Семинар XVI-XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Африка мемлекеттері


Аксумның және христиандық Нубияның мәдениеті



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі32,65 Kb.
#84190
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
Азия африка семинар

Аксумның және христиандық Нубияның мәдениеті. Ерте орта ғасырлық Африка қоғамының тарихи дамуында өзіне тән ерекшеліктері де болды. Мысалы, Конго мен Анголадан басқа, Сахараның оңтүстігінде орналасқан облыстар өздерінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты темір өедеуге өте ерте көшті. «Қола ғасыры» деген кезең африкандық қоғамға қатысты болмады.
Солтүстік-Шығыс Африка халықтарының Эллин әлемімен сауда және саяси байланысы тығыз болды. Сол себепті бұл аймақта грек тілі мен мәдениеті тарады. «Эритерий теңізінің периплі» деген шығарманың авторы ІІІ ғасырдағы жергілікті бір ел басшысы туралы: «Дүниеқоңыздығы болмаса, эллин ғылымынан жақсы хабардар»,- (жақсы біледі) деп жазды. Аксумның ІҮ ғасырдағы мәдени өміріндегі маңызды оқиға – жергілікті жердің жазуына жасалған реформа болды. Сол қайта құрудан кейінгі қабылданаған жазу қазірге дейін қолданылып жүр. Бұл реформа мәдениеттің дамуының және жазудың қолданылу өрісінің өсу нәтижесі болды. Шет жерден келген монотеистік (бір құдайға табынушылық) діннің тарауына байланысты қасиетті сөздерді аудару қажеттігі жазу реформасын талап етті.
ІІІ-ҮІ ғасырлардағы монументальды (өте зор, әсерлі, зәулім) құрылыс дамыды. Сарай комплекстері, обелискілер мен қабырлар (гробницы), ал кейінірек – христиан храмдарын, кесене салуда өзіндік архитектуралық стиль қалыптасты. Негізінен монолитті тас блоктары пайдаланылды. Олар бір-біріне қиыстырылып қойылатын. Кейде блоктар балшықпен бір-біріне қиыстырылып қойылатын. Кейде блоктар балшықпен бір-біріне қиыстырылып қойылатын. Кейде блоктар балшықпен бір-біріне жапсырылатын. Құрылыстар ағаштан да салынатын. Сыртқа шығып тұратын ағаш балкалардың ұшы жұмырланатын да, маймылдың басына ұқсап, құрылысқа ерекше сән беріп тұратын. Өкінішке орай, біздің заманымызға дейін сақталмаған әдемі колонналар (ағаштан, тастан жасалған жұмыр немесе 4 бұрышты) мен мүсіндер сарайлар мен үйлерді көріктендіріп тұратын. ҮІ ғасырда өмір сүрген Византия авторы Козьма Индикоплов аксумиттік патшаның 4 мұнаралық сарайын суреттей отырып, онда жалғыз мүйізділердің қола мүсіні болғандығын жазған.
Алғаш Аксум қала қабырғалары дегенді білген жоқ. Ең алғашқы қорған ретіндегі қабырға Ү ғасырда пайда болды. Ол қаланың собор орналасқан орталығын қоршап тұрды. Алғашқы аксумдық храмдар пұтқа табынушылық храмдары болды. Кейін олардың кейбіреулері христиан храмдарына айналды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда шет аймақтарында христиан шіркеулері мен монастырлары пайда болды. Олардың құрылысы көптеген ғасырлардан кейін де таңдандыратын. Сондай шіркеулер туралы 1502 жылы португалдық Альвараш тамсана жазды.
Аксумиттер мәдениетінің дамуна олардың алыс шетелдерге сапарлары ықпал етті. Олардың бір-біріне байлап қойылған тақтайлардан жасалған қайықтары өте қарапайым болғанымен, Цейлонға, Индияға дейін барып келе алатын.
Нубиялық мәдениеттің дамуына христиан мәдениеті зор ықпал етті. Нубидегі шіркеулік архитектура Аксум храмдарының үлгісінде дамыды. Сақталған фрескалардың фрагменттері копттық және византиялық қпалдың үстем болғанын дәлелдейді. Грек, копт, араб тіледрі жергілікті тілмен қатар қолданылды. Х-ХІ ғасырларда шіркеу тілі – грек тілі болып қала берді. Сонымен қатар, христиан дінінің қағидалары нуби тілінде де уағыздала бастады. Нуби әдебиетінде жергілікті тілдің әріптері грек, копт және Мероит (Судандағы) тілі (Египет) әріптерімен ұласып жатты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет