Іштей жанатын поршеньді двигательдердің қандай түрлері болады ?
Іштен жанатын моторларды негізгі белгілері бойынша төмендегідей жіктейді:
-жанғыш қоспаның тұтану тәсілі бойынша – сығылу арқылы тұтану (дизельдер) және электр ұшқынымен тұтану (бензинді);
– қоспа түзу тәсілі бойынша – сыртқы қоспа (бензинді және газды) және ішкі қоспа түзу (дизельдер);
– жұмыс процесінің іске асуына байланысты – екі тактылы және төрт тактылы;
– қолданылатын жанармай түрі бойынша – сұйық жанармайда жұмыс істейтін (дизельді және бензинді) және газ тәріздес жанармайда жұмыс істейтін (бензинді);
– салқындату түріне байланысты – сумен салқындатылатын және ауамен салқындатылатын;
– цилиндрлер саны бойынша – бір цилиндрлі және көп цилиндрлі
–цилиндрлердің орналасуы бойынша – бірқатарлы көлденең, бірқатарлы тік, екіқатарлы оппозитті көлденең және қатарлы V – тәріздес
Достарыңызбен бөлісу: |