Юнеско-ның мәдени мұралары тізіміндегі Қазақстанның тарихи обьектілері Ұлттық брендтің құрамдас бөлігі ретінде


Тамғалы петроглифтері (2004ж бастап)



бет3/3
Дата14.11.2023
өлшемі4,51 Mb.
#191411
1   2   3
Байланысты:
ЮНЕСКО
motion-in-maps-maps-in-motion-mapping-stories-and-movement-through-time-946372110x-9789463721103, from-squaw-tit-to-whorehouse-meadow-how-maps-name-claim-and-inflame compress, Этномәдение бірлестіктер брендинг, 1917 ж саяси партиялар, Факторлық және кластерлік талдау, maps-and-the-internet compress, КарЛАГ

Тамғалы петроглифтері (2004ж бастап)

  • Тамғалы петроглифтері (2004ж бастап)
  • Тамғалы петроглифтері - Алматыдан 170 км солтүстік-батыс қашықтықта, Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі аңғар Аңырақай тау-сілемесінде орналасқан.
  • 1957 жылы табылған бұл кешен б.з.д. ІІ-ші мыңжылдықтың екінші жартысынан ХХ-шы ғ. басына дейінгі аралықтағы шамамен 5 мың петроглифтерді (жартасқа салынған суреттер) қамтиды.
  • Мұнда тастан жасалған жәшік-сандықтар (орта және соңғы қола дәуірі) мен топырақ пен тастан салынған қорғандарды (ерте темір дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін) қоса алғандағы көптеген ежелгі обалар саны табылған.
  • Орталық тармақ, петроглифтердің ең тығыз шоғырланғануымен ерекшеленеді және шамамен осы жердің құрбандық шалуға арналған орын – алтарь екендігін көрсетеді.

Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері – Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан. 2008 жылдың 7 шілдесінде Квебекте (Канада) өткен Әлемдік Мұра Комитетінің 32-сессиясында мүшелікке қабылданған.
Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан жалпы ауданы 450344 гектарды құрайтын екі қорықтан тұрады: Қорғалжын және Наурызым қорығы.
Нысан тұщы және ащы сулы екі өзендер тобын қамтып, солтүстіктен оңтүстіктегі Арал-Ертіс бассейніне құятын өзендердің су айрығы болып табылады.
Сонымен қатар, жыл сайын Африка, Үндістан және Оңтүстік Еуропадан Батыс және Шығыс Сібірде орналасқан ұя салу орындарына қоныс ауыстыратын миллиондаған жыл құстары үшін маңызды аялдау жері болып есептеледі.

Чанъань-Тянь-Шань дәлізі бағдарламасының желісіндігі Ұлы Жібек Жолы (2014 ж бастап)

  • Чанъань-Тянь-Шань дәлізі бағдарламасының желісіндігі Ұлы Жібек Жолы (2014 ж бастап)
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі іргелі ұйымның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген Жібек жолының бұл бөлігі Қытай, Қазақстан және Қырғызстан аумағынан өтетін «Чанъань-Тянь-Шань» дәлізін құрайды. 2005 жылы Алматы қаласында өткен ЮНЕСКО-ның мәжілісінде Жібек жолының бұл бөлігін бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енгізу жөнінде ұсынысты аталған үш ел де білдірген еді. Бұл дәліз Хань және Тан династиясы билік құрған тұстағы Қытай астанасы болған Сиань (Чаньчань) және Лоян шаһарларынан Жетісуға дейін созылып жатыр. Ұзындығы – 5 мың шақырым.
  • Батыс пен Шығыстың арасын жалғап, алыс-беріс, барыс-келісте, халықтардың бір-бірімен сауда және мәдени байланысының жандануында Жібек жолының стратегиялық маңызы зор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет