Үшінші-төртінші тақырып. Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама. Мақсаты



бет1/16
Дата08.02.2022
өлшемі39,17 Kb.
#117758
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
педагогика
Гулнур Нургул слайд 16.03.2022


Үшінші-төртінші тақырып . Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама.

Мақсаты: педагогикалық мамандықтың ерекшеліктерін анықтау, оның пайда болу тарихымен таныстыру, даму бағыттарын белгілеу.

Жоспар.
  1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен қалыптасуы.


  2. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі.


  3. Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.




Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен калыптасуы.
Ең алғашқы мектептер Ежелгі Шығыс (Египет, Ассирия, Вавилон, Финикия) елдерінде құл иеленушілік қоғамында пайда болған. Осы елдерде жинақталған ғылыми мәліметтердің негізінде арифметика, геометрия, астрономия, медицина сияқты ғылымдардың негізі қаланды. Бұл жинақталған мәліметтерді халықтың бәрі біліп қоймады. Бұл білімді абыздар үлкен құпияда сақтады. Болашақта абыздық қызмет атқаратын адамдар ғана білуге құқығы болған. Үлкен қалаларда, шіркеу жанында абыздық мектептер құрылған. Осылайша, Шығыс елдерінде мұғалім қызметін абыздар атқарады.
Мектептердің қоғамдық институт ретінде пайда болуына мәдинет пен жазудың дамуы, ғылымдардың шығуы түрткі болды. Мектеп туралы мәліметтерді б.э.д. 2500 жыл бұрын египеттік жазба ескерткіштерінен кездестіреміз. Бұл патшаның балаларына арналған сарай мектебі еді. Сәл кейінірек « Рамессеум» деп аталатын ерекше оқу ғылымдық орын пайда болды. Бұнда тек абыздар емес, сонымен қатар әскер адамдары, архитекторлар, дәрігерлер білім алған.
Ежелгі Грецияда алғашында грамматистер мен кифаристер мектебі пайда болған. Бұнда 7-14 жасқа дейінгі ер балалар ғана оқытылған. Қыз балалар жанұяда тәрбиеленген. Грамматистер мектебінде балаларды оқуға және жазуға, санауға үйретсе, киифаристер мектебінде музыкаға, ән айтуға, мәнерлеп оқуға үйреткен. «Иллиада» және «Одиссея» шығармаларымен танысқан. Бұл мектептердегі мұғалімдерді дидаскал деп атаған. (грек сөзі «дидаско» – үйретемін), ал мектептерге баланы алып келіп, сабақтан соң алып кететін құлды педагог атаған. Педагог – грек сөзі «пайдос» - бала, «гогос» - жетектеу дегенді береді. Ежелгі Грецияда 13 жастағы балаларды грамматистер және кифаристер мектептрінен кейін палестраға ауыстырған. Палестра - күрес мектебі деген мағынаны білдіреді. Мұнда 2-3 жыл бойы балалар гимнастикамен шұғылданған. Ондағы мұғалімдерді педотриба деп атаған. Педотрибалар күресуге, секіруге, жүгіруге, диск пен найзаны лақтыруға, жүзуге үйреткен. Cпартада мемлекеттік тәрбие жетекшілерін педоном деп атаған. Педономдар тек ақсүйектердің арасынан сайланған. Міндеті - тәрбиешілердің құлықтық іс-әрекетін, дене жаттығуларын бақылау және оларды жазалау.
Ежелгі Римде риторлық мектептер ашылды. Бұл мектептерде 13-19 жас аралығындағы ер балалар оқытылды. Бұнда жалпы гумманистік білім беріліп, көрнекті тарихшылардың, шешендердің, ақындардың шығармаларымен, философия, құқық пәндерімен таныстырған. Орта ғасырда ағарту облыстарында шіркеу алдыңғы орынға ие болады. Мектептердің мақсат-міндеттерін, оқу тәрбие формаларын шіркеу белгіледі. Осы кезеңде мектептің 3 түрі болған: монастырь, собор мектептері, приход мектептері. Бұнда монахтар мұғалімдік қызметін атқарған.
Сауда мен қолөнердің дамуына байланысты бұрынғы шіркеулік мектептердің орнына қолөнерщілердің цехтік мектептері, саудагерлердің гильдийлік мектептері пайда болды.
ХYІ ғасырда иезуиттардың педагогикалық жүйесі құрылады. Иезуиттік тәрбиенің мақсаты - католик шіркеуінің әсерін күшейту. Осы мақсатқа жету үшін жаңа құралдар қолданыла бастады: дене тәрбиесі, мектептің толықтай жабдықталуы, жұмсақ тәртіптің орнатылуы, жалпы білім берудің кең өрісі. Оқушыларға басқа әсерлердің күшін жою мақсатында иезуиттар өздерінің оқу орындарын жабық түрде ұйымдастырған. Ең алғаш интернаттарды құрған. Иезуиттар алғаш рет мұғалімдерді дайындау жүйесін ұсынған. Олар өздерінің мектептерінде оқыған студенттерді төменгі сынып оқушыларына сабақ беруге жұмсаған. Олар педагогикалық күнделік жүргізген. Жас мұғалімнің сабағы, күнделігі тәжірибелі ұстаздың қатысуымен талқыланып жұмысқа алынған.
Капитализм дәуірінде оқыту мен тәрбиені дворяндар мен буржуйлар жанұяларында гувернерлер оқыту мен тәрбие ісін жүргізген.
Тек ХYІІ ғасырдан бастап мұғалім мамандығы мемлекет тарапынан танылып оған белгілі бір талаптар қойыла бастады. Мұғалімнің міндеттері мен құқықтары заң түрінде белгіленді.
1917 ж Қазан төңкерісінен соң білім берудің жаңа жүйесі қарастырылды. Кәсіптік педагогикалық оқу орындарының жаңа түрлері пайда болды. Осылайша, мұғалімдер семинарияларын 3 жылдық педагогикалық курстарға, соңынан педагогикалық техникумдарға, қазіргі таңда колледждерге өзгертілді. 1980 жылдың ортасынан бастап, педагогикалық жоғары оқу орындарында түрлі қосымша мамандықтар енгізіле бастады.
ХІХ ғасырдың 90 жылдарында Қазақстанның қоғамдық өмірінде, білім беруде өзгерістер байқалды. Педагогикалық институттар педагогикалық университеттерге айналдырылды. Жалпы білім беретін мектептердің жаңа түрлері пайда болып, практикаға енгізіледі. Соңғы жылдары педагогикалық институттар мен университеттерде білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын заңгерлерді, психологтарды, менеджерлерді, экономист, маркетолог сияқты мамандықтарды дайындайды. Осылай ең ежелгі кәсіп - мұғалім жаңа бағытта дамуда.

Педагогика тарихында белгілі педагогтар:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет