Тәрбие мақсаты, оның әлеуметтік қамтамасыз етілуі. Тәрбие мақсаты мен міндеттерінің өзара байланысы


Қазіргі мектептегі тәрбие мақсаты мен міндеттері



бет5/9
Дата04.12.2023
өлшемі46,04 Kb.
#195013
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лек пед

4 Қазіргі мектептегі тәрбие мақсаты мен міндеттері.

Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептің тәрбие мақсаты – оқушының жеке басының ақыл-ой, адами, дене жағынан дамуына ықпал ету, қалайда оның шығармашылық мүмкіншілігін ашу, ізгілік тұрғыдан қалыптастыру, оның жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеті мен мүмкіншілігіне сәйкес оңтайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету.


Адамның өзін-өзі дамуына, өз дүниесін өлшеп білуіне, азаматтық тұғырын сезінуіне, еңбекке, өмірге даярлығын, демократиялық қоғамда өзін-өзі басқара отырып, араласуына көмек беріп, бағыттау, елжандылық борышын жауапкершілікпен атқаруына бейімдеу.
Әр этнос өзінің ұлттық тәрбие жүйесіне сүйене отырып, жалпы адамзатқа тән құндылықтарды дұрыс игеру, әрине оларды қоғам мен тұлға алдында тұрған жаңа мақсаттармен үйлестіру.
Жоғарыда келтірілген мақсаттардан туындайтын міндеттер:
- биік парасатты, ар-ожданы мол азамат тәрбиелеу;
- әр бір жеке адамды әлеуметтендіру;
- рухани және өндірістік кеңістікте іс-тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызу;
- нарықтық жағдайда жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу;
- озық тәжірибелерге, тәрбие теорияларына сүйене отырып, әр этностың ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін діліне сәйкес тәрбиелеу;
- ҚР әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау.
«ҚР Білім беру ұйымдарындағы Тәрбиенің кешенді бағдарламасында» тәрбиенің басты мақсаты – полимәдениетті жеке адамды қалыптастыру делінген.
Полимәдениетті жеке тұлға – бойында адамгершіліктік, патриоттық, азаматтық, интернационалдық және жоғары тұрғыдағы моральдық қасиеті дамыған адам.
Сондай-ақ:
- полимәдениетті жеке тұлға – тілдік санасы жоғары дамыған индивід. Ана тілін, мемлекеттік тілді білу, шет тілін оқу жеке тұлғаның дүниетанымын кеңейтеді, әр жақты дамуына әсер етеді.
- полимәдениетті жеке тұлға - тарихи санасы жоғары дамыған индивид. Тарихты тану, тарихи оқиғалар мен деректерді білу ғана емес, оларды талдау арқылы ақиқатқа жету. Тарих арқылы жылдар бойы қалыптасқан ұлттық менталитет, стереотиптер, образдар танылады. Тарихты білу оған қатыстылық сезімді тудырады.
- полимәдениетті жеке тұлға экологиялық санасы дамыған индивид. Ол Жерді ортақ мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімі, ортақ үйі мен елдің табиғатына деген жауапкершілік сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
- полимәдениетті жеке тұлға – барынша айқын көркемдік-эстетикалық сана иесі. Оған ұшқыр қиял мен нәзік сезім, шығармашылық қабілет, әсемдікке құштарлық тән.
- полимәдениетті жеке тұлға құқықтық сананың иесі, яғни заңды білу, оны құрметтеп, бағыну, қоғамдық тәртіпті сақтау. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты сезіну.
Ал 2009 ж. 16 қараша № 521 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында «Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау» делінген. Және де осы мақсатқа жету үшін орындалуы тиіс келесідей міндеттер көрсетілген:
- білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
- балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
- өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
- мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
- жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
- қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
- қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
- балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
- отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
Сонымен қазіргі замандағы тәрбиенің басты мақсаты – теориялық біліммен қаруланған, оны шығармашылықпен іс-жүзіне асыратын белсенді қоғам қайраткерін, жаңа қоғамдық өмір үшін күресуге қабілеті мол, жоғары мәдениетті жеке адамды қалыптастыру.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып, тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуына әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асады.
Халық ағарту қызметкерлерінің жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеттері – оқушылардың ғылыми-техникалық дамудың қазіргі талаптарына сай баянды ғылым негіздерімен қаруландыру, политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстрын, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастыруда жүзеге асыра білу болып табылады. Осы мәселелерді өскелең өмір талаптарына үйлесімді етіп тәрбиелеудің, дамыту мен қалыптастырудың негізі болады. Ал тұлғаны жан-жақты дамыту – тәрбиенің басты мақсаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет