Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1



бет5/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж

2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000

3. Вассер С.П., Кондратьева Н.В. Водоросли. 1991.



Дәріс 4. Хара - Charophyta балдырлар бөлімі.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Хара - Charophyta балдырлардың жалпы сипаттамасы.

2.Жасуша құрылысы.

3. Көбеюі.

4. Систематкасы.

5. Филогенезі.

Харалар - күрделі харафитті құрылымды, жоғары сатыда дамыған жасыл түсті, тік өсетін, биіктігі 20-30, кейде 50-100 сантиметрге жететін балдыр. Баска балдырлардан бас- ты айырмашылығы - архегониялы өсімдіктер сиякты көп клеткалы аналық жыныс органы оогонидің болуында. Сонымен бірге, денесі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сияқты сабакка шоғырланып орналасқан белгілі бір мөлшерге дейін ғана өсе алатын «жапырақ» және «тамыр» сияқты түссіз көп клеткалы ризоид- тардан тұрады. Тік тұратын «сабағы» қырықбуын сияқты буын және буын аралықтарына бөлінген. Бірақ бұл тек олардың сыртқы көрінісі, жалпы харалар көп клеткалы қабатты, аса күрделі күрылымды өсімдік. Сабақ жоғарғы ұшынан үздіксіз ұзарып өсе алады, ал буындағы «жапырақтары» белгілі мөлшерге дейін ғана өседі. Буын аралықтары ірі, ұзындығы бірнеше сантиметрге дейін жететін цішиндр пішінді (5 см), көп ядро- лы, бөлінуге қабілеті жоқ клеткалардан тұрады, Ондай клеткалар кейбір түрлерінде қабықтармен қапталған. Қабықтар базальды клетка- лардан қүралады. Буындары қысқа дөңгелектеніп шоғырланған бірғіеше уақ бір ядролы клеткалардан тұрады. Ол клеткалардың бөлінуі арқылы жаңа бүйірлік бұтақшалармен шоғырланған «жапырақтар» түзіледі. Негізгі сабақтың жоғарғы ұшы өсу нүктесіндегі төбе клеткасымен бітеді. Хара балдырларының алғашқы қабатының даму уақытында, барлық клеткалары бір ядрольт болады, клетка көбею уақытында ядролары митотикалық жолмен бөлінеді, хромосома сандар, оның көлемдері мен мөлшері әр түрлерінде әркилы болады. Клеткалар атқаратын қызметіне, орналасатын жеріне қарай жіктеле бастағанда, клетка ядросы амитотикальщ жолмен бөлініп, клетка аралық перделер пайда болмай, көп ядролы клетка түзіледі және ядро- ның пішіні сопақтау немесе ұзынша пішінді болып келеді. Хара балдыры- ның кабатының күрделігі негізгі сабақтың жоғарғы өсу клеткасының бөліну уақытында дифференциялануында. Жоғарғы сабақтың ұшын- дағы өсу клеткасы күмбез пішінді. Өсімдіктің вегетативтік уакытындағы күмбез клетка үздіксіз көлденең екі клеткаға бөлініп отырады. Оның жоғарғы клеткасы күмбезденіп келсе, төменгісі цилиндр пішінді келеді. Әрі қарай бөлінуден бірінен кейін бірі келетін 4 клетка түзіледі. Бұл төрт клетка қабатының дифференциялануына және өсуіне қызмет етеді. Алғашқы цилиндр пішінді клетка екі жағы ойыс жоғары және екі жағы дөңес төменгі клеткаға бөлінеді. Бүл екі клетканың атқаратын қызметі эр түрлі. Жоғарғы клетка бөлініп, көп клеткалы буынның қалыптасуына кызмет етеді. Төменгі клеткаұзарып өседі де, буын аралығын құрайды. Буын аралығындағы клетка бойлай бөлінеді. Бірнеше бойлай бөлінудің нәтижесінде буынның ортаңғы бөлімінде екі, ал шет жағына қарай бірнеше клетка пайда болады. Өрі қарай ортаңғы клетка бөлінбейді, ал шеткі клеткалар бірнеше бөлініп, жапырақтың және бүйірлік бұтақшаның бастамасын береді. Әрбір шеткі сабақтың буын клетка сынан бірден «жапырақ» түзіледі.Алғашқы уақытта жапырақ клеткасы бүйірлік өсінді түрінде өседі. Кейіннен ол клеткалар бірнеше бөлініп, ұзара өсіп «жапыраққа» айналады.Бүйірлік өсіндінің клеткасы алғашқы уақытта жоғарғы өсу клеткасының қызметін аткарады. Бірақ одан айырмашылығы - белгілі бір мөлшерге дейін сегменттерге бөлшектенеді. Бұл сегменттер ұлғайып, бөлшекке мүшеленген жапыракқа айналады. Ол жапырактар бөлінбейтін ұзын клеткалармен кезек- тесіп келіп отыратын буындардағы уақ бөлінетін клеткадан тұрады. Ақырғы бір не бірнеше жапырақ мүшелерінде буындары болмайды. Жапырақ кұрамы жағынан сабаққа ұқсас, бірақ атқаратын қызметі бөлек. Көпшілік шеткі жапырақ буындарында жыныс органдары дамиды. Жапырақтың туп жағында орналасқан ең төменгі базальды буындарының қызметі бөлек. Оның жапырақ қойнында орналасқан жеке клеткаларынан са- бақтың бүйірлік бұтақтары дамиды не болмаса қабығы мен бөбешік жапырағы өседі. Әр түрдің бөбешік жапырағының құрылысы эр түрлі. Харафиттердің буын аралықтарын және көпшілігінің жапырақтарын қабық деп аталатын арнаулы клеткалар қаптап жатады. Сабақтың қабығы хара балдырында жақсы жетілген. Ол сәл көлбей жолақтасып, параллель орналасқан ұзын клеткалардан тұрады. Хара балдырлары тармақталған ризоидтары арқылы төсемікке бекініп жатады. Клетка қүрылысы. Клетка қабықшасы тығыз, ішкі қабаты целлюлоздан, оның сырт жағын каллоза деп аталатын суда ерімейтін поли- сахарид қаптап жатады. Ол глюкоза молекулаларының қалдығынан құралған. Целлюлозадан айырмашылығы түзу тізбек қурамай, спиральды тізбек қүрайды, оның сыр- тына кальций карбонаты жиналады да, өсімдікке қаттылық қасиет береді. Буындағы уақ клеткалары бір ядролы болса, буын аралықтарындағы ірі клеткалар көп ядролы. Клетканың кабыргалык қабатына қарай жатқан цитоплазмада жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлорофилл дәндері сияқты көптеген дөңгелек хлоропласталары орналасқан. Хлоропласт құрылысы жағынан жасыл балдыр- лармен бірдей. Хлоропласталарында хлорофилдің а және в пигменттері мен каротиноидтер болады. Қор заты ретінде крахмал жиналады. Пиреноидтары болмайды.Ересек клеткалардан цитоплазманың айналмалы қозғапысы байқалады. Басқа организмдермен салыстырғанда протопласттың айналысы тез. Клетканың орталық бөлімін клетка шырыны бар вакуоля алып жатады. Көбеюі. Хара балдырлары ризоидтарында пайда болатын түйнектер және төменгі «сабақ» буындарының бөлініп кетуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жы- ныссыз көбеюі болмайды. Жынысты көбеюі - оогамиялы. Жыныс органы күрделі кұрылымды. Көп клеткалы оогоний және антеридий көпшілік уақытта бір-біріне тақау бір өсімдік жапырағының қойнында бір үйлі, сирек әр қабаттарда пайда болып, қос үйлікті байқатады. Жетілген оогоний әллипс немесе жұмыртқа пішінді 1 мм-дей. Оогонийдің пайда болып, қалыптасуы антеридиге карағанда қарапайым. Алғашқы уақытта оогоний жапырақ буынындағы бір клетканың бөлінуінен басталады. Кейіннен ол клеткадан оогонийдің сағағы қалыптасатын клетка бөлініп, бірнеше клетка түзіледі. Оның ортаңғы цилиндр пішінді бөлшектенген клеткасы бір не екі рет бөлініп, үлкендіктері әр түрлі клеткалар түзеді. Оның клеткасынан жұмыртқа клетка дамиды, ал 1 -3 уақ клеткалары жұмыртқа клетканың бүйір жағында не жоғарғы жағында түзіледі де, біртіндеп жүмыртқа клетканың негізіне қарай ауысады. Ол клеткаларды өзгерген гаметангия қабырғасының қалдығы деп есептейді. Бір мезгілде 5 бүйірлік клетка ұлғайып, лента пішінді жіпшеге айналып, жүмыртқа клетканы қоршай орналасады. Сөйтіп, оогонийден сопақша келген бір жұмыртқа клетка пісіп жетіледі. Оны оогонийдің 5 жіпшесі жан-жағынан спиралына айнала қоршап жатады да, жоғарғы ұшы жазылып, кейде 5 клеткадан (харада), кейде 10 клеткадан (нителлада) тәж сиякты өсіндіге айналады. Оны корона деп атайды. Жұмыртқа клетка піскен уақытта корона клеткаларының ортасында сперматазоид отетіндей саңылау пайда болады. Антеридий - жай көзбен көрінетін қызыл-сары түсті бүршігіне ұқсаған шар. Оның қабырғасы қалқан деп аталатын 8 жалпақ клеткадан тұрады. Клетканың ортаңғы бөлімінен түғыр деп аталатын ерекше сүйеніш өседі, одан шумақталып оралған сперматоген (антеридий) жіпшелері дамиды. Әрбір жіпше 100-300-ге дейін жалпақ клеткадан тұрады, әрбір клеткадан бірден сперматозоид дамиды. Оның орқайсысының алдыңғы жағында спираль тэрізді иілген екі талшығы болады. Антеридидің қалқандары ажырағанда сперматозоидтар босайды. Үрыктанғаннан кейін ұрық клетка қоңыр-сары, қоңыр, күңгірт, қара түсті қабығы бар шар не жіңішке эллипсоид пішінді, мөлшері 0,3 мм- дсн ірі, 1 мм-ге дейін ооспорага айналады. Ооспораның сыртқы қабығына әктас тұзы сіңеді, жылтыр келеді, онда қор заты крахмал мен май жиналады. Ооспораның сыртында арнаулы жолақтары болады. Ооспора тыныштық уақыттан кейін өне бастайды. Өсер алдында оның диплоидты ядросы редукциялық жолмен екі рет бөлініп, 4 гаплоидты ядро түзеді. Жоғарғы жағындағы ядро протопласттың бір бөлшегімен пердеге бөлінеді де, линза пішінді орталық клетканы құрайды, ол клетка бөлініп, екі бағытқа қарай өседі, оның жоғарыға қарай бағытталған клеткасынан бірінен жаңа өркен, ал төмен қарай бағытталған клеткадан ризоид өседі. Ооспораның қалған үш ядросы мен цитоплазмасы жаңа өсімдіктің өсуіне қызмет етеді. Сөйтіп, хара балдырлары вегетативтік уақытында гаплоидты. Хара балдырларына 300- дей түр жатады. Ол Сhаrорhусеае класынан Сhаrаles, қатарынан жэне Сhаrасеае, Nіtellасеае, Nіtellopsidaсеае тұқымдастарынан тұрады. Систематикасы:

ХАРАЛАР–СНАRОРНҮСЕАЕ КЛАСЫ Харалыктар-Chаrаles қатарына монотипті ірі макроскопиялық өсімдіктер жатады. Сыртқы морфологиялық ерекшеліктеріне қарай бір уақытта жоғарғы сатыдағы қырықбуын өсімдіктер топтарына жатқызып келсе, кейін жасыл балдырлардың бір класы ретінде қаралды. Хара балдырын көп зерттеген Мигула (1897) сияқты харологтар бұл балдырды ерекше құрылымды организм ретінде қарастырып қабатты өсімдіктер мен мүктердің арасындағы байланыстырушы өсімдік деп есептейді. Бірталай альгологтар (1920 жыл Гровес пен Бәл- лок-Вебстер, 1925 жылы Мигула, 1944 жылдары Пасшер мен Олсен) жалпы ерекшеліктерін ескере келіп, оны жеке бөлім ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл балдырлар қазіргі уақытта көп тараған өсімдіктер қатарына жатады. Қазба қалдықтардан оогонийдің кұрылысы мен морфологиясы осы уақытта тіршілік ететін түрлеріне өте ұқсас. Оогонийді оңнан солға карай, жоғарыдан төмен қарай лента сияқты клеткалар спиралыпа қоршап жатады. Мұндай ерекшеліктер басқа балдырларда кездеспейді.Вегетативтік көбеюлері ризоидтарындапайдаболатынтүйнектері арқылы ғана емес, сонымен бірге сабақ буындарының тұсынан үзілулерінен пайда болатын бөлшектері және ерекше балапан бүршіктері арқылы да болады. Түйіндері бір не көп клеткалы.Оогоний арқылы жынысты кө бейеді. Сперматозоидтары ұзын, спи- раль сияқты иілген, арт жағы жуандау келеді де, алға қарай жіңішкереді. Екі ұзын талшығы болады, сперматозоид үш бөлімнен тұрады. Мұндай қүрылымды сперматазоидтар ешбір жасыл балдырларда болмайды.Хараның-Сһага бізде 40-қа жуық түрі бар, көбінесе тұщы, кейде ащы суларда да ну құрайтын, биіктігі 20-30 сантиментр, кейде 1 метрге дейін жететін қырықбуынға ұқсас, күрделі қүрылысты, көп жылдық, «жапырағы» жақсы жетілген өсім- дік. Бөбешік жапырақшалары жақсы жетілген, көпшілік уақытта жапырақтары мен сабағының жақсы жетілген қабығы болады. Әрбір жапырақ буындарында төрт немесе одан да көп жапырақшалар орналаса- ды. Өсімдік бір не екі үйлі.Нителланың-Nitella 100-дей түрі бар, оның бізде 10 түрі кезде- седі. Буын аралығындағы клетка- сы 25 сантиметрге дейін жететін, биіктігі 1 метрдей өсімдік. Ни- телла жапырағы бір не бірнеше шанышқы тәрізді тармақталған, кей- де тармақталмай келеді. Антеридий жапырақ бунақтарының жоғарғы жағындағы аралықтарында, оогоний бүйірлерінде түзіледі, ал бір үйлі түрінде антеридидің төменгі жағында өседі. Маңызы. Хара балдырлары қаптап өскен уақытта суда түрақты био- ценозын құрайды. Хараны көптеген эпифитті микроорганизмдер - бал- дырлар, қарапайымдар, бактериялар мекендейді. Олар көптеген қарапайым организмдерге керекті заттың қоры болып есептеледі, Олармен балықтар қоректенеді. Балықтардың уылдырығын шашатын және шабақтары паналайтын орын болып есептеледі. Хара балдырлары бір уақытта улы заттар бөліп шығарады, сондықтан харалар өсетінжерде маса болмайды. Балдырлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Фототрофты организмдер сияқты балдырлар да органикалық емес заттардан органикалық заттар жасайды. Сөйтіп, суда алғашқы азыққор тізбегін кұрап, бос оттегін бөліп шығарады. Балдырлар су жануарлар дүниесінің алғашқы қорегі және панасы. Фотосинтез процесі кезінде бөлініп шығатын оттегін су организмдері тыныс алу үшін пайдаланады. Адам өмірінде өсімдіктердің маңызы орасан зор. Адамзаттың қызмет саласында өсімдіктің қолданбайтын жері жоқ. Халық шаруашылығы әкономикасында балдырлар өте арзан шикізат қоры, маңызы ерекше. Осыған байланысты кейінгі кезде кейбір мемлекеттерде теңіз балдырының қорын, шаруашылықтағы маңызын анықтау үшін арнаулы океанология институттары ашылуда. Мұхиттың мол өнім беретін құнарлы жері континентальды суасты материгінің тегіс бөлімі. Мұндай құнарлы бөлімнің алып жатқан көлемі 32 млн. км2-ден астам. Ондай жерлерде балдырлар су астында ну орман құрайды.Теңіз байлығын көптеген халықтар бұдан бірнеше ғасырлар бұрын пайдаланып келеді. Оны игеру арқылы адам баласы көптеген мәселелерді шеше алады. Кейінгі зерттеулерге қарағанда, сулы ортада 150000-дай әр түрлі тірі организмдер тіршілік етеді. Ғалымдардың есебіне қарағанда, тек диатомды балдырлардан бір жыл ішінде 1 км2 жерден 1500 тоннадай тірі масса жинауға болады екен. Жанар сланцысы - балдырлардың шіруінен құралған отын. Оның кені Сібір мен Әстония және Фин шығанағы жағалауларында мол. Кейбір топырақта кездесетін көк-жасыл балдырлардың күріш өндіру шаруашылығында маңызы ерекше. Олар ауадағы азотты бойына сіңіріп, топырақты азот тұздарымен байытып, өсімдіктің қабылдауына қолайлы етеді. Сонымен қатар, ассимиляция кезінде өсімдіктің өсуіне қажетті оттегін бөліп шығарады. Егер күріш даласына су жайылған кезде балдыр болмаса, аәрацияның нашарлауы нәтижесінде күріш түрлі ауруларға бейім келеді және өнімді нашар береді. Сөйтіп, кейбір жағдайларда балдырлар бос азотты байланыстырып, өсімдікке үлкен пайда келтіреді. Азотты бойына сіңіретін балдырларды күріш даласында өсіру арқылы одан алынатын өнім алғашқы жылы 2,7 пайыз болса, төртінші жылы өнімнің мөлшері 21,8 пайызға дейін өскен.Вьетнам Демократиялық Республикасының ғалымы Зьонг Хонг Хиел өте қызықты мәліметтер айтқан. Оның айтуы бойынша, күріш даласына су папоротнигі Аzоllа ріппеlа-дан алынған тыңайтқышты қолданған 1903 жылы агарды өндіретін 500-дей заводтары болды. Сонымен бірге, агар-агар микробиология өндірісінде кеңінен қолданылады. Балдырларды су өтпейтін мата тоқуда, әлектр тогын өткізбейтін заттар мен сірке қышқылын, смола және т.б. заттарды алуға пайдаланады.Балдырдың 100000 тоннасынан 4000 тонна альгин қышқылын, 1000 тонна маннит, 20 тонна иод, 1000 тонна калий тұзын алуга бола- ды. Балдырлардан спирт, ацетон алынады. Альгин қышқылын, манниттерді медицина және пластмасса, түссіз пленка жасауга, сонымен бірге мата өндірісінде қолданылады.Қара теңізде өсетін цистозираның қүрамында 41,9%-ға дейін альгин қышқылы, 97% маннит және А,В,С витаминдері болады. Сондықтан цистозираны альгин қышқылы мен маннит алу үшін және малға қосымша азық ретінде пайдаланады. Nostoc commипе көк-жасыл балдырының тіршілігінің нәтижесінде топырақтағы азоттың мөлшері 30-38%-ға дейін артады, ал топырақтағы органикалық заттың мөлшері 36-59%-ға дейін өседі де, топырақтың құрылысын жақсартады.Кейінгі уақытта қызыл балдырлардан алынатын каррагенин заты аса қауіпті СПИД ауруын қоздыратын вирустардың өсуін тежейтіндігі анықталды,Азық-түлік жоспарын шешудегі балдырлардың ролі. Қазіргі уақытта адамзат баласының алдында түрған өзекті мәселенің бірі - халықты тамақпен қамтамасыз ету. Күнделікті азық-түліктің жетіспеуінен дүние жүзі халқының 14%- дан артығы аштық, жартылай аштық жағдайда тіршілік етеді.Осы уақытта адам баласы өзінің күнделікті қажетін қамтамасыз ету үшін бидай, күріш, жүгері сияқты басты дәнді-дақылды өсімдіктерді ауа-райы қолайлы, мол өнім беретіп жер шарының барлық жерінде өсіреді.335000-нан астам жабық тұқымды өсімдіктердің 150-дей түрлері тамаққа қолданылады, оның 6 түрінен (бидай, күріш, жүтері, картоп, бадат, маниока) жалпы тамаққа қолданатып өнімнің 80%-ы өндіріледі.Жыл сайын табиғатта фотосинтез құбылысының нәтижесінде әлем бойынша түзілетін органикалық заттың 80%-ы су өсімдігінің, онын ішінде балдырдың үлесіне тиеді. Олай болса, азық-түлік мәселесін шешудің, адам баласын тамақпен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы - балдыр өнімін пайдалану. Балдыр жер бетінде тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге қарағанда анағұрлым тез өсіп, аз уақьп тың ішінде көп мөлшерде биомасеа береді және оның организм үшін құндылық жағы тамаққа пайдаланып жүрген өсімдіктерден кем емес.Балдырларды адамзат баласы өте ерте заманнан бері пайдаланып келеді. Біздің жыл санағанымыздан 850 жылдай бұрын теңіз жағалауында тұратын қытайлықтардың негізгі тамағының бірі балдыр болған. Гавай аралдарында тұратын халықтар өте ерте заманнан бері тамаққа жарамды тасқа бекініп тіршілік ететін балдырларды қапалыстарға, шығанаққа, теңіз қалтарыстарына егу арқылы алғаш рет мәдени өсімдік түрінде айналдыра бастаған. Олар 75-тен астам балдыр түрін тамаққа пайдаланған. Жапондыктар ірі кәсіптік балдырларды бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын өсіруде. Ондай балдырлар көп жерді алып жатады да, мол өнім өсіріп, жақсы кіріс енгізеді.Қазіргі уақытта теңізде және тұщы суларда өсетін 170-тей ірі балдырларды ғана тамаққа пайдаланады. Олардың 81-і қызыл, 54-і қоңыр, 25 _ жасыл, 8 - көк-жасыл балдырлар. Олардың ішінде Саиlеrра, Мопоstrота, Епtеrотоrрһа, Ulvуа жасыл, Lатіпаrіа, Аlarіа, Еіsепіа Масrосуstis, Eсlопіа, Uпdаrіа қоңыр; Spirulіпа, Nostос көк-жасыл және Еисһеита,Gelidium, Gracilarіа, Gigartіпа, Раlmarіа, Сһопdrus, Rһоdутепіа, Роrруrа сияқты қызыл балдырлар басқа балдырларға қарағанда тамаққа жиі пайдаланады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 1 га балдырлар өсетін жерден алынатын белокты заттар 25 га бидай немесе 10 га картоп өсіретін жерден алынатын белоктың өніміне тең. Егер хлорелла балдырын май үшін өсіретін болса, онда 1 га жерден алынатын өнімнен 10-15 тонна май алуға болады, ол құрлықта өсірілетін майлы өсімдіктердің өнімінен 10 есе артық.Күнделікті тағамның қүрамында үнемі балдыр болса, адамның тамаққа деген тәбетін ашады, қанның ұюына, ұйыган қан түйіршіктерінің пайда болуына және холестериннің жиналуына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, әр түрлі аурудан адамды сақтандырады және организмнің қорғаныштық қасиетін арттырады.Балдырдың аса бір құнды қасиеті - басқа организмдерге қарағанда өзінің бойына әр түрлі көптеген витаминдерді, микроәлементтерді, антибиотиктерді және тірі организмдер үшін аса қажетті активті заттарды мол жинауында. Осы қасиеттеріне байланысты балдырларды медицинада жиі қолданады.Балдырдың құрамында адам организміне өте қажетті әр түрлі микро- және макроәлементтер болады. Ол жағынан жер бетінде тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден анағұрлым бай.Организмдегі микро және макроәлементтердің тепе-теңдік қасиетінің бұзылуы организмнің анатомиялық және функционалдық жағдайыпыи бұзылуына әкеп соғады. Соның нәтижесінде, организм әр түрлі колайсыз жағдайларға душар болады Жоғарыда көрсетілген қасиеттеріне байланысты біраз балдырларды дәрі дәрмек алу үшін және оны тамак ретінде пайдалану арқылы әр түрін ауруға қарсы қолданады. Солардың ішінде ерте уақыттан бері ламинария тұқымдасына жататын балдырларды әр түрлі ауруларды емдеу, олардан сақтану мақсатында жиі пайдаланып келеді. Балдырларды гипертония, бұғақ, қатерлі ісік, шемен, буын, ревматизм, ішек құрттарына, ас қорыту бауыр-бүйрек, зәр шығару, көру аппараттарына, ұйыған қан түйіршіктерінен және тағы басқа ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмек алу үшін пайдаланады. Сонымен қатар, балдырлардан іріңді ауруларды емдейтін дәрілік майлар алады. Балдырдың әсер етпейтін аурулары жоқтың қасы десек артық болмас, оның организм үшін әсері өте көп жіне пайдалы.Венгр дәрігерлерінің зерттеулері бойынша, агар-агарды пайдалану арқылы қатерлі ісік ауруын срырын анықтауға болады. Оны анықтау: белогының агар-агар мен ерекше қосылысқа түсуіне негізделген Кейбір жазылмайтын жараларды көк-жасыл балдырлармен емдегенде тез жазылып кететіпдпі байқалады. Қытайлықтар Gelidium, Chordaria, Ceramium, Alsidium, Corallina, Entheromorpha және т.б. балдырлардың судағы тұнбасын ішек күрттарын айдағыш дәрі есебінде жұмсайды. Балдырлар ішектің толқу қозғалысын жақсартып, ішектің кеуіп кетуін жояды.Дүние жүзінде аса көп тараған аурулардың бірі - жүрек, қан тамырлары ауруы. Көпшілік елдерде бұл аурудан өлу басқа ауруға қарағанда көбірек. Ал Жапонияда бүл ауру басқа елдермен салыстырғанда 10 есе сирек, оның себебін ғалымдар теңіз балдырын жиі пайдалануға байланысты дейді. Теңіз балдырының құрамында қан тамырларының қабырғаларына жиналған тұздармен холестеринді ерітетін бета-ситостерин дейтін заттың болуына байланысты екенін ғалымдар дәлелдеді. Бұл затты кейінгі кезде таза күйінде бөліп алды.Балдыр - табиғат дүниесінің әлі күнге дейін құпиясы шешілмеген су астындағы байлығы.Қазіргі уақытта ірі және бір клеткалы, сонымен бірге басқа микроскопиялық автотрофты балдырларды дұрыс пайдалану арқылы көптеген өзекті мәселелерді шешуге болады.Олардың ішінде:халықты тамақпен қамтамасыз етуге көмектесу, ауыл шаруашылығы үшін қосымша жем-шөп пен витаминді заттармен қамтамасыз ету;биосфера мен ағын су тазалығын шешу; ғарыш проблемасын игеруде негізгі әкологиялық тұйық жүйе ретінде тамақ пен ауа тазалығын қамтамасыз ету;медицина мен микробиология-лық өндірісіне қажетті құнды метаболикалық заттарды және препараттарды алу;ауадағы бос азотты биологиялық жолмен байланыстыру;әнергетикалық проблемаларды шешуге қатысу;биологиялық өзін-өзі реттеу және фотосинтездеуші организмдердің биосинтезіне байланысты іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге пайдалану.

Харафитті балдырлардың филогенезі.

Харафиттер өте ертеде пайдаболған, олардың алғашқы бірен-саран қалдықтары палеозой эрасынан табылған. Бір жағынан, клетканың көп ядролы пиреноидсыз және дән сияқты хлоропластасының болуы арқылы көп клеткалы бунақталған сифонды балдырлармен жақындасса, екінші жағынан, сыртқы морфологиялық кейбір белгілеріне байланысты хетеофора балдырларының ішінде драпар нальдиопсиспен (Draparnaldiopsis) жакындасады. Эволюциялык дамуы жағынан көп балдырлардан жоғары тұрса да, басқа балдырлармен байланысы жоқ, сондықтан баска өсімдіктердің бастамасын бермейді. Харафиттер жасыл балдырлардың эволюциялық дамуының бір бүйірлік бұтағы ерте уақытта негізгі бағанадан бөлінген.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012ж 2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000 3. Вассер С.П., Кондратьева Н.В. Водоросли. 1991.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет