Тірек-қозғалыс аппараты бұзылыстарының түрлері, бұзылу себептері


Балалар церебралды параличінің негізгі түрлері



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,27 Kb.
#82760
1   2   3   4
Байланысты:
4 бөж Көпжасар Гүлнар Биология 3 курс

Балалар церебралды параличінің негізгі түрлері.
Балалар церебралды параличінің бірнеше түрлері бар:
Спастикалық диплегия – балалар церебралды параличінің ең жеңіл формасы формасы болып табылады. Ол үндескен патологиялық рефлекстердің бар болуымен ерекшеленеді. Әдетте баланың қолдарына қарағанда, аяқтары көбірек зақымдалады. Спастикалық параличпен ауырған кезде артикуляциялық бұлшық еттер зақымдалып, ретсіз қозғалады. Жүрген кезде аяқтың табанына емес, саусақтарына сүйенеді.
Қос гемиплегия (тетропарез) – баланың аяқтары да, қолдары да зақымдалады. Бұл жағдайда қозғалыс қызметтері күрделі дамиды. Көптеген жағдайларда бұл нышандардың барлығы мүгедектікке әкеліп соғады. Бала басын ұстай алмайды немесе берік ұстай алмайды, отыра және тұра алмайды.
Гемипаретикалық форма бір жақты қозғалыстың бұзылуымен сипатталады, көбінесе баланың қолдары ауруға шалдығады, қол бұлшық етінің тонусы жоғары, оның барлық буындары бүгілген, кеудеге келтірілген болады; қолының буыны жұдырықталған. Егер, бала зақымдалған қолын пайдаланбаса, жыл өткен сайын оның қысқарғаны, көлемінің кішірейгені (атрофия) байқалады.
Гиперкенетикалық форма күштелген еріксіз қозғалыстар – гиперкинездер (hyper грек сөзінен – аса және kinesis – қозғалыс деп аударылады: орталық жүйке жүйесінің органикалық және функционалдық бұзылыстары кезінде пайда болатын күштелген еріксіз қимылдар) түрінде байқалатын қозғалыс бұзылыстарымен сипатталады.
Атоникалық-астатикалық синдром – балалар церебралды параличінің бұл формасында бұлшық ет тонусы төмен, бұлшық еттердің қысылу қабілетінің жеткіліксіздігі байқалады. Қозғалыс бұзылыстары ең алдымен қозғалыстың жеткіліксіз үйлесуінен анықталады, баланың тепе-теңдік реакциялары қалыптаспаған. Баланың қозғалыстарынан атаксия – тұрақсыздық байқалады.
Церебралды параличке шалдыққан балалардың әртүрлі қозғалыс бұзылыстарының туындауына аурудың өзінің ерекшелігімен тікелей байланысты бірқатар факторлардың әсер етуі себеп болады. Олардың ішінде маңыздылары мыналар:ерікті қозғалыстардың шектелгендігі немесе мүмкндігінің жоқтығы. Мидың зақымдалу ауырлығына қарай белгілі-бір қозғалыстар толық немесе жартылай байқалмауы мүмкін. Ерікті қозғалыстар көлемінің шектелуі әдетте бұлшық ет күшінің төмендеуімен үйлесіп жүреді;
бұлшық ет тонусының гипертония (бұлшық ет тонусының төмендеуі) немесе спастикалық (бұлшық ет тонусының жоғарылауы) типі бойынша бұзылуы. Кез-келген қозғалыс актісі үшін қалыпты бұлшық ет тонусы қажет;кез-келген ерікті қозғалыстарды орындауды қиындататын күшті қозғалыстарының (гиперкинездердің) пайда болуы;тепе-теңдік пен қозғалыстар үйлесімінің бұзылуы;қозғалыстарды сезудің бұзылуы. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалардың сипаттамасы.Балалар церебралды параличіне шалдыққан көптеген балалардың бас миы ертеден бұзылуының нәтижесінде сөйлеу, есту, көру қабілеттері бұзылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, балалар церебралды параличіне шалдыққан балалардың 80%-ында сөйлеу қабілетінің бұзылғаны байқалады. Сөйлеу патологиясының ең жиі кездесетін түрі – дизартрия, көбінесе сөйлеу қабілетінің бөгелуімен үйлесіп жүреді. Сөйлеу қабілетінің бұзылу дәрежесі бас миының бұзылу уақыты мен шоғырлануына байланысты. Балалар церебралды паралличіне шалдыққан көру қабілеті бұзылған балаларда қылилық байқалады, оларда бір заттың екіншісіне ауысу қабілеті қиындатылған. Орта есеппен әрбір төртінші баланың есту қабілеті бқұзылады. Ой-өрісінің дамуының сақталуы, бірақ аздап төмендеуі мүмкін. Балалар церебралды параличіне шалдыққан дерлік барлық балалардың тез шаршағыштығы жоғары болады.Балалар церебралды параличі кезінде түзету жұмыстарының негізгі мақсаттарына мыналар жатады: балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық, логопедиялық, әлеуметтік көмек көрсету, барынша толық және ерте әлеуметтік бейімділікті, жалпы және кәсіби білім беруді қамтамасыз ету.Балалар церебралды параличі шалдыққан балалармен түзету педагогикалық жұмыс жүргізудің принциптері:Түзету-педагогикалық жұмыстың кешенді сипаттамасы.Балалар церебралды параличін ертеден диагностикалау.Алдыңғы қатарлы қызмет саласындағы жұмысты ұйымдастыру. Сәби жасында (1 жасқа дейін) – үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас жасау; ерте жасында (1-3 жаста) – пәндік қызмет; мектепке дейінгі жаста (3-7 жас) – ойын қызмет; мектеп жасында – оқу қызметі.
Жалғасып жатқан психикалық-сөйлеу қабілетінің дамуы серпінінде баланы қадағалау.Баланың ата-анасының және айналасындағыларымен тығыз қарым-қатынас жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет