Xviii ғасырдың аяғы (Ұлы француз революциясы)



Дата20.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#181676
Байланысты:
Франция XVIII ғасыр аяғы мен XIX ғасырда

Тарих, география және ӘГП кафедрасы

Еуропа және Американың жаңа және қазіргі заман тарихы курсы бойынша

XVIII ғасырдың аяғы

(Ұлы француз революциясы)

– XIX ғасырдағы Франция.

Көкшетау

Француз буржуазиялық революциясы.

Уақыты: 14 шілде 1789 жыл – 9 қараша 1799 жыл.

Себептері: Француз корольдерінің абсолютті билігінің дағдарысы. Әсіресе, XV Людовик және XVI Людовик корольдер кезінде.

Басталуы:

  • Король XVI Людовик пен Бас Штаттар арасындағы келіспеушіліктер;
  • Бас штаттар депутаттарының Құрылтай жиналысын құруы;
  • Францияның Конституциясын қабылдауды талап ету;
  • Халық көтерілісінің нәтижесінде 1789 жылы 14 шілдеде Париждегі саяси түрме – Бастилияның басып алынуы.

Людовик XVI 1774-1793 жж. Франция королі


Бастилияның алынуы.
1789 жыл, 14 шілде

Француз буржуазиялық революциясының кезеңдері:


1. Конституциялық монархия кезеңі (1789-1792). Басты қозғаушы күші – ірі аристократиялық буржуазия. Жетекшілері – Мирабо, Барнав, Ламет, Лафайет. 1791 жылы Францияның бірінші Конституциясы қабылданды.
2. Жирондистік кезең (1792-1793). 1792 жылы 10 тамызда монархия құлатылды, саяси билік жирондистердің қолына көшті. 1792 жылы Құрылтай жиналысы – Ұлттық конвент құрылды. 1792 жылы 21 қыркүйекте Францияда монархия құлатылып, республика жарияланды. 1793 жылы 21 қаңтарда король Людовик XVI өлім жазасына кесілді.
3. Якобиндік кезең (1793-1794). 31 мамыр -2 маусым 1793 жылы билік жирондистерден якобиншілерге көшті. Якобиндік диктатура орнатылды. Якобиншілдердің жетекшілері – Робеспьер, Марат, Сен Жюст, Кутон. Осы кезеңде бұрынғы королева Мария-Антуанетта, көптеген жирондист депутаттар тұтқындалды.
4. Термидориандық кезең (1794-1795). 1794 жылы шілдеде термидорлық (термидор – революциялық күнтізбе бойынша шілде айы) төңкерістің нәтижесінде якобиншілдер биліктен құлатылды. Бұл француз революциясы барысындағы консерваторлық бетбұрыс кезеңі болды.
5. Директория кезеңі (1795-1799). 1795 жылы Францияның жаңа Конституциясы қабылданды. Ұлттық Конвент таратылды. Директория – бес директорлардан тұратын ұжымдық мемлекет басшылығы құрылды. 1799 жылы қарашада генерал Наполеон Бонапарттың жетекшілігімен болған төңкерістің нәтижесінде құлатылды. Бұл Француз буржуазиялық революциясының аяқталуын білдірді.

Наполеон Бонапарт (1769-1821) – 1804-1815 жылдары Францияның бірінші императоры, ұлы қолбасшы және мемлекет қайраткері.

1811-1815 жж. Еуропаның саяси картасы.

ХІХ ғасырдың І жартысындағы Франция.


1815-1830 жылдар аралығында Францияда монархия қалпына келтірілді. Бурбондар әулетінің корольдері билікке қайтып келді. Бұл кезең Реставрация кезеңі деген атпен белгілі. Бұл кездегі корольдер – XVIII Людовиктің және Х Карлдың билігін екі палаталы Парламент шектеп отырды.
1830-1848 жылдар аралығы – Франция тарихында Шілде монархиясы деп аталды. 1830 шілде айында революцияның нәтижесінде Бурбондар әулетінің билігі құлатылып, Франция королі тағына Луи Филипп Орлеанский отырды. Шілде монархиясы кезінде корольдің билігі одан әрі шектеле түсті. Парламенттің заң шығарушылық құқығы кеңейтілді. Министрліктердің жауапкершіліктері күшейтілді. Сайлау құқығы енгізілді.
1848-1851 жылдар аралығы – Франциядағы Екінші республика кезеңі. 1848 жылы Францияда республикашылдар революцияны жүзеге асырып, король Луи Филипп биліктен бас тартуға мәжбүр болды. Францияда республика жарияланды.

Луи Наполеон Бонапарт – 1852-1870 жылдары Францияның императоры.


Адольф Тьер – 1871-1873 жылдары Франциядағы Үшінші республиканың Президенті.

1870-1871 жылдардағы Франция-Пруссия соғысы.


1870-1871 жылдар – Франция-Пруссия соғысы. ІІІ Наполеон Герман мемлекеттерінің бірігу процесін тоқтатуды және өз билігін нығайтуды көздеп, 1870 жылы 19 шілдеде Пруссияға қарсы соғыс жариялады. Француздар Пруссияның әскери күшін жете бағаламады, ал өздері соғысқа ойдағыдай дайындалмай кірісті. Элзас пен Лотарингияда болған шайқастарда Франция әскері Пруссиядан бірнеше рет жеңіліске ұшырады. 1870 жылы 2 қыркүйекте 83 мың әскері бар ІІІ Наполеон мен маршал Мак-Магон Седан түбінде капитуляцияланды
1870 жылы 4 қыркүйекте Парижде революция басталып, Францияда Үшінші Республика жарияланды. Пруссиямен соғыс аз уақытқа жалғасып, 1871 жылы 28 қаңтарда Франция жеңілгенін мойындады. 1871 жылы 10 мамырда Майндағы Франкфурт қаласында Пруссия (Германия) мен Франция арасындағы бейбіт бітімге қол қойылды. Соған сәйкес, Эльзас пен Лотарингия жерлері Германияға берілді. Франция Германияға 5 млрд франк көлемінде контрибуция (соғыс салығын) төлеуге міндеттенді.
Франция-Пруссия соғысының нәтижесінде Герман мемлекеттерінің Пруссияның басшылығымен бірігуі аяқталды. Герман империясы құрылды.

Эйфель мұнарасы – 1889 жылы Париждің орталығында салынған металл мұнара. Биіктігі – 324 метр, салмағы - 10 100 тонна. Конструктор Гюстав Эйфелдің құрметіне солай аталған.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет