Заманауи білім беру: Әдістемелер, ТӘжірибелер, НӘтижелер мухамедияр Айым



бет2/3
Дата05.10.2023
өлшемі38,74 Kb.
#183790
1   2   3
Байланысты:
Инновациялық зерттеулер

Құмырсқа
қанағатшыл еңбекқор
жұмыскер ақылды

бірлікшіл
Құмырсқа қандай жәндік? Диалог құру Ол сендерге ұнай ма? Неге? Құмырсқа болсаң не істер едің? Құмырсқа туралы не білесіңдер?

1
Кубизм стратегиясы арқылы оқыған мәтіннен не түсінгенін сұрақтарға жауап ретінде өз ойларын еркін жеткізе білді.
Кубизм стратегиясы
1 жақ – талдаңыз
2 жақ – салыстырыңыз
3 жақ – зерттеңіз
4 жақ – суреттеңіз
5 жақ – ойларыңызды байланыстырыңыз
6 жақ – келісіңіз не қарсы шығыңыз
Сабақ кезінде оқушы мен мұғалімнің арасында қатынастар нығайып, сыни ойлауға, өз ойын дәлелдеуге, шығармашылық белсенділікке ұмтылды.
Кубизм стратегиясы арқылы оқыған мәтіннен не түсінгенін сұрақтарға жауап ретінде өз ойларын еркін жеткізе білді.
Синквейн стратегиясы: Бес жолды өлең құрастыру:
Не? – Құмырсқа.
Қандай? – еңбекқор, қанағатшыл.
Не істейді? – еңбек етеді.
Құмырысқа - жұмыскер
Түйін сөз – Құмырсқа қанағатшыл, еңбекшіл жәндік. Бұл жұмыстар оқушының шығармашылығы мен белсенділігін артырып, өздеріне сенімді бола алады.
Мысалы A, Б, Ж – Я «Алфавит» ойыны
Балаларға әдебиеттік оқу пәнінен «Құмырсқаның қанағаты» әңгімесін оқып отырып, әңгімеден түсінгенін алфавит ретін тауып, негізгі оқиғаны сөздермен жаз. Мысалы, Құмырсқа қандай?.
A – ақылды
Б – Білгір
Е - еңбекқор
Ж – жұмыскер
Қ- қанағатшыл
Т- талапшыл
О-ойшыл
Ш - шыдамды
«Орынсыз жауаптар» ойыны
Балаларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы: «Заттың сынын білдіретін сөздер- «Рақмет, мен тамақтанып алғанмын» «Төрт түлік малды ата?» - «Мен ертегі тыңғанды ұнатамын» Өз бойынан өткізіп, топпен, жұппен, жеке орындатса, оларды шығармашылыққа жетелейді. Осылайша балаларға білім беру жолында шығармашылығын дамытуға шын ниетіммен кірісіп, оң нәтижесін көріп келемін [6].
Заманауи білім беру мазмұнының әдістемелері мен нәтижелерін, түрлі әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдап алу тиімді оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде білім сапалары артып, өз нәтижелерін көрсете білді. Оқушылардың сыни ойлауын дамытып, функционалдық сауаттылығы мен оқу мен жазу сауаттылығы артты. Бірлесе атқарған жұмыс, өз нәтижесін берді [7, 2 бет].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет