Ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі



бет1/9
Дата29.04.2022
өлшемі197,79 Kb.
#141374
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Еркінбек Динара ЖХБ -912 ХОӘ
Документ

Қ
ожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті



ОБӨЖ

Тақырыбы: Элементтер мен олардың қосылыстарын жүйелік химия курсында оқытудың негізгі ұстанымдары

Қабылдаған:Сарбаева Гүльнар


Орындаған: Еркінбек Динара
Тобы:ЖХБ-912
Жоспар
I Кіріспе
Элементтер және олардың қосылыстары
II Негізгі бөлім
А) Металдарға жалпы сипаттама
Б) Бейметалдарға жалпы сипаттама
III Қорытынды
Элементтер және олардың қосылыстары
Химиялық элементтер — ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі. Элементтер химиялық әдістер арқылы әрі қарай қарапайым затқа бөліне алмайтын химиялық заттар болып табылады. Олар белгілі атом саны бар біртекті атомнан тұрады.Бүгінгі күнге дейін 117 элемент ашылған. Олардың ішінде 94-і табиғатта кездессе, қалғаны жасанды жолмен алынған синтетикалық элементтер.Химиялық элементтер аты латынша атауының бір немесе екі алғашқы әріптерімен белгіленеді, мысалы, азот N (лат. Nіtrogenіum), алюминий Al (лат. Alumіnіum), т.б. молекуласы бір ғана элемент атомдарынан құралған зат — жай зат, молекуласы әр түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген зат — күрделі зат деп аталады. Кейбір элементтер бос күйінде молекула немесе кристалды тор құрылысы айрықша әр түрлі жай зат түрінде кездеседі (О — оттек, О — озон, т.б.). Химиялық реакция нәтижесінде әрекеттесетін заттардың молекула құрамында химиялық элементтер қайта топтасады, яғни жаңа зат пайда болады. Химиялық элементтер атомдарының басқа атомға айналуы, атомдардың ыдырауы не күрделі атомдардың құрылуы ядролық реакциялар нәтижесінде ғана жүреді. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиетін анорганикалық химия зерттейді.

Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде (саф К.) және сульфидті (мысалы, пирит, галенит, антимонит, т.б.), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит, т.б.), т.б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің бірнеше кристалдық түрлері белгілі, оның ішіндегі орнықтылары ромбылы α-күкірт және моноклинді β-күкірт.
Күкірт - сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт сыңғыш келетін қатты зат. Балку температурасы 119°С. Күкірт атомының сыртқы валенттілік кабатында екі дара электроны болғандыктан, олар өзара байланыса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет