З. А. Мовкебаева (қолы)


Мотивтің құрылымы, сипаттамалары және қызметі



бет22/125
Дата19.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#136148
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   125
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)
З. А. Мовкебаева ( олы), Ақпарат саласында қайта жаңғырған сөздер (1)

Мотивтің құрылымы, сипаттамалары және қызметі


Әрбір нақты мотивтің құрылымы адамның әрекеттері мен қылықтарының негізі ретінде анықталады. Е.П.Ильин мотивтің құрылымында 3 блокті бөліп көрсетеді.


Қажеттіліктер блогы биологиялық, әлеуметтік қажеттіліктер мен міндеттенулерді қамтиды.
Ішкі сүзгі блогына ішкі белгілер бойынша бағалау (қызығушылықтар мен бейімділіктер), ресми мәлімденгенадамгершілік бақылау (сенімдер, идеалдар, құндылықтар, бағдарлар), ресми мәлімделмеген адамгершілік бағалау (талаптанулар деңгейі), өз мүмкіншіліктерін бақылау (яғни өз білімдерін, іскерліктерін, қасиеттерін), сол мезеттегі өз күйін бағалау, өзінің көздеген мақсаттарына жету жағдайларының есебі, бүтіндей әрекеттерінің, қылықтарының, іс-әрекетінің салдарын болжай алу сапалары енеді.
Мақсатты блоктың құрамна қажеттіліктің мақсаты, заттыланған әрекет және қажеттілікті қанағаттандыру процесі кіреді. Осы блоктардың кез-келгенінің компоненттері мотивтің құрамына еніп кете алады. Олардың бірі негізгі, ал басқалары қосалқы қызметті атқаруы мүмкін. Осылайша, мотивтің құрамында бірнеше себептер мен мақсаттар бейнесін табады.
Мотивтің күші мен тұрақтылығы оның маңызды сипаттамалары болып табылады.
Мотивтің күші тұлғаның үздіксіз ұмтылысының көрсеткіші ретінде, қажеттілікті сезінудің дәрежесі мен тереңдігі бойынша және мотивтің қарқындылығы бойынша бағаланады. Мотивтің күші әрі физиологиялық, әрі психологиялық факторлармен қамтамасыз етіледі. Біріншілеріне мотивациялық түрткінің күшін, екіншілеріне іс-әрекеттің нәтижелерін білу сапасын, оның мағынасын ұғынуды жатқызған жөн. Сонымен қатар мотивтің күші эмоциялармен де анықталады. Бұл жағдай әсіресе балалық шақта айқын көрінеді.
Дж. Аткинсон кезінде мотивтің күшін есептейтін формуланы ұсынған: М = П х В х З, мұндағы М – мотивтің күші, П – жеке қасиет ретінде жетістікке жету мотиві, В – алдыға қойылған мақсатқа жетудің субъективті бағаланатын мүмкіншілігі, З – осы мақсатқа жетудің жеке мәні.
Мотивтің адамның іс-әрекетінің барлық негізгі түрлеріне қатысуы бойынша, іс-әрекетінің күрделі жағдайларында оның адамның мінез-құлқына әсерінің сақталуы бойынша, оның уақыт мерзімінде сақталуы бойынша мотивтің тұрақтылығы бағаланады. Бұл арада шын мәнінде ішкі сенімдердің, құнды бағдарлардың, ниеттердің тұрақтылығы сөз етілуде.
Түрткі қызметі, бағдарлаушы (бағыттаушы) қызметі, реттеуші қызметі мотивтердің негізгі қызметтері.
Мотивтің түрткі қызметі мотивтің энергетикасын сипаттайды, яғни мотив адамның белсенділігін, мінез-құлқын және іс-әрекетін тудырып, қамтамасыз етеді.
Мотивтің бағдарлаушы қызметі мотивтің энергиясының нақты объектіге бағдарлануын қамтамасыз етеді, яғни мінез-құлықтың нақты бағытын таңдап, жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Өйткені тұлға үнемі нақты мақсаттарға жетуді көздейді. Мотивтің бағдарлаушы қызметі оның тұрақтылығымен тығыз байланысты.
Мотивтің реттеуші қызметінің мәні мотивтің мінез-құлық пен іс-әрекеттің сипатын алдын-ала анықтауында. Осы процестің негізінде адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінде, тұлғалық, не болмаса қоғамдық маңызы бар (альтруистік) қажеттіліктері жүзеге асады. Осы қызметтердің жүзеге асуы үнемі мотивтердің иерархиясымен байланысты.
Жоғарыда келтірілгендермен қатар мотивтің итермелеуші (стимулирующую), басқарушы, ұйымдастырушы (Е.П.Ильин), құрылымдық(О.К.Тихомиров), мағына қалыптастырушы(А.Н.Леонтьев), бақылаушы (А.В.Запорожец) және қорғанушы (В.Обуховский) қызметтерін бөліп көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   125




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет