В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет1/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА



ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН






ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


Пән аты: Химия


Мамандығы:
5В130100 - «Жалпы медицина»
Кафедра: Химия
Курс: 1


Алматы, 2015 ж
Мазмұны

1. Силлабус . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .



3



2. Дәрістер кешені . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .



25

3. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .



37


4. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .



85

5. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .



122


6. Студенттердің білімін бақылау-бағалау құралдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .



141


СИЛЛАБУС



Пән аты – химия, Him 1111



Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»



Кафедра –химия






Курс – бірінші






Дәрістер 5 сағат






Тәжірибелік (семинар) сабақтар 25 сағат






Оқытушының жетекшілік етуімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) 30 сағат






Барлық аудиторлық 60 сағат






Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 30 сағат












Бақылау түрі: емтихан






Алматы, 2015 г.
Силлабус жұмыс бағдарламасына сәйкес, кафедра доценттері Е.В. Нечепуренко және А.А. Алмабековамен құрастырылған және химия кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
«__» ____________ 2015 ж., хаттама №___


Химия кафедрасының меңгерушісі, профессор __________________Н.У. Алиев


  1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Жоғары оқу орнының аты

- С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

Кафедра

- химия

Пән атауы

- химия, Him1111

Мамандығы

- 5В130100 – «Жалпы медицина»

Оқу сағатының саны

- 90 (2 кредит)

Курс және оқу 1 семестрі

- 1 (І,II)



Кафедра оқытушылары туралы мәліметтер



№ пп

ТАӘ

Қызметі

Ғылыми дәрежесі


Алиев Н.У.

каф. меңгерушісі, профессор

х.ғ.д.


Алмабекова А.А.

доцент

х.ғ.к.


Есімжан А.Е.

доцент

х.ғ.к.


Карлова Э.К.

доцент

х.ғ.к.


Кусаинова Ж.Ж.

доцент

х.ғ.к.


Кусаинова А.К.

доцент

х.ғ.к.


Нечепуренко Е.В.

доцент

х.ғ.к.


Садыкова Г.С.

аға оқытушы

х.ғ.к.


Кагазбекова Г.А.

А0,ға оқытушы

-

Байланыс туралы мәлімет:
Химия кафедрасының орналасқан мекен-жайы:
Алматы қ., Сейфуллин көшесі, INTRO №1 анатомия корпусы, №2 оқу корпусы, 3-ші этаж
Тел: 2926487 ішкі 7219
Пәннің саясаты:

  1. Студенттер кестеге сәйкес дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ-ға қатысуы тиіс.

  2. Сабақтарға ақ халатпен, кешікпей келуі керек. Сабақ үстінде байланыс телефонын өшіріп тастау керек.

  3. Сабақтарды жібермеу керек. Белгілі бір себептермен (ауруға байланысты) сабақты жіберген жағдайда қажетті құжаттар деканатға тапсырылады. Жіберілген барлық сабақтарды міндетті түрде өтеу қажет.

  4. Студенттер үнемі дәрістерге, практикалық сабақтарға, ОСӨЖ, СӨЖ-ға талаптарға сәйкес барлық тапсырмаларды орындап, дайындалуы керек.

  5. Орындалған тапсырмалар бойынша есептер оқытушыға уақытында тапсырылуы қажет. Бекітілген уақытынан кейін тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды.

  6. Емтиханға төмендегі студенттер жіберілмейді:




  1. БАҒДАРЛАМА

Кіріспе
Берілген бағдарлама медициналық оқу орнының «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Жоғары білімнің қазіргі жаңашыл шарттарына сәйкес шешуші міндеті болып іргелі оқыту табылады. Химия іргелі ғылым, сондай-ақ тірі ағзадағы процестерді тану және зерттеу құралы болып табылады. Сондықтан, медициналық мамандықтағы студенттер осы ғылымның негізгі идеялары, заңдары мен әдістерін жақсы игеруі қажет. Бағдарлама бойынша бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидты химия курсының аса маңызды тақырыптарының негізін қарастыру жоспарлануда.
«Химия» пәні биохимия, молекулярлы биология, физиология, фармокология, гигиенаның кейбір тарауларын меңгеруге теориялық базаны дайындайды және медицина-биологиялық, клиникалық пәндерді игергенде фундаментальды ғылымнан алынған ғылыми шешімді және зерттеудің жаңашыл әдістерін толық қамтуын қарастырады.
Жоғары медициналық білімді жетілдірудің маңызды міндеті болып пән аралық байланысты кеңейту және фундаментальды, медицина-биологиялық және клиникалық пәндердің интеграциясы болып табылады.
Пәннің мақсаты:
Студенттерде адам организмін зерттеуде біртұтас физика-химиялық, жаратылыс тану тұрғысынан шешім қабылдау, сондай-ақ ірі организмде жүретін маңызды биохимиялық процестер мен әр түрлі тепе-теңдіктердің химиялық және физика-химиялық аспектілерінің негізін қалыптастыру.


Пәннің міндеттері:

  • Тірі ағзада жүретін биохимиялық процестерді сипаттау үшін және ситуациялық есептерді шығара білу үшін физикалық және коллоидты химияның негізгі заңдылықтарын білуді үйрету;

  • Ерітінділердің концентрациясының сандық сипаттамасын, сонымен қатар олардың коллигативтік қасиеттерін, қышқыл мен негіз ерітінділерінің қышқылдығы жайлы, буферлік ерітінділердің әсер ету механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;

  • Табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен биополимерлердің құрылымының олардың химиялық қасиетіне әсері жайлы түсінік қалыптастыру;

  • заттар, оның ішінде тірі организмдегі органикалық компоненттер мен дәрілік препараттардың химиялық құрамы, құрылысы, қасиеттері және биологиялық белсенділігі арасындағы өзара байланыс туралы түсінікті қалыптастыру;

  • әдеби көзі мен мәліметтердің электронды базасымен жұмыс істеуге дағдыландыру.



Оқытудың соңғы нәтижелері
Пәнді оқып білу барысында студент келесі құзыреттілектерді игеруі тиіс:

        1. Білім

  • Химиялық термодинамиканың теориялық қағидалары, биоэнергетиканың негізі ретінде термодинамиканың 1 және 2 бастамаларын;

  • ерітінділердің құрамын анықтаудың негізгі әдістері;

  • ерітінділердің коллигативті қасиеттері, олардың организмдегі атқаратын ролі;

  • атомдар мен молекулардың құрылыс теориясын, комплексті қосылыстардың координациялық құрылыс теориясын, хелатотерапия туралы түсінік;

  • биогенді элементтер химиясын;

  • қышқылдық-негіздік тепе-теңдік мәнін және организмдегі буферлі жүйелердің функциясын;

  • тотығу-тотықсыздану процестерінің теориясын;

  • жоғары молекулалы қосылыстар және биополимерлердің табиғаты мен физика-химиялық қасиеттерін;

  • органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатурасының ережесі;

  • химиялық реакциялардың типтері мен механизмін;

  • табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластарының электронды құрылысын,изомериясын;

  • биохимиялық процестерде өзара өзгеріске ұшыраудың негізі ретінде органикалық қосылыстардың маңызды кластары мен функционалды топтарының түрлі айналулар жолдары;

  • органикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерінің биологиялық белсенділікпен өзара байланысы;

  • тіршілік ету процестерінде биологиялық реттегіштер мен биополимердің атқаратын ролі.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет