар металл өндеудің ерекше тәсілін пайдаланды. Темір мен мыстан гөрі алтын аз өндірілді. Қауымдық шаруалар барлық африкалық қоғамдардың негізгі өндіргіш күші болды. Африкада жер иесінен алынбайтын. Бағындырылған жердің адамдары сол өз иеліктерінде қала беретін де, тек салық төлеумен шектелетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет