Тақырыбы: Құзыреттілік ұғымы және оны қалыптастыру жолдары Орындаған



бет6/7
Дата13.01.2022
өлшемі47,75 Kb.
#111518
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құзыреттілік ұғымы
ВИКТОРИНА smart art, Энергияны үнемдеу, PISA және TIMSS, PISA KAZ (1)
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздің саяси,экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері,бәсекеге қабілетті, кең ауқымды,жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін,кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді.
Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелері жайлы көптеген пікірлер айтылып жүр.Соларға сүйене отырып,мұның өзі болашақ мамандарды қаршаған дүниені,табиғатты,қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану,әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау,талдау,маңыздысын ажырата білуге,адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.
Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты.ел президенті Н. Назарбаев Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында: «соңғы 10 - 15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға - «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі»,- деген болатын. Олай болса, республика оқу орындарының алдында жан - жақты дамыған,саяси сауатты,терең теориялық біліммен қаруланған,адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой - пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет