Сабақ жоспары: 1В. Натурал сандардың бөлінгіштігі



Дата21.10.2019
өлшемі117,04 Kb.
түріСабақ




Ұзақ мерзімді сабақ жоспары:

5.1В. Натурал сандардың бөлінгіштігі



Мектеп: №25 «Жаңа жол» ЖОМ

Күні:01.10.2019ж

Мұғалімнің аты – жөні: Баязиева А.С

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқандар:15

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;

5.1.2.6 натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану;



Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқушыларды жұп, тақ сандарды ажырата білуге,санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға,3-ке,9 ға бөлінгіштігін ажырата білуге үйрету

Оқушылардың басым бөлігі: Нұсқауларды пайдаланып, есептерге арналған тапсырмаларды орындайды.

Кейбір оқушылар: Білімдерін бекітеді, оны практикада тапсырмаларды орындауда пайдаланады.

Бағалау критерийлері:

  • Натурал сандардың бөлгіштерін анықтай алады;

  • Натурал сандардың бөлгіштер санын анықтайды;

  • Құрама санды анықтауды біледі;

  • Жай санның анықтауды біледі;

  • Жауабының дұрыстығын негіздейді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:

- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

- бөлінгіштік белгілері;

- натурал санның цифрларының қосындысы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді;


Құндылықтарға баулу

Тапсырмаларды жұпта (топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ – ны қолдану дағдылары

Activstudio, бейнебаян, интернет сайттары т.б

Алдыңғы білім

Арифметикалық амалдардың компоненттерін білу: натурал сандарды бөлу және көбейту, жұп және тақ сандардың анықтамалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1/ Ұйымдастырылу кезеңі. Оқушылармен амандасу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа қатысуын, қажетті оқу құралдарының түгел болуын қадағалау.

2/ Оқушылармен психологиялық ахуал туғызу ретінде


«Мен қандаймын?...» психологиялық ойынын өткізу.

– Сіз лидерсіз. Әрқашан белсендісіз.


– Сіз жұмыс істегенді, оқып үйренгенді ұнатасыз.

– Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз.

– Сіз креативті жансыз. Идеяңыз, фантазияңыз және энергияңыз мол.

– Сіз өте мейірімді жансыз. Жүрегіңіз жақсылық пен мейірімге толы.

3/ Оқушыларды топқа бөлу. «Шеңбер», «тік төртбұрыш» , «квадрат» фигуралары тәрізді қима қағаздары арқылы үш топқа бөлінеді.

4/ Үй тапсырмасын тексеру. №210,№215 есептерін «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін іледі. Мұғалім тексеріп, бағалайды.

5/ Тақырыпты анықтау үшін дайын әріптерді құрастыру арқылы «Үш және тоғыз бөлінгіштік белгілері» сөзін құрастырып жаңа тақырыпты ашады.

(МК,Ұ)




Алдамұратова Т.А, Байшоланова Қ.С, Байшоланов Е.С. Математика – 5 сынып. Алматы «Атамұра»2017ж.

Сабақтың ортасы

«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі арқылы топқа мынандай тапсырма беріледі.

  • Шеңбер. 2,5,10 сандарына бөлінетін сандарды қима суреттері арқылы құрастырып, қарсы топқа жасыру;

  • Тік төртбұрыш. 3,9 санына бөлінетін сандарды дайын цифрлар арқылы құрастырып, қарсы топқа жасыру;

  • Квадрат. 3 және 9 санына ертегі, өлең құрастыру.



Ақ конвертті табу үшін алдымен мына жұмбақты оқушылар жауабын шешіп, сол затты сол кабинеттен іздеп тауып топ болып бірігіп орындауы қажет.

Шеңбер тобының жұмбағы:
Төбемізде тұрады,
Пайдасы мол ұққанда.
Түнде жанып тұрады,
Сөнеді Күн шыққанда.


/Электр тогы бар үй шамы/
Тік төртбұрыш тобының жұмбағы:
Үй сайын бір-бір құсты қойдық байлап,
Тұрады уақытында көзі жайнап,
Ішіне бір сырғалы салып қойсаң,
Бар суын ішіндегі шығады айдап./лампочка/


Квадрат тобының жұмбағы:
Сығырайып қарады,
Аласарып барады./Майшам/

№1. а) Үш таңбалы жұп төрт сан жазыңдар:

ә) Үш таңбалы тақ төрт сан жазыңдар:

№2. 37, 82, 136, 5023, 18 008, 300 421, 10 000, 554, 559, 443, 834, 441 сандарының ішінен жұп сандарды дөңгелектеп,

тақ сандарды квадратпен қоршаңдар.

№3. 430, 708, 95, 1300, 605, 4001, 90, 175, 800, 127, 1026 сандарынан 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінетін сандармен

кестені толтырыңдар:

№4. 207, 396, 615, 3926, 9 234, 6 703, 42 732, 8 500 720 сандарының цифрларының қосындысын табыңдар. Табылған қосындылар бойынша:

а) 3-ке бөлінетін сандарды: ә) 9-ға бөлінетін сандарды:

№5. Сиқырлы квадраттың көздеріндегі торларындағы сандарды:

А) тігінен қосып қосындысын табыңдар;

Ә) көлденеңінен қосып қосындысын табыңдар;

б) қарама – қарсы бұрыштарын қосатын

кесінді (диагональ) бойымен қосып, қосындысын табыңдар.

Не себепті “сиқырлы квадрат” деп атаған? Сыры неде?

(Қ)


«Ротация» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс.

1. Назерке достарына 9 балмұздақ сатып алды. Назерке 316 теңге төледі ме, әлде 315 теңге төледі ме?

2. Ерлан 50 алма, Нұрлан 61 алма және Әсел 39 алма терді. Олар терген алмаларын өзара тең бөлісе ала ма?

1 – есептің шешуі:

316 санының цифрларының қосындысы:

3+1+6=10, 3+1+5 =9. 9:3 =3

Онда 9 балмұздақ сатып алу үшін 315 тг төлеу керек:

315:9 =35.

Жауабы: Балмұздақтың бағасы 35 теңге

2 – есептің шешуі:

Ерлан – 27 алма, Нұрлан – 18 алма, Әсел – 39 алма.

Балалар саны 3-еу. БАрлық алма қосындысы

27+18+39 =84, (27+18+39 ):3=28

Жауабы: Балалар терген алмаларын тең бөлісе алады.

Балалардың әрқайсысы 28 алмадан алады.

Жұптық жұмыс.

Оқушыларды жұптастырып, оларға кейбірі 3-ке , 9-ға бөлінетін, ал кейбірі 3-ке де, 9-ға да бөлінбейтін бірнеше көптаңбалы сандар жазылған үлестірмелер ұсынылады.



Оқушының жұмыс парағы

Сан

Цифрлар қосындысы

3-ке бөлінгіштік? (иә, жоқ)

9-ға бөлінгіштік? (иә, жоқ)

315

3+1+5=9

Иә

Иә

19

1+9=10

Жоқ

Жоқ

15

1+5=6

Иә

Жоқ

2127










4923










5004










11292










870921










5421










22223










70614










8451










627










384516










Сұрақтар:

  1. Кестедегі толтырған мәліметтеріңізді қолданып қандай қорытынды жасауға болады?

  2. Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 3-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?

  3. Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 9-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма?

  4. Бөлу амалын орындамай санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін анықтауға бола ма?

Мұғалім: Оқушылар санның 3-ке немесе 9-ға бөлінетіндігін сұрағанда әрқашан санды бөлуіміз қажет пе?

Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып 3 және 9-ға бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды.



Оқу мақсатының нәтижесі натурал санның 3 пен 9-ға бөлінгіштік белгілері және 3 пен 9 еселік сандарды анықтау алгоритмі болып табылады.

  1. Мұғалім: Ал енді ережелерді қолдануды үйренеміз. Оқушылар презентациядағы 4-12 слайдтардағы ауызша есептеулерді орындап, есептеулерін тексереді. Өзін-өзі бағалайды.

  2. «Қателес пе!?» ойыны ойнатылады.5-минҮш оқушы кезекпен 3-ке бөлінетін сандарды өспелі түрде атайды. Ойынды кез-келген саннан бастауға болады. Қателескен оқушы ойыннан шығады. (Ойынға оқушылардың кез-келген саны қатыса алады).

  3. Өзіндік жұмыс . Оқушылар дәптерлерінде жұмыс жасайды. Өзіндік жұмысты орындап біткеннен соң дәптерлерін жұпта алмасып, өзара бағалау жұмысын жүргізеді. Мұғалім дұрыс жауап парақтарын таратады.

1. 2-ге 3-ке 5-ке бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші натурал санды табыңыз.

2. 98, 69, 73, 105, 118, 1 023, 251, 162, 6, 72, 180, 217, 921, 1 008, 961, 351, 543, 999 сандырының ішінен 3-ке еселі бірақ 9-ға еселі емес сандарды өсу ретімен орналастырыңыз.

3. 1 цифрынан басталып 9 бен 5-ке бөлініп,бірақ 2-ге бөлінбейтін санды табыңыз.

4. Бірінші цифры 7-ге тең үштаңбалы сан 9-ға ,5-ке, 2-ге бөлінеді. Бұл қай сан?

5. 2 және 3 сандары бөлгіштері болатын 364 < х < 396 теңсіздігінің шешімдер жиынын жазыңыз.

Бағалау:

  1. 2,3,5 – ке бөлінгіштік белгісін біледі, қолданады.

  2. Сәйкесінше дұрыс қорытынды жасайды.

  3. 3-ке, 9 – ға бөлінгіштік белгісінбіледі, қолданады.

  4. Сандарды өсу ретімен орналастырады

  5. 2-ге де 3-ке де бөлінетін сандарға қорытынды жасайды, теңсіздіктің шешімдер жиынын жазады.



Сабақтың соңы

№228. Сандардың 3-ке бөлінгіштігін анықтаңдар:

  1. 120, 203, 301; 3) 690, 510, 135;

  2. 660, 810, 840; 4) 780, 910, 1005.

№229.

  1. 123, 325, 342, 404, 561, 672, 731, 873, 881, 948, 1041, 1112 сандарынан 3-ке бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.

  2. 81, 818, 8181, 81 818, 818 181 сандарынан 9-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңдар.

Натурал сандардың 3-ке,9-ға бөлінгіштік белгілерінің ұқсастығын және айырмашылығын жазу


«Радиоға қоңырау шалу» әдісі арқылы оқушылар осы ашық сабақтан не меңгерді, нені үйренді, нені алдағы уақытта үйренгісі келеді? – деген сұрақтарды стикер арқылы ұсыныстарын «7 алма» әдісіне жазады.

Қатені табуға тапсырма беріледі. «Ыстық орындық» әдісін жасау арқылы сабақты қорытынды жасайды.



Үй жұмысы: №230,233 есептер. Эратосфен елегін пайдаланып 200-230 аралығындағы жай сандарды анықтаңдар

Венн диаграммасы


Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Мақсат бойынша саралау, ресурс немесе мәтін бойынша саралау,тапсырма бойынша саралау, сабақтағы жылдамдық бойынша саралау,оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау

Әр топ өздеріне берген тапсырманы бағалау критерийлерінің парағы арқылы жүзеге асырып отырады. Бақылаушы топты мұқият бақылап, тиісті балын қойып, әділ бағалап отырады.

Орындалған тапсырмаларды мұғалімге жеткізіп отыруы керек.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау.

Жұптар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.


Қауіпсіздік техникасы сақталған кабинетте оқушыларға сабақ жүргізіледі. Оқушылар қауіпсіздік техника ережелерімен таныстырылған. Сабақ уақытында қарастырылатын әр түрлі жұмыс түрлері оқушылардың қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік береді.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» орындатады.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспекті үй тапсырмасын сұрау мен жаңа тақырыпты ашу болды.

Сабақты жақсарту үшін оқушыларды математикалық сауаттылыққа және есепті шапшаң орындауға ықпал ете аламын.

Сабақ барысында сыныпта психологиялық ахуал мен ынтымақтастық атмосферасы құрылған. Оқушылар топқа тез бөлініп, берілген тапсырмаларды қатесіз жылдам орындады. Сабақ сәтті өтті деп есептеймін.




Тексерілді:

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет