“Ұстаз деген - жарық күні ғаламның”Ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара сценарийі
Патриоттық парад ұстаздарға арналған
Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!«Мерей оқиды»
2. Жүргізушілер шығады.
Бексұлтан:-Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
Нұрай:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Бексұлтан: Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Нұрай:
Бексұлтан, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Нұрай:
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ:Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бексұлтан: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің директоры Маликова Арнагүл Мусразқызыншақырамыз.
Нұрай:Сен қалай ойлайсың, Бексұлтан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын-ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Бексұлтан: 9«в» сынып оқушысы Құрмет Медеудің орындауында классикалық туындыны қабыл алыңыздар.
Бексұлтан: Нұрай, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Бексұлтан: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
Нұрай: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
Бексұлтан: «Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы»
Нұрай: Бексұлтан, екеумізҰстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ал, ендеше қарсы алыңыздар ортада 2 «И» сынып оқушылары «Ардақты ұстазым» әнімен.
Бексұлтан:Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Нұрай:Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
Қазақ биі: ортада 9 «В» сынып оқушылары Тұрысбекова Томирис және Парсаева Дана.
Бексұлтан:Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен аздап әзілге орын берсек.
Бексұлтан: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. /Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/ Ортаға барлық 9 сынып оқушылары шығады
Нұрай: Ұлағатты ұстаздар осымен ұстаздар күніне арналған “Ұстаз деген -жарық күні ғаламның” атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше