В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


№ 6 дәріс тақырыбы: Жұрнақтардың құрамы



бет2/4
Дата12.03.2018
өлшемі1,33 Mb.
#38609
1   2   3   4

№ 6 дәріс тақырыбы: Жұрнақтардың құрамы

Дәріс сабағының мазмұны:


1.Жұрнақтар туралы түсінік

2. Жұрнақтардың құрамы
Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтінбір бүтінжұрнақты айтамыз.

Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ болады. (-шылық, -шылык, -ғылықты, -ымпаз, -імпаз (жағымпаз), -ыншық, -іншек, -сыра, -сіре (қапсыра, естіре), -ырқап, -іркеп (жабырқап, шіміркеп), -ыңқыра, -іңкіре (етістіктен туған) (барыңқыра, жүріңкіре)).

Байқа-шы, қой-шы, ая-шы сөздеріндегі, сондай-ақ, келейін-ші, келейік-ші, кел-ші, келтір-ші, келіңдер-ші, келсін-ші, келсем-ші формаларындағы –шы (ші) қосымшасы етістіктің түр-түрлеріне тілену, жалыну мағынасын жамап тұрса, бармақшы, келмекші дегендерде –шы (-ші) жұрнағы мақсаттылық тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді жеткізе түсетін мағына үстейді.

Жұрнақтар мынандай топтарға бөлінеді:



  1. Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл және кірме жұрнақтар болып бөлінеді.

  2. ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.

  3. Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар болып саналады.

  4. Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, жалаң және құранды жұрнақтар болып бөлінеді.

  5. Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарағанда, олар дара мағыналы (моносемиялық) және көпмағыналы (полисемиялық) болып бөлінеді.

  6. Формасы (айтылуы мен жазылуы) басқа-басқа бола тұра мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар; сондай-ақ, формасы бірдей (айтылуы мен жазылуы) бола тұра, мағыналары бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.

  7. Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді.

 Жұрнақтардың мағыналық түрлері (А. Ысқақов)

  1. Тілдің өз төл материалынан, я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар деп бөлінеді.

  2. олар ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар деп бөлінеді.

  3. Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар деп бөлінеді.

  4. Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, олар жалаң және құранды болады

  5. Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарай, олар дара я көп мағыналы болады.

  6. Формасы басқа-басқа бола тұра, мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар, сондай-ақ формасы бірдей бола тұра, мағыналы бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.

  7. Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді. (-шы, -ші мамандық я бір іске бейімділік, икемділік мәнін береді)

 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Жұрнақ дегеніміз не?

2.Жұрнақтың қандай түрлері бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

№7 дәріс тақырыбы: Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар


Дәріс сабағының мазмұны:

1. Рең мәнін тудыратын жұрнақтың өнімдері немесе сипаттары

2. Конкреті зат есімдерден кішілік мәнін тудыратын зат жұрнақтары

Лексикалық мағаналық жағынан жаңа сөз тудырмай сөздерге әр қилы эмоциялық әсер экспрецивті рең беретін қосымша семантрикалық мағаналар ғана жамайтын жұрнақтар бар. Олар зат есімнің ішкі категориялық формалары. Демек зар есім ренк мәнін тудыратын жұрнақтар. Зат есімнің ренг мәнін тудыратын жұрнақтары жалпы есімдері де, жалқы есімдері де қамтиды. Мыс: Жөкей көкенің Солтүстік қабағында Аюлы дейтін бір кішкене тау сымақ бар. Бір көлшікте жасаған балықтар өсіп өніп көбейген кезде суы тартылып көлшік қурай бастапты. (ертегіден) Әдебиетте де, ауыз екі тілде де еркін қолданыла беретін ағажан, әктай, сәулетай тағы басқа сияқты сөздердің лексикалық мағаналарында аға, құрбы, әке,сәуле сөздерінен алшақтарлықтар айырмашылық болғанымен сөйлеушімен тыңдаушыға айту мәнгері жағынан да оларды бірдей деуге болмайды. Сөйтіп ренк жұрнақтары еркелейту, кішірейту силау я құрметтеу, Ұлғайту не үлкейту, ткелемеждеу я мысқылдау тәрізді мәндерді білдіреді. Олардың кей біреулері қабаттасып та қолданывлады.(ағай - әкетай) Кейбіреулері өздерінің бастапқы мәндерінен я жартылай (бөлімше, құдаша, кішкентай) я бүтіндеи айрылып, (жеткіншек, ірімшік, талшық, бүркеншік) сол жалғаннан, сөздерден бөлінбейтіндей болып кеткен. Бұл жұрнақтардың өнімдерінің сипаттары төмендегідей.



  1. -Еке – қа-ке. Жалпы ин жалқы есімдерге жалғанып сылау, құрметтеу, үлкен тұту сияқты мағыналық ренттерді үстейді. Өзі жалғанатын кейбір сөздердің толық түрлеріне тікелей тіркеспей соңғы дыбысы соңғы бір және бірнеше буыны түсіріліп барып жалғанады. Мысал: ағ-еке, шеш-еке, әпке, жездеке.

  2. -И жұрнағы негізінде туыс атауларына жалғанып оларға силау, құрметтеу, үлкен тұту мағынасын қоғады.Мыс: отай, ағай, әкей, шешей. Бұл қосымша қазіргі әдеби тілімізде тек жақын туыс атауларының аясында қалмай, алыс-жақындығына қарамай құрмет тұтатынын, жақын адамдарға қолданыла береді.

  3. -тай қосымшасы туыс атауларына жалғанып, оларға кішірейту, еркелету, ізет көрсету сияқты қосымша мағына үстейді. Мыс: ағатай, әкетай, жеңгетай.

  4. -жан жұрнағы көбіне адамзатқа қатысты бір алуан сөздерге және кісі аттарына жалғанады да оларға әрі еркелету әрі кішірейтіп ренкін жамайды. Мыс: Еркежан, Аружан, т.б.

  5. -Қан, - ақан жұрнағы өнімсіз болғанымен еркелету кішірейту ренкін білдіру үшін бір сыпыра сөздерде қолданылады. Мыс: ботақан, қошақан т.б.

  6. - Қай, - кей өнімсіз форма. Балақай, саусақай, шешекей бірлі жарым сөздерде ғана жалғанады. Иттің ұлы итақай дегендегі қай формасында Мұсақай, Сәрсеқай деген кісі аттарындағы қай- кей элементтерінде кішірейту формасымен айтылған.

  7. -шақ- шек формасы. Амонимдік қосымша. Бұл жұрнақ есім сөздерге жалғанып оларға кішірейту еркелету мағынасын істейді Мыс: інішек.

  8. -шық-шік, бұл жұрнақ шақ, шек жұрнағының қысаң түрі болып есептеледі. Бұл форма етістікті жалғанып туынды зат есім тудырады (бүршік, бүкешік)

Сонымен қатар ол есімдерге жалғанады. (төбешік, түйіршік) және етістіктің граматикалық формасы ретінде (ұшық,түршік) қолданылады. Зат есім жалғанғанда кішірейту және еркелету мағынысы үстем.

  1. -ша,-ше формасы зат есім жалғанып туынды үстеу, (балаша, балықша) жасайды да, сондай –ақ зат есім жалғанып кішірейту мағынасы үстейді. Мыс: көрпеше, жүрекше, күрекше, кітапша т.б.

  2. - Ш кісі аттарына және бір алуан жалпы есімдерге жалғанып оларға кішірейту, еркелету, аялау тәрізді қосымша мағына жамайды. Бірақ кісі аттарына сондай-ақ кейбір жалпы есімдерге қосылғанда олардың толық түрлеріне тікелей тіркеспе я соңғы дыбысы, я соң бір немесе бірнеше дыбыстары түсіріліп барып жалғанады. Мыс: Фатимаш, Мұқаш т.б.

  3. -Сымақ формасының өзге жұрнақтардан айрықша бір ерекшелігі сөзді я оның соңғы буынының жуан не жіңішк болуына қарамай үнемі жуан қалпын сақтап отырады. Бұл жұрнақ өзі жалғанатын зат есімдерге қомсыну, кекету, оқуды сынау тәрізді салыстыру мағынасын үстейді Мыс: ақынсымақ, білгіш сымақ, таусымақ т.б.

  4. -Шығаш, шігеш. Ол өзі жалғанатын сөзге кемеліне келменедікті және белгілі бір сатыға я қалыпқа жетпегендікті білдіретіндей қосымша мағына үстейді. Оның мағынасын – сымақ қосымшасымен синонимдес деуге болады. Мыс: Байшігіш, Батыршағаш, ершігіш.

  5. –Екеш, -егеш. Бұл жұрнақ категориясы ретінде қалыптасып кетпеген жұрнақпен сөз категориясы арасында тұрған форма. Бұл форма есім сөзбен тіркесіп оған қомсыну, менсімбеу кемтүту, сияқты мағыналық ренг жамайды. Мыс: Тас екеш тас та өзгереді. Ит екеш ит те егесін таниды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Зат дегеніміз не?

2. Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтарға қайсысы жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

№8 дәріс тақырыбы: Сын есімнің шырай категориясын жасайтын жұрнақтар


Дәріс сабағының мазмұны:

І. «Сын есімнің шырай категориясының теориялық сипаты

2.Сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне шолу


3. Шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері

Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.

Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған.

Сын есімнің шырайларын түрлері


Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.
Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Сын есімнің шырай категориясының теориялық сипаты

2.Сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне шолу


3. Шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

№9 дәріс тақырыбы: Жалғаулар және олардың қызметі және мағыналары


  Дәріс сабағының мазмұны:

1. Жалғаулар қызметі және мағыналары

2. Жалғаулар және оның түрлері
Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі жалғау деп аталады. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді.

Көптік  жалғауы


Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар.
Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар,-лер, -дар, -дер, -тар, -тер Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.
Тәуелдік жалғауы

Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді(меншікті)екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады.Сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.

Мысалы:

Жекеше түрі Көпше түрі


І жақ –м, -ым, -ім І жақ –мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ –ң, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз,  -ңыз, -ңіз ІІ жақ  -тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің, -тарыңыз, - теріңіз, - дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ –сы, -сі, -ы, -і ІІІ жақ –сы, -сі, -ы, -і

Сөздердің тәуелденуі өңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып, екіге бөлінеді.


Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.
Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы:

Оңаша тәуелдену: Ортақ тәуелдену:


Менің үй-ім, қалам-ым Біздің үй-іміз, қалам-ымыз
Сенің үй-ің, қалам-ың Сендердің үй-лерің, қалам-дарың
Сіздің үй-іңіз, қалам-ыңыз Сіздердің үй-леріңіз, қалам-дарыңыз
Оның үй-і, қалам-ы Оның үй-і, қалам-ы

Септік жалғауы

Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегінше:
Атау.         Кім? Не?
Ілік.           Кімнің? Ненің?
Барыс.       Кімге? Неге? Қайда?
Табыс.       Кімді? Нені?
Жатыс.      Кімде? Неде? Қайда?
Шығыс.     Кімнен? Неден? 
Көмектес. Кіммен? Немен?
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің -а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н -да, -де, -та, -те, -нда, -нде -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен.
Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.

Мысалы:
Жай септеу Тәуелді септеу


А. Үй А. Үйім
I.   Үй-дің I.   Үй-ім-нің
Б. Үй-ге Б. Үй-ім-е
Т. Үй-ді Т. Үй-ім-ді
Ж. Үй-де Ж. Үй-ім-де
Ш. Үй-ден Ш. Үй-ім-нен
К. Үй-мен К. Үй-ім-мен

Жіктік жалғауы


Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. 
Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана беред Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді. Тек  адамның кім екенін қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.(Мен оқушымын. сен ақылдысың, сіз үшіншісіз, мен кіммін? т.б.)
Жіктік жалғауының да үш жағы бар, бірақ үшінші жақтың арнайы қосымшасы (зат есім, сын есім, сан есім және есімдікте) жоқ. Есім сөздің жіктелуі:
Жақ Жекеше Көпше
І Мен дәрігермін, оқушымын Біз дәрігерміз, оқушымыз
ІІ Сен дәрігерсің, оқушысың. Сіз дәрігерсіз, оқушысыз Сендер дәрігерсіңдер, оқушысыңдар. Сіздер дәрігерсіздер, оқушысыздар.
III Ол дәрігер, оқушы. Олар – дәрігерлер, оқушылар.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Жалғаулар қызметі және мағыналары

2. Жалғаулар және оның түрлері

      Әдебиеттер тізімі



  1.  Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі.  Алматы. Етістік.

  2.   Исаев С.М.  Қазақ тілі. Алматы. Оқу құралы. 1993. – 170б

  3.  Мещанинов И. И. Члены предложения и части речи. Л., 1945

  4.   Шақаман Ы.Б. Қазақ тілі сөздерінің түрленім жүйесі мен қызметі, - Павлодар: ЭКО, 2008. – 172б

  5.   Исаев С.М. Қазақ тілі жайында ойлар. Алматы. 1997. – 202б

  6.  Кекілбаев Ә. Повестер мен әңгімелер. Алматы. Жазушы. 1978. – 348б

  7.  Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселері. Алматы. Арыс. 2007.- 488б

  8.  Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. – 509б.

№10 дәріс тақырыбы: Нөлдік тұлға ұғымы, сипаты мен қолданылу ерекшеліктері      


  Дәріс сабағының мазмұны:

 1. Нөлдік морфема туралы түсінік. Нольдік форма.



2. Нөлдік тұлға ұғымы, сипаты мен қолданылу ерекшеліктері      
Қазақ тілінде нөлдік тұлға туралы нақты ғылыми пікір қалыптастырып, жүйелі түрде зерттеп, пікірталас  тудырып, ғылыми теориялық көзқарасты орнықтырған ғалымдар - Ы.Е. Маманов, С.М. Исаев. Нөлдік тұлғаның қазақ тіліндегі алғаш ғылыми негізін салушы Ы.Е. Маманов[1] десек, С.М. Исаев [2] бұл ғалымның пікірін ары қарай жетілдірді. Бұл – басқа қазақ тілі ғылымдары аталған тақырып туралы пікір қозғамады деген сөз емес, мәселе – ғалымдардың алғашқы болып нөлдік тұлға теориясы туралы жүйелі зерттеп, оның не екенін танытып, көзге көрінетін грамматикалық көрсеткіштерімен салыстырып, оның бөлек грамматикалық мағынасы, қызметі, қолданыстық ерекшелігі бар екенін дәлелдеп беруінде. Аталған ғалымдар өзге тілді ғалымдар И.И. Мещанинов [3], О.П. Суник, В.М. Жирмунскийдің көзқарастарын, пікірлерін салыстырып, талқылап, қазақ тілінде нөлдік тұлғаның ұшырасатын орындарын, тілдік бірліктерді айқындап берді.

Нөлдік тұлға дегеніміз – бірден көзге танылмайтын, яғни арнайы грамматикалық көрсеткіші, нақты тұлғасы болмайтын, сөйте тұра сөйлемде белгілі бір сөзді екінші сөзбен грамматикалық жағынан байланыстырып, таза грамматикалық мағына білдіретін, қолданыс ішінде ғана қызмет атқарып, дерексіз (абстракциялық) танылатын тұлға[4]. Нөлдік көрсеткішті сөз қолданыс ішінде түбір сөзбен тұлғасы жағынан сәйкес көрінеді, бірақ олар бір деңгейде бола алмайды, олардың қызметі екі түрлі.

Нөлдік көрсеткіш таза грамматикалық категорияда, жалғаулар жүйесінде болады. Оның бар екені өзіне тән грамматикалық белгілерінен көрінеді:


  1.  ол өзінің нөлдігімен (жоқболуымен) белгі болып, көрінетін  көрсеткіштерге қарама – қарсы тұрады;

  2.  ашық көрсеткіштермен бір дәрежеде қызмет атқаруымен олармен бірлікте болады;

  3.  грамматикалық қызметі – байланыстыру және синтаксистік  мүше болу қызметі;

  4.  қай категорияның нөлдігі болуына қарай грамматикалық мән үстейтіні.

Тілдік категорияда нөлдік түсінігінің, ұғымының болуын, теориясын ғалым С.М.Исаев қарапайым мысал арқылы түсіндіреді:  «Белгілі бір белгілер жүйесінде бірдей белгінің болмауының өзі белгі болып есептеледі. Мысалы 3 шар алып, оның біреуіне + белгісін, екіншісіне Х белгісін салып, үшіншісіне ешбір белгі салмасақ сол шарларды ажыратуда белгінің болмауының өзі белгі болып табылады».[5,87]

Нөлдік көрсеткіштің танылуы нөлдік тұлғалы сөздің сөз бен сөзді байланыстыруынан білінеді, олай болса, ол грамматикалық  мағынаны да білдіреді.

Нөлдік тұлғаның танылу орындары

 Қазақ тілінде нөлдік тұлға мына категориялық көрсеткіштерде танылады.



  1.  Септік жүйесінің Атау, Ілік, Табыс септігінде;

  2.  Тәуелдік жалғаудың қолданысында;

  3.  Жіктік жалғау жүйесінде

Атау септігінің нөлдік тұлғада болатыны оның баяндауыш сөздермен байланысатынынан, өзінің бастауыш қызметте, қимыл иесі атауы (аталымы) болатынынан көрінеді. Ол жіктік жалғаулы сөздермен жақ жағынан байланысып, қиысуды көрсетеді: ТүйешіǾ ауылға бала құттықтап барғанын Торғын айтып келді.[6,19] Атау септігіндегі сөздің нөлдік көрсеткіште тұруы тек қолданыста (сөз аясында) танылады. Қолданыстан тыс тұрған сөздер атау тұлғалы (нөлдікті) болып табылмайды. Ондағы сөздерде атау  септігінің грамматикалық мағынасы, қызметі емес, тек заттық аталымдық немесе басқа (сөз табына қатысты) мән болады, синтаксистік қарым – қатынас болмайды. Ы.Е. Маманов: «Қазақ тілінде нөлдік форма көбінесе түбір сөздермен тұлғалас болып келеді. Соның салдарынан қазақ тілі грамматикаларында түбір сөздер мен нөлдік форманың аражігінайыруда ғылыми – теориялық анықтамалар жеткіліксіз»[6,118] деп түбір сөздер мен нөлдік тұлғалы сөздерді шатастырмауды ескерткендей болады. Ғалым сонымен бірге  сөздердің көптік, тәуелдік тұлғаларында, қимыл атауы, есімше тұлғаларының атау септігінде нөлдік тұлғаның болатынын көрсетеді.

Ілік септігі  жалғауының жасырын қолданысы нөлдік тұлға болып табылады. Нөлдік қызмет Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің аралығында иелік – меншіктік мағынасынан гөрі  қатыстық – меншіктік мағынасын көрсетеді: Ауылдың басшысы –  ауыл басшысы [6,16]бұл екі мысал екі түрлі  түсінік үшін қолданылады; бірінші мысалда алдында сөз болған нақты бір ауылдың басшысы туралы түсінік туса, екінші мысалда «жалпы қандай да бір ауылдың қандай да бір басшысы» түсінігі, яғни жалпылық атау, қатыстық мағына бар. Яғни ілік септігінің қосымшалы болуы иелік мағынаның нақтылығын көрсетсе, қосымшасыз, нөлдік тұлғада, болуы дерексіздікті (абстракциялықты) танытады. Жүн шекпенін, Теңбілкөк тақымы [6,5]дегендер де осы тәріздес.

Тәуелдік жалғауының жасырын тұруы өзімен тіркескен ілік септікті сөздің қай сөз табынан болуына байланысты. Егер ілік септікті сөз жекеше ІІ жақ сыпайы түрдегі, көпше І жақ тағы жіктеу, өздік есімдігінен болса, онда екінші сыңарлы сөз тәуелдік жалғаусыз, нөлдік көрсеткіште, айтыла береді:біздің оқу, сіздің бала, өзіміздің студент т.б.

Табыс септігінің нөлдік тұлғасы. Табыс жалғаулы сөз белгілі бір қолданыстық жағдайда  бірде ашық көрінеді, бірде жасырын (жалғауы) тұрады. Табыс септігінің нөлдік тұлғасы да белгілі бір құрылымға байланысты. Бұл белгі – белгсіздік категориясымен танылады.

Егер табыс септікті сөз өзі байланысатын етістікпен араларына  сөз салмай, қатар тұрып байланысса, онда ол нөлдік тұлғада болады: жарықтық жылқы деп, міне, Теңбілкөкті айт. Мұнда грамматикалық мағына – жалп қимылдың атқарылғандығында. Егер табыс септігіндегі сөз белгілік, айқындылық мағынасын беріп, оған ерекше ой екпіні түсірілсе және етістік пен табыс септікті сөз арасына басқа сөз қолданылса, онда табыс септігі түсірілмей айтылады: жарықтықты жылқы деп, міне, Теңбілкөкті айт.

Кейде барыс септігінің де нөлдік тұлғасы көрінеді. Бұл көбінесе ауызекі сөйлеуде, белгілі бір қолданыста кездеседі: ауыл(ға) барып қайттым.

 Жіктік жалғау жүйесіндегі көрсеткіштердің  нөлдік тұлғасы олардың баяндауыш болуымен көрінеді. Нақтырақ айтқанда, жіктік жалғаудың нөлдік тұлғасы

а) жіктік жалғаудың толық түрінің  ІІІ жағында жіктелетін есімшеде, адамзаттық мәнді зат есімдер, адамзатқа қатысты сын есім, сан есім, есімдіктер мен модаль сөздерде: ол барған Ǿ, ол баратын Ǿ, ол барар Ǿ, ол – мұғалім Ǿ, ол – үлкен Ǿ, ол – бірінші Ǿ , ол – сен Ǿ, ол – осы Ǿ , ол жоқ Ǿ;

ә) жіктік жалғаудың қысқа түрінің ІІІ жағында жіктелетін шартты райлы, жедел өткен шақ етістіктерінде: ол келсе Ǿ , ол келді Ǿ ;

б) бұйрық райлы жіктік жалғаудың жекеше, анайы ІІ жағында болады: сен жаз Ǿ, сен оқы Ǿ . [4, 58-61].



Сөздің түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан өзгеше басқа грамматикалық мағынаның арнайы грамматикалық формасыз, сырттай түбір мен немесе басқа тұлғамен сәйкес түрде берілуін формасыз тұлға немесе нөльдік форма деп атайды. Оған мысалы, жіктік жалғаудың 3 – жағы (мен келсе-м, ол келсе-), бұйрық райдың 2 – жағы (сен кел-,) жатады. Бала, келді, келген деген сөздерді жіктесек (жекеше: мен бала-мын, келді-м, келген-мін 2-ж. сен бала – сың, келді – ң, келген – сің, 3-ж.ол бала-, келді-, келген-,) ІІІ жақта жалғанған жалғау жоқ, сен кел, сен оқы дегендегі бұйрықтық мағына арнайы формасыз (жалғаусыз) сырттай етістік түбірімен сәйкес тұлға арқылы беріліп тұр. Ал шынында етістіктің түбірінде бұйрықтың мағына болмайды: келген, келіпті дегенде түбірі – кел, онда ешқандай бұйрықтық мағына жоқ. [7, 95].

 Нөлдік форма — сөйлем ішінде сөздердің арнайы грамматикалық формасыз - ақ белгілі грамматикалық мағына білдіруі. Мысалы, Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым. Одан да шықты жаңғырық (Абай). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл) деген мысалдардағы етістік баяндауыштың әрқайсысы бірнеше морфемадан тұрып, сөздің әрбір бөлшек тұлғасы жеке-жеке грамматикалық мағына білдіріп тұрады: бар-ды-м, (айғай) сал— ды-м, шық-ты, тыңда. Осындағы түбір тұлғалар (бар, айғай сал, шық, тыңда) қимылды, іс-әрекетті білдіріп, одан кейінгі -ды, -ты фор- малар сол қимылдың айтып тұрған сәтке бай- ланысты болу мезгілін яғни шақтық мағынаны (өткен шақты) білдіріп тұр. Алғашқы сөздегі  тұлғасы (барды-м, айғай салды-м) қимылдың иесін, яғни сол қимылды орындаушы кім (субъект) екенін және ол (қимылдың иесі) бірінші жақ яғни айтушының өзі (мен) екенін көрсетіп тұр. Ал үшінші сөзде (шықты) ондай грамматикалық арнайы форма жоқ, бірақ соған қарап бұл сөз (шықты) қимыл иесін (субъектіні) білдірмейді екен деуге болмайды. Бұл жерде шығу қимылының субъектісі (иесі) жаңғырық, 3-жақтағы сөз. Бұндай З-жақтық мағынаны шықты сөзінің құрамыңдағы -ты білдіріп тұрған жоқ, ол -ты өткен шақтық мағынаны ғана білдіріп тұр. Бұл сөздегі 3-жақтық мағына арнайы грамматикалық тұлғасыз форма арқылы берілген, 1-2 жақтарда арнайы тұлға бар, мен шықты-м, сен шықты-ң, сіз шықты-ңыз, ол шықты немесе тыңда сөзі жалпы іс-әрекетті және қимылдың сабақты мәнін (кімді тыңда?) білдірумен бірге (бұл мағыналар сөздің түбір тұлғасы арқылы берілген) бұйрықтық мағынаны және ол 2-жаққа қаратылып, ан8айылық және жекешелік мағыналарды білдіріп тұр. Бұл соңғы мағыналар да арнайы грамматикалық тұлғалар (формалар) арқылы берілмеген, сондықтан бұл да тұлғасыз форма. Өйткені осы жүйенің басқаша түрленуінде өзге формалары анық көрінеді: 2-жақ сыпайы тыңда-ңыз, 2-жақ көпше тыңда-ңдар, яғни бұл жерде бұйрықтық 2-жақ сыпайылық, жекеше мағына -ыңыз, бұйрықтық 2-жақ анайылық, көпше мағына -ңдар формасы арқылы берілген. Бұндай тұлғасыз форманы тіл білімінде нөлдік форма дейді, өйткені бұлар - сөздің түрлену жүйесіне негіз болатын тұлға емес, түрлену жүйесінің ішіндегі бір түрі (тұлғасыз түрі). Сөйтіп, нөлдік форма — белгілі бір сөз табының түрлену жүйесіндегі арнайы грамматикалық мағынасы бар, бірақ арнайы көрсеткіш тұлғасы жоқ ерекше құбылыс. Нөлдік форма сөз байланыстырушы қосымшалар (жалғаулар) жүйесінде болады. Арнайы грамматикалық форма болмаса да, сөздің байланысы арқылы белгілі грамматикалық мағынаның бар екендігі байқалып отыр. Қазақ тіліндегі нөлдік формалар септік жүйесіндегі атау септік және ілік пен табыс септіктердің жасырын түрі, жіктелу жүйесінде 3-жақ тұлғасы, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрі болып табылады да, сол түрлену жүйесіндегі (септік, жіктік, бұйрық рай) басқа түрлеріне (басқа септіктер ішінде, 1-2 жақтағы жіктік жалғауға, бұйрық райдың басқа жақ және көпше түрлеріне) қарама-қайшылық мәнде болады.[8,76]

 Пікірлерді қорыта келгенде, мынаған көз жеткізуге болады: бұл мәселе неғұрлым көп қарастырылып, жан – жақты сөз болған сайын тілдің мәселелері айқындала түсіп, бүкіл проблема осы бағытқа қарай бет бұрып келеді. Бұл мәселелер осынысымен қызықты да өзекті болып табылады. Қазақ тілінде нөлдік форма морфологияда қарастырылғанымен, әлі де зерттелуді қажет ететін тың тақырыптардың бірі. Өйткені бұл тақырыпқа арнайы тоқталып, әдебиеттер жарық көрген емес. Дегенмен, бұл аталған тақырыпқа тоқталмады деген сөз емес. Егер жан – жақты ізденіп, қарастырылса өте қызықты тақырыптардың бірі. Демек, тілді анықтау оның негізгі белгілерін көрсету, тың тақырыптарды ашу ол ұғымдар арқылы іске асады. Жалпы ізденіп, ойлана білсек кез келген шыңдарды ашуға болады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

 1. Нөлдік морфема туралы түсінік. Нольдік форма.



2. Нөлдік тұлға ұғымы, сипаты мен қолданылу ерекшеліктері      

      Әдебиеттер тізімі



  1.  Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі.  Алматы. Етістік.

  2.   Исаев С.М.  Қазақ тілі. Алматы. Оқу құралы. 1993. – 170б

  3.  Мещанинов И. И. Члены предложения и части речи. Л., 1945

  4.   Шақаман Ы.Б. Қазақ тілі сөздерінің түрленім жүйесі мен қызметі, - Павлодар: ЭКО, 2008. – 172б

  5.   Исаев С.М. Қазақ тілі жайында ойлар. Алматы. 1997. – 202б

  6.  Кекілбаев Ә. Повестер мен әңгімелер. Алматы. Жазушы. 1978. – 348б

  7.  Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселері. Алматы. Арыс. 2007.- 488б

  8.  Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. – 509б

№11 дәріс тақырыбы: Парадигмалар жүйесінде нөльдік морфема мен нольдік форма.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет