Ю. Н. Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді. Ресейлік психолог Л. А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті өза



бет1/5
Дата25.01.2022
өлшемі22,2 Kb.
#114650
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдістері
Психологиялық тренингтің мақсаты, Психологиялық тренингтің мақсаты

Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдістері.

ХХ ғасырдың екінші жарытсынан бастап психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әртүрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.

Тренинг – бұл, тұлғаның қарым-қатынас стилінің үйлесімділігіне, оны өзгертуге және басқалармен қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтарын, тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған эмоционалдық  тұрғыдан қанық, жарқын өткізілетін сабақ.

Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектесіп, оны түсінуге, өз ойын ашық айтуға, ішкі күйзелісін жеңуге, оны басқамен бөлісуге, өзіне деген сенімділігін арттырып, өзін-өзі түсінуге, өз бойындағы басқада қасиеттерді көруге мүмкіндік береді және тұлғаның өзін-өзі бақылауына, байқағыштыққа баулиды.

Тренинг терминін ғылыми қолданысқа М.Форверг енгізді. Ол тренингті оқытудың бір формасы ретінде ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, балалар мен ата-аналарының арасындағы қарым-қатынасты реттеуге пайдаланған.

Ю.Н.Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді. Ресейлік психолог Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады.

К.Левин жеке адамдарды топ арқылы өзгертудің мүмкіндігінің үстемділігін ескере отырып, оған психологиялық әсер етудің тәжірибелерін өз еңбектерінде қарастырған.

Тренингтік топтардың жетіліп, дамуы К.Левин есімімен тығыз байланысты. Ол 1933 жылдан бастап АҚШ-та топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да топтық феномендер мәселелерін шешумен айналысқан. Осыған қатысты К.Левин өріс теориясын индивидтің мінез-құлқын анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл факторлар жиынтығы жеке адамды, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс болады.  Сонымен қатар, «топтық динамика» ұғымын да алғаш қолданысқа енгізген К.Левин болатын. Ол тренингтік топ әдісін коррекция, терапия жүргізудегі ең тиімді деп есептеді.

Соңғы кездері дамыту, коррекциялау тәжірибесінде аса тиімді психологиялық әдістердің негізінде пайда болып, синтетикалық, кейде өзіндік бағыты бар тренингтік жұмыстардың жаңа модификациясы қолданылуда. Ата-ана мінез құлқы, жанұялық, қорғану, қауіпсіздік т.б. қарым-қатынасқа негізделген арнайы тренингтерді тиімді ұйымдастыру принциптері мен әдіс-тәсілдері белгілі. Тренинг әдістері алғашқы кезеңде ересектерге ғана арналса, қазіргі кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардан бастап, зейнеткерлерге дейін қолдану мүмкіндіктері бар.

Л.А.Петровская, А.Г.Ковалев, Т.С.Яценко және басқалардың еңбектерінде басты тренингтік әдістерге топтық пікірталастар мен рольдік ойындарды жатқызады. Ю.Н.Емельянов психофизикалық жаттығуларға вербалды емес өзара әрекеттесуді жатқызса, И.В.Вачков басты тренингтік әдістерге медиативтік және суггестивтік техникаларды жатқызады.

И.В. Вачков әлеуметтік-психологиялық тренингтерде топтық пікірталас тікелей қарым-қатынас процесінде топ мүшелерінің көзқарасын, бағыт-бағдарын, позициясын  анықтауға, зерттеуге мүмкіндік беретіндігін атап көрсеткен. 

К.Роджерс топ-анализ сияқты топтық жұмыстарды психотехникалық құрал ретінде қолданады. Тренингтік бағыттардың қайсысында болмасын ойын әдістері маңызды орынға ие, олар: ситуациялық, рөлдік, дидактикалық, шығармашылық, ұйымдастырушылық-әрекеттестік, имитациялық іскерлік ойындар. Бұл жерде ойын гештальттік теориялардың негізіндегі психотерапиялық әдіс ретінде қолданылады. Мысалы, психодрамма, трансактілі талдау диструктивті ойын ретінде қарастырылады.

Жоғарыда ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып,  психологиялық тренинг әр адамның өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі бағалауының жоғарылауына, өзін-өзі түсінуіне, басқаларды түсінуіне, өз ойын толық жеткізе білуге, ашық айтуға мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады.

Қазіргі кезеңде тренинг термині әр түрлі теориялық қағидаларға негізделген кең мағынада қолданылады. Тренинг терминінің нақты, біртекті, ғылыми анықтамасы жоқ. Тренингтер төмендегідей бағыттарда қарастырылады:

-                     өзін-өзі реттеу дағыларын дамытуға бағытталған тренингтер;

-                     оқыту тренингі

-                     өзін тану   тренингі;

-                     әлеуметтік психологиялық тренингтер   және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет