Управление образования города астаны


«Абайтану» курсы бойынша үлгілік сабақ жоспары



бет4/11
Дата02.07.2018
өлшемі2,74 Mb.
#46192
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Абайтану» курсы бойынша үлгілік сабақ жоспары Астана қаласы №8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Әбуева Шолпан Бәкірқызы – республикаға белгілі шығармашыл ұстаз. Әсіресе, Абай мұраларын мектепте оқыту мәселесі бойынша ұзақ жылдардан бері тынымсыз еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде 2010 жылы Жапонияның Токио қаласындағы Obun Publishinq баспасынан «Абайтану әліппесі» аудио оқу-әдістемелік кешен шығарылды. «Абайтану әліппесі» аудио оқу кешенінің модульдері. Көркем шығарманың мазмұнын меңгеру модульдері

2. Құнарлы ой

Шығармадағы Абайдың оқырманның көңілінде сараланып, екшеліп қалған ойлы, тұшымды, ұтымды, құнарлы ой оралымдарын табу, олардың мән-мағынасын танып-білу, талдау, зерттеу.



1. Жинақтау

Шығарманың тақырыбын, идеясын ашу, көркем туындыдағы кейіпкердің қасиеттерін немесе ақын негізге алып отырған құбылыстың өзіне тән белгілерін сипаттау, талдау, жинақтау.



2. Ой үндестігі, салыстыру

Талданып отырған шығарманың негізгі көтерген мәселесін, идеясын, ақын көзқарасын ақынның басқа шығармаларымен салыстыра отырып, олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын, ой үндестігін табу.



3. Абайдың сөзден салған суреті Өздері оқып, танып, меңгерген шығармадағы Абайдың ақыл-нақылға айналған, оқырманның көңілінде сараланып, екшеленіп қалған ой оралымдарын теріп жазу.

Өлең құрылысындағы Абай өрнегі

Абай өлеңдерінің құрылысына: буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас бойынша талдау жасау, өлеңге анықтама жазу. (Әдебиет теориясы бойынша жұмыс) Зерде

Қорыта айтқанда, оқу әдістерін қолдану белгілі бір бағдарларға ұмтылыс ниетінен бастау алады, бағытталады. Қандай әдіс-тәсілдерді қолдансақ та, оларды оқушылар бойындағы оқу нысанына қажеттілікке негіздеуіміз – шарт. Олай болмайынша, кез келген әдіс үдеріс деңгейінде қалып, нәтижеге жеткізу құралы бола алмай қалды.Таңдау курстарындағы оқу әдістерінің таңдалуы мен қолданылуы жақсы, оң құндылықтарға оқушыны бағыттауға, жаман және теріс қылықтардан сақтануға бағытталып, қызмет етеді деген сенімдеміз. Тыңдағандарыңызға рақмет!
Білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялар

Газиева Ж. Қ.

82 «Дарынды»



мамандандырылған лйцеинің

ОӘЖ директордың орынбасары
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі күнгі ұстаздардаң алдында тұрған басты міндеті – бәсекеге қабілетті оқушы тұлғасын дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жалпы оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Сол талаптардың маңыздыларының бірі педагогикалық үдерісінде инновациялық іс-әрекет жүргізу қажеттілігі. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілердің, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. [1].

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады .

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қазір кезде жалпы оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрcететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру, дамыту, құндылық қарым-қатынас, олардың өмірге деген талпынуы, жеке өздігінен білім деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған мұғалімдердің біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті педагогтардың шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған мұғалімдердің ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. 

Оқу арқылы сыни ойлаудың дамуы» технологиялары. Бұл элемент ХХ ғасырдың соңында Ч. Темпл, Д. Стил, К. Мередит негізін қалады. Бұл әдістің мақсаттары мен сипаттары:

Шешімдерді қабылдаудағы баламалық ұстанымындағы ойлаудың жаңа стилін қалыптастыру.

Оқушылардың тұлғалық дамуындағы сыни ойлау, коммуникативтілік, креативтілік, толеранттылық жақтарын дамыту.

Сараптамалық, сыни ойлауды дамыту.

Ақпарат көздеріне бағытталған оқу мәдениеті мен стратегияларын қалыптастыру.

Өзіндік ізденіс шығармашылық қызметін ынталандыру, өзіндік білім алу мен ұйымдасу механизмін қалыптастыру.

Бұл технологияда оқытушының негізгі рөлі оның үйлестірушілік қасиетінде.

Жобалау әдісі. Бұл әдістің негізі оқушылардың ақпараттық кеңістікте шатаспай, танымдық дағдысын дамыту арқылы өзіндік білім алудың жолдарын қарастыру, сыни ойлауды дамыту. Бұл әдіс оқушылардың жеке тапсырма беруде ғана өз тиімділігін көрсетеді.

Негізгі сипаттамалық белгілері:

- тақырыптың зерттеушілік, шығармашылық негізіндегі шешім қабылдауға бағытталуы

- нәтиженің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңыздылығының жоғарылығы;

- оқушылардың жеке қызметі;

- жобамен жұмыс жасау [2].

Бағдарламаның негізгі қағидаларын ұстану үшін жалпы оқу орындарына көптеген шаралар кешенін жүзеге асыру қажеттілігін ұмытпағанымыз абзал [3].

Қарқынды күшейте (интенсивті) оқыту технологиясы. Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз – оқытудың сапасында, мерзімін де өзгертпей, бірақ оқу ақпаратын кеңірек көлемінде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекші ететін ғылыми негізделген әдістерді жасау және еңгізу қажет.

Оқыту жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:

оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни оқулықтың негізгі, базалық бөлімі мен негізі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру; соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиеттер қарастырылу тиіс;

оқу материалын уақыт параметіріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде – білім алушылардың зейініне барынша белсенді кезеңіне айықтап беру;

өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде оқушының тірек боларлық білім қорын жақсарту;

бұрынғы берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.

күшейте оқыту үрдісі жеке психологиялық және ұжымдық – психологиялық факторлардың үйлесімді қарым-қатынасына негізделген.

Топтық оқыту технологиясы. Теориялық зерттеулер де практикалық тәжірибе де көрсетіп отырғандай, оқу іс-әрәкетінің пәні, қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым биік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (оқушы) – объект (пән) - субъект (оқушы)».

Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасайды. Топтық жеделдете оқытуда әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі әсер ететін оқу ұжымы пайда болады. [4].

Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді: жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді. Іскерлік ойындар технологиясы. Іскерлік ойындар дегеніміз мұғалімдердің кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету.

Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Бүгінгі таңдағы педагогтың білім беру жүйесіндегі инновациялық ізденістің басты мақсаты – білім беру процесін ұйымдастыруды өзгерту, оқу пәндерінің интеграци-

ясы, дүниежүзілік білім беру мәселелеріне сәйкес оқыту мазмұнын мақсатты іріктеу.

Демек, инновациялық педагогикалық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу және оны үнемі пайдалану оқытудың тиімді нәтижелерін қамтамасыз ететінін өмір тәжірибесінен көруге болады.



Компьютер мүмкіндіктерін пайдалану арқылы күрделі шығармаларды оқытудың оңтайлылығы
Рахымжан Б. Р.

74 мектеп-гимназия



тарих пәні мұғалімі

Жаңа заман ағысына сай, білім саласында озық технологиялар, ұтымды техникалық құралдар қолданудың маңызы ерекше. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында, алған білімін өздігінен қорыта білуге үйрету және білім берудің жинақы да жеңіл әдістерін қолдану кезінде компьютер мүмкіндіктерін пайдалану өте орынды. Жаңа білім саласындағы талап- әр мұғалімнің компьютерлік сауаттылығы болып отыр.

Тек ғана алғашқы компьютерлік сауаттылықпен шектелмей, компьютердегі бағдарламаларды тиісінше пән ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай қолдану, мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі деуге болады. Бүгінгі күнде жекелей пәндер электрондық оқулықпен жұмыс жасап, компьютерге енгізілген тест жүйелерін сабақтарында қолданып жүр.

Электрондық оқулықтың оқушының өздігінен білім алуына көмегі зор, негізгі ұғымдар мен теориялық мөселелерді тиімділігіне сай іріктеп, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйренеді. Ал тест жүйесі мұғалімнің уақытын үнемдеуге, бір сәтте бірнеше топтарға бақылау жасауға тигізер пайдасы зор. Мектеп бітіру емтихандарына даярлау кезіндегі мұғалім үшін де, оқушы үшін де, таптырмас көмекші құрал. Қазақ тілі пән мұғалімі компьютерге тілдің әр саласы бойынша бірнеше нұсқада тест сұрақтарын енгізіп, әр сала бойынша жүйелі жұмыс жасауына мүмкіндігі бар.

Әдебиет сабағында компьютер мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибеме тоқталмақпын. Күрделі әдеби шығармаларды оқытуда оқушының пәнге, әдеби шығарманы талдау ісіне қызығушылығын арттыру мақсатында компьютерлік бағдарламаларды қолданып жүрмін. 11сыныпта Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын оқытуда конструкциялау- жобалау технологиясын қолданып, әр оқушыға Роwer Роіnt бағдарламасы бойынша «Абай жолы романы-ғасырлық туынды» тақырыбына презентация жасаттым. Күнтізбелік жоспар бойынша әдебиет пәнінде аталған тақырып өтер кезде, информатика негіздерінен Роwer Роіnt «бағдарламасында презентация құру» тақырыбы сай келеді. Пәнаралық байланыс, интеграциялық оқыту әдістемесін колданып, екі салада оқушыға білімді саналы меңгертуді көздедім. Осы тұрғыда ұтқаным: оқушы күрделі шығарманы толық оқуға кұлшынады, өз білімі негізінде жаңа дүние, яғни презентация жасап шығады, презентация жасау үшін мәліметтердің қажеттілігін түсінеді, шығармашылықпен жұмыс жасап, ғылыми дүниетанымы артады, келешекте ұмтылмас үшін, жинақы да тиімді етіп шығарманың ең негізгі тұсын бөліп алады. Оқушы сөз сабағынан жалықпай пәнге қызығушылығы артады. Әр оқушы өзінің жасаған презентациясының тиімділігін мазмұн тұрғысынан тереңділігін дәлелдейді. Досының шығармашылық жұмысын; танымдық талдау жасайды, сыни тұрғыда бір-бірінің жұмыстарын бағалауға үйренеді. Ең үздік жасалған презентация сынып оқушыларына, қажет еткен мектеп окушыларына, мұғалімдеріне таратылады. Мұғалімнің осы сабаққа даярлық кезеңдері төмендегідей болуы шарт:

-аталған бағдарламаны мұғалімнің толық деңгейде меңгеруі;

-информатика пәні мұғалімімен бірлескен жұмысының жүйелі болуы;

-оқушыларды аталған бағдарламаны меңгеру деңгейін білуі, жақсы меңгеруіне күш жұмсауы;

-презентацияға қажетті материалдарды іріктеу, колдану және сызбалар мен блоктарды жасауға оқушылардың үйренуіне көмектесуі;

-берілетін білімдегі ең негізгі түйінді ажырата білуге үйрету, білімнің тиянақты меңгерілуін басты назарда ұстау;

-мұғалімнің ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастырудағы қабілеті жоғары болуы тиіс.

Презентация жасауда оқушыларға берілетін көмек- нұсқау (мүғалімнің өзі жасаған презентациясының жобасы).

Презентациямен жұмыс алгоритмі:

-презентация құрып алу;

-әр слайдта тақырыпқа сай фон таңдау;

-слайд формасын қою;

-слайдта қажетті мәтінді теру;

-слайдта мәтіннің қозғалысын жасау;

-слайдқа тақырыпқа сай сурет енгізу;

-дауыспен сүйемелдеу;

-уақытқа қою;

-құрылған слайдты безендіру;

-жұмысты дискетке жазып, басқа компьютерлерге орнату;

-презентацияны баспаға шығарып, нәтижесін мұғалімге көрсету.Дайын болған презентацияны жарнамалау.

Жарнаманың критерилері:

-презетацияның мазмұнды болуы;

-тақырыпқа сай безендірілуі;

-презентацияның көрнектілігі;

Презентация қажеттілігін дәлелдеу.

-авторлық күн;

-өзіндік шығармашылық жұмыс;

-өзіндік дүниетаным;

-мақсатты еңбек;

-оқытудың нәтижелілігі;

-презентация оқушының келешек білімін жетілдіруге қажет;

-жасалған презентация басқа оқушының білім алуына қажет.Осы сабақ негізінде мұғалімнің алдына койған негізгі тәрбиелік мақсаты- оқушыға білімді қызыға қабылдату, білімге ынтасын күшейту, оқушының өз дербестігін жетілдіру болып табылады.



«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ
Акирапбаева Н.Б.

74 мектеп – гимназиясы



қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, өз тілінде дітін орындата алатын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының басты қағидаларының  бірі – жоғары қиындықта оқыту.

Бұл жүйеге бүгінгі таңда оқушыларымыздың да, мұғалімдеріміздің де қызығушылығы жоғары. Өйткені бұл технологияның әр пәнді оқытудағы алдына қойған мақсаты айқын. Сол арқылы оқушының өз бетінше ойлау, пікірін жасқанбай айта білу, жинақтаған әдеби білім қорын орынды қолдана алуға дағдыландырады, танымдық болмысын қалыптастырады. Оқушылар бірте-бірте шығармашылық ізденіс деңгейіне жетеді. Сонымен қатар бұл технология мұғалімдер қауымының өзара әріптестікте жұмыс жасап, тәжірибе алмасуына да тигізер мүмкіндігі мол екендігіне көз жеткіздік. Соның нәтижесінде құрал қазақ тілі пәні бойынша 5 –сыныптарына арналған.

Оқу бағдарламасы, әдістемелік құралы, оқушыға арналған жұмыс дәптерін құрастырып, ұсынып отырмын .

Мақсатым: оқушыларға қазақ тілі пәнінің мазмұны арқылы сапалы білім, саналы тәрбие беру. Сол арқылы оқушыларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді дарыту. Ана тіліне деген қызығушылығын ояту, көркем шығарманы оқуға деген ынтасын арттыру.

Осы жұмысты жасау барысында алдыма қойған бірнеше міндеттер қойдым:

• қазақ тілі пәнінің мазмұнын, ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы ғылыми түсініктерін кеңейту;

• жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру;

• ана тілі негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгерудің негізін қалау;

• пәнаралық байланыс арқылы ғылымдағы өзгерістер мен жаңалықтардың тоғысын зерделеуге үйрету;

• Сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалдарды практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге бейімдеу;

• кез келген шаршы топта өз ойын шешен, шебер жеткізе білуге машықтандыру.

Ерекшелігі:



  • оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі;

  • табиғилығы;

  • дағдыға басым бағыт беруі;

  • білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

  • оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру:

  • оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

  • оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай міндетті деңгейде білім алуға еріктілігі;

  • шығармашылық қабілетін дамыту;

  • ғылыми ізденіске жетелеу.

Жаңалығы:

  • тілдік бірліктерді теориялық тұрғыдан «сатылай кешенді оқыту» технологиясының он деңгейіне орайластырып, сатылап, кешенді меңгерту көзделді;

  • сатылап кешенді оқыту оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде айқындалды;

  • жаттығулар мен тапсырмалардағы материалдар оқушылардың логикалық ойлау, танымдық белсенділігін арттыратындығын дәлелдеді;

  • «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын қолдану оқушылардың әр сыныптағы өтілген материалдардағы сабақтастық сақталады.

Нәтижесі:

  • Тілдік бірліктерді терең ғылыми негізде меңгерген шын мәніндегі тіл жанашырлары тәрбиеленеді.

  • Тілдік қатынас арқылы тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім әрекеттері жоғары деңгейде дамиды.

  • Рухы биік, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін елжанды, сөйлеу мәдениеті жоғары парасат иесі, жеке тұлға тәрбиеленеді.

  • Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы өз ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойларына сіңірген ұлттық тұлға қалыптасады.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда еліміздің саяси-әлеуметтік өмірінде, соның ішінде білім беру саласында жасалып жатқан игілікті өзгерістер және сол өзгерістер негізінде жасалатын жарқын болашақ қазіргі өскелең ұрпақтарды қанаттандырып жатқан қазақстандық мектептерден жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесін таныған, ұлттық мәдениетіміздің мұраттарын саналылықпен меңгерген, білімі мен соған сәйкес келетін білігі мол, Абай айтқан «көкірегіңнің көзі ашық, тілі орамды» жастарды тәрбиелеп шығаруды талап ететіні белгілі.

Қорыта айтқанда, бұл технология білімнің нәрін береді. Қазіргі таңда бұл технологияға сұраныс та, қызығушылық та күннен-күнге артып келеді. Бұл өміршең технология, осы жүйе бойынша оқыған балаға ҰБТ-ге арнайы дайындықтың қажеті жоқ, себебі бұл технологияның өн бойында үйретілетін, оқытылатын жүйелі білімнің өзі соған дайындық.  



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет