Ю. Н. Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді. Ресейлік психолог Л. А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті өза


Өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтерге



бет2/5
Дата25.01.2022
өлшемі22,2 Kb.
#114650
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдістері
Психологиялық тренингтің мақсаты, Психологиялық тренингтің мақсаты
Өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтерге мыналар жатады:   түрлі нұсқадағы аутогенді жаттығулар, биологиялық кері байланыс тренингі. Аталған әдістер тұлғаның бақылау қабілеттерін дамытуға және физиологиялық қызметтерін басқаруға, эмоционалдық күйін көтеруге, психологиялық қозуды төмендетуге бағытталған.

Оқыту тренингі. Оқыту тренингтері бірінші кезекте кәсіпке қажетті дағыдаларды жетілдірудегі маңызды фактор болып табылатын қарым-қатынас тиімділігіне бағытталған топтар жиынтығынан тұрады. Мұндай тренингтердің бағдарламасы нақты топтың тапсырысы бойынша құрылады. Мысалы, психотерапевтер үшін зертханалық тренингтер емделушімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады, профессионалдар үшін әдістемелік тренингтер тақырыптық тренинг  болуы мүмкін, яғни келіс сөз жүргізу дағдыларын жетілдіруге, қалыптастыруға бағытталған тренинг, басқару іскерлігіне бағытталған тренингтер т.б.

Тренингтердің әртүрлілігі мен теориялық айырмашылықтарына қарамастан оның негізгі тәсілдерін немесе процедураларын атап өтуге болады: рөлдік ойындар мен топтық дискуссияның негізгі әдістемелік тәсілдерін вербальды емес әр түрлі коммуникациялық жаттығулар нұсқаларымен толықтыру, сөздік қорын байытуға бағытталған жаттығулар және т.б.

Психотерапияда, психокоррекцияда, қолданбалы психологияда тренинг ұғымының мағынасы кеңеюмен байланысты оның тиімділігі де әр түрлі бағытта қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет