Xx ғ бас кезіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси жағдайы


ж 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі463,37 Kb.
#93221
1   2   3   4   5
Байланысты:
9 synyp tarikh vord

1991ж 21желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11сағат 30минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясында жиналды. М.С.Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 17де он бір республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды. Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өзінің өмір сүруін тоқтатты және құрамына кірген республикалар тең құқылы құрылтайшысы болып саналатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дүниеге келді.
1993ж Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып Қазақстанның ядролық қарусыз аумаққа айналатыны жөнінде мәлімдеді.
1991ж 16 елтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып жарияланды.
1992ж 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды.
1992жылы қаңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып Мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.
Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992ж қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды.
1992ж тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.
1992ж 4 маусымда Жоғары Кеңестің сессиясы республиканың жаңа Мемлкеттік туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы 11 желтоқсанда Республика Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды.
Туының жобасын сәулетші суретші Ш.Ниязбеков жасаған. Тудың ортасында арайлы күн күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн уақыт замана бейнесі. Ұланбайтақ кеңістікте қалықтаған қыран ҚР еркіндік сүйгіш асқақ рухын қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының негізі шаңырақ ол елтаңбаның жүрегі.Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары Ж.Мәлібеков пен Ш.Уалиханов
Ал 2006жылы қабылданған қазіріг Әнұран сөзінің авторлары Жұмекен Нәжмеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған Шәмшә Қалдаяқов
1993ж 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі елдің Негізгі Заңын тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдады.
Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы 4 бөлімнен 21 тараудан тұрды.
1995ж 30 тамызда Қазақстан халқы республиканың жаңа Конституциясын қабылдады.
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы 1992ж 29 қыркүйекте Алматыда ашылды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мәжбүр болған дүние жүзінің 33 елінен келген қазақтар қатысты. Құрылтайға көптеген елдерден үлкен қазақ диаспорасы бар Ресейден Өззбекстаннан делегациялар келді. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев көрнекті ақын және қоғам қайраткері О.Сүлейменов Түркиядан келген дінтанушы ғалым Халифа Алтай Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т.б сөз сөйледі.
Қоғам күштерін барынша жұмылдыру мен халықтар достығын нығайтуда 1992ж желтоқсанның ортасында өткен Қазақстан халықтарының форумы үлкен рөл атқарды. Өзінің форумда сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық келісім саясатын бекем және аұырына дейін жүргізетініне олардың мәдениетін тілін салт дәстүрін дамыту үшін сенімді құқықтық кепілдіктерді құрудың қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.
1993ж соңы Қазақстанда Кеңестердің жаппай өзін өзі таратуымен де есте қалды.
1993жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркеліп әрекет еткен үш саяси партия Социалистік партия Қазақстанның Республикалық партиясы «Қазақстанның халық конгресі» және ядролық жарылысқа қарсы «Невада Семей» «Азат» азаматтық және басқа қоғамдық қозғалыстар 11республикалық ұлттық мәдени топтар болды. Сонымен бірге республикада 300ден аса қоғамдық саяси бірлестіктер олардың ішінде ондаған әр түрлі қорлар жұмыс істеді.
«Отан» республикалық саяси партиясы 1999ж құрылды. 2006жыл оныншы съезде партияның атауы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы деп енгізілді. Төрағасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның қазіргі бірінші орынбасары Бауыржан Байбеков
Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясы 2002жқұрылды. Төрағасы Ғани Қалиев.
«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» 2004ж тіркеулен өткен. Бірінші хатшысы Владислав Косарев.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Әлихн Бәйменовтің төрағалығымен құрылып 2002ж тіркеуден өткен
Өз төңірегіне негізінен республикадағы славян халықтары өкілдерін топтастырған «Лад» республикалық қозғалысы өз қатарын нығайту жөнінде белсенді жұмыс жүргізді.
1992ж басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайы қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғары Кеңес Президиумымен келісе отырып республика аумағында 1992ж 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. Еркін баға енгізілуімен тауарлардың барлық түрі бірден қымбаттады.
Қазақстандағы жекешелендіру төрт кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде(1991-1992) жекешелендіру белсенділік байқату сипатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Онан соң аукцион конкурс өткізу арқылы сатылды немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым еңбек ұжымына ақысыз берілді. Осы тәртіппен 4,5 мыңнан астам мекеме жекешелендірілді оның ішінде 0,5мың совхоз ұжымдық меншікке берілді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995) «Қазақстан Республикасында 1993-1995жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын» бекітуден бастау алады. Бұл бағдарлама бәсекеге қабілетті тұтынушы нарығын құру кәсіпкерлікті дамыту өндіріс тиімділігін арттыруды мақсат етіп қойды. Қазақстан экономикасының базалық саласын қамтитын өнеркәсіпті ауыл шаруашылығын құрылыс мекемелерін банк ісін сондай ақ халық тұтынатын тауарлар шығарушы салаларды ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындарды кең көлемді жекешелендіру қарастырылады. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі мемлекет иелігінен алу монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді.
Жекешелендіру үшінші кезеңі(1996-1998) электр қуаты мен мұнай газ саласын жекешелендірудің басталуы секторлық бағдарламаларға өту кезеңі.
1999ж басталып бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған төртінші кезең мемлекеттік меншікті реттеу мен жүйелеуге қатысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бөлудің жаңа әдістерімен сипатталады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта теңге 199ж 15 қарашада айналымға енгізілді.
Елбасы алғаш рет 1996ж 8 қазанда Қазақстан халқына «Елдегі жағдай және ішкі сыртқы саясаттың 1997ж арналған негізгі бағыттары туралы» атты Жолдау жасады.
1997ж Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды.
Президенттің 1997ж 1 қазандағы «Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы тәуелсіз еліміз тарихындағы мемлекетіміздің жаңару бағытын айқындаған маңызды құжат болып табылады.
Стратегияда ұлттық қауіпсіздік бірінші орынға қойылды. Әлеуметтік тұрғыдан ішкі орнықтылық пен тұрақтылықтың іргетасы орта тап екені белгілі.
Елбасының 1999ж 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» деп аталады.
Елбасы 2000ж 24 қарашадағы «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық» атты Қазақстан халқына Жолдауында егемендік алғаннан бергі он жыл уақыт ішінде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамып қалыптасуына егжей тегжейлі тоқталды.
2001ж 3 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Елдегі жағдай туралы және 2002ж ішкі және сыртқы саясаттың басты бағыттары туралы» Жолдауын жасады.
Елбасының 2002ж 29 сәуірдегі «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003ж негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік әкімшілік ісін жүргізудің жаңа қағидаттарына және бюджет аралық қатынастардың тиісті үлгісіне көшу туралы айтылды.
Елбасының 2003ж 4 сәуіріндегі «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004ж арналған негізгі бағыттары» атты Қвзақстан халқына Жолдауында елдің 2004ж арналған ішкі және сыртқы саясатының әсіресе әлеуметтік экономикалық мәдениет пен білім рухани даму салаларын дамыту жолдарының басты бағыттары айқындалған.
Елбасының 2004ж 19 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін Бәсекеге қабілетті экономика үшін Бәсекеге қабілетті халық үшін» деген сөздермен басталады.
Елбасы 2005ж 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік саяси даму бағыттарына ерекше тоқталды.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006ж 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын Жолдауында нақты жеті басымдықты атап көрсетті.
2007ж «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» «Қазақстан-2030» стратегиясын Қазақстан дамуының жаңа кезеңі. Ішкі және сыртқы саясатымыздағы аса маңызды 30 серпінді бағыт»
2008ж «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
2009ж «Дағдарыстан жаңару мен дамуы»
2010ж «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
2011ж «Болашақтың іргесін бірге қалаймын»
2012ж 27қаңтар «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты»
2012ж 14 желтоқсан «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
2012ж 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев республика халқына арналған жаңа жолдау жариялады. Ол «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. «Қазақстан-2050» стратегиясында мемлекеттің болашағы көрініс тапты. Жолдауда «қалыптасқан мемлекет» деген жаңа үғым қолданылды. Бұл өткен 20 жыл ішінде тәуелсіздіктің баянды болып ел іргесі қаланып Қазақстан әлемдегі 50 іргелі мықты мемлекеттің бірі болды деген саяси тұжырым. Мемлекет басшысы енді бұл бағдарламада Қазақстанды 2050жылы дамыған 30 елдің қатарына жеткзу міндетін қойды.
Елбасы Жолдауда осыған жету жолында іске асырылуы тиіс 7 саяси бағытты айқындап берді.
Пайда алу инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне экономикалық прагматизмге негізделген экономикалық саясат жүргізу
Ұлттық экономиканың жетекші күші болатын кәсіпкерлікті жан жақты қолдау.
Әлеуметтік кепілдіктермен және жеке жауапкершілік сияқты жаңа қағидаттарға негізделген әлеуметтік саясат
Заманауи білім беру жүйесін кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарын түз
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
Ұлттық мүдделерді іргерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретін дәйекті және болжамды сыртқы саясат жүргізу..
Жаңа қазақстандық патриотизм біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
Қазақстан Республикасының XXl ғасырдағы экономикалық дамуы
1993-2000жылдары Қазақстан 14,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция алды.
2004жылы Қарағанды қаласында бояу материалдарын шығаратын Француз-Ресей-Қазақстан бірлескен «Alian Paint» ЖШС ашылды.
2006ж Семейде трактор жинаумен айналысатын біріккен кәсіпорын бой көтерді. Қазақстан Ресей Беларуссия және Өзбекстан елдерінің қатысуымен ашылған зауытты «ТТЗ-80» доңғалақты трактор жинау бойынша конвейерлік желі іске қосылды. Сонымен қатар Семейде сол жылы «Қызэлектрмаш» кабельдік өткізгіштік өнім шығаратын технологиялық құрылым жұмыс істей бастады. Қалада қуаты 30млн дана керамикалық кірпіш шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды.
2006ж құрылған «Полихим» ЖШС қолға алған Ақтаудағы геосинтетикалық материалдар зауыты 2007ж өнім бере бастады. 2007ж Талдықорған қаласының шығысында «Метакон ТК» ЖШС зауытында 35-1150кв кернеулік электроөткізгіш желісі үшін мырышпен қапталған металды тіректердің барлық түрлерін шығаратын автоматтандырылған жаңа жүйе іске қосылды. 2007ж Шымкент қаласы Қазақстандағы аса ірі фармацевтикалық кәсіпорын «Химфарм» АҚ дәрілік формалар өндіру жөніндегі осы заманғы жаңа кешен ашылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ютекс» АҚ дайын тігін бұйымдарын шығарады. 2008ж Өскемен қаласында екі жоба тантал өндіретін Үлбі металлургия зауыты және «Қазцинк» АҚ қалайы ерітетін электрлизді зауыттың құрылысы іске қосылды.
2008ж республиканың әрбір өңірінде 3-4тен жаңа кәсіпорындар пайдалануға берілді. Жетісу жерінде ТМД теңдесі жоқ жылына 29 мың тонна сапалы өнім шығаратын «ҚазРосБройлер» құс фабрикасы ашылды.
2009жылы Астана қаласында локомотив құрастыру зауыты іске қосылды. Жобаның қуаты бойынша зауыт жыл сайын 150 тепловол шығарды. 2009ж барлық 14 облысыта және Алматы қаласында жалпы көлемі 114 млрд теңгені құрайтын 16 индустриялық жоба іске қосылды. Оның нәтижесінде 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
Автокөлік саласын дамытудың 2006-2012ж арналған бағдарламасы бойынша республикалық маңыздығы 25665км облыстық және аудандық маңыздағы 18089км жол жөндеуден өткізілді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы құрылысы жүзеге асырылуда.
2003-2005ж Қазақстанның ауыл шаруашылығы дағдарыс жағдайынан толық шығып қалыпты қызмет етуге кірісті.
2006ж 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында Қазақстанның алдағы уақытта әлемдері бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеті қойылғаны белгілі.
2010ж бастап «Алтын алқа» наградасымен 7 баласы бар аналар ал «Күміс алқамен» 6 баланы тәрбиелеген аналар марапаттала бастады.
1997ж 20 маусымында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды. Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ерлер 63жас әйелдер 58 жасқа ұзартылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009ж «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Үкімет «Жол картасын» қабылдады.
«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2009ж еліміздің көлік және коммуникация саласында 55 мыыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Осы жылы Ақтөбе қаласында «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған ауысымында 500 адамды қабылдайтын жаңа қалалық емхана ашылып халыққа қызмет ете бастады. 2009ж 1 қазанындағы деректерге қарағанда «Жол картасы» 3621 жобасы бойынша жұмыс толық аяқталды.
1992 жылғы қаңтардың ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30дан астам мемлекеті таныды. Олардың арасында мынадай елдер болды Түркия АҚЩ Қытай Иран Пәкістан Швейцария Канада Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түрік Республикасы таныды.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994ж басында Еуразиялық мемлекеттер Одағын құру идеясын ұсынды.
Экономиканы одан әрі интеграциялау мақсатымен Қазақстан 1995ж 28 қаңтарда Ресей Федерациясы және Беларуссиямен Кедендік Одақ құру туралы шартқа қол қойды. Одаққа Қырғыстан мен Тәжікстан қосылғаннан кейін Еуразиялық Экономикалық Одақ болып қайта құрылды. 2005ж қарай Қытаймен Өзбекстанмен Рееймен шекара мәселесі шешілді.
1995жылы желтоқсанда Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына толық құқықты мүше болып енді ал бұл қаржы жаңа технологиялар алмасуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатымен 2000 ж 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті.
2001 ж 22 қыркүйегінде Рим Папасы ll Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты. Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезін өткізу де дәстүрге айналып отыр. Алғашқы съезд 2003ж 24 қыркүйек болып өтті. Бұл басқосуға 17 конфессия өкілі қатысты.
Астанада 2006ж 1 қыркүйек Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екінші съезі қараңында бірінші съезде туындаған ғимарат салу идеясы іске асты.
2006ж 12-13 қыркүйегінде өткен екінші съездің басты тақырыбы «Дін қоғам және халықаралық қауіпсіздік» мәселесі болды. Съезд жұмысына 20дан астам елден 43 өкілі қатысты.
Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының 2009 ж үшінші 2012 ж төртінші съезі өтті.
Қазақстан 1993ж ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1994ж Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке мүшелікке қабылданды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөзімен айтқанда «Бздің ірі жетістіктеріміз қатарында 56 мемлекетті біріктіретін ЕҚЫҰға төрағалықты және1,5 млрд астам халқы бар 57 ел қатысушы мемлекеттің қолдауына ие болған ИЫҰ төрағалығын» айтуға болады. Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросының 157 мүшесінің дауыс беруі нәтижесінде «ЭКСПО-2017» ұйымдастырушы елге айналды.
2012 ж Қазақстан Республикасы өз елінде халықаралық көрме өткізу құқығын үлкен бәсекелестікте жеңіп алды. Париж қаласында Халықаралық көрмелер бюросының 152 Бас ассамблеясына қатысушы 161 мемлекеттің 103і Астананы қолдап дауыс берді
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының алатын орны ерекше. 1996ж 26сәуірде Шанхайда бес мемлекет Қазақстан Ресей Қытай Қырғыстан Тәжістан «Шекара аймағында әскери салад сенімді бекіту туралы келісімшартқа» қол қойып Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалады.
2003 ж қыркүйекте Беларусь Қазақстан Ресей жәнее Украина президенттері Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы келісімге қол қойды.
2010ж 1 қаңтарынан Ресей Қазақстан және Беларуссия арасында Кедендік үштік одақ құрылып өз жұмысын бастады.
Жалпы білім беру мектептеріндегі оқу жүйесі 1984ж бастап 11 жылдыққа көшірілді. 1984ж мектеп реформасы бойынша балалар мектепке 6 жастан баратын болды. 1-4 сыныптар бастауыш 5-9 сыныптар орта 10-11 сыныптар толық орта және кәсіби білім беретін сыныптар болып белгіленді.
1991жылдан бастап жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта оқу орындары лицейлер гимназиялар кәсіптік техникалық мектептер колледждер ашылды.
1999ж маусымда қабылдаған «Білім туралы» Заң жалпы білім беретін мектептердегі оқытуды үш сатылық етіп бөлді бастауыш негізгі орта
Әлемдік өркениет жетістіктерін жылдам игеру мақсатында 1997ж орта білім беру жүйесін ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
2009ж қаңтар айында Астанада Тұңғыш Президенттің бірінші интеллектуалдық мектебі ашылды.
2003 ж басына қарай республикада127 жоғары оқу орны болып оларда 257 мың студенттер оқыды.
2004 ж бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді.
1993ж 11қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы белгіленді. 1994ж алғаш рет 187 қазақстандық студент АҚШ Ұлыбритания Германия және Франция елдерінің жоғары оқу орындарына аттанды.
2004ж 785 студенттің әлемнің 13 елінде білім алуға мүмкіндігі болса 2005 ж мемлекеттік стипендия саны 3000 ға көбейтілді және әлемнің 32 еліндегі 630алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасалды.
2008ж 30қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендиаттарының ll форумы өтті. Бұқаралық ақпарат құрадарының бұрынғы кезден түбірлі айыпмашылығы бүгінгі күннің өткір проблемаларын халыққа еркін жеткізе алуында «Қазақстан» телеарнасы «Күлтөбе» «Шынның жүзі» «Хабар» «Бетпе бет» «31КАНАЛ» «Өзіндік пікір» атты бағдарламалармен көрермендердің көңілінен шықты.
Қазақстан Республикасында өзіндік этникалық болмысының ерекшелігін мәдениеті мен тілдерін сақтаған 130дан ұлт пен ұлыс өкілдері тұрып жатыр. Бүгінгі күні Республикадағы этномәдени орталықтар саны 621 ге жетти елимизде 46 этнос өкілінің орталығы бар. Елімізде газет және журналдар 11 радиохабарлар 8 телехабарлар 7 тілде тарайды. Қазақ және орыс тілдеріндегі БАҚ қоспағанда басқа ұлт тілдерінде шығатын басылымдардың жалпы таралымы 80 мыңнан асады. 88 мектепте оқу толығымен өзбек тәжік ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілді.. Қазақстандағы 22 этнос тілі 108 мектепте жеке пән ретінде оқытылды. Онан басқа 195 мамандандырылған лингвистикалық орталықта 30 этностық балаларына сондай ақ ересектеріне де тіл үйренуге барлық мүмкііндік жасалған.
Қазір онда 7 мыңнан аса адам оқиды. Қазақстанда қазақ пен орыс театрларынан басқа өзбек ұйғыр кәріс және неміс театры жұмыс істейді. Оның үшеуі ТМД көлеміндегі бір бірден ғана театрлар
Көне заманнан бүгінге дейінгі 5 томдық Қазақстан тарихы академик Ә.Х.Марғұланның 14томдық еңбегі т.б іргелі басылымдар жарық көрді.
ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы республикада кеңінен атап өтілді. 1999ж сәуірде Парижде осы оқиғаға арналған халықаралық ғылыми симпозиум өтті.
1989ж «Азия дауысы» халықаралық ән байқауы өткізіліп тұрды. Айтыскерлер арасынан Манап Көкенов Көкен Шәкеев Әселхан Қалыбекова Надежда Лушникова Аманжол Әлтаев Оразалы Досбосынов Айнұр Тұрсынбаева Бекарыс Шойбеков және басқа да таланттар танылды.
2001жылдың ақпан айында «Асыл мұра» атты Қазақстанның музыкалық мұрасы жобасының тұсаукесері Алматы қаласында өтті.
Бүгінгі күні Қазақстанның елордасы Астана қаласының мәдени инфрақұрылымы кеңейтілуде Қ.Қуанышбаев атындағы орыс драма театры К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры жұмыс істеді.
2003 ж «Астана 2003» қазақ әндерінің бірінші халықаралық байқауы өткізілді. Қазақстанда жыл сайын еліміздің талантты жастарына арналған «Жас қанат» «Жігер» «Алтын алма» «Шабыт» және басқа да фестивальдар өтіп тұрады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004ж 13 кантарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы»
2008 жылдың қыркүйек айында V «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтті.
1996жылы Алматыда Тәуелсіздік монументі мен Ж.Жабаев ескерткіші Астанада Кенесары Қасымұлы Абылай хан Төле би Қазыбек Би Әйтеке би ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.
2003-2005жылдары қазақ американ кинемтографистері «Көшпенділер» кинофильмін түсірді. Бұл алғашқы маңызды халықаралық жоба еді. 2011ж түсірілген Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі бүгінгі қазақ киноөнеріндегі ірі жетістік саналады.
XlАзиялық ойындарға алғаш қатысқан қазақстандықтар жалпы командалық есепте 4орынды иеленді. 77 медаль жеңіп алды. Дәлет Тұрлыханов Сергей Филимонов Наталья Торшина Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде танытты. Қысқы олимпиада ойындарында көкшетаулық В.Смирнов А.Парыгин В.Жиров чемпиондар атанды.XXVl олимпиада ойындарында Ольга Шишигина Ермахан Ибрайымов Бекзат Саттарханов чемпион болды.2001 ж Қазақстан тәуелсіздігінің10 жылдығына арналған 1 жаздық спартакиада өткізілді оған еліміздің 1млн нан астам тұрғындары қатысты.
XXVlll олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев чемпион атанды. Ол олимпиаданың үздік боксшысы деп танылып ең үздік спортшы ретінде оған Вэл Баркер кубогы табыс етілді. Штангашы С.Фмлммонов боксшы Г.Головкин палуандар Г.Цурцумия мен Г.Лалиев күміс медальдарды иеленді.
Қазақстан спортшылары 2006ж Доха қаласындағы жазғы Азия ойындарында 85 медальға ие болды. Оның 23 алтын 20 күміс 42 қола медаль. Алдыңғы Азия ойындарында 20алтын 26 күміс 30 қола медаль алып жалпыкомандалық 4 орынға шықты. Испанияда өткен әйгілі «Вуэльта» веложарысында қазақстандық спортшылар Александр Винокуров пен Андрей Кашечкин жеңіске жетті. 2006ж нысана көздеуден және ауыр атлетикадан Ольга Довгун мен Илья Ильин әлем чемпиондары атанды. Илья Ильин жыл спортшысы ретінде танылды. Дмитрий Карпов көпсайыстан әлемнің үздік спортшысы атанды.
Қазақ спортшылары, 2008жылғы Бейжің олимпиадасында 13 медальға қол жеткізді 2 алтын4 күміс пен 7 қола. Медаль саны жағынан 205 мемлекеттің ішінде 19 шы жалпы есепте 29шы орынға табан тіреді.
Біздің республикамыздан алтын медальды ауыр атлет Илья Ильин мен боксшы Бақыт Сәрсекбаев иеленді. Күміс медаль иелері дзюдоист Асхат Житкеев ауыр атлеттер Ирина Некрасова мен Алла Важенина еркін күрестен Таймұраз Тигеев Қола медаль грек рим күресінен Нұрбақыт Теңізбаев және Әсет Мәмбетов ауыр атлет Мария Грабовецкая еркін күрестен Елена Шалыгина және Марид Муталимов боксшы Еркебұлан Шыналиев пен таэквондошы Арман Шылманов алды.
Астана мен Алматы қалаларында 2011ж өткен Vll Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 32 алтын 21 күміс 17 қола барлығы 70 медаль алып бірінші орынға шықты. 2012ж Лондондағы XXXЖазғы олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасы тамаша табысқа жетті. Лондон олимпиадасы Қазақстанның спорт тарихындағы ең жарқын беттердің біріне айналды. Еліміз спортшылары осы жаһандық жарыста 7алтын 1 күміс және 5қола медальға ие болып Қазақстан құрамасы командалық 12 орынға шықты. Бұл Қазақстан үшін бұрын соңды болмаған орасан зор жетістік еді. Штанга көтеруден ерлер арасында Илья Ильин ал қыздар арасындағы осы спорт түрінен жарыста Светлана Подобедова Майя Манеза Зульфия Чиншанло алтын медальға ие болды. Жеңіл атлетикада Ольга Рыпакова веложарыста Александр Винокуров бокста Серік Сәпиев алтыннан алқа тақты. Илья Ильин екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
Елімізде 2011ж бері жыл сайын қазақша күрестен жүлде қоры өте қомақты «Қазақстан барысы» жарысы өткізіліп келді.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республиасының Тұңғыш Президенті.
1984жылдың наурыз айнда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Сол кезде ол одақтас республикалардағы ең жас басшылардың бірі болды.
Қазақстан Республикасы 1994ж 6 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсіз мемлекетіміз астанасының тағдырын шешті. 1995ж 15 қыркүйек Қазақстан Республкасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығы 1997ж 20 қазанда «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығы шықты. 1997ж 8 қарашада Ақмолаға мемлекеттік билік атрибуттары Ту Елтаңба мен Президент байрағы әкелінді.
1997ж 10 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды.
1998ж 6 мамырында Қазақстан Републикасының ПРезидентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998ж 10 маусымында өтті. 1999ж ЮНЕСКО щещімімен Қазақстан астанасына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесі беріліп медаль табыс етілді.
2001 ж бастап жабдықталуы бойынша теңдесі жоқ Республикалық клиникалық аурухана жұмыс істеді. Республикадағы білікті маман дайындаудың жетекші орталықтарының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ашылды. 2010ж Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған Халықаралық деңгейдегі Nazarbayev University Назарбаев Университеті жемісті жұмыс жасауда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет