Тақырып. Демодуляция және декодтау. Сұрақтар: Цифрлық тарату жүйелерінде қандай дабылдар қолданылады?



бет2/5
Дата30.03.2023
өлшемі120,19 Kb.
#173327
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 тапсырма

Разрядтық салыстырудың сызықтық кодері.
ИКМ ТЖ-інде сызықтық кодектер ішінен разрядтық салыстыру кодері неғұрлым кең тараған. Кодтау процесі кезінде код салмағына пропорционал эталонды кернеуімен сигнал санағының шамасын салыстыру орын алады. Салыстыру операциялары тізбегінің саны код разряды санына тең. Сигнал санағының шамасы Uc эталонды кернеулердің белгілі бір жиынтығының қосындысы түрінде өрнектеледі, яғни
Кодтау циклі басында СС1 салыстыру сұлбасына Uc (кодталатын), кернеу беріледі, ал СС1 салыстыру сұлбасының басқа кірісіне салмағы үлкеннің эталонды кернеуі Uэт1=2m-1ΔUк беріледі. Егер Uc>Uэт1, онда СС1 салыстыру сұлбасының шығысында Uc-дан алынады, яғни Uc-Uэт1 есептейтін, Аз.С1 азайтқыш сұлбасына берілетін Uэт1 (*) пайда болады. Бұл жағдайда екінші салыстыру сұлбасының шығысында кодтық топтың бірінші символы 1 қалыптасады. Екінші каскадтың СС2 және СВ2 сұлбаларында СС2 салыстыру сұлбасында келесі салмақтың Uэт2=2m-2ΔUк эталонымен салыстырылатын кернеу Uc-Uэт1 берілетін болады. Егер де Ucэт1, онда СС1 салыстыру сұлбасының шығысында (*) сигнал пайда болмайды. Бұл жағдайда СС1 салыстыру сұлбасының екінші шығысында бірінші символ «0» қалыптасады. Екінші каскадтың Аз.С2 және СС2 осылайша Uэт2 –мен салыстырылатын Uc кернеуі берілетін болады. Келесі каскадтар да осылайша жұмыс істейді. Код түрлендіргіш алынатын параллель кодты сигналдар бір өткізгіш сымның бойымен уақыт бойынша тізбектей таратылатын тізбектік кодқа түрлендіреді. Эталонды кернеу Uэт шамасынан кодердің сызықты, әлде сызықты еместігі тәуелді болады. Бір эталонды пайдалансақ, ал қалғандары оны тең жартыға бөлу арқылы болады, онда сызықты кодерді аламыз, ал егер келесі бір Uэт деңгейін қандай да бір заңмен (компандер
арқылы кернеу) қалыптастыратын болсақ, онда сызықты емес кодерді аламыз.
Қазіргі таңда РСМ жүйесінде А87,6/13 типті квазилогарифмдік функцияның 13-сегментті апроксимациялы амплитудалық сипаттама (АС) типін өлшейтін сызықты емес кодектер кең қолданыс тапқан. Бұл сипаттама 16 сегментті оң облыстағы квазилогарифді функцияны апроксимациялайтын 8-бен және теріс облыстардағы 8-бен байланыстырады. Екі оң және екі теріс орталық сегменттердің иелулері бірдей және кванттау қадамдары тең, сондықтан оларды біртұтас сегмент деп, ал апроксимацияны 13 сегмент деп есептейді
Әрбір сегмент шегінде кванттау қадамы тұрақты және берілген сегментте кванттаудың 16 қадамы қойылады. Сегмент шегінде кванттау қадамының нөмірі сызықты кванттау әдісімен анықталады. Сегмент нөміріне байланысты кванттау қадамының шамасы мына формуламен анықталады
1-кестеде 4 эталонды сигналдардың көмегімен әрбір сегменте 16 кванттау деңгейі қалыптасатын мәндері көрсетілген.

Сегмент

Екілік код

Кванттау қадамы

Эталонды және төменгі шекара

1

000

ΔUo

0

2

001

ΔUo

16ΔUo

3

010

2ΔUo

32ΔUo

4

011

4ΔUo

64ΔUo

5

100

8ΔUo

128ΔUo

6

101

16ΔUo

256ΔUo

7

110

32ΔUo

512ΔUo

8

111

64ΔUo

1024ΔUo

Бір полярлы сигналдарды кодтау кезіндегі кванттау деңгейінің саны 15.2-кестесі бойынша 128-ге тең. Бұл деңгейлер 11 эталонды кернеу көмегімен қалыптасуы мүмкін және 8 разрядты кодтық топтар көмегімен санақ полярлығының кодтау қажеттігі есебінен бейнеленуі мүмкін. Кодтың үлкен разряды таңба туралы (+ немесе -) ақпаратты тасымалдайды. Қалған үш разряд сегмент нөмірі туралы ақпаратты тасымалдайды. Соңғы рұқсат етілген кодтың төртеуі сегмент шегінде санақ нөмірі туралы ақпартты құрайды. Осыдан кейін үш тактідегі сегмент нөмірі анықталады: бірінші тактіде санақ амплитудасы Uc кодталады, бесінші сегменттің (Uэт5=128ΔUo) төменгі шегіндегі эталонды кернеуімен салыстырылады. Кестенің қалған бөлігі қайтадан тең жартыға бөлінеді және қайтадан сегмент деңгейімен салыстырылады.
К–санақ полярлығын және кодталатын санақ амплитудалары арасындағы айырымның және эталонды кернеулер қосындысының таңбасын анықтайтын компаратор. Әрбір кодтау тактісінен кейін компаратор шешімі цифрлық регистрге (ЦР) элемент көзінің полярлығын таңдайды және разрядты кодты 11 разрядтқа түрлендіретін цифрлық логиканың жұмысын басқарады және компаратордың екінші кірісіне қосылған эталондар мәнін анықтай отырып эталондар көзінің басқару тізбегінің эталонды кернеулерін таңдайды және коммутация блогында қалыптастырады: Кодтау 8 тактіні құрайды, ЦР әрбір тактіде үлкенінен басталатын шығыс сөздің сәйкес разрядтарына байқайтын бірлікті қояды. Қалғандардың барлығы 0-ге тең, яғни ЛҚ-ны басқаратын 8 разрядты кодты ЦР шығысында қалыптастырады. ЛҚ осы кодпен эталондар көзіне сәкес кілттерді тұйықтайды. Нәтижесінде ЭтК (элементтер көзі) шығысында кодталған сигналмен компараторда салыстырылатын эталонды сигнал пайда болады. Егер Uc>Uэт болса, онда компоратор шығысында K 0, бұл ЦР байқауға сәйкес разрядқа қойған бірлігі дұрыс болғанын және ол осы орында қалатынын айтады. Шығыста K 1 кезде, ЦР сәйкес разрядқа қойған байқау бірлігі «1» қате және ол «0» -ге ауыстырылады және т.с.с. Код түрлендіргіш (КТ) параллель кодты тізбекті кодқа келесідей жолмен түрлендіреді 11100010=576DUo. Мысалы, Uвх=606DUo, онда кванттау қателігі DU=606-576=30DUo.
Бұл берілген кодтау әдісінде кванттау қателігінің шамасы 0 ден DUi-ге дейінгі шекте болады. Мұндағы DUi – сәйкес сегменттің кванттау қадамы. ЦР-де қалыптасқан кодтаудың сегіз тактісі бітуімен код КТ арқылы тізбек түрінде қажетті құралдарға бөлінеді.
Декодер кірісіне кодтық сөз тізбекті код түрінде беріледі, код түрлендіргіш (КТ) соңғысынан бұл сөзді ЦР-ге параллель код түрінде жазып алады. ЛҚ осы кодпен ЭК шығысында сәйкес АИМ-дан қалыптасатын шығыс АИМ сигналдың деңгейі пайда болады. Бірақ кодерден айырмашылығы ЛҚ-ның 12 шығысы бар және кодтау кезінде кванттау ауытқуын компенсациялау үшін ЭК–де қосымша 0,5DUo деңгейі болады, яғни кодтық сөздегі таратылатынға барлық жағдайда берілген сегменттегі кванттау қадамының жартысына сәйкес келетін деңгей үстемеленеді. Мұндай жағдайда ЭК шығысында
DUкв=606-592=14DUo(<32/2DUo)-ке тең, яғни белгілі қате 30 есе емес, 14 есе кемиді.
Біркелкі емес кванттау, сондай-ақ цифрлық компрессиямен тіркескен сызықты кодектің көмегімен де болуы мүмкін. Осы қағидамен құрастырылған кодектерде әр түрлі сигналдардың жұмысы үшін алгоритмі орнатылған бірдей кодектерді қолдануға мүмкіндік беретін компандрлеудің сипаттамаларын жәй қатысты өзгертуге болады, бірақ бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет