Телефон аппараттары


Күзет сигналдауы бар телефон аппараттарына қосымша талаптар



бет6/10
Дата29.01.2018
өлшемі1,44 Mb.
#35642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күзет сигналдауы бар телефон аппараттарына қосымша талаптар





  1. Күзет сигнализациясы бұзылған жағдайда қауіп-қатер дабылын жіберу мақсатында алдын-ала бағдарланған нөмірлерді автоматты теруді күзет құралына ТШ берілген уақыт ұсталымы аяқталған соң басталады.

  2. Күзет сигнализация құралының қауіп-қатер сигналының құрылымы ТШ-да ескерілуі тиіс.

  3. Қауіп-қатер сигналының берілуі барлық бағдарланған нөмірлерге орнатылған кезек бойынша циклді түрде орындалады.

  4. Қосылу орнатылған кез-келген кезеңінде «Бос емес» сигналы түскенде тоқтатып, абоненттік желі босатылуы керек және берілген ТШ бағдарламасы бойынша келесі нөмір теріледі.

  5. Жауап берген абоненттің нөмірі бағдарланған нөмірлер циклылында қайта терілмеуі керек.

  6. Бағдарланған нөмірлер толық циклінің ұзақтығы барлық қосылыстарға жететін уақытпен анықталуы керек.

  7. Қосымша электрлік параметрлер 10-кестеде келтірілген мәндерге сәйкес келу керек.

10-кесте Қосымша электрлік параметрлер


Параметрдің атауы

Норма

1 АЖ қосылу жерінде, тоқ көзі 35мА болғандағы қауіп-қатер сигналы күшінің абсолютті деңгейі, дБм

минус 6 дан

0 дейін


2 АЖ қосылу жерінде жиілігі (425 ± 25) Гц болатын ұзақ импульсы 0,3 ден 0,4 с дейінгі және ұзақ үзілісі 0,15 тен 2 дейінгі «станса жауабы», «бос емес», қосымша ұзақ импульсы 0,7 ден 1,1 с дейінгі және ұзақ үзілісі 3,1 тен 4,1 дейінгі «Шақыруларды жіберуді бақылау» АТС сигналдарының ең аз ОКМ кернеуі, мВ, мынадан аспайды

25


ЕСКЕРТПЕ АЖ қосылу жерінде қауіп-қатер сигналы күшінің деңгейін реттейтін мүмкіндігі болу керек.
  1. Спикерфонды телефон аппараттарына қосымша талаптар


  1. Микротелефон тұтұқасын алмай сөйлеу режіміндегі ТА-ның дауыс жіберу көрсеткіші (ДКжіб) 3-кестенің 1.1-п. көрсетілгендей 5 дБ жоғары болуы керек.

  2. Автоматты күшейту реттегішпен қамтылмаған ТА-ның микротелефон тұтқасын алмай сөйлеу режімінде дауыс қабылдау көрсеткішінің (ДКқаб) мәнін 3-кестенің 2-пунктісінде көрсеткен мәннен 10дБ кем мәнге дейін алатындай қолмен реттеу диапозоны болуы керек.

  3. Жіберуде сезгіштіктің жиіліктік сипаты ЖСжіб Б-қосымшасының Б.7-суретіне сәйкес келуі керек.

  4. Қабылдауда сезгіштіктің жиіліктік сипаты ЖСқаб Б-қосымшасының Б.8-суретіне сәйкес келуі керек.

  5. Жіберуде гормоникалық коэффициент 6 % аспауы керек.

  6. Қабылдауда гормоникалық коэффициент 12 % аспауы керек.

  7. Жиілік диапазоны 300 ден 3400 Гц дейінгі микротелефон тұтқасын алмай сөйлесу режіміндегі кіріс электрлік кедергінің модулі 450 ден 800 Ом аралығында болуы керек. Кедергі сипаты айтылмайды.



  1. Электрқорегіне қосымша талаптар





      1. Күрделілігі нөлінші және бірінші топтағы ТА-на бір фазалық электр желісінен орнатылған немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы қосымша қорек рұқсат етіледі.

      2. Айнымалы тоқтың кернеу параметрлері келесі мәндерге сәйкес келуі керек:

      1. номиналды кернеу 220 В;

      2. кернеудің өзгеру шектері 187 В ден 242 В дейін;

      3. кернеу жиілігі 50 Гц;

      4. жиіліктің өзгеру шектері 47,5 Гц тен 52,5 Гц дейін.

      1. ТА қосымша қорегі жоғалғанда кіріс шақыруларды қабылдау, шығыс шақырысында нөмірді теру және абонентпен сөйлесу режімі сақталып қалуы керек.

      2. АТС нан келетін ТА қорегінің кернеуінің полярлығы еркін болу керек және 6 тарауда орнатылған ережелер қорек кернеуінің кез-келген полярығында орындалады.
  1. Тұрақтылық талаптары

  1. Индустриалды радиобөгеуілдерге тұрақтылық талаптары





      1. Кернеуі 220 В жиілігі 50Гц айнымалы токты электрлік желісіне орнатылған немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы ТА қосатын қысқыштарындағы симметриялық емес радиобөгеуілдердегі кернеуі ГОСТ 30428 орнатқан В топтағы аппараттарға арналған мағынадан аспауы керек.

      2. АЖ қосылу үшін ТА шығатын сызықтық қысқыштардағы радиобөгеуілдегі жалпы симметриялық емес кернеу ГОСТ 30428 орнатқан В топтағы аппараттарға арналған мағынадан аспауы керек.

      3. Радиобөгеуілдер өрісінің кернеулігі В топтағы жабдықтар үшін СТ РК 2.17 орнатқан мәннен аспауы керек.



  1. Электромагниттік бөгеуілдерге тұрақтылық талаптары





  1. Электромагниттік бөгеуілдерге тұрақтылық сынақтарына мыналар жатады:

  1. сертификациялық сынақтарындағы сериялық шығарылатын және импортталатын ТА ;

  2. қабылдау сынақтарындағы жасалынған және өңделген ТА.

  1. ТА параметрлері 11-кестеде көрсетілген АЖ-да көрші электр желісінің индукциясы салдарынан пайда болған қысқа мерзімді айнымалы тоқтың кернеуіне [3] шыдауы керек.

  2. ТА параметрлері 11-кестеде көрсетілген АЖ электр желісімен тікелей жанасқаны салдарынан пайда болған айнымалы тоқтың кернеуіне [3] шыдауы керек.

  3. ТА сынақтың қатаңдық дәрежелерінде «сым-жер» сұлбасы бойынша көп энергиялы ҚР СТ ГОСТ Р 51317 4.5 сәйкес микросекундтық импульстық кедергі ықпалына шыдау керек:

  1. АЖ тізбегінде (симметриялық желілер) импульстың алғышебінің ұзақтығы 1мкс және импульстың ұзақтығы 50 мкс болғанда 1;

  2. АЖ тізбегінде (симметриялық желілер) импульстың алғышебінің ұзақтығы 6,5мкс және импульстың ұзақтығы 700 мкс болғанда 2;

  3. құрамдас немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін электрқорегінің тізбегінде импульстың алғышебінің ұзақтығы 1мкс және импульстың ұзақтығы 50мкс болғанда 2.

В - ТА жұмыс істеу сапасының критериі.

  1. ТА қатаң дәрежелі сынақтарда ҚР ГОСТ Р 51317.4.2-2008 бойынша электростатикалық айырылымдар әсер етуіне шыдауы керек:

  1. контактілі айырылымға 2;

  2. ауа айырылымына 3.

В – ТА жұмыс істеу сапасының критериі.

  1. Құрамдас немесе сыртқа шығарылған қорек блогы арқылы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц болатын айнымалы тоқтың электр желісінен қоректенетін ТА қатаң дәрежелі сынақтарда ҚР СТ ГОСТ Р 51317.4.11-2008 бойынша электр желісіндегі кернеудің динамикалық өзгерістерінің ықпал етуіне шыдауы керек:

  1. кернеу құлауына 2;

  2. кернеу үзіліміне 1;

  3. керне лақтырысына 2.

А – ТА жұмыс істеу сапасының критериі.
11 - кесте Айнымалы тоқ кернеуінің ықпалы


Әсер ету түрі

7.2.2-ке сай

7.2.3-ке сай

50 Гц жиілікте әсер ететін кернеу ОКМ-і, В

600 ± 10 %

230 ± 10 %

Кедергіні тудыратын (RВ) шығыс кедергісі, Ом

600 ± 10 %

10 ± 20 %

160 ± 10 %

600 ± 10 %


Әсер ету көлемі

5

әрбір RВ мәніне 1

Әсер ету ұзақтығы

0,2 c ± 5 %

15 мин ± 10 %

Әсер етудің қайталану периоды, с

60 ± 10 %



ТА жұмыс істеуінің сапа

B

D

Сынау схемасы

"сым – жер" және "сым – сым"

1 ЕСКЕРТПЕ Айнымалы токтың кернеу беруінің ұсынылған түрі А.10 көрсетілген.

2 ЕСКЕРТПЕ B критериі. Жұмыс істеу сапасының уақытша нашарлауы немесе кейін дұрыс жұмыс істеуінің қалпына келуі оператордың көмегінсіз жүзеге асқан орнатылған функцияның орындалуының тоқталуы.

3 ЕСКЕРТПЕ D критериі. ТА компоненттерінің зақымдануынан жұмыс істеу сапасының нашарлауы немесе орнатылған функцияның орындалуының тоқтауы. Қосымша ТА-ының жанып кету қауіпі болмау керек.

4 ЕСКЕРТПЕ ТА шақыруды күту режімінде және сөйлесу режімінде сыналуы керек.


  1. Механикалық әсер еткендегі тұрақтылық талаптары





    1. ТА 30 мин. ішінде 19,6 м/с2 дірілдеу амплитудасымен 25 Гц жиіліктегі синусоидалық тербеліс әрекет еткеннен кейін жұмыс қабілетін сақтауы және механикалық зақымданбауы қажет.

    2. Жинақталған ТА 12-кестеге сәйкес механикалық соққылардың ықпалынан кейін жұмыс қабілетін сақтауы және механикалық зақымданбауы қажет.

    3. ТА 10.1 және 10.2 бойынша механикалық әсер етуден кейін:

    1. осы стандарт талаптарына сәйкес болуы керек (3-кесте, 6,8 п.4-кесте, 1–3 п.);

    2. нөмірді дұрыс теруді қамтамасыз ету;

    3. ТА-ның ТШ-да көрсетілген функцияларды орындау,


12 - кесте Механикалық соққылардың ықпалдары


Соққы әрекетінің бағыты

Шырқау шегіндегі соққылық үдеуі, м/с2

Соққылық үдеудің әрекет ұзақтығы, мс

Соққы саны

Минуттағы соққы жиілігі

Тік

147

5 тен 10 дейін

1100

120


Көлденең

98

5 тен 10 дейін

3900

120

  1. Климаттық әсер еткендегі тұрақтылық талаптары





  1. ТА осы стандарт талаптарына сай болуы қажет, 25º С қоршаған ауа температурасында 90% ылғалдылықтың ықпалынан кейін зақымданбауы және жемірілу іздері болмауы керек.

  2. Мынадай жұмыс температуралары әсер еткен кезде ТА осы стандарт талаптарына сай болуы қажет:

  1. 0, 1 және 2 күрделілік тобындағы ТА үшін 1º С ден 40º С дейін;

  2. 3 күрделілік тобындағы ТА үшін 10º С нан 45º С дейін.

Сонымен бірге жіберу және қабылдау дауыс қаттылығының көрсеткіші қалыпты климаттық жағдайда өлшенгеннен ±3дБ көп ерекшелегі болмауы керек, бірақ 3-кестеде көрсетілген ең жоғарғы мәннен 2 дБ көп аспауы керек.

  1. ТА осы стандарт талаптарына сай болуы және шектік минус 50º С мен плюс 50º С температура ықпалынан кейін зақымданбауы және жемірілмеуі керек.

  2. Жинақталған ТА авиатасымалдау кезінде минус 50º С қоршаған ауа темперетурасында 12 кПа (90 мм сн.бғ.) төмендеген атмосфералық қысымның ықпалына төзуі қажет.

  1. Каталог: images -> stories
    stories -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
    stories -> Исатай Кенжалиев
    stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
    stories -> Емтихан сұРАҚтары
    stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
    stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
    stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
    stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
    stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет