«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет37/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

АШИРОВА Ж. Б. 
(АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН) 
ЖЫЛЫЖАЙЛАРДАҒЫ КӨКӨНІС СҰРЫПТАРЫНЫҢ 
БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ас қызанақ (
Lycopersicon esculentum 
Mill. - томат сьедобный, помидор) 
алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. 
Салмағы 25-500 г, кейде 800-900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің 
құрамында 4,5-8,1% құрғақ зат, оның 3,5-8,5% органикалық қышқылдар, 
минералдық тұздар, В, РР тобының дәрумендері, каротин. Жемісін тамаққа 
пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақты жеміске де, көкөніске де 
жатқызады. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп 
қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ 
көкөніс болып саналады [1,2]. 
Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында 
наурыздың соңы, сәуір айында көшетін дайындайды. Мамырдың 10-нан кейін 
немесе үсік жүріп өткеннен кейін бақшаға егеді. Өнім алу мерзімі – шілде, 


78 
қыркүйек айлары аралығы. Қызанақ адам организміне пайдалы дәрумендерге 
бай, құрамында органикалық қышқыл, каротин бар [3]. 
Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, 
қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. 
Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне 
көмектеседі, организмдегі артық сұйықтық, зиянды қалдықтарды сыртқа 
шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын 
жақсартады.Томат өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы 
әсер ете алады. Зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін 
қалыпқа келтіреді [4]. 
Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған ішек жолдары 
сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен 
қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс. Қантты диабетке 
және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды азық. Сапасы жақсы, 
тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында хромопласт ликопин 
бар. Ғалымдар хромопласты дәрумен деп есептейді. Ол организмді зиянды ісік 
ауруларынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді. Ағылшын 
ғалымы К. Эзау (1980) адам организміндегі жаңа басталған кез келген ауруды 
емдейді деп көрсеткен [5]. Америка Құрама Штаттарында ликопин 
хромопласты 2,5 есе артық томат сұрыпын емдік мақсатта шығарған. Қызанақ 
иммунитетті де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққа пайдасы 
мол [6].
Ас қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы 
температура 20 - 25°С, температура 15°С дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10°С-
та өсуін тоқтатады. 1-2°С үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі 
мол топырақта жақсы өседі [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   236




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет