Ядролық реакциялар



Дата08.02.2022
өлшемі72,92 Kb.
#124582
Байланысты:
ядерная физика
Өтініш-Заявление Sample, Өтініш-Заявление Sample, 12-дәріс, сож1, Синий Оранжевый и Желтый Нарисованная от Руки Средняя Медиана и Мода Презентация (4), Дии

Ядролық
реакциялар - элементар бөлшектермен (оның ішінде γ- квантпен) немесе бір-бірімен әсерлескен кездегі атомдык ядролардың түрленуі.
Реакциялар символдық түрде былай жазылады:
 немесе Х(а,)Y
мұндағы X және Ү - бастапқы және ақырғы ядро, а жэне b - ядролык реакция кезінде атқылайтын және шығаратын (шығарылатын) бөлшектер.
Ядролық реакция
экзотермиялық (энергияның бөлінуімен жүретін реакция)
эндотермиялық (энергияның жұтылуымен жүретін реакция)
Ядролык реакциялар бірнеше кезеңмен өтеді. Бірінші кезеңде ұшып келген бөлшек ядро нысанада тоқтап, құрама ядро немесе компаунд-ядро түзеді жэне оның энергиясы кандай-да бір нуклонға берілмейді, ол күрама ядроның барлык бөлшектеріне біркелкі таралады, олай болса бөлшектердің бірде біреуі ядродан шығып кетуге жеткілікті энергияны ала алмайды. Құрама ядро сұйық тамшысындағы бөлшектердің козғалысына ұқсас, бейберекет козғалыс жасайтын болшектердің қоздырылған статистикалық жүйесі деп қарастырылады. Құрама ядро бөлшектері арасындағы коздыру энергиясының біркелкі таралуынан кездейсоқ ауытқу нәтижесінде олардың біреуіне ядродан үшып шығуға жеткілікті энергия шоғырланады. Ядролык реакцияның екінші кезеңі бірінші кезеңнен кейін (107÷108 )-я уақыт өткенде өтеді, мұндағы я –сипаттамалық ядролық уақыт (~ 10-22 с).

Компаунд-ядро түзілуімен жүретін ядролык реакцияның схемасы:

  • Компаунд-ядро түзілуімен жүретін ядролык реакцияның схемасы:
  • мұндағы -бастапкы ядро-нысана, а-ұшып келе жаткан бөлшек,

    құрама ядро, -ядро - ядролық реакцияның өнімі, 

    b-реакция нәтижесінде ядродан ұшып шыққан бөлшек. Егер a ≡ b онда ядродан бөлшектер шашырайды: Eb = Eaкезінде серпімді.Eb≠ Eaсерпімсізшашырайды. Егер де шығарылған бөлшек қармап алынған бөлшекпен b ≠ a тен болмаса онда ядролық рекация тура мағынады жүреді.


Ядролық реакциялар
Реакцияға қатысатын бөлшектердің тегі бойынша нейтрондардың, зарядталған бөлшектердің, γ-сәулелердің әсерінен болатын реакциялар
Реакцияны тударатын бөлщектердің энергиясы бойынша – аз, орташа және жоғары энергия кезіндегі реакциялар
Реакцияға қатысатын ядролардың тегі бойынша – жеңіл (А<50), орташа (50Ядролық түрленудің сипаты бойынша – нейтрондарды, зарядталған бөлшектерді шығарумен жүретін реакциялар; қармау реакциялары (бұл жағдайда құрама ядро ешқандай бөлшек шығармайды, ал өзі бір немесе бірнеше γ-квант шығарып, негізгі күйге өтеді).

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет