8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтижелер бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:
тілдің қызметін және қоғамдық мәнін;
түбір сөз бен туынды сөздің белгілерін;
тіркесті сөздердің ерекшеліктерін және емлесіне сай жаза алуы;
қос сөздер, біріккен сөздер, т.б. емлесін;
морфологияның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
атауыш, көмекші, одағай сөздердің белгілерін;
сөз таптарының өзіндік белгілерін және бір-бірінен ажыра білуі;
сөз таптарының мағыналық топтарын;
сөз құрамына қарай талдау жасай білуі;
10) сөйлемге морфологиялық талдау жасай алуы;
11) мәтіндегі сөздердің тізбекті, параллельді байланысын анықтай білуі;
12) мәтіннің құрылысын, тақырыбын, идеясын, т.б. дәйектей білуі;
13) сипаттау, суреттеу және түсіндіру мәтіндерін құрауда сөзжасам мен морфологиядан алған білімдерін еркін пайдалана білуі тиіс.
9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтижелер бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар:
сөз таптарының түрлену заңдылықтарының сөз мәдениетімен бірлігін тани алуды;
ұсынылған мәтіндегі авторлық идеяның, тақырып пен мазмұнның берілуіндегі сөз таптарының қызметін түсіндіруді;
мәтін құрауда әдеби тілдің морфологиялық нормасын лексикалық нормамен сабақтастықта қолдануды;
мәтінді құрайтын сөздер тобының әр сөз табына қатысты стильдік бояуын ажырата алуды;
ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттен алынған мәтіндерге тілдік талдау жасауды білуі тиіс.
морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтауды;
әр сөз табының түрленуін, сөйлемдегі қызметін;
сөздердің байланысу түрлерін;
тілдің негізгі бірліктерін қасиетіне қарай ажыратуды;
тілдік бірліктерді салыстырып, олардың ұқсастықтары мен өзіндік белгілерін түсіндіруді меңгеруі тиіс.
10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтижелер бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:
синтаксистің тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын;
сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін, тіркесу тәсілдерін ажыратуды;
сөздердің байланысу тәсілдерін;
сөздердің байланысу түрлерінің ерекшеліктерін;
сөйлемнің мағынасына және құрылымына қарай бөлінуінің жолдарын;
сөйлем мүшелерінің түрлерін;
сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне тән белгілерді;
төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің ерекшеліктері мен тыныс белгілерін;
сөйлемге синтаксистік талдау жасай алуы;
жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерін ажыратуы;
құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстыратын жалғаулық шылауларды айырып, оларды сөйлеу тілінде еркін қолдана білуі;
салаласа, сабақтаса байланысатын құрмаластың түрлерін меңгеріп, оларды қатыстырып мәтін құрай білуі;
аралас құрмаластың жасалу жолдарын түсіндіре білуі;
құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықшаны білуі;
әртүрлі жанрдағы мәтіндерге мазмұндық-құрылымдық талдау жасай білуі;
мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасай білуі;
мәтіндегі сөздердің байланысын анықтай алуы;
мәтіндегі сөздердің стильдік бояуын мәтін ерекшелігімен байланыстырып түсіндіре алуы;
мәтіндегі авторлық көзқарасты білдіретін синтаксистік тілдік құралдарды дәйектей білуі;
тарихи, ғылыми-көпшілік сипаттағы ауызша және жазбаша мәтін құруда жай сөйлемнің түрлерін шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
11. 9-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтижелер бойынша 9-сыныптың соңында оқушылар:
әдеби тілдің нормаларын меңгеруі;
стиль түрлері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай және интерпретациялай білуі;
сөйлеу мәдениетінің нормалары мен шешендікке қойылатын талаптарды меңгеруі;
ұжымдық қатынаста және мәтін түзуде сөз таңдай алуы;
мәтін талдауда оқу алгоритмін қолдана білуі;
тілдік құралдарды дәлдікпен қолдана отырып, түрлі стильде, жанрда мәтін құрауды білуі;
төл сөз бен төлеу сөздің ерекшеліктерін, төл сөздің орналасу тәртібін, тыныс белгілерінің қойылу себебін;
бірыңғай мүше, оңашаланған айқындауыш, қыстырма, одағайға байланысты тыныс белгілерінің қойылуын;
бастауыштан кейін қойылатын сызықшаны;
бірыңғай мүшелерден кейін қойылатын сызықшаны;
оңашаланған айқындауыштың сызықшамен ажыратылатын жағдайларын;
төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықшаны;
сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықшаны;
қос нүкте, жақша, тырнақша қойылатын орынды;
ауызша және жазбаша қарым-қатынастарда дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білудің шарттарын білуі тиіс.
Тұлғалық нәтиже 5-9-сынып оқушыларының:
Қазақстан Республикасы Конституциясына құрмет көрсетуінен;
тілдің әлеуметтік-қоғамдық мәнін көрсетуінен;
тілді ұлттық құндылық ретінде тануынан;
жаңа әлеуметтік рөлдерді игеріп, қарым-қатынас мәдениетін көрсетуінен;
рухани-адамгершілік, азаматтық-елжандылық өмір салты қажеттіліктерін игеруінен;
құндылық ретінде өзі туралы және басқа адамның тұлғасы туралы ұсыныстар жүйесін меңгере білуінен;
қоғамдағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылығын көрсетуінен;
қазақ халқына және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа да құндылықтарына құрмет көрсетуінен көрініс табуы тиіс.
Жүйелі-әрекеттік нәтижелер бойынша 5-9-сынып оқушылары:
нақты жағдаятқа талдау жасап, проблеманың пайда болу себептерін көрсетуі;
проблеманы шешуге бағытталған өз әрекеттеріне мақсат қоя отырып, әрекеттің жоспарланған өнімін бағалауы;
ұсынылған ақпаратты тапсырмаға сәйкес жіктеп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуі;
қойылған міндеттерді шешу үшін іріктелген ақпараттардан қорытынды жасауы;
нақты міндеттерді шешу үшін белгілі әрекеттер технологиясын қолдануы;
туындаған мақсатқа сәйкес сөйлеу жанры мен мазмұнын анықтауы;
қарым-қатынас мақсатына сәйкес тілдік қатынасқа түсіп, мәтін құрауы;
көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын анықтап, өз ойын мазмұнды әрі әсерлі жеткізе алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |