І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)
|
Коучтың іс-әрекеті
Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастырамын.
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
Рахмет.
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Мұғалімдер жүргізушінің соңынан сұрақтарға іс-қимылдар арқылы жауап беріп отырады.
|
«Болжам» стратегиясы
|
Топтарға бірдей тапсырма беріледі.Тапсырманың тақырыбы: «Аққу». Оларға тірек сөздері таратылады: аққу, ұя, балапан, жұмыртқа. Осы тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыру керек.
|
Топ спикерлері тапсырмаларды қорғайды. Топтардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін слайдқа «Аққу» тақырыбына жазылған мәтін шығады. Әрбір топ тапсырмаларын қорғағаннан кейін басқа топтар бағалап отырады. Осы жерде бағалаудың түрлерін, бағалау критерилеріне тоқталып, талқыланды.
|
«10 минуттық эссе» стратегиясы
|
Рольдік ойын:
|
Эсселер оқылады, әртүрлі көзқарастағы ойлар айтылады. Бір балауызшамның жануынан әр түрлі сыни ойлардың шығатынын талқылайды.
Топтық жұмыс. Рольдік ойын. Топ болып өз ойларын ортаға салады.
|