Дипломдық жұмыс Тақырыбы: " Delphi программалау ортасында графикалық компоненттерді пайдалану әдістемесі "


Clear әдісі элементттің мазмүнын (мәтіндік немесе сандық берігендерді) жойып тастайды, яғни элементті тазалайды



бет9/10
Дата31.01.2018
өлшемі1,06 Mb.
#36890
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Clear әдісі элементттің мазмүнын (мәтіндік немесе сандық берігендерді) жойып тастайды, яғни элементті тазалайды.

  • Refresh әдісі басқару элементттерін жаңарту үшін қолданылады. Жаңарту дегеніміз, элементті алып тастау және қайтадан салу деп түсіну қажет. Элементтті қайталап салу қажет болса, әдетте осы әдіс автоматты түрде шақырылады. Бірақ кейде, программалаушы қайталап салу әрекеттерін өзі басқарып отырған жағдайда, бұл әдісті программа кодында көлтіру қажет.

Refresh әдісі Invalidate және UpDate әдістерін шақырып отырады. Invalidate әдісі Windows ортасына бейнені жаңарту қажеттігі туралы хабар жібереді. Жүйе осы операцияны мүмкін болғанда ғана орындайды. UpDate әдісі бойынша хабар келісімен бірден жаңарту операциясы орындала береді.
Информацияны енгізу және редакторлау

Delphi ортасының Edit, MaskEdit, Memo, RichEdit компоненттері арқылы информацияны енгізуге және оны өзгеруге болады. Edit компоненті Enter пернесінің басылғанына сезінбейді.

  • Edit - тің CharCase қасиеті енгізілетін мәтіндегі әріптердің регистрын анықтайды:

  • EcLowerCase - барлық көрсетілген әріптерді кіші әріпке аударады;

  • EcNormal - әріптерді көрсетілген түрінде бейнелейді;

  • EcUpperCase - барлық көрсетілген әріптерді бас әріпке аударады.

  • Егер Edit - тың Password (қупия сөз) қасиетінің мәні #0 болса, онда енгізу жолында терілген таңбалар көрініп тұрады. Енгізілген информацияны көрсетпеу үшін Password мәні #0 - ден тыс болу керек. Енгізу жолындағы таңбалардың орнында жүлдызшалар (*) тұрады.

  • MaskEdit компоненті енгізілетін берілгендің үлгісін анықтайды (мысалы, бүтін, нақты сандарды, датаны немесе телефон нөмірін). Үлгі компоненттің EditMask қасиеті арқылы анықталады. Сол қасиеттің оң жағын екі рет сырт еткізіп, шыққан терезеде берілгендердің үлгісін анықтауға болады.

  • Жалпы Edit элементті Enter және Esc басқару пернелерін басқанға сезінбейді. Enter пернесін басқандағы орындалатын әрекеттерді программалаушы әдейі көрсету керек. Әдетте бұл перненің басылуы редактордың жолындағы берілгендің соңын және басқа басқару элементтіне өту, яғни SetFocus әдісі немесе ActiveControl қасиетінің мәнін көрсету арқылы оған енгізу фокусын беру қажеттілігін анықтайды. Жиі кездесетін бір жәйт - басқару бір енгізу элементтіне берілгенін көрсеткеннен кейін басқа басқару элементтіне өткенде (табуляция орындалғанда), Enter пернесін басумен байланысты оқиғаны бөліп өңдеу тәсілі қолданылады.

Көп жолдық редактор

Көп жолдық мәтінді өңдеу үшін Delphi ортасы Memo компонентін үсынады. Бұл редактордың мүмкіндіктері бір жолдық Edit элементтімен бірдей, тек Memo - де бірнеше жол орналастыруға болады. Memo - ның мазмүнына қол жеткізу үшін String түріндегі Lines қасиеті қолданылады. Бұл жәйтта терезенің мазмүны бір жолдық шама деп саналады, жолдың соңын көрсету үшін Enter пернесі басылған, яғни соңында #13#10 таңбалары түр деп саналады.

Memo - ның бөлек жолымен жұмыс атқаруда TString түрінің Lines қасиеті қолданылады. TString класы арнайы жолдық шамалармен жұмыс атқаруға негізделген және көптеген қасиеттер мен әдістерді қолдануға мүмкіндік туғызады.

WantTab қасиетінің мәні True болса, онда Tab пернесі басылғанда мәтінге табуляция белгісі орналастырылады, яғни келесі жолды енгізуге мүмкіндік туғызады. Келісімше WantTab қасиетінің мәні False, осы тәртіпте Tab пернесі басылғанда енгізу фокусы келесі терезелік басқару элементтіне беріледі.

RichEdit компоненті мәтінді редакторлау мүмкіндігімен қамтылған, ол мәтінді форматтауды және келесі әрекеттерді орындауды сүйемелдейді: тегістеу және табуляция тәртібін орнату, шегіністі қолдану, шрифты өзгерту және т.с.с. Осы редактордағы даярланған мәтін RTF (Rich Text Format) форматымен тіркеседі, яғни Windows ортасындағы барлық мәтіндік редакторлармен сүйемелденеді.

Қиылыстырылған тізім

Қиылыстырылған тізім редакторлау өрісін тізіммен байланыстырады. Тізімдегі бір мәнді таңдап, сол мәнді тізімде көрсетуге болады. Осындай әрекеттерді орындау үшін Delphi ортасы ComboBox компонентін үсынады. ComboBox компоненті арқылы анықталған тізім жәй және жазылатын түрде болуы мүмкін.



DropDownCount параметрі (келісімше - 8)экранбетіне шығып түратын элементттердің санын анықтайды. Егер тізімдегі элементттер саны Items - тың Count параметрінде анықталған шамадан артып түссе, онда жазылатын тізім автоматты түрде тік белдеумен қамтылады.

DroppedDown (Boolean) параметрі тізім жазылған немесе жазылмаған күйде екенін анықтайды. Егер бұл параметр True деп анықталса, онда тізім жазылған күйде, керісінше болса - бүктелген күйде көрсетіледі. Бұл анықтама Style - дың мәні csSimple - ден басқа сипаттамаларына ғана әсер етеді.

Жазылатын тізім көрсетілгенде TNotifyEvent түрінің OnDropDown оқиғасы туады. DroppedDown параметрінің мәнін өзгерту арқылы программа орындалғанда тізімді бүктеуге немесе жазуға болады.



Жалпы тізімдер туралы

Жәй және қиылыстырылған тізімдер бір біріне ұқсас болып келеді және олардың көптеген ортақ қасиеттері, оқиғалары және әдістері болады. Жалпы тізімдердің жолдармен жұмыс істеуге бейімделген және өзінің көптеген қасиеттерімен қатар әдістері бар негізгі қасиеті - Items болып саналады.



Items қасиеті

TString түрінің Items қасиеті массив тәріздес, ол жолдардың санын және олардың мазмүнын анықтайды. Жалпы TString түрі - базалық түрге жатады және ол жолдық шамалармен жұмыс атқаруды қамтамасыз етеді.

Бөлек жолдармен жұмыс атқарғанда жолдардың нөмірін қадағалап отыру керек, мысалы, егер Items құрамында үш жол анықталған болса, ал программа орындалу барысында бір операторда төртінші жолдың нөмірі көрсетілсе, онда осындай жағдай қатеге алып келеді және программа жұмысын апаттық түрде тоқтатады. Count параметрі тізімдегі элементттер санын анықтайды. Соңғы элементттің нөмірі (Count –1) болып саналады.

Қосымшаны құрастырғанда кейде бір тізімдегі элементттерді басқа тізімге жылжыту қажет болуы мүмкін. Осындай әрекетті тізімдерді келістіру деп атайды. Келісілген тізімдерді орнату AddStrings және Assign әдістері арқылы орындалады. Equals әдісі арқылы тізімдердің келісуінің қажеттілігін тексеруге болады.



Move (CurIndex, NewIndex:Integer) процедурасы CurIndex - пен анықталған жолды NewIndex - пен анықталған орынға жылжытады.

IndexOf (const S:String) : Integer функциясы арқылы тізімде S жолдың бар болуы тексереді. Егер тізімде осындай жол бар болса, онда табылған жолдың нөмірін көрсетеді, керісінше (– 1) мәнін қайтарады.

Стандартты батырма

Button - терезелік басқару батырмасы болып саналады. Оның бетіне батырманының тағайындалуы туралы немесе батырманы басқандағы орындалатын іс - әрекеттің қысқаша анықтамасы келтірілуі мүмкін.

Button батырмасымен орындалатын негізі оқиға - OnClick - оны сырт еткізу. Осы сәтте батырма түрін өзгертіп, команданы қабылдағанын көрсетіп тұрады. Батырманы жібергеннен кейін OnClick оқиғасын өңдеуші үзінді өз жұмысын бірден бастайды. Батырманы әртүрлі әдістермен басуға болады:

Терезені жабудағы қолданылатын батырмалардың ModalResult қасиетін пайдалануға болады. Бұл параметр терезе жабылғандағы форманың ModalResult мәнін анықтайды. Әдетте ModalResult - ты сүхбаттасу терезелерін жабуда қолданады және оның мүмкін болатын мәндері бүтін сан түрінде анықталады. Егер батырманың ModalResult мәні mrNone - дан басқа кез келген мәнді қабылдаса, онда батырма басылғанда форма автоматты түрде жабылады. Мәндердің кейбіреулері аталынған түрақтылар түрінде жарияланған.

Суреті бар батырма

Суреті бар батырмасы есебінде TButton түрінің туындысы BitBtn компоненті саналады. Оның Button батырмасынан айырмашылығы: BitBtn батырмасында жазуымен қатар растрлық сурет (глиф) орналасады.



  • bkCustom - батырманың бетінде таңдалған сурет орналасады, бірақ ол арнайы жүктеуді қажет етеді;

  • bk OK - жасыл түспен боялған қанатша мен OK (келісу) жазуы шығып тұрады. Компоненттің Default қасиеті True, ал ModalResult - mrOK деп анықталған;

  • bkCancel - қызыл түспен боялған Х таңбасы мен Cancel - (аластату) жазуымен қамтылған батырма. Компоненттің Cancel қасиеті True, ал ModalResult - mrCancel деп анықталған;

  • bkYes - жасыл түспен боялған қанатша мен Yes (келісу) жазуы шығып тұрады. Компоненттің Default қасиеті True, ал ModalResult - ты - mrYes деп анықталған;

  • bkNo - батырма үстінен сызылып тасталған қызыл түсті шеңберден және No (келіспеу) жазуымен қамтылған. Компоненттің Cancel қасиеті True, ал ModalResult - mrNo деп анықталған;

  • bkClose - батырманың бетінде жабылып жатқан есіктің бейнесі және Close (жабу) жазуы орналасқан. Батырма басылғанда форма автоматты түрде жабылады;

  • bkAbor t- қызыл түспен боялған Х таңбасы мен Abort (аппаттық түрде тоқтату) жазуымен қамтылған;

  • bkRetry - жасыл түспен боялған тіл сызық белгісі мен Retry (қайталау) жазуымен қамтылған;

  • bkIgnore - батырма елемеу белгісімен және Ignore (елемеу) сөзімен қамтылған;

  • bkAll - батырманың бетінде екі жасыл түсті қанатша және Yes to ALL - (барлық үсыныстармен келісу ) жазуы орналасқан:

  • bkHelp - батырманың бетінде көкшіл түсті сүрақ белгісі және Help - (жәрдем ) жазуы орналасқан.

BitBtn батырманың Kind қасиеті келісімше bkCustom деп тұрады. Жалпы алдын ала анықталған батырмалардың Glif параметрін өзгертуге болмайды, себебі онда осы қасиетке алдын ала тағайындалған жұмыс орындалмайды.

Батырманың Margin қасиеті арқылы глиф пен жазуды батырманың шеттері бойынша тегістеуге болады. Келісімше бұл параметрдің мәні -1 деп тұрады, яғни бейне мен жазу батырманың ортасында орналасқанын көрсетеді.

Тегістеу шеті Layout мәнімен байланысты , егер Layout мәні blGlifLeft деп анықталса, онда тегістеу сол жақ шеті бойынша орындалады.

Space қасиеті арқылы глиф пен жазбаның ара қашықтығы анықталады.

Жедел батырмалар

Delphi ортасы жедел - тез арада қол жеткізу батырмасы ретінде BitBtn - ге ұқсас TGraficControl класының SpeedButton туындысын үсынады. SpeedButton батырмасы терезелік емес компоненттерге жатады, сондықтан бұл батырма енгізу фокусын қабылдай алмайды, бірақ BitBtn және Button батырмаларымен салыстырылғанда оның жұмысына кететін компьютердің ресурстары айтарлықтай кем болып келеді. Әдетте бұл батырманы құралдар тақташасын құрастыруда пайдаланады.

SpeedButton жедел батырмасы ауыстырғыш ретінде жиі қолданылады. Әдеттегі және басылған күйден басқа бұл батырма таңдалған - қосылған (жаңшылған) түрде болуы мүмкін. Батырманың қосылған күй - жағдайын Down (Boolean) параметрі арқылы анықтауға болады, егер оның мәні True болса, онда батырма қосылған күйде, керісінше - қосылмаған күйде деп саналады.

Ауыстырғыштар

Ауыстырғыштар (жалаушалар) анықталған жиыннан бір ғана мәнді таңдауға мүмкіндік туғызады. Ауыстырғыштар қосылған немесе ажыратылған күйде болады. Ауыстырғыштың күй - жайын тексеріп отырып, программалаушы қажетті операцияларды орындайды.

Delphi ортасы ауыстырғыштармен жұмыс атқару үшін CheckBox, RadioButton және RadioGroup компоненттерін үсынады. CheckBox және RadioButton компоненттері - TbuttonControl класының туындылары, сондықтан оларды кейде бекітілген батырмалар деп атайды: CheckBox -тәуелсіз бекітілген, RadioButton - тәуелді бекітілген.

Тәуелсіз бекітілген ауыстырғыш

CheckBox тәуелсіз бекітілген ауыстырғыш және оның көрінісі мәтіндік тақырыбы бар төрт бүрыш түрінде шығып тұрады. Егер осы төрт бүрышта қанатша көрініп турса, онда осы опция (үйғарым) қосылып түр немесе жалауша орнатылған деп айтады. Бір батырманың күй-жайы басқа батырмаларға әсер етпейді.

Жалаушаның жоғарыда анықталған екі түрінен басқа үшінші - тиым салынған күй - жағдайы болуы мүмкін. Осы күй - жағдайдың болуы Boolean түріндегі AllowGrayed параметрімен қамтылады, егер оның мәні True болса, онда тышқанды сырт еткізу арқылы жалаушаның үш күй-жайын анықтайтын тәртібін орнатуға болады. Олар - қосылған, ажыратылған және тиым салынған күй - жағдайлар. Тиым салынған ауыстырғыш сұр түспен боялып, төртбұрышта қанатша орнатылып тұрады.

Ауыстырғыштың күй - жайын өзгерткенде OnClick оқиғасы туады. Осы оқиғаны өңдеушінің құрамында әдетте ауыстырғыштың күй - жайын тексеру және тағы да басқа қажетті әрекеттерді орындайтын операторлары болуы мүмкін.

Басқару элементттерін біріктіру

Кейде қосымшаны құрастырғанда әртүрлі басқару элементттер біріктіруді қажет етеді, мысалы ауыстырғыштар немесе құралдар тақташасымен жұмыс атқарғанда. Осындай біріктіру әрекеттері контейнерлер арқылы орындалады. Әдетте контейнер деп өзінің бетінде басқа элементттердің орнатылуын және осы компоненттердің біріктіруін қамтамасыз ететін визуалдық элементті атайды. Контейнер өз бетінде орнатылған компоненттердің иесі болып саналады және өз туындылар бейнелерінің салынуына жауап береді. Контейнердің туындысы өзінің алғы буынына Parent қасиеті арқылы сілтейді. Әр контейнер өз құрамындағы элементтерді шектеп тұрады.

Әмбебап контейнерлер ретінде Delphi ортасы келесі компонентерді үсынады:


  • GroupBox - тоб;

  • Panel - тақташа;

  • ScrollBox - қарап шығу белдеулерімен қамтылған аймақ;

  • Frame - фрейм.

Жалпы контейнер ретінде форма да қолданылады. Форма - оның бетінде орналасқан барлық компоненттердің иесі болып саналады.

Фреймдер

Фрейм (TFrame) - бетіне басқа компоненттерді орналастыруға болатын контейнер ретінде қолданылады. Фреймді қолданудың айырмашылығы - оның өзінің басқа бір контейнерде орналасуының мүмкіндігі, мысалы формада немесе тақташада (Panel). Фреймді қолданудың негізгі мақсаты - программаның терезесін әдемі және көрнекі түрде шығару.

Фрейммен жұмыс атқару келесі екі кезеңнен тұрады:


  • Фреймді құрастыру;

  • Фреймді формаға немесе Panel - ге орналастыру.

Фреймді құрастыру үшін File=> New Frame опцияларын таңдау керек, сол сәтте экран бетіне фреймнің бос терезесі шығады және жобаның құрамына жаңа фрейм қосылып тұрады. Енді фреймнің бетіне қажетті басқару элементттерін орналастыруға және оқиғаларға сезіндіру үзінділерін құрастыруға болады. Фрейм және формамен жұмыс атқару ұқсас болып келеді.

Формаға фреймді орналастырғанда жобаның Uses бөлімінде автоматты түрде фрейм модулінің сілтемесі көрсетіледі, ал форма класының анықтамасына (Type сөзімен басталған бөлімінде ) фрейм элементттерінің оқиғаларын өңдеуші үзінділеріне сілтемелер қосылып отырады.



Қорытынды

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай да бір жұмыс орындауды көз алдымызға елестету қиын. Бұл компьютермен жұмыс істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.

Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау – объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Жылдам құру жүйесінің негізіне (RAD – Rapid Application Development – қосымшаларды жылдам құру ортасы) визуалды жобалау мен оқиғалы объектілі бағдарланған программалау технологиясы алынған. Мұндай программалаудың мәні – программа жасаушы құрал жұмыстың көп бөлігін өзі атқарып, программистке диалог терезелерін құрастыру мен оқиға өңдеушіні құру жұмыстарын қалдырды. RAD жүйелерінің ішінде Borland Delphi және Visual Basic орталары әртүрлі программалар құруға мүмкіндік береді: қарапайым бір терезелік қосымшалардан бастап, үлестірілген мәліметтер қорын басқару программаларына дейін. Borland Delphi ортасындағы программалау тілі Object Pascal тілі.

Программалау іскерлігін үйрену үшін нақты есептер шығарып, программасын жаза білу қажет. Ол үшін программалау тілі мен оны құру ортасын меңгеру керек. Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінде программалаудағы негізгі ерекшелік алдымен программалау синтаксисі мен компоненттерді пайдалануды үйренуде болып табылады.

Бұл ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің графикалық және мультимедиялық мүмкіндіктері берілген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. В Фаронов. Объектно-риентированная среда Delphi. Версия 6. Учебное пособие. "Русская редакция", 2002.

  2. Я. Н. Глинский, В. Е. Анохин, В. А. РяжскаяTURBO PASCAL 7.0 и Delphi. Учебное пособие. Москва – Санкт – Петербург-Киев. 2001.

  3. Культин Н. Delphi 3. Программирование на Object Pascal. Санкт-
    Петербург, 1998. -304 с.

  4. Конопка Р. Создание оригинальных компонентов в среде ОеІрһі.Перс англ.Рей.К.:НИПФ «Диа Софт ЛТД», 1996. -152 с.

  5. Орлик С.В. Секреты Delphi на примерах. М.: Бином, 1996. - 136 с.

  6. Нурбекова Ж. Практикум решения задач на Delphi 5.O. Учебно-
    методическое пособие. Павлодар, 2001. -106 с.

  7. Халықова К.З. Паскаль тілінде программалау. Оқу құралы. Абай ат.ҚазҰПУ. Алматы, 2002. -2106.

  8. Дудина И.П. Построние графиков функций в Delphi. Информатика и образование. №6, 2003, стр.27-31.

  9. Давыдова Е.В., Скородумов И.А., Балаханов В.А. Создание базовых элементов интерфейса Windows программы в среде Delphi.
    Информатика и образование. №4,5,6. 2002.

  10. Халықова К.З., Ануарбекова Г.Ж. Object Pascal тілі. Delphi ортасы. Оқу әдістемелік құрал. – Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ, 2008. – 220 бет.

  11. Б. Д. Сыдықов, Ш. Т. Шекербекова, Н. И. Культин - Delphi ортасында бағдарламалау практикумы. Алматы, 2005



ҚОСЫМША 1
ScrollBar, ColorDialog, ComboBox, Panel және Button компоненттерін пайдалана отырып, геометриялық фигураларды құру.

  1. Геометриялық фигураны шығару үшін Additional қосымша бетіндегі Shape1 компонентін орналастырамыз. Heigth қасиетіне 209; қасиетіне 393; қасиетіне 56; қасиетіне 48 мәнін тағайындаймыз.

  2. Фигураның өлшемін өзгерту үшін ScrollBar1, ScrollBar2 айналым жолақтарын орналастырамыз:




Компоненттер

Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер

ScrollBar1: TScrollBar

Heigth: 17

Width: 481

Left: 16

Top: 288


Kind: cbHorizontal

ScrollBar2 TScrollBar

Heigth: 289

Width: 17

Left: 496

Top: 16


Kind: cbVertical

ScrollBar1 компонентін екі рет басып, ашылған ScrollBar1Change оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі мәліметтерді енгіземіз:


procedure TForm1.ScrollBar1Change(Sender: TObject);

begin


Shape1.Width:=ScrollBar1.Position*3;

end;


Сонымен қатар, ScrollBar2 компонентін екі рет басып, ашылған ScrollBar2Change оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі мәліметтерді енгіземіз:

procedure TForm1.ScrollBar2Change(Sender: TObject);

begin

Shape1.Height:=ScrollBar1.Position*2;



end;


  1. Бірнеше басқару элементтерін топтау үшін Panel компонентін орналастырамыз және төмендегі кестеде берілгендей олардың қасиеттеріне өзгертулер енгіземіз:

Компонент

Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер

Panel1:TPanel

Caption:

Heigth: 89

Width: 521

Left: 8


Top: 328

Kind: cbHorizontal






  1. Фигуралардың түрін таңдау үшін ComboBox1 компонентін орналастырамыз және төмендегі кестеде берілгендей қасиеттеріне өзгертулер енгіземіз:

Компонент

Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер

ComboBox1:

тсomboBox




Caption: бос қалдырамыз

Items: stRectangle

stSquare

stRoundSquare

stRoundRect

stEllipse

stCircle

Font: шрифтің түсін және өлшемін өзгертеміз


ComboBox1 компонентіне екі рет басып, ашылған ComboBox1 Change оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі мәліметтерді енгіземіз:

procedure TForm1.ComboBox1Change(Sender: TObject);

begin


shape1.Shape:=TShapeType(ComboBox1.ItemIndex);

end;


  1. Dialogs бетіне ColorDialog1 компонентін форма бетіне орналастырамыз.

  2. Фигураның түсін таңдау үшін Button1 компонентін орналастырып, тақырып жолына «Фигураның түсі» мәтінін жазамыз және Button1Click оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі программа мәтінін енгіземіз:

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);

begin


if ColorDialog1.Execute then

shape1.Brush.Color:=ColorDialog1.Color;

end;

Форманың түсін таңдау үшін Button2 компонентін орналастырып, тақырып жолына «Форманың түсі» мәтінін жазамыз және Button2Click оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі программа мәтінін енгіземіз:



procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);

begin


if ColorDialog1.Execute then

Form1.Color:=ColorDialog1.Color;

end;

Фигураның жиегінің түсін таңдау үшін Button1 компонентін орналастырып, тақырып жолына «Фигураның жиегінің түсі» мәтінін жазамыз және Button3Click оқиға өңдеуші процедурасына төмендегі программа мәтінін енгіземіз:



procedure TForm1.Button3Click(Sender: TObject);

begin


if ColorDialog1.Execute then

shape1.Pen.Color:= ColorDialog1.Color;



end;

  1. Форманы жабу үшін BitBtn1 компонентін орналастырып, Кind қасиетіне bcClose мәнін қабылдаймыз.

Программаны сақтап орындаймыз. Программаның орындалу нәтижесі келесі суреттерде көрсетілген.



Геометриялық фигуралар шығаруға арналған форма терезесі

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет