Сабақтың мақсаты:Күз айларының атауларын, олардың ерекшелігін ұғындыру. Күз мезгілінің: Жомарт күз, Алтын күз, Қоңыр күз, - деп атай отырып, әр көрінісінен алынған білімдерін қортындылау. Күзгі табиғат өзгерістерін балалар өз көздерімен көріп, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге, сурет көріністерін әңгімелеп бейнелей білуге үйрету.
Көрнекілік:Күз мезгілінің үш кезеңіндегі сурет, әр балаға жемістер мен көкөністердің бетпернелері.
Шарты: Қолымдағы шарды кімге лақтырсам сол менің сұрағыма жауап береді.
Сұрақтар: Қай кезде қызыл жасыл жапырақтар көп болады?
Бала:- Күзде. Жемістер,көкөністер қай мезгілде жиналады?
Бал: - Күзде. - Күз айларын ата?
Бала: - Қыркүйек, Қазан,Қараша, - Күзде құстар қайда кетеді?
Бала:- Жылы жақа ұшады. - Күз туралы тапақ білесің бе?
Бала: - Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
-Бәрекелді жарайсыңдар! Олай болса,бәріміз баққа барамыз.Күздің бірінші қыркүйегінде - ауа - райы тамаша!Жемістер,көкөністер піседі.
Олар дәмді, пайдалы.Мына жемістермен танысайық.
(жемістердің бетпернелерін киген балалар тақпақтар айтады) Бала:- Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың. Бала:- Мен жүзімін,жүзіммін
Моншақ болып үзілді. Бала:- Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім. 3. Бала:- Менөрікпін, өрікпін.
Табиғатқа көрікпін.
Рахмет жемістер. Сендермен таныстық. Балалар жемістер ағашта өседі.
Мынау көкөністер, олар бақшада өседі. Менің жұмбақтарымды шешіңдер. Көкөністерді атап бересіңдер.
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Аласа талда алуан алуан алма.
Алқызыл болмай аузыңа алма.
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабаттоны бар
Түймелеуге жетпейді.
Үстінде тігіп көк шатыр.
Астында қызыл дәу жатыр.
! Іші жұмсақ, сырты қатты
Еті қызыл, сүті тәтті. Балалар, көкөністер жерде топырақта өседі. Олардан біз салат жасаймыз, қысқа тұздап сақтаймыз. Көкөністердің және жемістердің бойында пайдалы дәрумендер өте көп. Балаларға көкөністермен жемістердің суреттері таратылады.