Антон Семенович Макаренко (1888-1939), педагог-жазушы, КСРО.
Харьков губерниясында темір жол жұмысшысының жанұясында дүниеге келген. Қалалық училищені, одан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды бітіргеннен кейін темір жол училищесінде оқытушы болып жұмыс атқарады. Педагогикалық қызметі 1905 жылы басталды. Макаренко балалар ұжымымыен тәрбие жұмысын жүргізудің ғылыми негізгі теориясы мен әдістемесін құрды. Тәрбиенің негізгі принциптерін анықтаған: тәрбиеленушіге талап қоюды оны құрметтеу және оған сенім білдірумен байланыстыру, ұжым ішінде, ұжым арқылы және еңбекте тәрбиелеу. Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөніндегі «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары» балаларды жанұяда тәрбиелеу жөніндегі ғылыми және көркем әдебиет болып есептелінеді.