1. Химиялық элемент фосфордың қазақша , орысша, латынша атауы. ( фосфор, фосфор, фосфорум)
2. Фосфор элементінің периодтық жүйедегі орны. (3 период, 5 топ, негізгі топша)
3. Фосфорды кім ашты? Фосфор деп аталу себебі не? ( 1669 ж алхимик Х.Бранд ашты. Жарық шығарғыш)
4 Фосфордың реттік нөмірі, салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең? Атомдық құрылысы қандай? (15,31), Р(15р,16n)15е.
5. Фосфордың валенттігі және тотығу дәрежесі нешеге тең? (III,V,+3,+5,0,-3)
6. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері қандай? (Ақ, Қара , Қызыл)
7. Ақ фосфордың физикалық қасиеті қандай? (өте белсенді, улы зат, ауамен жанасса жанады, қараңғыда жарық шығарады)
8. Қызыл фосфордың физикалық қасиеті қандай? (Қоңыр қызыл, улы емес, суда нашар еритін, ұшпайтын зат)
9. Қара фосфордың физикалық қасиеті қандай? (Түсі графитке ұқсас, қолға май тәрізді сезіледі, жартылай өткізгіш)
10. Фосфор қандай реакцияларға қатысады? ( Оттекпен әрекеттесіп- оксид, металл мен әрекеттесіп – фосфид түзеді)
11. Фосфордың сутекпен қосылысы қалай аталады? (Фосфин)
12. Фосфинге тән физикалық қасиет қандай?( Өте улы, тұрақсыз, сарымсақ иісті, күшті тотықсыздандырғыш)
13. Фосфордың (V) оксидінің физикалық қасиеті? (Қышқылдық оксид, өте су тартқыш, ақ ұнтақ)
14. Фосфор қышқылының физикалық қасиеті, формуласы қандай? (ақ түсті, кристалдық зат, суда өте жақсы ериді, үш негізді, орташа қышқыл)
15. Фосфор қышқылының орта тұздары қалай деп аталады?
|