Білім беру бағдарламасы ҚР Үкіметі 2012 жылғы 23 тамыз №1080



бет1/7
Дата08.06.2018
өлшемі4,99 Mb.
#41157
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7


«5B090500-Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы ҚР Үкіметі 2012 жылғы 23 тамыз № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары білім беру МЖМБС-ның 2016 жылғы 13 мамыр №292 өзгертулер мен толықтырулармен, ҚР ҒБМ 20 сәуір 2012ж. 152 «Кредиттік технология бойынша білім берудегі оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерін бекіту» туралы Бұйрығымен(28.01.2017 ж. №90 өзгертулер мен толықтырулармен), ҚР ҒБМ №343 «16»08.2013 ж. (05.06.2016 ж. №425 өзгертулер мен толықтырулармен) бұйрығымен бекітілген «5B090500-Әлеуметтік жұмыс» мамандығының типтік оқу жоспарына сәйкес құрастырылған.

Білім беру бағдарламасы

5B090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы
Теориялық оқытудың кредит көлемі –133 кредит
1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2 Кәсіби қызмет нысаны.

1.2.3 Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4 Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары.



1.2.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзіреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

Модуль 1. Қоғамдық-коммуникативтік

Модуль 2. Әлеуметтік- саяси және жаратылыстану

Модуль 3. Кәсіби тілдер және әлеуметтік жұмыстың теоретикалық негіздері

Модуль 4. Әлеуметтік жұмыстағы менеджмент

Модуль 5. Кәсіпке кіріспе

Модуль 6. Әлеуметтік жұмыстың іс - тәжірибесі

Модуль 7. Әлеуметтік саясат және әлеуметтік басқару

Модуль 8. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық технологиялар

Модуль 9. Әлеуметтік жұмыстың технологиялық әлеуеті

Модуль 10. Әлеуметтік ортадағы әлеуметтік жұмыс

Модуль11. Кәсіби- технологиялық

Модуль 12. Әлеуметтік жұмыс саласындағы кәсіби өзара байланыс

Модуль13. Әлеуметтік жұмыстың бағыттары

Модуль 14. Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік қауіп - қатерлер

Модуль15. Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу

Модуль 16 Іс-тәжірибе

Модуль 17 Мемлекеттік аттестациялау



1. Білім беру бағдарламасының паспорты

    1. Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлектеріне қызмет көрсету саласындағы 5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

    1. Түлектердің біліктілік сипаттамасы:

      1. Кәсіби қызмет саласы.

Әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, пенитенциарлық жүйе.

1.2.2 Кәсіби қызметтің нысаны

5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бакалавры мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет объектісі болып ұйымдастыру-құқықтық формаларындағы ұйымдарындарында және жалпы білім беру органдары мен мекемелерінде, интернаттарда, жетім балаларға арналған жалпы білім беру мектептері, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық арнайы мекемелерде (отбасылық балалар үйлерінде, интернат- үйлері, әлеуметтік приюттер, реабилитация орталықтарында, арнайы коррекциялық мекемелер), жергілікті әлеуметтік қызмет және олардың ұйымдары (әлеуметтік-педагогикалық, жастардың мәдени-бос уақыт орталықтары, еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөлімшілері), балалар-жеткіншектер саласы, ойын алаңдары, балалардың шығармашылық үйлері, жастар ұйымдары және бірлестіктері, медициналық және профилактикалық үйымдар, халықтың әр түрлі категориясына арналған реабилитациялық орталықтар, әлеуметтік-кәсіби саладағы әлеуметтік қызметтер, коммерциялық емес, әртүрлі мемлекеттік емес ұйымдар бола алады.



      1. Кәсіби қызмет пәні

5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бакалавры мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет пәні болып басқалардың көмегінсіз өз мәселелерін шешуде қиналатын кейбір жағдайларда өмір сүре алмайтын (әлеуметтік-тұрмыстық көмек, әлеуметтік бағдарламалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-реабилитациялық, әлеуметтік- медициналық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық және т.б.) көмекті талап ететін адамдарға көмек көрсету; әлеуметтік қорғау (жұмыс істейтіндерді, жұмыссыздарды, көп балалы отбасыларды және т.б.).

      1. Кәсіби қызмет түрлері

5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бакалавры мамандығы түлектері келесі кәсіби іс-әрекеттерді атқара алады:

  • диагностикалық;

  • әлеуметтік – қайта-оңалту;

  • әлеуметтік – алдын - алу;

  • консультациялық;

  • ұйымдастыру-түзетушілік;

  • әлеуметтік – терапевтік;

  • әлеуметтік – тұрмыстық;

  • әлеуметтік – педагогикалық;

  • әлеуметтік қызмет көрсету;

  • медициналық-әлеуметтік;

  • ұйымдастырушылық-әкімшілік;

  • зерттеушілік-қолданбалық.

1.2.5 Кәсіби қызмет функциялары

5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бакалавры мамандығы түлектері келесі функцияларды атқарады:



  • диагностикалық – отбасының, индивидтің, топтың ерекшеліктерін зерттеп «әлеуметтік диагноз» қою;

  • болжаулық – қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс тенденцияларды, демографиялық ситуацияны, әлеуметтік қорғаудың қалпы туралы қоғамдық ойды, оның қажеттіліктерін зерттеу; жағдайдың, процестердің, отбасына, топқа, қоғамға кіретін, сонымен қоса әлеуметтік тәртіптің моделінің қоғамдық институттарының әлеуметтік жұмыс объектілеріндегі әсерін болжау;

  • ұйымдастырушылық-жеке клиенттермен топтармен клиенттерге әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Нақтылы тапсырмаларды тиянақты орындау; әр түрлі топтардағы жағдайлардың мерзімі мен орнын анықтап, тағайындау;

  • ақпаратты-коммуникативтік - әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдар туралы мәліметтер жинау және оны субъекттерге дейін жеткізу; әлеуметтік патронажды талап ететін отбасы, жеке тұлға туралы берілгендер банкін құру; клиенттердің жаңа әлеуметтік рөлдерін қалыптастыру, көмек күтетіндермен карым-қатынас жасау, өзара бағдарлама алысу, қарым-қатынастың бірлік стратегиясын өндіру;

  • делдалдық - клиенттің қжетті ұйымдармен іске аралысуына көмек көрсету, мүмкіндіктерін шешу, басқа да салаларда кәсіби көмек көрсетудегі рөлі мен формасын,жағдайын анықтау;

- әлеуметтік-медициналық – денсаулыққа байланысты алдын-ала профилактикалық әр түрлі жұмыстар ұйымдастыру, салауатты өмір салтын үгіттеу, әлеуметтік-медициналық реабилитация; алғашқы медициналық көмектің негіздерін меңгеруге көмектесу, жастарды салауатты өмір салтқа даярлау;

  • әлеуметтік-педагогикалық – әрекеттердін әр түрінде адамдардың ынталары мен қажеттіліктерін анықтау және олармен жұмыс істеудегі мекемелерді, қоғамдастықтарды, қоғамдық, шығармашылық және басқа кеңестерді қатыстыру;

  • ұйымдастыру-әкімшілік – тұрғын орындарында, мекемелерде әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруға көмектесу, әлеуметтік жұмысты бағдарламалық- ресурстық жағынан қамтамасыз ету, әр түрлі мекемелердің, ұйымдардың әлеуметтік жұмысын кординациялауға көмектесу; әлеуметтік қызмет бөлімшелерінде әкімшілік жұмыс;

  • әлеуметтік-психологиялық – тұлға аралық қарым-қатынастарды коррекциялау және әр түрлі консультация түрлерін беру, қажет ететіндерге әлеуметтік бейімделу және әлеуметтік реабилитация көмегін көрсету;

  • алдын алу (профилақтикалық) – әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, педагогикалық, медициналық және т.б. механизмдерін қатыстырып кері әсерлі жағдайлардың алдына алу және оларды болдырмау әрекетін жасау, жеке тұлғаның қоғамдағы тәртібін реттеу;

  • заң қорғаушылық – халықты қорғауға, қолдауға, көмек көрсетуге бағытталған барлық құқықтық нормалармен заңдар комплексін қолдану.

      1. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

- қоғамдық өмірдегі адамның өзін-өзі орнықтыру мен өз орнын табуға жағдай туғызу мен көмек көрсету;

- ауыр жағдайға тап болғандарға, отбасындағы және де басқа жағдайдағы қиыншылықтарға ұрынған, тығырыққа тірелген жағдайда жөн сілтеп, көмек көрсету, бағдар беру;

- индивидтің социуммен, топтармен немесе жеке индивидтермен социеталдық, психоменталдық байланыстарын сақтап қалу мен қайта қалпына келтіру;

- әлеуметтік денсаулықты қалыптасытру мен сақтау мақсатында адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес қоғамдық әрекеттерге ықпал ету;



- әлеуметтік үрдістерді болжай отырып, әлеуметтік проблемалардың алдын алу.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, негізгі және арнайы білімдер мен кәсіби қабілеттерге және дағдыларға ие, әлеуметтік жұмыстың құзіретті маманын даярлау.

3. Негізгі құзіреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, туризм ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, туризм менеджеріне қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, туризм саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны


Модульдің атауы

Цикл және компонент

Пәннің коды

Пән атауы

Бақылау формасы

семестр

Кредит көлемі

Қалыптасатын құзіреттілік (оқыту нәтижелері)

KZ

EСTS

Жалпы модульдер

Қоғамдық-коммуникативтік

ЖББ/МК

KKZT1101

Қазақстанның қазіргі заман тарихы (МЕ)

емтихан

2

3

5

Білікті болуы тиіс: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының негіздерін, тарихи кезеңдер мен құбылыстарды ойлау арқылы салыстырмалы анализдер жасап, философиялық негіздегі мәселелердің себеп-салдарлық жағдайын ақындау және шет тілінің фонологиялық, грамматикалық, лексикалық құбылыстарын пайдалану; оқылған тілдік құралдарды сөйлеу қарым-қатынасының ауызша және жазбаша түрлерін іске асыруға пайдалану, яғни берілген қарым-қатынас жағдайын шет тілінің нормаларына және сөйлеу формаларына сай жүзеге асыру, ақпараттық - коммуникативтік инситуттары мен құрылымдарды айыра білу негіздерін білу.

Білуі тиіс: Қазақстандағы адамзаттық қоғамның дамуы әлемдік тарихтың дамуы ретінде, философия танымдық әдістерін фундаментальды түсінігін, шет тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық нормаларын; тілдік құбылыстардың ұлттық-мәдени ерекшелігін және тіл иесінің мінез-құлқын өз елінің құбылыстарымен салыстыруды, MS WINDOWS операциялық жүйесін, MS WORD текстік редакторын, MS EXSEL кестелік процессорын, MS ACCESS базалық мәліметін, түсінігін, принциптерін және заңдылықтарының өзара байланысын анықтау.

Дағдылары болуы тиіс: тарихи жағдайларды, өз бетімен философияның өзекті мәселелерін талдауға, күнделікті тұрмыстық жағдаяттар қарым-қатынастың, тілдік құбылыстардың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, шет тілі иесінің мінез-құлқы сияқты қарым-қатынасының тапсырмаларын шешу үшін сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеру (оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу), ақпараттық коммуникативтік технологиялары туралы білімдерді жетік меңгеруді, әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтарын, сонымен бірге ақпараттық факторлармен байланысты қазіргі заманғы мәселелерді талдауға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен жұмыста дағдысы болуы тиіс.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіби іс-әрекетте теориялық білім мен қабілеттерді ұштастыра білу ұсынылған қарым-қатынас жағдаяттарды сөйлеуді пайдалы түрде іске асыру үшін меңгерген білімдерін және дағдыларын пайдалану, кәсіби сөйлеу бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу, болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдану негіздерін меңгеру.

ЖББ/МК

Fil2102

Философия

емтихан

3

3

5

ЖББ/МК

OT1103


Орыс тілі


емтихан

1-2

6

11

ЖББ/МК

ShT1104

Шетел тілі

емтихан

1-2

6

11

ЖББ/МК

AKT1105

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар(ағылшын тілінде)

емтихан

1

3

5

Жалпы модуль бойынша
















21

37




Әлеуметтік - саяси және жаратылыстану


ЖББ/ТК

Ale2106

Saya2106


ZhS2106

Әлеуметтану

Саясаттану



Жастар саясаты

емтихан

4

3

5

Білікті болуы тиіс: заманауи әлемдегі болып жатқан процестер мен құбылыстарды зерттеудегі негізгі концепцияларды, теориялар мен қадамдарды сындық түрде анализдеу, экологиялық білім беру негіздерін пайдалану, популяция және экожүйе құрылымдарын қарастыруға және биосфера және ноосфера туралы ілімді, табиғи ресурстар жүйесін және табиғатты тиімді пайдалану негіздерін игеру, экономикалық негіздегі мәселелердің себеп-салдарлық жағдайын айқындау және құқықтық инситуттар мен нормаларды, экономикалық мәселелерді айыра білу.

Білуі тиіс: әлеуметтану және саясаттанудың танымдық әдістерінің фундаментальды түсінігін, әлеуметтік сасаттың тарихы және дамуы, қоғамның негізгі теориялары, экологияның негізгі заңдылықтарын, тірі ағзалар мен қоршаған табиғи ортаның өзара байланыстарының жалпы заңдылықтарын, тіршілік орталарын, экологиялық факторларды және тіршіліктің ұйымдасу деңгейлерін, экономиканың қызметтік заңдылықтары мен теориялық негіздерін, халықаралық - экономикалық қатынастар және оны іске асырудың негізгі формаларын, мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары, латын графикасының мазмұны мен кириллицадан ерекшеліктерін айыра білу, халықаралық терминология латын негізіндегі бар құқықтық қатынастар мен Қазақстан Республикасындағы отбасылық, құқықтық және экологиялық құқықтың негізідерін, мемлекеттің пайда болуымен және оның құқықтық тарихын, түсінігін, принциптерін және заңдылықтарының өзара байланысын анықтау.

Дағдылары болуы тиіс: кәсіби іс-әрекетте теориялық білімдер мен қабілеттерді қолдана білу және қазақстандық қоғамының дамуындағы әлеуметтік процесстер мен құбылыстарды жобалау, қоғам және қоғамдық пікірін оқыту әдеттерін кәсіби қызметінде қолдану, қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторлармен байланысты қазіргі заманғы мәселелерді талдауға, тұрақты даму стратегиясындағы табиғат қорғау басымдылықтарын және нақты шешімдерді қарастыруға, өз бетімен микро, макроэкономикалық және құқықтық құбыластарды анализдеу, экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдерді қабылдау дағдысы болуы тиіс.

Құзыретті болуы тиіс: жалпы және жаһандық экология мәселелері мен тіршілік қауіпсіздігі негіздері сұрақтары бойынша білімдерін және дағдыларын пайдалану. адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыруға деген ұмтылыс пен жауаптылықты қамтитын, экологиялық сауаттылық және экологиялық дүниетаным көз-қарастарын қалыптастыру, мемлекеттік саясаттағы әлеуметтік-құқықтық сұрақтарды; әлеуметтік аймақты басқару; халықты әлеуметтік қорғау экономикалық негіздері; әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырудың ұйымдастыру негіздерін болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдану.

ЖББ/ТК

ETD1107

TKN1107


LG1107

Экология және тұрақты даму

Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Латын графикасы


емтихан

1

2

4

ЖББ/ТК

KN1108

EN1108



Құқық негіздері

Экономика негіздері




емтихан

1

2

4

Жалпы модуль бойынша
















7

13




Мамандық бойынша модульдер

Кәсіби тілдер және әлеуметтік жұмыстың теоретикалық негіздері


БП/МК

KOT2201

Кәсіби орыс тілі

емтихан

3

2

4

Білікті болуы тиіс: кәсіби бағытталған шет тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық нормаларын; жалпығылыми және мамандандырылған кәсіптік терминологияны білу, кәсіптік қарым-қатынаста тіл жүйесінің дыбыстау, лексикалық-фразеологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін білу; жалпы ғылыми және өз мамандығына қатысты терминологияны білу, әлеуметтік жұмыс теориясын, әлеуметтік жұмысы саласындағы экономикалық, техногендық, психологиялық, демографиялық және әлеуметтік медицинаның негіздерін; қазіргі әлеуметтік - мединалық мәселелері; қоғамдағы денсаулыққа әсер ететін факторалары: әлеуметтік-педагогикалық мәселелерін білу.

Білуі тиіс: кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана білу, кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, хабарламаларды, жаңалықтарды, нұсқауларды оқып, түсіну, ол туралы айта білу, әр түрлі стильде жазылған мәтіндер, өз мамандықтарына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу, оқылатын шет тілінің құбылыстарын грамматикалық, лексикалық, фонологиялық бағыттарды кәсіби-қарым – қатынаста пайдалану; оқытылған тілдік құралдарды кәсіби сөйлеу қарым-қатынастың ауызша және жазбаша түрлерін іске асыруға пайдалану, әлеуметтік-медициналық циклдің пәндерімен қоса қазіргі қоғамға аса қажетті жоғары білікті әлеуметтік қызметкерді дайындаудағы ғылыми негізін оның объектісі болып денсаулық туралы ілімінің басты аспектілерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеп оқу.

Дағдысы болуы тиіс: кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарын, ана тіліндегі мәтіндерді шет тіліне аудару шет тілінен ана тіліне аудару дағдыларын, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарында ауызша екі жақты аудару дағдыларын іске асыру үшін сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеру (оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу). Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу: монолог; диалог түрлерін (хабар алмасу, пікір алысу, сұрақ-жауап, пікірталасқа араласу) меңгеру; тыңдалған мәтіннен тұлғалық, кәсіби бағалы ақпаратты бөліп алу, кәсіби бағыттағы сөздіктерді еркін пайдалана және сауатты түрде аударма жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу, қоғамдағы халықтың денсаулығын қамтамасыз етудін әдістерін қолдану; адамдардың денсаулығын бағалай денгейі және олардың физикалық дене дамуы; психологиялық жай - күйі, салауатты өмірді ұйымдастыру әлеуметтік бағдарламаларды болжау.

Құзіретті болуы тиіс: коммуникативтік, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу, болашақ әлеуметтік қызметкерлер мен педагогтардың кәсіби мамандықтарының сапасын арттыруда маңызы зор, оны жұмыс бабында ел арасына тиімді насихаттау үшін көп үйреніп, білу керек және теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану әдістерін осы пәнді игеру барысында үйренеді.




БП/МК

KBShT2202

Кәсіби бағытталған шетел тілі

емтихан

4

2

4




БП/МК

AZhT2203

Әлеуметтік жұмыс теориясы

емтихан

3

4

7




БП/МК

AMN1205


Әлеуметтік медицина негіздері

емтихан

2

3

5




БП/МК

AZhEN3204

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері

емтихан

5

3

5

Жалпы модуль бойынша
















14

25




Мамандық бойынша модульдер




Әлеуметтік жұмыстағы менеджмент

БП/МК

AZhAYB3207


Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік ұйымдастыру және басқару

емтихан

6

3

5

Білікті болуы тиіс: әлеуметтік жұмысты құқықтық қамсыздандыру кезінде халыққа әлеуметтік көмек көрсетуде мемлекеттік заңдылықтарға сүйеніп, олардың мәселелерін әлеуметтік тұрғыдан шешу, әлеуметтік басқарудың мазмұны мен формаларына ғылыми теорияларда, концепциялардағы көзқарастадың эволюциясын, казіргі жағдайдағы әлеуметтік жұмыстын ұйымдастырушылық және мазмұнды аспектілерін, әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік ұйымдастыру және басқару негіздерін, қарым-қатынастың пен ұйымдастырушылық тәртібінің ерекшеліктерін, басқару іс-әрекетінің сипаттамасын, қызметшілерді басқару технологияларын меңгеру.

Білуі тиіс: халықтың аз қамтылған категорияларының бөлінуі, зейнеткерлік жасқа жеткендер, жасөсірім мәселелрін отандық заңдылықтар негізіне сүйене отырып, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамқорлық жасаудағы нормативті құжаттарды орынды пайдалану білуге үйрену; ҚР халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдылықтарды сақтау және оны бұзуға жол болдырмау әрекеттерінінің алдын ала қамсыздандыру және әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, басқару және әкімшіліктің теориялық негіздерін, әлеуметтік жұмысты басқару жұйесіндегі әдістерін білуі тиіс, әлеуметтік қызметтердің, басқару органдарының, кадрлік менеджменттің фунқциялары, әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздарды жүргізу жөнінде білімі меңгеріп, кадрларды ғылыми теориялық біліктіліктерін қалыптастыру тиіс.

Дағдылары болуы тиіс: әлеуметтік көмек көрсетудегі талаптарды қазақстандық талаптарға сәйкес жедел қолдану мен уақытылы орындау және әлеуметтік жоспарлау, жобалау, әлеуметтік жұмыс саласындағы әкімшілік ұйымдастыру, туындаған әлеуметтік - құқықтық мәселелерді алдын - алу, басқару технологияларды пайдалана алуы тиіс.

Құзыретті болуы тиіс: әлеуметтік қызмет көрсету құрылымынды құқық органдарының заңдылықтарының негізіне сүйеніп, әлеуметтік көмекпен қамсыздандыру, әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік, басқару, ұйымдастыру процестерінің мазмұнын меңгеруге көмектесу; халықты әлеуметтік қорғаудың нәтижелілігін арттыруда олардың рөлін ашу, әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастырушылық-басқару процесіндегі әдістер мен технологияларды меңгеруге жағдай жасау.

БП/МК

AZhKK3206

Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамсыздандыру

емтихан

5

3

5

Жалпы модуль бойынша
















6

10




Мамандық бойынша таңдау модульдері

Кәсіпке кіріспе

БП/ТК

AZhT1208

AZhKD1208



Әлеуметтік жұмыстың тарихы

Әлеуметтік жұмыс және қоғамдық даму



емтихан

1

4

7

Білікті болуы тиіс:

- әлеуметтік жұмыс тарихы саласындағы терминологиялық аппараттарды және шетелдік тарихи кезеңдердің тәжірибелерін білу;

- әлеуметтік жұмыстың маман ретінде пайда болудың алғы шарттары, замануи талабына сай әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыруды білу;

- әлеуметтік жұмыс сипатының негзгі мазмұны мен мәнін; әлеуметтік саладағы жұмыстарды жандандыру.

- әлеуметтік жұмыстың әдістемесіне бағытталу қабілеттілігі, қоғам дамуының мәселелерін шешу мақсатында тәжірибеде әлеуметтік жұмыс теориясының жетістіктерін қолдана білу.



Білуі тиіс:

- әлеуметтік жұмыс тарихи негіздерін білу қайырымдылық даму кезеңдерін білу, әлеуметтік жұыс формалары мен әдістері;

-әлеуметтік жұмыстың қалыптасу жағдайы мен факторлары, әлеуметтік жұмыс кәсіби маман ретінде, қоғам дамуындағы оның рөлі мен дамуы;

- қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмыстың шет елдік ерекшеліктерін білу

- әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде әлеуметтік жұмыстың жетекші ғалымдары мен тәжірибешілердің шеберліктерін қолдану;

- қоғамдағы әлеуметтік қызметкердің имиджін насихаттау.



Дағдылары болуы тиіс:

- әлеуметтік жұмыстың алғашқы тарихи қалыптасу кезеңдерін, әлеуметтік жұмыстың теориялық әдіснамалық негіздерін;

- оның орны мен әлеуметік саяси құрылымын;

- әлеуметтік жұмыстағы әртүрлі бағыттарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін және әлеуметтік жұмыс саласындағы әлеуметтік жұмысының ерекшеліктерін, түсініктерін, негізгі бағыттары мен орындау формаларын талдау;

- ғылыми негіздерін талдау мен кәсіби сапаларын көтеру бойынша өзіндік жұмысын іске асыру.



Құзыретті болуы тиіс:

- әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдіснамалық аспектілерін толық игеруге көмектесуге;

- жалпы әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындауда теориялық білімдерімен қамсыздандыруға;

- әлеуметтік-тарихи құндылықтарды қайырымдылық негізінде игеруде;

-мамандық ретіндегі әлеуметтік жұмысының ғылыми-теориялық және практикалық негіздерін меңгеруде.


БП/ТК

AKKIAN1209

MK1209



Әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекет негіздері Мамандыққа кіріспе


емтихан

1

4

7

Жалпы модуль бойынша
















8

14




Әлеуметтік жұмыстың іс -тәжірибесі

БП/ТК

PMZhAZh2210

AKDHT2210



Пенитенциарлық мекемелер жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс

Әлеуметтік қызметкерлерді даярлаудың халықаралық тәжірибесі



емтихан

3

3

5

Білікті болуы тиіс:

- пенитенциарлық мекемелер жүйесінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда жеке және топтық әдістер туралы білімдерін қолдану;

- сотталғандадың әлеуметтік және психологиялық мәселелерін анықтау;

-кеңес әдістерді қолдану, әлеуметтік жұмыс мамандарын даярлаудың қазақстандық моделі бойынша шетелде кәсіптік оқыту ерекшеліктері, әлеуметтік қызметкерлерді халықаралық оқытудың ерекшеліктерін талдау;

- әлеуметтік қызметтер денсаулық сақтау, білім берудегі шетелдік тәжірибені бейімдеуі және қолдана білуі;

- еріктілер жұмысын ұйымдастыра білу;

- отбасы мен балаларға арналған әлеуметтік көмек қызметтерін жұмылдыру, әлеуметтік қызметтерде клиенттердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

- мұқтаж тұлға мәселелерін диагностикалау үшін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарымен жұмыс істеу үшін жалпы және арнайы технологиясын пайдалану;

-олардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі делдалдық күш-жігерін жүзеге асыруға жағдай жасау, әлеуметтік жұмыстың әдістемесіне бағыттала білу, кәсіптік, әртүрлі әлеуметтік категориялар мен жұмыс технологияларын игеру;

-әлеуметтік тұлғаның әлеуметтік реадаптациялық, әлеуметтік қарым-қатынасын шеше білу және түзету.



Білуі тиіс:

- пенитенциарлық жүйедегі қызметтің ерекшеліктерін меңгеруде;

- бас бостандығынан айырылғандармен тәрбие жұмысын жүргізу жүйесі; жүйесінің мазмұны, түрі және әлеуметтік жұмыстың әдістері, шетелдік әлеуметтік жұмыс жүйесінде көпдеңгейлі бағытты жүзеге асыруда;

- волонтерлар жұмысын ұйымдастыру, әлсіз топтармен, атап айтсақ, отбасына, қарттарға және балаларға көмек көрсететін әлеуметтік ұйымдармен әрекеттес болу;

- білім беру мекемелерінде жұмыстың шетелдік тәжірибесін қолдану.

Дағдылары болуы тиіс:

- пенитенциарлы мекемелер жүйесіндегі әлеуметтік жұмысының ғылыми-теориялық негіздерін;

- әлеуметтік жұмысының практикасында олардың пайдалану ерекшеліктері, пенитенциарлы жүйесі мекемелеріндегі әлеуметтік жұмысының әдістері мен тәсілдерін қолдану;

- пенитенциарлы жүйесі мекемелеріндегі болжау, профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық жұмысының іскерліктерін меңгеру;

- әлеуметтік жұмыстың шетелдегі талдауы және жалпыламасы; топта жұмысты ұйымдастыру, жеке тұлғамен әңгімелесу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру;

- «көшедегі жұмыс» технологиясын, «кризисинтервенттік модель» технологиясын қолдану, «кейс-стади» әдісін, бос уақытты ұйымдастыру; арттерапия, иппотерапия, смехотерапия және т.б. технологияларын қолдану.

Құзыретті болуы тиіс:

-бас бостандығынан айырылғандармен әлеуметтік жұмыстағы құқықтық және ұйымдастырудың негіздерін меңгеруде;

- пенитенциарлық мекемелердегі негізгі жұмыстың технологиялары мен әдістерін, әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесін талдау жасауда;

- шетелде әлеуметтік қызметкерлерді оқыту тәжірибесінде кешенді білімді пайдалану; әлеуметтік жұмыс жоспарлау мәселелері, кәсіби практика, супервизорлықты ұйымдастырудағы әлеуметтік органдарының қызметінде;

- әлеуметтік жоспарлау органдары мен қызметтерге әлеуметтік жұмыс мәселелері, шетелде әлеуметтік қорғау институттарының ғылыми-зерттеу қызметінде;

- халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінде; жергілікті мемлекеттік басқару және халықты орталықтарының, ұйымдастырушылық және әлеуметтік қорғауда жүйесінде басқарушылық.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет