Тақырып: Қарым-қатынастар. Жауапты іс-әрекет Мақсаты


Жасөспірімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері



бет2/3
Дата07.12.2022
өлшемі29,32 Kb.
#161755
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
30.11.2022ж Валеология
1-сабақ. Мағжан Жұмабаев қазақтыі ұлы ақыны, 1-сабақ. Мағжан Жұмабаев қазақтыі ұлы ақыны, Электростатика
Жасөспірімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері:
1. Ересек болу сезімі.
2. Өзіндік сана-сезімнің дамуы.
3. Ойдың сыншылдығы, рефлексияға бейімділік, өзін-өзі тексерудің қалыптасуы.
4. Өсудің қиындығы, жыныстық жетілу, сексуалдық уайымдар, қарама-қарсы жыныс өкіліне қызығушылықтардың болуы.
5. Көтеріңкі әсершілдік, көңіл-күйдің жиі ауысуы, ұшқалақтық.
6. Ерік-жігерлі қасиеттердің айтарлықтай дамуы.
7. Өзін-өзі танудың, жеке мағынасы бар іс-әрекеттің қажеттілігі.
Бұл жас шағындағы басты әрекет коммуникативтілік (қатынастық) болып табылады. Жасөсіпірімдер үшін мағынасы жағынан бірінші құрдастарымен қарым-қатынас жасау тұрады. Жасөспірім олармен тілдесе отырып, ең алдымен, өмір туралы қажетті білімді алады.
Жас жеткіншек үшін ол тиесілі топтағы құрдастары өзі туралы не айтатындығы өте маңызды болып табылады. Белгілі бір топқа тиесілілік оған қосымша сенімділік беретіндігі ақиқат. Жас жеткіншектің топтағы орны, ұжымда жүріп пайда болған оның қасиеттері, оның мінез-құлықтық уәждемелеріне елеулі түрде әсер етеді.
«Әсерлі қарым-қатынас дағдыларын дамыту және сексуалды қатынастар жағдайларының мәселелерін шешу» атты шағын-дәріс
Мысал мазмұн.
Әрбір адамның өмірінде адамдармен қарым-қатынас жасау айтарлықтай маңызға ие. Көпшілдік достармен, ата-анамен, ересектермен, мұғалімдермен тілдесуде, туындаған шиеленісті шешуде, сендіруде немесе «өз» көзқарастарын, т.б. қорғауда білінеді.
Жасөспірімнің қанша досы, қанша қастасының бар болуы, сыныптастарының оған деген көзқарасы, жүретін қызының (жігітінің) болуы, я болмауы, алатын бағалары, бос уақытын қалай өткізетіндігі, мектептегі және үйдегі тәртібі – осы қарым-қатынастың барлығы жеткіншектің көпшіл болуы мен айналасындағы адамдарды түсіне алуына байланысты.
Қарым-қатынастың әсерлілігі өзіне сенімділікке, өзіндік танымға, өз сезімдері мен эмоцияларын басқара білуге және тағы да басқа көптеген қасиеттерге байланысты.
Әр адамның болашағы оның өз қарым-қатынастарын дұрыс қоя білуіне, оны қоршаған адамдармен әсерлі қатынас жасай алуына байланысты.
Өз болашағыңа дайын және өзің нық сеніммен қадам жасау үшін не істеу қажет?

  1. Конструктивті қарым-қатынас жасау мен позитивті мінез-құлық дағдыларына ие болу.

  2. Тыңдауды, өз көзқарасыңды айтуды үйрену, келісімді шешімге келу және басқа адамдарды түсіне білу.

  3. Өз әрекеттеріне жауапкершілікті алуды үйрену.

  4. Сенімді мінез-құлық пен топтық қысымға қарсы тұру дағдыларын өзінде қалыптастыру.

  5. Өзінің жеке сезімдері мен эмоцияларын басқара білу.

  6. Өзінің өмірлік келешегін, өмірлік мақсаттарын, жолдарын және оларға қол жеткізу әдістерін ұғынуға талпыну.

Мұндай – достық, махаббат сияқты сезімдердің қалыптасуының негізі қуаныш, нәзіктік, ләззәт және т.б. жағымды эмоциялар болып табылады.
Достық деген керемет сезім әр түрлі қызығушылықтары бар адамдар арасында да пайда болады. Жасөспірім өз досынан түсіністік, ұқсастық пен бірге уайым бөлісу сияқты қасиеттерді іздейді. Дос – бұл тыңдап, сезіміне ортақ болып, жақсы кеңес беретін адам.
Жасөспірім шақтағы достық, әдетте, бір жынысты құрдастар, әсіресе сыныптастар арасында басталады. Жеткіншектің қарым-қатынас аясы бұрынғыдан да кеңейе түседі. Бұл кезеңде жасөсіпірмдердің таныстары мен достары көбейіп, тек қана өзара мейіріммен емес, сонымен қатар, ортақ қызығушылық, қандайда бір ортақ істермен шұғылдануы, көңіл көтеру тәсілдері, бос уақытты өткізу орындарының ортақ болуы және компаниялар мен топтар құрыла бастайды.
Достық қарым-қатынас деп өзара түсіністік, рухани жақындық, сыйластық, бір-біріне өзіне жасағандай қарым-қатынас жасау деп түсінеді, оның жан-дүниесінде өзіндік, шынайы «Мені» қалыптаса бастайды.
Біз бәріміз де сүюге және сүйікті болуға ұмтыламыз. Махаббат – бұл үнемі біз ойлайтын құбылыс, оны ақындар барлық ғасырларда жырлайды, әншілер әніне қосып айтады, режиссерлер фильм түсіреді. Махаббат хикаялары әрбір адамның жанында, әрбір жүректе болатын ішектерді қозғай түседі. Махаббат барлық адам сезімдерінің ішіндегі ең жұмбағы болып табылады. Махаббат тақырыбы мазмұны жағынан бай, әр қилы және сарқылмайтын, қайталанбас көріністер. Бұл түсініктің көп мағыналылығы және көп түрлілігі таусылмас. Отанға махаббат. Анаға махабат. Әке махаббаты. Бозбалалық махаббат. Музыкаға махаббат. Өз ісіне махаббат. Өмірге махаббат.
Үлкен жеткіншек кезеңде, әдетте ұзаққа бармайтын, зор эмоциялық тебіреніспен қатар жүретін романтикалық махаббат пайда болуы мүмкін.
Жеткіншектердегі романтикалық және ғашықтық қарым-қатынастар әлі де сексуалдылықпен байланысты емес. Жеткіншектерде сексуалдылық жыныстық жетілудің белгілері ретінде бозбалалық шақта пайда болады, бірақ та әлеуметтік ересектікке жеткендігін білдірмейді.
Жоғары эмоциямен тілдесуі, құрдастарымен қарым-қатынас кезіндегі жоғары мәнділік, әлеуметтік тәжірибенің жетіспеушілігі жеткіншектердің жеке тұлғаға қатысты әуестігі психологиялық қылықтарындағы мәселелермен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Алғашқы махаббат – бұл шаттыққа, романтикаларға, уайымдарға және күйзелістерге толы алғашқы жарқын сезім. Жеткіншектердің бұл сезімге берілетіндігі сондай, олар тіпті физикалық жақындық пен некеге баруға да дайын тұрады. Бірақ, бұл бар болғаны ерлер мен әйелдер арасындағы өзара қарым-қатынас қиындықтарын танып-білуге кедергі келтіреді.
Психологтардың пайымдауынша, адамдар әуестік, ғашықтық және махаббат сезімдерін бір-бірінен ажырата білу керек. Әуестік, ғашықтық, махаббат сезімдерін ажыратудағы ең жақсы көмекші – ол уақыт. Ғашықтық – күшті сезім, кейде дәл осы адам өмірлік серік бола алатындай сезіледі, бірақ біршама уақыт өткен соң жай ғана жақсы достар болып қала береді. Сол себепті де ата-аналар әрқашан да «асығыстық жасамауға!» кеңес береді және олардың осы кеңесі ақылға қонымды болады.
Өзіңнің достыққа бейімділігің мен басқа адамдарды жақсы көре білетіндігіңді көрсетудің әртүрлі әдістері бар. Достық пен махаббат адамдардың өзін жақсы сезінуіне көмектеседі. Кемтарлық немесе денсаулық жағдайы достық және басқа да қарым-қатынастардың немесе махаббаттың дамуына кедергі бола алмайды.
Махаббат, достық, көңіл көтеру және сексуалды тартымдылық әртүрлі эмоция тудырады. Тығыз қарым-қатынас кейде сексуалды қарым-қатынасқа айналуы мүмкін. Қарым-қатынас жақсы және жаман болуы мүмкін. Гендерлік рөлдер жеке қарым-қатынастарға әсер етеді, ал гендерлік теңдік жақсы қарым-қатынастың бөлігі болып табылады. Қарым-қатынастағы зұлымдық пен зорлық гендерлік рөлдер мен стереотиптерге тығыз байланысты. Күштеп жасалған қарым-қатынас жаман қарым-қатынастың бір мысалы болып табылады. Махаббат, серіктестік, гендерлік теңдік, бір-біріне қамқорлық және өзара сыйластық отбасы және жақсы қарым-қатынастың тиімді жұмыс істеуіне үлкен үлес қосады.
Адамның жыныстық немесе сексуалды тәртібі әлеуметтік тәртіптің бірден бір нұсқасы болып табылады. Биологиялық бақылау тұрғысынан алып қарағанда тірі ағзаның жыныстық мінез-құлығының басты мақсаты - ұрпақ өрбіту.
Жеткіншектер үшін жыныстық мінез-құлықты тағы екі маңызды түрге бөлуге болады:
1. Жыныстық құмарлықты қанағаттандыру.
2. Өзін-өзі қанағаттандырудың сексуалды тәсілі.
Сексуалды мінез-құлыққа қатысты ұтымды шешім қабылдауда әр түрлі тосқауылдар болуы мүмкін. Эмоциялар сексуалды мінез-құлыққа байланысты шешім қабылдауда бірден-бір әсер етуші фактор болып есептеледі. Ішімдік пен есірткі де жауапты шешім қабылдауға кедергі болады. Сексуалды тәртіп бойынша шешім қабылдауда болуы мүмкін зардаптардың бәрін есепке алу қажет. Сексуалды тәртіп туралы шешім жеткіншектің денсаулығына, болашағы мен өмірлік жоспарларына әсер етуі мүмкін.
Сексуалды мінез-құлықтың зардаптары өзіне де, басқаларға да бірдей әсер етеді, оның салдары заңнамалық салдарға, қажетсіз жүктілік немесе ЖЖБЖ-ға, оның ішінде АИТВ-ға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ұлттық Заңнама жастардың нені істеуге болатынын және нені істеуге болмайтынын анықтап бере алады. Жыныстық пен репродуктивті денсаулыққа қатысты, адам құқығын реттейтін (мысалы, CEDAW, КПР) жыныстық байланысқа және т.б. рұқсат етілген жас шамасында медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты Ұлттық Заңнама бұрмаланған жағдайда алға тартатын пайдалы құжаттар болып саналатын Халықаралық конвенциялар мен Келісімдер бар.
Көптеген елдерде озбырлық қарым-қатынасқа тыйым салатын заңдар бар. Адамдарға зорлық қарым-қатынасты анықтау дағдыларын үйретуге болады. Адамдар зорлық-зомбылық туралы хабарлама жасау керек. Әдетте, адамдарға зорлық-зомбылыққа апаратын іс-әрекеттерге тыйым салатын құқықтық механизмдер бар.
Күйзеліс жағдайларында отбасы мүшелері шағымдана алатын қолдау көрсету қызметтері жұмыс істейді. Отбасылар, егер де оның мүшелері бір-бірін қолдап, өзара сыйластықта болса, күйзелістерді жеңіп шыға алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет