Көп цилиндрлі двигательдің жұмыс реті деп нені айтамыз ?
Двигательдің жұмыс реті деп бір түрлі процестің цилиндрлер бойынша ауысу ретін атайды.
Автомобиль двигательдері көбінесе көп цилиндрлі етіп жасалады. Себебі бір ғана цилиндрден алған қуат автомобильді жүргізуге жеткіліксіз болады.
Ондай цилиндрлер өзара біріктіріліп , бір двигатель құрайды. Осы көп цилиндрлердің орналасулары да әртүрлі болады.Двигательдегі жұмыс циклі цилиндрлер санына қарамастан, әр цилиндрде әртүрлі жүреді.Қатарлы және V-тәріздес двигательдер.
Төрт немесе екі тактілі двигательдің жұмыс принциптерінде қандай айырмашылықтар болады ?
Айырмашылығы жұмыс істеу принципінде деп ойлаймын.
Іштен жанатын моторлардың жұмыс істеуі кезінде олардың цилиндрлерінде бірқатар процестер жүреді. Бұл процестердің жиынтығын жұмыс циклі деп атайды. Ол төрт тактылы моторларда поршеннiң төрт жүрiсiнде, ал екi тактылы моторларда поршеннiң екi жүрiсiнде толық аяқталады. Жұмыс циклі енгізу, сығылу, жану, ұлғаю және шығару процестерінен тұрады. Бұл процесстердiң орындалуы поршеннiң жүрiсi мен газ тарту механизмiнiң жұмыс сәйкестiгiне байланысты болады. Егер осы аталған төрт процесс поршеннiң төрт жүрiсiне толық орындалатын болса, онда ондай моторды төрт тактылы мотор, ал поршеннiң екi жүрiсiнде орындалатын болса, онда екi тактылы мотор деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |