Титуль мазмұНЫ



бет6/7
Дата09.04.2022
өлшемі270 Kb.
#138552
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кажет коргану курс.жұмыс
2 мақала, 5 Сыныптан тыс, Документ Microsoft Office Word, Еліміздің білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылу принциптері, құрылымы, Нагашыбаева А, сценарий
ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдык катынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет. Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық дамуының қазіргі кезеңі қоғамымыз бен оның институттарының одан әрі демократияландырылуына, қоғам мен тұлға арасында конституциялық-құқықтық қарым-қатынастың нығаюына бағытталған.
Қажетті қорғану институты да Кеңес дәуіріндегісінен едәуір өзгерді. Жалпы, аңғарылатын тенденция - ол қорғанушының құқықтарын көбейтіп, шабуылшының міндетін ұлғайту. Ал Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексі қорғанушының құқығын кеңейтті, яғни қорғанушының зиян келтірмеу жолдарының болуына қарамастан оған қорғану құқығы берілді. Демек, қорғанушыда біріншіден, қол сұғушыға зиян келтіру, екіншіден, басқа жолдармен одан қашып кету мүмкіндігі бола тұра, ол шабуылшыға зиян келтіруге толық құқығы бар. Соңғы 2014 жылдғы 3-шілдеде Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұрынғы өзге мүмкіндіктерді қолдану былай тұрсын, шабуылшының өмірге және денсаулыққа қол сұғу кезінде қару қолдануға ұмтылысының өзі оған қорғанушының зиян келтіруіне толықтай мүмкіндік береді және ол қажеті қорғану шегінен шығу болып есептелмейді.
Қажетті қорғану — әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Коститутцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
Әлеуметтік тұрғыдан қажетті қорғануды қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танимыз, себебі бұл құқық адамға тумысынан берілетін өмір сүру құқығынан туындайды. Ал құқықтық тұрғыдан қажетті қорғану Конституциямен кепілдік берілетін заңға сыйымды әрекет. Қылмыстық құқықта қажетті қорғану – бұл қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан сақтану. Сақтану сөзінің астында жай сақтану емес, құқықтық сақтану жатыр. Заң қорғанушыға жай шабуыл емес, белсенді шабуыл әрекеттерін жасауға рұқсат береді. Тек белсенді әрекет қана шабуылды тойтаруды қамтамасыз ете алады, сонда ғана қол сұғушы қоғамдық қауіпті әрекетті жалғастыру мүмкіндігінен айырылады. Заң жүзінде қылмыстылықпен күрес жүргізуде, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау міндеттілігі жүктелген тұлғаларға қажетті қорғану моральдық және құқықтық міндет болып табылады.
Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, бірдей дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан, тиесілі болып табылады. Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, менгін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген.
Бұл жерде мемлекеттік, қоғамның мүдделеріне қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен, қылмыс болып саналмайды делініп отыр.
Сонымен, қажетті қорғану құқығын жүзеге асырушы субъектілер шеңберіне еш шектеулер қоюға болмайды, яғни кез-келген адам бұл құқыққа ие. Соның ішінде ерекше атап өтетін субъектілер, ақыл- есі дұрыс емес және кәмелетке толмаған адамдардың құқықпен қорғалатын объектілерін қорғау мақсатында әрекет ету мүмкіндіктері. Нақты мүдделерді қорғауға қатысты әр түрлі тұлғалар әр түрлі міндеттерге ие болады. Біреуінде өз мүддесін қорғауда моральдық міндет жатса, кейбіреуінде қызметтік жағдайына байланысты туындайтын құқықтық міндеттер жатыр. Құқықтық міндетті жүзеге асыру барысында зиян келтірілгенімен заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен қорғалады.
Заңның мазмұнына сай қорғануды заңға сыйымды деп тану үшін қорғану шегінен шықпауы керек. Қорғанудың заңға сыйымдылығын шешу кезінде қол сұғушылық қауіптілік дәрежесіне, сипатына және басқа да факторларды ескеру қажет. Осы мәселелердің барлығы бағаланып, ал жалпы жиынтығы бойынша болған оқиғаның салдары мен сипатына қарай анықталуы керек.
Жоғарыда тоқталып өткен мән-жайларды қорыта келе, мынадай ұсыныстар жасаймыз: қажетті қорғану туралы заңнамалардың даму тарихына талдау жасау қазіргі уақытта қажетті қорғану институтының ерекшелігін, қоғамның дамуына орай маңыздылығын арттыра түсу; қажетті қорғану шегінен асудың орын алынуының бар немесе жоқтығын анықтағанда тергеу, сот органдары іс жағдайларының бәрін зерделеп, ескерген жөн; қажетті қорғану нормаларының дұрыс қолданылуы заңдылықтың бұзылмауына, азаматтардың заңға деген құрметінің ұлғаюына ықпалын тигізетінін және қылмыспен күресу жағдайына жағымды әсер ететіндігін тағы да айтқымыз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет