«Заң психологиясы» ПӘні бойынша


Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар



бет9/53
Дата06.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35630
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар:
1. Заң психологиясының ғылыми зерттеу әдістері
2. Өнімді әрекеттерді талдау әдісі
3. Адамның жеке басын, психикасын реттеу әдісі
4 - Дәріс: Құқықтық психологияның феноменологиясы

  1. Құқықты әлеуметтендіру.

  2. Құқықты әлеуметтендірудегі кемістіктер.

  3. Сыртқы ықпалдардың әсерлері

Құқықтық психология құқықты мінез-құлықтың әлеуметтік реттеуші, тиімді заң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктерін, құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын, құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясын қарастырады
Құқықтық психология - заң психологиясының бөлімі “адам және заң” жүйесіндегі құқықтық қарым қатынасты зерттейді. Адам өмірі қоғамда қалыптасқан заңдарға тәуелді. Қоршаған орта мен қоғамдық өмірге араласа отырып әрбір адамның азаматтық қасиеттері қалыптасады:

  • Әртүрлі жағдайларға байланысты заң шараларды меңгереді.

  • Заңдар мен ережелерді танысып біледі.

  • Заңдар мен ережелерді өмірінде қолданады.

Адам өмір сүруге қажетті заңдар мен ережелерді білумен қатар өзіне қатысты заңдар мен ережелер шеңберінен шықпау керек: тәртіп пен құқық ереженлерін сақтау.
Құқықтық мәдениетті меңгерудің үш түрі бар:

  • Белгілі әрекет барысында басқа адамдармен іс-әрекетке түсе отырып іс-шаралар мен тәртіп ерекшеліктерін үйренеді.

  • Қалыптасқан жолы: әртүрлі жағдайлардағы шараларды бағдарлай отырып қажетті тәртіп ережелерін меңгереді.

  • Ұтымды жолы адам құқықтық құндылықтарды басқа адамдармен әңгімелесу барысында; кітаптар, информациялық құралдар арқылы біліп түсінеді.

Балалар мен жеткіншектердің моральдық дағдарысқа ұшырауы қылмыстық тәртіптің қалыптасып әкелуіне соғады. Бұл жолдың мынадай кезеңдері бар:

  • ата-аналарымен конфликті жағдайлардың туу

  • мектептегі сәтсіздіктер, қиыншылықтар.

  • Моральдық дағдарыстағы құрбыларымен қарым-қатынасы, олардың ықпалы.

Аталған факторлардың ішінде ерекше орны алатыны- жанұядағы қарым-қатынас, микроклимат. Адамгершілігі мен құқықтық тәртіптің бұзылуы семья жағдайларына байланысты төмендегідей жіктеледі.

  • Ата-аналары сөз түрінде және істері арқылы балаларына қоғамға қарсы аморальдық тәртіпке баулуы, үйретуі, үгіттеуі.

  • Ата-аналары сөз түрінде қоғамдық-моральдық тәртіпті қолданғанымен , өз істерінде қарама-қайшы қылықтарды істеу.

  • Ата-аналары сөздеріне және істері арқылы адамгершілік – құқықтық нормаларды толық жақтайды, бірақ балалармен эмоционалдық қарым-қатынасы селқос.

  • Бала тәрбиелеуде дұрыс тәлім тәрбие бермеу, тәрбие әдістерін дұрыс қолданбау.

Жағымсыз жанұялар бірнеше түрлері бар:
1. Криминогенді жанұя:
2. Алкогольдік және жыныстық тәртіпсіздік сипат алған- аморальдық жанұя.
3. Үнемі конфликтілі қарым-қатынастағы проблемалық жанұя.
4. Толымсыз жанұя.
5. Тәрбие әдістерін дұрыс пайдаланбайтын жалған жағымды жанұя, әке-шешесінің тым қатал болуы, баланы ұрып-соғу, жәбірлеу.
Құқықты қорғау ғылымның негізгі міндеті – құқықтық тәртіптің сататалуы мен орындалудың әлеуметтік механизмнің жүзеге асырылуына құқықтық және әлеуметтік көптеген факторлардың бір-біріне ықпалы зор.
Құқықтық нормалардың тиімді шарттары мынадай топтарға бөлінеді:

  • Микроәлеуметтің шарттар- қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық нақтылы мүмкіншіліктер, құқықтық- жүйе , әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, құқық дәрежесі және т.б.

  • Микро-әлеуметтік шарттар - әр-түрлі формальды және формальды емес топтар, еңбек ұжымдары.

  • Құқықты жүзеге асырудағы жеке адамның өзіндік шаралары.

Адамдардың құқықтық нормаларды сақтауға байланысты тәртіптерінде сай болады:

  • конформистік тәртіп- құқықтық нормаға бағынатын адам.

  • Нонконформистік тәртіп – құқықтық нормадан ауытқушылық жасайтын адам.

Конформистік тәртіптің түрлері:

  1. Легалистік тәртіп – сократтық позиция деп аталады. – құқықтық нормаларды құрметтеу.

  2. Оппортунистік немесе инструменталдық тәртіп- жеке адамның пайдасын құптайтын құқықтық нормаларлы жақтау.

  3. Құқықтық нормаларды сақтауға қысым жасау, бақылау: құқықтық тәртібін – мотивін қалыптастыруға ықпал ету.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда, құқықты әлеуметтендірудегі кемістіктер мен тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады.
Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі-сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. бұл мінез көбіне мен–менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата- ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сенімділіг туады. Мұндай «мен» бейнесі кез–келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді.
Тәрбиесі қиын балалардың тудыратын себептердің бірі–үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата–аналардың жауапкершілік сезімінң жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа үйелемен мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Үйелмен тәрбиесінде ата – аналардың мінез – құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А.С.Макаренко. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпслепция) азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек.
Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату үйелменде ата – аналар балалардың күнделікті өмірімен, іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.
Үйелмен бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Үйелменде қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, білімнен құлықтың сенімге, сеніммен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке адамның тәртібі және мінез – құлық негізін қалайтын микро – ұжым.
Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – наларын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапйым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес.
В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі.
Бірінші қатарға адамшершілік дамуында және мінез – құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілікті мынадай – қалыптасқан тәртіпті емес белгілері бөлініп қарастырылады, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылқтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.
Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез – құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы – бұл жеке бітімдегі аса күшейтілген мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі қатардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бұзылудың дамуы үшін сендірілген факторлардың психопатиялық даму, реактивті ұжымданып, ауру (психоз), мінез – құлықтың потолгиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады. Жеткішек жастағы балаларға жүргізілген жеке құрылымдағы зерттеулер бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жеке ерекшеліктерін талдауы үшін негізгі қызмет атқарады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет