«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет34/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

 
АУТОВА Г.М. 
(АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН) 
ДҮНИЕТАНУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ КЕЛБЕТІН ОҚЫТУ 
БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ЖЕТІЛДІРУ 
ӘДІСТЕМЕСІ 
Білім беру сапасын дүниежүзілік деңгейге жеткізу төңірегіндегі Президент 
саясатына негізделіп еліміз білім беру саласын қайта құру жағдайын бастан 
өткізіп жатыр. Жалпы білім беретін мектептерде математикалық бағытта терең 
білім берудің күшеюіне байланысты физика курсының мазмұнын тереңдетіп 


74 
оқытуға және физикалық білімді саналы түрде меңгеруге қойылатын талаптар 
күшейтілді және оны жүзеге асыру мақсаттары айқындалды. Оның үстіне 
физика саласындағы ашылып жатқан жаңалықтар жыл сайын ұлғайып әлемді 
өзгертіп келеді, ал бұл өз кезегінде дүниетанудың физикалық келбетін оқып 
үйрену үшін оқушылардан танымдық әрекетті және белсенділікті талап етеді.
Дүниетанудың физикалық келбетінің негізгі компоненттері – материя, 
кеңістік, уақыт. Материя қозғалысының формалары және қоршаған әлемді 
танып білу деңгейінің тереңдігін ашу жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі 
теориялық физиканың басты мақсаты.
Ал, мектеп аясында оқушының бастапқы дүниетану философиясының 
қалыптасуы физика пәнін оқыту барысында қолға келтіріледі.Қазіргі физика 
пәнін оқыту бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің 7-9 
сыныптарында физика курсының барлық бөлімдері оқытылады. Бұл этаптағы 
меңгерілетін материал біріншіден оқушылардың жас ерекшілігіне, екіншіден 
олардың математикалық дайындығына сәйкес берілген. Жоғары сыныптарда 
(10-11 сынып) болса, физика курсы әр түрлі мектептерде түрлі бағдарламалар 
бойынша оқытылады. Бұл жаратылыстану-математикалық бағыт және 
қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы сыныптарға арналған физика курсы.Бұл 
этапта оқушылардың физика курсы бойынша алатын білімі олардың болашақ 
мамандығына тікелей байланысты. [1,18 бет] 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы физиканы оқыту бағдарламасы 
үлкен қадамдар мен дамып келе жатқан ғылыми- техникалық прогресске өз 
ақыл ойы, және танымы мен ілесе алатын, технологиялық ортада жеке басы 
үшін маңызды мәселелерді шеше білетін,одан артық болса өз саласында 
зерттелмеген мәселелерді ашып, ғылым мен техникаға жаңалық енгізетін 
тұлғаның қалыптасуына барынша бағдар алу керек. 
Өйткені, физикада әлі де дүниенің физикалық келбетін жасайтын кейбір 
философиялық түсініктер мен теориялар арасындағы елеулі зерттеулерді қажет 
ететін қарама-қайшылықтар, теория мен тәжірибе арасындағы алшақтық, 
кейбір теориялар шеңберінде түсіндіре алмайтын құбылыстар мен заңдылықтар 
жетіп жатыр. 
Дүниенің физикалық келбетін айқындау барысында көптеген идеялар 
жүйесі, физикалық ұғымдар мен заңдар, физикалық теорияның теңдеулері мен 
олардың арасындағы байланыстар ашылды. Сонымен қатар кейбір теориялар 
шеңберінде түсіндіре алмайтын құбылыстар,заңдылықтар да пайда болды және 
ол қазіргі білім беру саласындағы физика курсында да кездеседі. [1,175 бет] 
Демек, физика курсында дүниетанудың физикалық келбеті туралы нақты 
түсінік қалыптастыру үшін өзекті мәселе –ол осы қайшылықтарды айқындау 
барысында білім алушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық 
қабілетін 
дамыту, 
Әлемге 
деген 
жаңаша 
ғылыми 
көз-қарасын 
қалыптастыру. Физикалық құбылыстарды, заңдарды, теория элементтерін, 
тәжірибеден алынған деректерді салыстырып, талдау жасау арқылы анықталған 
қарама қайшылықтарды түсіндіру барысында оқушылардың айналасындағы 
Әлемді тануын дамыту. Ол үшін ең алдымен түсініктер, заңдар, принциптер
физикадағы әлемнің физикалық көрінісі жайлы идеялар жүйесі, ғылыми білім 


75 
жүйесі және таным әдістері жүйелерінің өзара байланысы түріндегі теориялық 
қорытуларды қалыптастырудың мәселелерін көрсететін философиялық, 
ғылыми, әдебиеттерді саралау керек. 
Физиканың дамуындағы барлық кезеңдер дүниенің физикалық келбетінің 
дамуы мен қалыптасуының үрдісі болып табылады. Оның алғашқысы –
дүниенің механикалық бейнесі болса, соңғысы дүниенің кванттық-өрістік 
бейнесі. 
Классикалық механикадан басталып, кванттық механикамен аяқталатын 
кейбір қайшылықтарға мысал келтірейік. Мысалы, металдар мен жартылай 
өткізгіштердің кедергісінің температура байланысын алайық. Бұл материал 
жаратылыстану- математикалық бағыттағы 10 сынып физика курсының «Әр 
түрлі ортадағы электр тогы» тарауында оқытылады. Классикалық электрондық 
теория металлдардың кедергісін, Ом және Джоуль-Ленц заңдарын жақсы 
түсіндіреді, меншікті электр өткізгіштікті металдың атомдық тұрақтылары 
арқылы өрнектеуді, электр өткізгіштіктің температураға тәулділігін түсіндіре 
алады, жылу мен электр өткізгізтік арасындағы байланысты көрсетеді. Алайда, 
кейбір жағдайларда теория мен тәжірибелердің арасында алшақтық басталады. 
Мысалы, теория бойынша меншікті кедергі температура артқан кезде металдың 
меншікті кедергісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   236




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет