Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» зияткерлік білім сайысы Жүргізуші. Армысыздар, ардақты ұстаздар мен жарқын болашаққа нық қадам басқан білім алушылар!
Біздің «Жүзден жүйрік» тақырыбындағы зияткерлік білім сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі «Жүзден жүйрік» - зияткерлік білім сайысына қатысушы сайыскерлерді шақырсақ, топ мүшелері 1 курс білім алушыларынан құралған
1 топ «Білгір биологтар» 2 топ «Тапқыр химиктер» 3 топ «Алғыр экологтар» өздерінің білімдерін ортаға салып тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Ендеше оларды қошеметпен қарсы алайық.
Бүгінгі зияткерлік білім сайысы 7 бөлімнен тұрады.
1 – Таныстыру 2 – «Кімнің еңбегі?». (биология, химия, экология тарихынан) 3 – «Сандықтан шыққан лездеме сұрақтар!» 4 – Жеті жұрттың тілін біл 5 – Әдеби сайыс (биологиялық, химиялық, экологиялық ән-жырлар) 6 - Егер мен .... болсам! (Үй тапсырмасы) 7 - Іздеу ұйымы
Сайыс ережесі бойынша әрбір кезеңде сайыскерлерге жауабына сай ұпай беріледі. Білім алушылардың жауаптары ұпайлық жүйемен есептелінеді.