Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаңа сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Неологизм – (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа сөздер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе - сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады.
Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа болады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, компас, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөздердің қатарына жолсерік, үнтаспа, жеделхат, саяжай, ермексаз, теңге, құжат, отбасы, кеден, зейнетақы, зейнеткер, сынып, үнқағаз және т. б. сөздер жатады.
1.Бірінші буыны «Отан» сөзінің синонимі, екінші буыны ашық буын, үшінші буыны тәуелдік жалғауының 3-жағы болып келген сөзді табыңыздар. А. Елбасым Б. Елбасың С. Елбасы
Д. Елім Е. Елдерің 2.Жаңа сөз ( неологизм ) қай тілден алынған сөз.
А. Араб тілінен Б. Парсы тілінен С. Грек тілінен Д. Өзбек тілінен Е. Қазақ тілінен 3. Бірінші буыны «жұбай» сөзінің синонимі, екінші буыны ашық буын, үшінші буыны да ашық буынды сөзді табыңыздар. А. Жария Б. Жарнама С. Жарақат Д. Жарымес Е. Жарапазан 4. Қазіргі таңда қолданыстан қалған сөзді анықтаңыздар.А. Сәуірбай
1. Әнұран, Ата заң, рәміз, зейнетақы, Елбасы, Елордасөздері Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қолданысқа енген сөздер. Осы сөздерді қатыстырып, «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін жазу.
Осы жаңа сөздердің өзбекше атауын жазба түрде жазыңыздар.