Зира Наурызбаева, Лиля Калаус Алтын тостағанды іздеу Бату мен оның достарының бастан кешкендері



бет16/16
Дата03.02.2023
өлшемі304,73 Kb.
#167306
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Бату Казакша

МӘҢГІ КӨК АСПАН

Тағы да жолға!


Кіші Скорпионның тағдыры.
Кім жеңімпаз болып қалады?
Киелі төбедегі киелі дән.
Самұрықтың өсиеті.
Аспарамен қоштасу.

Бату ұйқыдан оянғандай, кілт көзін ашты. Бәлкім, шынымен де ұйқыдан оянған болар. Өлім аузында жатқан әзірде басынан өткерген ғажайып оқиға ойынан шығар емес.


Жанында жүпірлеген достары тұс-тұстан атын атап, қуанысып жатыр. Бату сыбыр етті:

  • Су...

Күйші жеңілейіп, құтыны аузына апарды. Шөлін қандырған Бату тыңайған дауыспен:

  • Тұмар қайда? – деп сұрады.

Күйші иығын қушитты, бірақ, жүзінен алаңдаушылық байқалмайды:

  • Самұрық алып кетті. Бәйтеректің басына болар...

Бату «аһ!» деп, оңдалып отыруға әрекеттенді. Сол-ақ екен, өзін жайсыз сезініп, басы айналып кетті.

  • Құтқару... керек! Сіз... қалай ғана...

  • Біле-білсең, менің қызымқоса кетті, - деді Күйші естілер-естілмес.

Бату көзін тайдырды.

  • Ал, Аспара қайда? Ол аман ба?..

  • Осында ол, осында! – деп айғайлады Дана. Ол дәл сол кезде Аспараның тұруына көмектесіп жатқан. Патшазаданың беті қанап, қолы үзіліп кеткендей, салаңдайды, бірақ, өзікүлім қағады:

  • Бату! Құтты болсын! Мызғымас достық пен ауызбірліктің арқасында жаудыкүйреттіңдер!

Бату буыны құрып, жерге қайта жатты.

  • Тыныға тұр, бауырым, - деді Аспара.

  • Дана, дорбамдағы дәкелерді алшы, - деді Күйші. – Жауынгерлерімізді емдейік!

Аспараның қолын таңған соң, Дана Қайратқа жақындады. Анау оны маңайлатпай, безілдей бастады.

  • Бір-екі жерімді ғана сыдыртып алдым. Тізем жырылды, болғаны сол. Одан да, бар, анау Батуға йод жақ.

Дана айтқанынан қайтпай, оны қолынан тартып қалды:

  • Сөз таластыратын болсаң, бір-ақ тәсілмен ұрып жығам, сосын барып емдеймін. Барлық кеселден!

  • Иә, сен мықты төбелесесің, - деп күрсінді Қайрат. – Тура ұл сияқты...

  • Қазір аузыңды дәкелеп тастаймын, - деді Данақатулана, ұлмен салыстырғанды ұнатпай қалып.

Қайрат бағынып, балағын түрді...
Күйші жаралы аттың бүйірін абайлап жуды. Абырой болғанда, сойқан аю салған жарақаттар терең болмай шықты. «Тез-ақ жазылады, тек жаңа жанып біткен отынның күлі керек», - деді Күйші.

  • Аттану керек, - деді ол содан соң, күнге қарап алып. – Уақыт жетеді.

  • Ал, мынаны қайтеміз? – деп сұрады Саша, матаулы Скорпионды иегімен нұсқап. – Өзімізбен сүйрейміз бе? Бұның не керегі бар бізге?

Күйші балаларға сынай қарады:

  • Не айтасыңдар?

Аспара қабағын түйді:

  • Бізді соғыстан кейін жеңілген жаумен төс қағыстырып, бауырласуға үйреткен. Бірақ, біздің жауларымыз жас сәбилерді ұрлаған емес. Бұны қайту керегін біле алар емеспін.

Күйші Қайратқа бұрылды.

  • Ал, сен не ойлайсың, Қайрат?

Анау кінәлі кейіпте басын тұқыртты.

  • Мен бір кезде осының айтағына ерген едім... Енді оны қай бетіммен айыптайын?

  • Саша?

  • Басынан бір қойып, полицияға ұстап беру керек! – деп мәлімдеді Саша кегі қайнап.

  • Сонда полициядағыларға не айтасың? – деді Дана естиярлықпен. – Бізді аюға жегізбек болды демекпісің? Бату, сен не ойласың?

Бату үн-түнсіз Скорпионға жақындап кеп, арқанды шешті.

Скорпион ұйып қалған қолдарын уқалай, шетке ытқып кетті. Сосын бүкшеңдеп, достардың келемеж-күлкісіне қалып, қоян бұлтақпен қаша жөнелді. Аулағырақ кетіп қалған соң, тоқтай қалып, өштікпен балағат сөздер айта бастады.
Балалар ду күлді. Ал, Күйші Батуға еңкейіп, құлағына сыбырлады:

  • Сен өнегелілік таныттың. Бұл да ата-баба жосығы ғой. Бірақ, мен кей-кейде рақымшылық атаулыдан ада аяусыз, арсыз сұмдар жеңіп кетіп жататынын ойласам, ішім ашиды...

Шағын жасақ жолға шықты. Алда Дана мен Саша кетіп барады. Саша, әдетінше, қолдарын қызу сермелеп, мейірімсіз қоқандықтармен соғыс туралы әңгімелеуге кіріскен. Қайрат қолы таңулы Аспара отырған атты жетекке алған. Олардан қалықтау маңғаз мәжіліс құрып, Бату мен Күйші келеді.

Күйші жымиды:

  • Ешқандай да ғажайып емес! Осы маңда құсбегі сыныптасым тұрады. Аушы құстарды баптап, аң аулайды. Айтпақшы, сол досым сендердің бәріңді жазғы демалысқа қонаққа шақырды.

Даланы басына көтеріп, шаттанған дауыстар естілді:

  • Алақай! Яху-у! Уау, тамаша!

Араға бір-екі сағат салып, жолаушылар киелі төбеге келіп жетті.
Төбе басында Қадиша қаннен-қаперсіз Тұмар балақайды ойнатып отыр...
Балалар өкшелері жерге тимей, жанына жүгіріп барды.

  • Қадиша! Аман-есенсің бе?! Балақай ше? Қайда болдың?

  • Тоқтаңдар! Тоқтаңдар! – деді Күйші дауыстаңқырай. Сосын қызын қапсыра құшақтады:

  • Ақылдым сол. Бәрін өз жөнімен істедің. Есейіп қалыпсың-ау, айналайын...

  • Ал, мынау немене? – деп дауыстап жіберді Саша таңғалып.

Жерге неше түрлі тағам қойылған мол дастарқан жайылыпты.

  • Бұл - Самұрықтың сыйы, - деді Қадиша. – Дәм алыңдар!

Бату құндақтаулы қарындасы жатқан бағалы қапшықты қолынан шығармай, мазасыздана:

  • Сонда Тұмарды қайтіп тамақтандырамыз? – деді.

Қадиша бір түрлі жұмбақ күліп жіберді:

  • Қарындасың үшін қам жемей-ақ қой, Бату! Ол бүкіл Құс жолын ішіп алды.

Бауырсақты рақаттана күйсеп отырған Саша:

  • Үйге барған соң, әке-шешемізге не айтамыз? - дедіойлана.

Күйші иығын қушитты:

  • Олармен өзім келісем, уайымдамаңдар. Негізі, мен ол жағын күні бұрын ойластырып, сендердің арттарыңнан аттанардың алдында кешкілік қам жасап қойғам. Ал, енді асыққанымыз жөн.

Тынығып, жүрек жалғап алған балалар шүпірлесіп қайтуға жиналды.

  • Ой, ұмытып барады екенмін! – деп, кенет дауыстап жіберген Қадиша, қалтасына қолын салды. – Міне, мынаны Самұрық Аспара мен Батуға беріп жіберді.

Қадиша шүберек түйіншекті достарына ұстатты.
Бату матаның шетін тартты. Ол жаулық болып шықты, ішіне кәдімгідей сәуле шашып, жарқыраған жалғыз ғана дән оралыпты.

  • Мен білем! – деп саңқ етті Саша, тағы да жоқ көзілдірігін түземек болып. – Бұл – көктегі Бәйтеректің ұрығы. Самұрық оны осы жерге еккенімізді қалайды! Тамаша!

Бату жаулықтан көз айырмады.

  • Саня, таныдың ба?

Саша сығырайып, өрнекке шұқшиды.

  • Иә... Тұмар падиша Аспараға сыйға тартқан жаулықтағы өрнектен айнымайды.

Бату жүресінен отыра қалды да, қолымен тез-тез борпылдақ топырақты қазды. Сашаның қолынан ұрықты алып, шұқырға салды. Дана үстінен топырақ тастады. Қайрат төмпешікті алақанымен аялай басып-басып қойды. Саша Күйшінің құтысындағы қалған суды төкті.
Аспара былай деді:

  • Көкте Түркі Тәңірісі, Түріктің Қасиетті Жері, Суы былай депті: «Түркі халқы жойылмасын», «Ел болсын»...

  • Бұл не? – деп таңырқай сұрады Саша.

  • Бұл сөздер осыдан он үш ғасыр бұрын көне түрік қолбасшысы Күлтегінге қойылған ескерткішке қашалып жазылыпты. Демек, бұл біз ойлағаннан да көне болғаны ғой, - деп жауап берді оған Күйші.

  • Қош, Бату! – Аспара досына бұрылды. – Мен сені мен сенің достарыңды ешқашан ұмытпаймын. Ал, менің кететін кезім келді.

  • Бірақ, біз әлі көрісеміз ғой? – деп күбірледі Бату. – Сен әлі келесің ғой маған?.. Әлде сол күнделік мұқабасында қала бересің бе?

Аспара мұңая жымиды:

  • Білмеймін, Бату. Бірақ, сендердің бәріңмен жүздесуге жазса екен деп тілеймін. Достық құшағыңды ашуыңмен маған зор құрмет көрсеттің, бауырым.

Аспара салтанатты тәжім етті. Батудың көзі ашып кетті. Бірақ, ол нағыз ерлерше, Аспараның сұлбасы батып бара жатқан күн сәулесіне сіңіп кеткенше, көз жасын тежеп тұрды. Әйтсе де, артынан жылап жіберді...

ЭПИЛОГ
Тапқыр күйші әке-шешелерінің көңілін қалай жайландырғанын балалар со күйі білген жоқ. Бірақ, әйтеуір, кір-қожалақ, жырылған-сырылған, үсті-бастары көгеріп, киімдері жыртылып, үйлеріне кіріп келген бұларға ешкім ұрыспады. Қайта, керісінше, әке-шешелері тәтті-дәмділерін алдарына тосып, ештеңе сұрамастан, ұйқыға жатқызды!
Уақыт өз ағынымен өте берді. Көктемгі демалыстың қалған күндері балалар қас қарайғанша скейт теуіп, киноға барып, балмұздақ жеп, қызыққа батты. Бату әкесі мен анасы, әжесін таң қалдырып, ойда-жоқта кітапқұмарлығы оянып әрі домбыра тартып үйрене бастады. Саша, керісінше, күнде таңертеңгілік Қайраттың қадағалауымен турникке тартылатын болды. Сосын көзге жасалатын отаға қаржы жинау үшін, онымен бірге қағаз таситын, шұғыл тапсырмаларды орындайтын шабарман болып орналасты. Қайрат Дананың адал серісіне айналды: ол – мектепке, киноға я дүкенге - қайда барса да, көлеңкеше бір жақтан пайда бола кетеді де, қымсынған бикешінің соңынан ереді де жүреді. Қадиша Бату мен Дананікіне жиі қонаққа келіп, Дананың інілері мен Тұмарды мейірлене ойнатып тұрды. Тек Скорпион туралы балалардың ешқайсысы ештеңе естімеді. Сабақ басталғанда, ол мектепке келмеді. Бір жолы анасы Батуға атасының қазасынан кейін Руслан Скоробогаттың әке-шешесі келіп, пәтерді сатып, ұлын өздерімен алып кеткендерін айтты, тек қайда әкеткені белгісіз.
Міне, кішкентай Тұмарды қырқынан шығарып, шілдехана жасайтын күн де келіп жетті.
Бату, Саша, Қайрат, Дана, Қадиша, олардың әке-шешелері және, әрине, Күйші той дастарқанына жиналды.
Бату көне ғұрыпты мұқият бақылады.
Әжесі мен Дананың анасы әуелі абайлап кішкентай Тұмардың тырнағы мен қарын шашын алды. Сосын Дананың анасы жалаңаш қарындасын астаудың үстіне көтерді, ал, әжесі үлкен шарадан күміс қасықпен су алды да, дұғасын күбірлей, басына құйды...
Осы кезде Бату кенет атып тұрды да, айғай салды:

  • Эврика! Мен түсіндім!


Жалғасы бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет