Логарифмдер практикада аса шапшаң сіңісіп кетті. Логарифмді ойлап шығарушылар жаңа теорияны талдаумен шектеліп қойған жоқ. Іс жүзінде қолданатын құралды да ойлап тапты, ол- логарифмдер кестесі еді, бұл болса есепшілердің еңбек өнімділігін тым көтеріп жіберді.Алғашқы кестені басып шығарғаннан кейін тоғыз жыл өткенде ағылшын математигі Д. Гантер алғаш рет логарифмдік сызғышты ойлап шығарады, бұл болса, кейінгі көптеген ұрпақтың жұмыс құралы болып келді.
№209(1) топпен орындайды.
Ондық логарифмдердің алғашқы кестелерін Джон Непердің айтқан кеңесімен ағылшын математигі Г.Бриггс құрды. Бриггстің екінші бір идеясын пайдаланып, кейбір сандардың ондық логарифмдердің мәндерін кестелерді пайдаланбай-ақ өзіміздің табуымызғада болады.