Төменгі сатыдағы автотрофты өсім



бет5/10
Дата05.09.2020
өлшемі375,68 Kb.
#77289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (2)
биологиялық кеш, биологиялық кеш, слайд систематика, курсовой систематика
Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылар класы, центрикалық диатомдылар класы (Сепігорһусеае). Бірінші класқа 4 қатар, ал екінші класқа 5 қатар жатады.

Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Ріппиіагіа) (137-сурет). Ол пиннаттылар класына жатады. Бұл судың түбіңдегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның екі ұшыңда және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесінде пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземның бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль жөне екі пластинка төрізді, қоңыр түсті хроматофорасы болады.

ҚОҢЫР БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ (БУРЫЕ ВОДОРОСЛИ)

Түрлерінің жалпы саны 1,5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың талломының бояуы сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Ол осы балдырлардың пигменттерінің: хлорофиллдің, каротиноидтардың, фукоксантиннің (қоңыр түсті) араласып келуінің нөтижесінде қалыптасатын түстер. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады.

Олардан эволюцияның дамуын микроскопиялық ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен (гигантский), кейде тіптен 60—100 м жететіндеріне дейін кездестіруге болады. Қарапайым түрлерінің талломы жіп төрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық, арқаулық (механикалық) және өткізгіш ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация талломның әртүрлі қызмет атқаратын участоктерге — ризоидтарға, өстік бөлікке ("сабаққа") және филлоидтарға ("жапырақтарға") бөлінуіне байланысты болса керек (138-сурет).

Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хроматофоры көп жағдайда диск тәрізді, көп болып келеді. Артық қор заттары ламинарин (полисахарид), маннит (сахароспирт) жөне шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді-целлюлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қыстырма меристамасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше жылға созылады.



138-сурет. Қоңыр балдырлар:



А-лессония; Б-саусақты ламинария; В-қантты ламинария; Г-макроцистис.

Вегетативтік көбеюі талломның бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады. Жыныссыз көбеюі (фукустар жьшыссыз жолмен көбеймейді - қатары) көптеген екі талшықты зооспоралары, немесе қозғалмайтын тетраспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралары бір клеткалы, сиректеу көп клеткалы зооспорангияларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады (диктиоталарда — қатары).

Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы және оогамиялы болып келеді. Изо- және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады: оогонийлері мен антеридийлері - бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фукустан басқаларының барлығының өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспорангияларда жүреді. Зооспоралары, немесе тетраспоралары гаметофитке (п) бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Әртүрлі түрлерінде ұрпақ алмасуы өртүрлі болады: біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағаңда бірдей болады (эктокарпус —туысы, диктиота — туысы), ал екіншілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен жөне көпжылдық болып келеді (ламинария —туысы, макроцистис — туысы).

Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіңдегі ең ірісі. Олар теңіздердің түбіңде орман немесе шалғын түзіп өседі. Кейбір қоңыр балдырлардың талломасының ұзыңдығы 60—100 м дейін барады (макроцистис туысы). Сондықтанда оларды моряктар "тірі кедергілер" деп атайды. Мұндай балдырлар кішірек катерлерді тоқтатып тастайды, үлкен параходтардың (судно) жүрісін тежейді жөне суға қонатын самолеттердің қонуына едэуір кедергі жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет