Зайсан ауданы әкімдігінің «М.Әуезов орта мектебі» кмм «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер»



бет3/5
Дата19.05.2022
өлшемі130,26 Kb.
#143882
1   2   3   4   5
Байланысты:
манжазба
Жиырма бір фильмі. Кантореева Жайна МФ —31, Жиырма бір фильмі. Кантореева Жайна МФ —31, Жиырма бір фильмі. Кантореева Жайна МФ —31, nұrly-kөsh-baғdarlamasy-zhәne-otandastardyң-қaytyp-oraluy, Магия утро, 9 кл БЖБ № 1. 4- токсан. Атом құрылысы, ашық сабақ, зерт жұмыс лаб
Сұрақтар шеңбері әдісі арқылы әр топ бір-бірлеріне қарсы тұрып (бір оқушыдан шығып)өткен материалдардан түрткі сұрақтар қояды.Себебі, оларға сұрақтарды әзірлегенде олардың алдыңғы сабақтардан алған білімдеріне сүйене отырып, жаңа тапсырмаға жақсы көңіл-күймен, ынтамен кіріседі.Бұл оқушылардың өзін-өзі ынталандыра алуына, осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылықтың пайда болуына септігі тиеті сөзсіз.Қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытумен қоса, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, сұрақты мұқият тыңдап, сұраққа нақты да толық жауап беруге машықтанады.
Диалогтің «оқушы-оқушы» жағдайындағы жұптық әңгімеде оқушылар «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясын қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінуге,бірге оқуға сыни ойлауға жету үшін бір-бірін ынталандырып, бір-біріне жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарға толықтыруларын жасайды. Сонымен қоса, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, талдауға дағдыланады.
Өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруда сабаққа таңдалып алынған тапсырмалардың ықпалы зор. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді. Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасау үшін талдау кестелерін толтыру тапсырмаларын берген болатынмын. Және де оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру мақсатында оңайдан күрделіге қарай құрастырылған кеңейтілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде ұсындым. Тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік алғаннан көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктерінің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай жасалды. (Wells, 1999).
Белсенді әдісті топтық сурет бойынша әңгіме құрау барысында оқушылардың бір-бірінің айтқандарын тез ұғатындары,оқу барысында оқу дағдыларының жетілетіндігі, қарым-қатынас кедергілерінің жойылатындығы анық. Жалпы белсенділікке жетелейді, шапшаң оқуға машықтануға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет