Тақырыбы: «Апта күндері» Мақсаты: Білімділік



Дата27.04.2017
өлшемі315,7 Kb.
#15197
Тақырыбы: «Апта күндері»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Апта түсініктерін терең меңгерту, тақырып бойынша қысқаша әңгіме айта білуге машықтандыру, оқушылардың білімдерін жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, сауатты жазуды қадағалап, дамыту.

  3. Тәрбиелік: Өз уақыттарын орнымен пайдалануға және ұтымды жұмыстарға жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекі – құралдар: оқулық, суреттер, интерактивті тақта, сөздіктер.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелеу, аударма.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Амандасу, түгелдеу;

  2. Сабақты мұқият тыңдауға баулу;

  3. Дәптерге күн ретін жаздыру;

  4. Сабаққа белсене қатысып, тәртіп сақтауды үйрету.



  • Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  • Оқушылар, бүгінгі күнге қараңдаршы, аспан ашық, күн жылы, көңіл күйіміз көтеріңкі, тамаша! Мен сендерге бүгінгі күнге жақсы көңіл – күй сыйлаймын. Барлығыңа бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!

  • Ал, оқушылар жаңа сабағымызды бастайық. Ол үшін сендер бірнеше тапсырмаларды орындауларың керек.

Олай болса мына сиқырлы сандарға назар аударайық. Бұл сандардың астында не бар екенін білу үшін, сендер бір санды таңдап аласыңдар. Сол санға байланысты сұраққа жауап бересіңдер. Тапсырманы орындау барысында бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Тапсырма түсінікті ме? Ендеше интерактивті тақтаға назар аударайық! Кәне, кім бастайды?

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11



  • Сұрақ – жауап, аударма әдістері арқылы төмендегі сұрақтарға жауап алынады.

  1. Қазақстан Республикасының бас қаласы? (Астана)

  2. Құрлықтағы ең ірі жануар? (Піл)

  3. Шашты немен тарайды? (Тарақ)

  4. «Февраль» сөзінің аудармасы (Ақпан)

  5. Жыл мезгілі (Күз)

  6. Бұл не? Үй суреті (Үй)

  7. Қазақстан Республикасының президенті (Нұрсұлтан Назарбаев)

  8. Қазақ халқының ұлттық аспабы (Домбыра)

  9. Төрт түлік мал (Ешкі)

  10. «Өзен» сөзінің аудармасы (Река)

  11. Б..р деген сөзде қандай әріп түсіп қалды? (І)

Сонда,

  • Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? «Апта күндері»

  • Иә, дұрыс апта күндері. Оқушылар аптада неше күн бар?

  • Дұрыс айтасыңдар жеті күн бар.

Оларды кім атап береді? Кәне:

  1. Дүйсенбі

  2. Сейсенбі

  3. Сәрсенбі

  4. Бейсенбі

  5. Жұма

  6. Сенбі

  7. Жексенбі

Бәрекелді, жарайсыңдар!

  • Жаңа сабақты пысықтау.

Оқушылар, мен сендерге ертегі айтайын. «Апта» деген ата болыпты. Оның жеті ұлы бар екен. Сол ұлдары бізге бүгін қонаққа келіпті.

Бірінші ұлы – «Думанды дүйсенбі». Ол сендерге тапсырма бермекші. Ендеше оқушылар, интерактивті тақтаға назар аударайық!



1 – тапсырма: Толықтырып оқы.

Жет..., Саба..., К...н, ...пта.



  • Жақсы, тапсырманы орындадыңдар. Сендерге Дүйсенбі риза болды. Ал екінші ұлын қарсы алайық. Оның аты – « сейсенбі». Ол қандай тапсырмамен келгенін көрейік!

2 – тапсырма: Сұрақтарға жауап бер.

  1. Сенің атың кім?

  2. Сен нешінші сыныпта оқисың?

  3. Неше достарың бар?

  4. Демалыста не істейсің?



  • Өте жақсы. Енді сейсенбі де сендер жайлы біледі. Есік алдына аптаның үшінші ұлы – «Сәтті сәрсенбі» келіп қалыпты. Ол бізге не әкелді екен?

3 – тапсырма: Берілген сөйлемдерді жазбаша қазақ тіліңде аударыңдар.

Сегодня Вторник

Вчера был Понедельник

Завтра будет Среда



  • Тамаша! Сәрсенбі сендерді орыс тілінен де қазақ тіліне қатесіз аудара алатыңдарыңа көзі жетті. Келесі төртінші қонақ – «бейсенбі».

Сергіту сәті

4 – тапсырма: Оқып, орыс тіліне аудар.

  • Бүгін Сәрсенбі

  • Ертең қай күн болады?

  • Ертең Бейсенбі болады.

  • Кеше қай күн болды?

  • Кеше Сейсенбі күн болды!



  • Бәрекелді! Аптаның қасиетті күні – Жұма.

5 – тапсырма: (өз қызығушылықтарын, өнерлерің айту)

  • Жақсы, сендер Жұмаға өз өнерлерін айтып бердіңдер. Алтыншы және жетінші ұлдары демалыс күндері – Сенбі, Жексенбі.

6 – тапсырма: Апта күндерін табу.

СЕНБІ

ЖҰМА


  • Ал, оқушылар жарайсыңдар! Сабақта өз білімдеріңді көрсетуге тырыстыңдар. Бүгін біз апта күндерімен таныстық.

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Сабақта қандай сөздермен таныстық?

  • Не үйрендік?

Бағалау.

Қоштасу.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға апта күндері туралы мағлұмат бере отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.

  • Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік: оқушыларды уақытты дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойлау әдісі, әңгімелеу, аударма, жазба жұмыстары, ойын элементтері.

Көрнекі құралдар: слайдтар, интерактивті тақта, суреттер, үлестірме материал.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орысәдебиеті, өзін-өзі тану, ағылшын тілі, математика, дінтану.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

— Балалар, бүгін бізге қадірлі қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

— Сәлеметсіз бе! Денсаулық тілейміз!

Сөзұйқастарды атқызу:

Ла-ла-ла
Бүгін күн тамаша!


Ар-ар-ар
Келді қонақтар!
Ле-ле-ле
Сен сөйле!
Ет-ет-ет
Бәріне рақмет!

Ауызекі сөйлеу:

— Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

— Бір жылда төрт мезгілі бар.

— Олар қандай?

— Олар:қыс, көктем, жаз, күз.

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Қазір күз мезгілі.

— Күз айлары қай айлар?

— Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

— Күз айлары туралы қандай тақпақты білеміз?

Сентябрь — Қыркүйек,
Көкөніс жүрміз тиеп.
Октябрь — Қазан,
Дала — тозаң.
Ноябрь — Қараша,
Ақ қара алаша.

— Күзде қандай өзгерістер болады?

— Күзде ауа райы салқын. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, түседі.Гүлдер солады. Күзде жиі жаңбыр жауады. Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Бау-бақшада жемістер мен көкөністер піседі.

ІІ. Сабағымызды мына фонетикалық тапсырмадан бастайық

Сөздерді қазақ немесе орыс тіліне аударып, тек бірінші әріпті жазу керек.



Яблоко,    шабдалы,    малина,    груша.
     А              П               Т             А

Қандай сөз шықты?


Апта (орыс, ағылшын тілдерінде айту)
Екі буынды сөз
Жуан сөз
А-жуан дауысты дыбыс

Апта апай туралы түсінік беру. (1 слайд)

Петропавл қаласында Апта деген апай турады екен. Оның жеті баласы бар екен. Барлығы № 1 Ленинград орта мектебінде оқиды. Әр баланың өз қызметі бар. Әр баланың әдемі есімі бар. Апта апайдың балаларымен танысайық.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы Апта күндері (дни недели)

Апта күндерін орысша, ағылшынша айту.



1. Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

Апта күндерін хормен айту.

2. Дәптерлерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашып,
Әдемі етіп жазайық. (апта күндерін ретімен жазу)

3. Апта апай өз балаларымен бізге қонаққа келді. Олардың бізге беретін сыйлықтары бар екен. Жақсы жауап үшін жетілері бар. Апта апайдың сұрақтарына жауап берейік

1. — Жеті саны қандай сан?


— Жеті саны — «киелі сан»

2. — Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?



Жеті қазына (7 сокровищ)
Жеті ата (7 поколений)
Жеті ырыс (7 изобилий)

— Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.

— Кемпірқосақтың жеті түсі бар.

3. Орыс әдебиетінен 7 санына байланысты қандай мақалдарды білесіңдер?

— Семь раз примерь, один раз отрежь...

4. Аптаның бірінші баласын қарсы алайық (слайд)

Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі

Дүйсенбі ұлының грамматикалық тақырып бойынша тапсырмасы бар екен.

Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді? Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

«Араларды гүлдерге дұрыс қондыр» ойыны.

5-інші, 7-нші, 9-ыншы, 12-нші,10-ыншы, 16-ншы, 6-ншы

5. Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі (слайд)

«Ханталапай» ойыны.

Ойының шарты: қоржынға 1-ден 7-ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып.оның нөміріне сәйкес келген сұрақты оқып, оған жауап береді.

№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?


№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?
№ 3 Сен қай күні демаласың?
№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?
№ 5 Бүгін аптаның қай күні?
№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?
№ 7 Ертең қай күн болады?

6. Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі (слайд)

Сәрсенбі-сәтті күн болып саналады (среда считается счастливым днем)


Сәтті күні қазақтар жолға шығады.

Сергіту сәті

7. Жауапты даұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі (слайд)

Оқулықпен жұмыс


119 бет, 2-тапсырма. Сандарды сөйлет.
Бір жылда 365 күн бар.
Бір жылда 12 ай бар.
Бір айда 4 апта бар.
Бір аптада 7 күн бар.
Бір тәулікте 24 сағат бар.
Бір сағатта 60 минут бар.

8. Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті

Жұма күні мұсылмандар үшін қасиетті күн.

Осы күні күрделі жұмыс істемейді. Мұсылмандар мешітке барып, аруақтарға құран оқиды.

Осы аптада жұма күні Құрбан айт басталады. (Религиозный прздник)



9. Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі

Сөйлемдерді толықтыр.

Бүгін ... . Біз отбасымызбен ... барамыз. Сенбі күні ... күн.

Керекті сөздер: театрға, сенбі, жақсы.



10. Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі

Славян халқы үшін ерекше күн-қасиетті күн.


Жексенбі —демалыс күні. Демалып, мына сұрақтарға жауап береміз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Апта күндері.
Сәрсенбі қандай күн? Сәрсенбі-сәтті күн.
Жұма қандай күн? Жұма қасиетті күн.
Саған аптаның қай күні ұнайды? Неге?

Балалар, сендер бүгінгі күнге ризасыңдар ма?


Ризамыз, ризамыз
Бүгін күнге ризамыз!

№ 1
№ 2


№ 3
№ 4
№ 5
№ 6
№ 7

№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?

№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?

№ 3 Сен қай күні демаласың?

№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?

№ 5 Бүгін аптаның қай күні?

№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?

№ 7 Ертең қай күн болады?

Апта-ананың жеті баласы (Семеро детей Матушки недели)

Ең салмақты, ақылды үлкен ұлы Дүйсенбі


(Самый спокойный, умный сын Понедельник)

Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі


(Серьезный сын Вторник)

Ақылды әрі көмекші үлкен қызы Сәрсенбі


(Умница и Матушкина помощница Среда)
Сәрсенбі-сәтті күн (счастливый день)

Жауапты даұқыпты ортаншы ұлы Бейсенбі


(Ответственный сын Четверг)

Бәрінен де кішкене Жұма қызы сүйікті


(Младшая любимая дочка Пятница)
Жұма-қасиетті күн (святой день)

Сауықшыл да көңілді кіші ұлы Сенбі


(Весельчак сын Суббота)

Демалғанды сүйетін кенже ұлы Жексенбі


(Любящий отдыхать маленький сын Воскресенье)

Уақыт

Сабақ тақырыбы: Уақыт 3-сынып

Сабақтың мақсаты: Апта күндерінің атауын білу, күнделікті өмірде осы сөздерді қолдана білуге    үйрету.

Білімділік: оқушыларға апта күндері туралы мағлұмат бере отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды уақытты дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  ертегі сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойлау әдісі, әңгімелеу, аударма, жазба жұмыстары, ойын элементтері.

Көрнекі құралдар: слайдтар, интерактивті тақта, суреттер, үлестірме материал.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орысәдебиеті, өзін-өзі тану, математика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу

-Кезекшімен сұхбат

- Үй тапсырмасын тексеру



Поэзиялық минут:

«Сіз» деген –әдеп,

«Біз» деген - көмек.

Үй тапсырмасын бекіту.

— Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

— Бір жылда төрт мезгілі бар.

— Олар қандай?

— Олар:қыс, көктем, жаз, күз.

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Қазір күз мезгілі.

— Күз айлары қай айлар?

— Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

— Күз айлары туралы қандай тақпақты білеміз?

ІІ.   Қызығушылығын ояту. Сабағымызды мына фонетикалық тапсырмадан бастайық

Сөздерді қазақ немесе орыс тіліне аударып, тек бірінші әріпті жазу керек.

Яблоко,    клубника,посуда, малина

УА              ҚЫТ           

Қандайсөзшықты?

Уақыт- екібуындысөз, жуансөз

А-жуандауыстыдыбыс

«Жеті лақ » (1 слайд

Ерте-ерте, ертеде Аптадегенешкі  болыпты. Оныңжеті лағы бар екен.Лақтарын өзі ұмытып қалмау үшін апта күндерінің  атымен атайды екен.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы :Апта күндері (дни недели)

Апта күндерін айту



  1. Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі


Бейсенбі

Жұма


Сенбі

Жексенбі


Апта күндерін хормен айту.

2. Дәптерлерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашып,

Әдеміетіпжазайық. (аптакүндерінретіменжазу)

3. Аптаешкі орманға кеткенде қасқыр лақтарды алдап жеп қояды. Қасқырдың сұрақтарынажауапберейік

1. — Жеті саны қандай сан?

— Жеті саны — «киелі сан»

2. — Жетісанынабайланыстықандайұғымдардыбілесіңдер?

Жетіқазына (7 сокровищ)

Жетіата (7 поколений)

Жетіырыс (7 изобилий)

— Наурызкөжежетітүрлітағамнанжасалады.

— Кемпірқосақтыңжетітүсі бар.

3. Орысәдебиетінен 7 санынабайланыстықандаймақалдардыбілесіңдер?

— Семь раз примерь, один раз отрежь...

4. Қасқырдыңбіріншітапсырмасы (слайд)

Аптакүндерінретіменорналастыр

5. Қасқырдың екінші тапсырмасы (слайд

Түсіп қалған әріптерді жаз.

Қырк..йек, ...азан,ж..л, ап..а, а.., д..йсенбі, сейсенб.., ж..ма, с..рсенб.., жексенб.., к...з, ...ыс.

6. Қасқырдың үшінші тапсырмасы (слайд)

  Мынау қай мезгіл?  Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсетіп, ай аттарын атау.

Сәрсенбі-сәтті күн болып саналады (среда считается счастливым днем)

Сәтті күні қазақтар жолға шығады.

7. Қасқырдың төртінші тапсырмасы (слайд)

№ 1 Аптаның бірінші күні қандай?

№ 2 Жұма-аптаның нешінші күні?

№ 3 Сен қай күні демаласың?

№ 4 Сен қай күндері мектепке келесің?

№ 5 Бүгін аптаның қай күні?

№ 6 Қазақ тілі сабағы қай күндері болады?

№ 7 Ертең қай күн болады?

7. Қасқырдың бесінші тапсырмасы (слайд)

Мәнерлеп оқы.

Жеті ұл


Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі- ......................................

Екіншісі - .................................

Үшіншісі-.......................................

Төртіншісі - ...................................

................... деген бесінші ұл,

Алтыншы ұл -.......................,

Жетінші ұл - ...........................

 Жұма күні мұсылмандар үшін қасиетті күн.

Осы күні күрделі жұмыс істемейді. Мұсылмандар мешітке барып, аруақтарға құран оқиды.

Сергіту сәті:

8. Қасқырдың алтыншы  тапсырмасы (слайд)

 Сандарды сөйлет.

Бір жылда 365 күн бар.

Бір жылда 12 ай бар.

Бір айда 4 апта бар.

Бір аптада 7 күн бар.

Біртәулікте 24 сағат бар.

Бірсағатта 60 минут бар.

9.Қасқырдың  жетінші тапсырмасы (слайд)

Сөйлемдерді толықтыр.

Бүгін ... . Бізотбасымызбен ... барамыз. Сенбікүні ... күн.

Керектісөздер: театрға, сенбі, жақсы

Бекіту бөлімі:     Кім қайда барады?

Кім?

дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

бейсенбі

саша

мектепке

 

 

 

Айбек

 

дүкенге

 

 

Руслан

 

 

стадионға

 

Сәуле

 

 

 

Мегага

Үйге:

Бағалау:

Қорытынды: Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!



Білім беру саласы: Таным 
Білім бөлімі: Математика 
Тақырыбы: «Апта күндері» 
Мақсаты: 
Білімділігі: Балаларға аптада жеті күн бар екенін түсіндіріп, білімдерін арттыру. 
Дамытушылығы: Балаларды жетіге дейін ауызша санатып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы ой - өрісін дамыту. 
Тәрбиелігі: Балаларды эстетикалық, этикалық тәрбиеге баулу. 
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап. 
Көрнекілігі: Суреттер, сандар, геометриялық пішіндер, слайд, әсем әуен. 
Іс - әрекет 
кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті 
Ұйымдастыру кезеңі Тәрбиеші: Біздің бүгінгі ұйымдастырылып отырған оқу іс әрекетіміздің ерекшелігі бізге көптеген қонақтар келіпті балалар. 

Күндей жадырап, 
Айдай арайлап 
Жұлдыздай жарқырап, 
Судай мөлдір таза көңілмен 
Бүгінгі күнімізді бастайық! Шаттық шеңбері: 

Алтын сәуле арайлы 
Бақшамызға тарайды 
Қуанышпен шат күліп 
Қарсы алайық арайды. 

Негізгі кезең 

Сергіту сәті: 

Қорытынды Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 
Қыс мезгілінің айларын айтып бере қойыңдаршы? 
Бір айда неше апта бар? 
Жарайсыңдар балалар! Олай болса, біз апта күндерін айтып көрейікші. 
Тақтаға қараңдаршы, 7 күн 7түрлі түспен беріліпті. Кім түстерін айтып береді екен? 
Бір аптада неше күн бар екен сонда? 
Онда маған бүгін аптаның қай күні екенін алдарыңдағы түстер арқылы көрсетіңдерші. 
Маған 1-ден 7-ге дейін кім санап береді? 
Балалар, 7 саны қазақ халқында киелі сан болып табылады. Тақтаға қараңдаршы, мына суреттегі кемпірқосақтың да 7 түрлі түсі бар екен. 
Сонымен бірге 7 жарғы, 7 ғалам, 7 қазынамыз, 7 атамыз бар екен. 
7 қазынаны кім біледі екен? 
Жарайсыңдар, балалар! 
Ой, балалар бізге қонаққа сайқымазақ келіпті, ол жай келмепті, сендермен ойын ойнауға келіпті. 
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің қолымда 7 түрлі шарлар бар, кім осы шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап берсе, менің сол балаға сыйлығым бар. 
1сұрақ: Пішіндерді құрастыр. 
2сұрақ: 5 пен 7 санының көршісі. 
3сұрақ: Анаң театрға баруға Сейсенбі күні билет алдым деді, ертесіне театрға баратыныңды айтты, қай күні театрға барасыңдар? 
4сұрақ: Сен балабақшаға аптаның қай күндері келесің? 

5сұрақ: Ән жұмбақ. 
6сұрақ: Топ балаларына: «Қыз қуу»ойынын ойнап беріңдер 
7сұрақ: Бірден жетіге дейін орыс тілінде санап бер? 
Балалар сандар туралы, тапта күндері туралы тақпақ білесіндер ме? 
Шығармашылық саласымен байланыс: 1 топ Таптау әдісі бойынша картошканы бояуға батырып шар суретін салады. 
2 топ түрлі түсті қаламмен шар суретін салады. 
3топ алдарындағы айлы түнге жұлдыздарды жапсырады. 
4 топ суретшінің суретін аяқтайды. 

Дүйсенбіде доп ойнадық, Сейсенбіде серуен құрдық, Сәрсенбіде сурет салдық, 
Бейсенбіде би биледік, 
Жұма күні жидек тердік, 
Сенбі күні ән шырқадық, Жексенбіде үйде болдық! 

Жарайсыңдар, балалар! 
Сендер өте ақылды балалар екенсіңдер! Біз бүгін апта күндерін білдік. 
Бір аптада неше күн бар екен? 

Дүйсенбіде-сандарды санайтын күн, 
Сейсенбіде-сандарды жазатын күн , 
Сәрсенбіде- қалам алып қолыма, сурет салам қағазға, 
Бейсенбіде-ән мен биді шырқайтын күн, 
Жұмада-Орыс тілі мен Ағылшын тілін үйренетін күн, 
Сенбіде -ата- анамызға көмектесетін күн. 
Жексенбіде-доп қуалап ойнайтын күн. 
Өте жақсы қатысқан балаларды жұлдызшамен, жақсы қатысқан балаларды төртбұрышпен, орташа қатысқан балаларды үшбұрышпен бағалаймын. 

Қазір жылдың қыс мезгілі. 
Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. 
Бір айда 4 апта бар 
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі. 
Бір аптада 7 күн бар. 

1 күн ашық қызыл, 2күн күлгін, 3күн сары, 4күн жасыл, 5күн ашық көк, 6күн қызыл, 7күн көк 

1,2,3,4,5,6,7 

Балалар кемпірқосақтың түр - түсін ажыратады. 

1.Ер жігіт 
2.Сұлу әйел 
3.Ақыл білім 
4.Жүйрік ат 
5.Қыран бүркіт 
6.Берен мылтық 
7.Жүйрік тазы 
Сәлеметсіз бе! 

Үй, шырша, гүл. 
6саны. 
Сәрсенбі күні барамыз. 

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма. 
Әнді табады. 
Балалар ойын ойнайды 

1,2,3,4,5,6,7 

Балалар тақпақ айтады. 

Бір аптада 7 күн бар. 
Нені білу керек: Апта күндерін білді,1-ден 7-ге дейін сануды білді. 
Нені игерді: Апта күндерін жаңылмай айтуды игерді. 
Каталог: uploads -> doc -> 091a
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
091a -> Сабақ: Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп»
091a -> Сабақтың тақырыбы Тақырыптық композиция «портрет». Мақсаты
091a -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романы, кейіпкерлер бейнесі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет